Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:33, реферат
Бухгалтерлік есеп адамзаттың дамуымен бірге өте ерте кезде пайда болды. Бухгалтерлік есептің даму тарихы 6000 жылға жуық. Алайда, есептің пайда болған күнін нақты көрсету мүмкін емес. Есеп біртіндеп, ұзақ уақыт бойы және белгісіз жағдайда дүниеге келді. Есеп болмаған және оның өмір сүре бастаған дәуірлері белгілі, ал бірақ оларды шектеу қиын әрі ойлауға болмайтын жайт. Жалпы адамзат өмірінің, адамзат қоғамы өмірінің негізі – материалдық өндіріс процесі. Осы материалдық өндіріс процесі дамуының белгілі бір кезеңде оны сандық түрде көрсету қажеттілігі және мүмкіншілігі туындады.
Ал бухгалтерлік есептің ғылым ретінде гүлденуі орта ғасырларға сәйкес келеді. Мұнда әсіресе лука Пачоли сынды ғалымдардың еңбегі зор. Бухгалтерлік есеп тек қана ғылым емес. Бұл ғылымнан да көлемді зат. Себебі бухгалтерлік есепсіз адамзаттың қазіргі даму деңгейі мүмкін емес болушы еді. Бухгалтерлік есептің маңыздылығы соншалық, ол бухгалтер қызметін атқаратын адамның моральдік принциптерінің жоғары болуын талап етеді.
Бухгалтерлік есеп – күнде пайдаланылатын ақпараттарды ретке келтіретін бірден бір құрал. Ол – бизнестің қаруы десек те болады.
Қорытындылай келе, бухгалтерлік есеп - өмірлік қажеттілік. Есепсіз ешбір кәсіпорын да, мемлекет те дұрыс дами алмайды. Онсыз нарықтың да, өндірістің де дамуы мүмкін емес.