Бухгалтерлік есептің даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 16:51, реферат

Описание

Бухгалтерлік есептің даму тарихын білу арқылы осы саланың экономикалық өмірге аса қажет болғандығын және экономиканың сатылы кезеңдерге сай қайта құрылуына байланысты шаруашылық үрдістегі фактілердің қалыптасу кезеңдерін сипаттай білу мүмкіндігі туындайды.

Работа состоит из  1 файл

Бух есептің даму тарихы.docx

— 24.71 Кб (Скачать документ)

    Бухгалтерлік есептің даму тарихын білу арқылы осы саланың экономикалық өмірге аса қажет болғандығын және экономиканың сатылы кезеңдерге сай қайта құрылуына байланысты шаруашылық үрдістегі фактілердің қалыптасу кезеңдерін сипаттай білу мүмкіндігі туындайды. Ерте заманда бухгалтерлердің өз таңбасы болған. Бухгалтерлердің интернационалдық таңбасында - Күн, Таразы және Бернуллидің қисық сызығы белгіленіп, бұл таңбаға «Ғылым - Ұлттық - Тәуелсіздік» деген сөздер жазылған. Күн - қаржылық әрекеттің жарық болуын, таразы - баланстық теңдікті, ал Бернулли сызығы - есептің бір кезде пайда болып, өмір бойы жүргізілетіндігін бейнелеген. «Есеп» термині құдайдың құпиясы мағынасында қаралған. Ертедегі Египетте фараондар үйінің «бас бухгалтері» Неферхотеп дейтін философ болыпты. «Ақылы терең, жүрегі шыдамды, шындық іске қуанатын, әділетсіздікке сыртын көрсететін, қолы таза, жамандықты қуатын, шындықты жаза білетін, өтірікке бармайтын» (М.И.Кутер «Теория бухгалтерского учета». 8-ші беті) деген нақыл сөздерді жазып қалдырған осы Неферхотеп болса керек. Жазылған кітаптар мен ғылыми және тарихи мақалаларға сүйенсек, бухгалтерлік есеп тарихы алты мың жылды құрайды екен.

    Бухгалтерлік  есеп жүргізудің бастапқы негізін салушы ерте замандағы зерттеуші түлғалар, біздің пайымдауымызша, өте талантты, асқан білімді, ойшыл адамдар болса керек.

    Бухгалтерлік  есептің дамуы тарихындағы бірінші  мың жылда есеп объектілері, есеп жүргізудің әдіснамалары, түгендеуші есеп өрісінде ғана өзгеріске түсіп  отырған. Түгендеуші есепті күні бүгінге дейін орыс тілінде қарапайым «униграфиялық» есеп деп атайды. Жер бетіндегі әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайлардың дамып, шаруашылық жүргізу әдістері қайта құрылып, қызмет түрлерінің көлемі артып, шаруашылық жүргізу үшін қажетті мүліктер мен мұның құрамы әр түрлі болатындығы, бухгалтерлік есептің пәні мен әдіснамасы өрісінде таныла бастаған. Дей тұрғанмен есеп жүргізудің мақсаты өзгеріске түспейтіндігін мұның өзі қолда бар мүліктер мен шаруашылық айналысына түсуші жақтармен есеп айырысып отыруға арналған мағына екендігі мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан үрдіс. Осыдан бес мың жыл бұрын счеттар жүргізу әдісі, есеп объектілерін жүйелеудің жолдары, мүліктерді түгендеу, контокорренттік өзара есеп айрысу және шығындар жұмсаудың сметасын жасау әдіснамалары пайда болған. Екіжақты жазу жүйесі адамзат тарихының дамуындағы ашылған үлы жаңалыққа жатады. Екіжақты жазу қарапайым жазу принципіне негізделген. 

    ХІІІ-ХУ ғасырларда Италияда, нарықтық экономиканың  қалыптасқан  жерінде, ұлы математик  және қазіргі есептің қалаушысы  Лука Пачоли (1445-1517) есептің маңызын  ашып, дамытуға жол салды. Сондықтан  есеп – шаруашылық әрекеттердің тілі, бизнестің тілі.    

    1493 жылы Лука Пачоли «Арифметика  сомасы, геометрия, пропорция мен  олардың қатынасы туралы оқу»  деген кітабін Венецияда аяқтап, жарыққа шығарады. Осы кітаптің  ХІ тарауында «Шоттар мен жазбалар  туралы» бірінші рет қос бухгалтерия  жөнінде жазылды. Бұл қазіргі  кәсіпкерлік ұйымдардың экономикалық  әрекеттерінің негізін ашты. Пачоли  осы еңбегінде қос бухгалтерияның  маңызды байланысы - екі нысанды  көздеп көрсетті:

    Біріншіден, жасалған іс туралы ақпарат алу, есепті дұрыс жүргізу үшін, міндеттемелер  мен қарыздар туралы ақпараттарды кешіктірмей  алу керек.

    Екіншіден, қаржылық нәтижені анықтау «әрбір көпес  өзінің күнгөрісін қамтамасыздандырып, пайда табуды көздейді», бұл жерде  пайда көрсеткіш болып танылу емес, ол баға көтерілмеудің құрал  ретінде танылу тиіс, әрине ол көпестерді үнемділікке тәрбиелейді және сатып  алушыларды пайдалануын тоқтатады. Бұл жерде баға дұрыс болуы  керек, өйткені ол көпестің күнгөрісін қамтамасыз етеді. Есептің осы екі  бағыты шотпен екі жақты жазу арқылы жүзеге асырылады.

      «Шоттар - ол, көпестер (саудагерлердің) өздері қалыптастырылған тәртіппен  шарушылықтың әрекеттері жөнінде  мәліметтер және оның нәтижесінің  жағдайы туралы ақпарат алу  көзі», яғни шот жоспарды  әкімшілік   құрайды, бірақ шаруашылық әрекеттердің  талдауы мен басқару мақсатында  емес. Шоттар тек жүйенің элементтері,  ал элементтер арадағы байланыстарды  екі жақты жазумен көрсетіледі.  Сондықтан, дебет айналымның сомалары  кредит айналымның сомаларына  тең, Д-сальдоның сомасы К-сальдоның  сомасына тең болады.  Л.Пачоли  суреттер арқылы есептік регистрларды  ойлап шығарды (кітаптар –  суреттер) – суретші – бейнелейді, ал есепші – тізімдейді (хаттайды). Есепшінің ең басты суреті  – баланс. Пачолидің көз қарасымен   мәліметтерді ақпараттау болса  - баланста ол тізімделеді, қаржылық  жағдайды нәтижелеу болса, ол - есептілік құжаты болып танылады, бұл саудагерлер кезеңі. Баланс  ақпарат құжат ретінде танылуы  ХІХ ғасырда қолданған

    Осылай  ХУ ғасырда Австрияда «бухгалтер»  деген сөз пайда болды –  «есеп кітаптарды үстаушы» бірінші  адам іс жүргізуші (лауазымды тұлға) Христофор Штехер Инсбрукстік есеп палатасынан. Бірінші 1581ж. Венецияда  бухгалтерлер ұйымы ашылған.

    Ал, кәсіпкерлік кезеңіне (1800-1900ж.ж.) келсе, мұнда өндірістік бухгалтерия орын алып отыр, шығарылған өнімнің өзіндік  құнын анықтауы.Бұдан әрі бухгалтерлік есеп әрі қарай дамып ұйымдастыру  кезеңі келді (1900-1950ж.ж.)- есепті мемлекеттік  стандартизациялау, ұлттық бухгалтерлік шот жоспарлардың пайда болуы: бухгалтерлік және басқарушылық есепке бөлінуі. Одан кейін бухгалтерлік есепті жақсарту кезеңі(1950-1975ж.ж.), жетіліп аяққа нық  түрған есепте ЭЕМ және басқада әдістерді  қолдану қолдану.Осы кезеңде кәсіби бухгалтерлік ұйымдар мен халықаралық  үкімет ұйымдардың бірігуімен талдау жасалып халықаралық бухгалтерлік есеп жүйесін қалыптастыруы басталды. 1975ж. аяқталып халықаралық бухгалтерлік есеп жүйесі және есептілік пайда  болды.

    1986ж. 1 қантарда бастап бухгалтерлік  есептің қағидалары жөнінде нормативті  құжат еңгізілді. 26.12.1995 жылы №2732 «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заң күші бар бұйырық шықты.Одан кейін бухгалтерлік жүйесі дамыған сайын заңдарға өзгерістер жасалып келеді. 

Шаруашылық  есептің пайда  болуы және бухгалтерлік есептің дамуы 

    Шаруашылық  есептің даму тарихы 6000 жылға жуқ. Алайда, есептің пайда болған күнін нақты көрсету мүмкін емес. Есеп біртіндеп, ұзақ уақыт бойы белгісіз жарғдай да дүниеге келді. Есеп болмаған және оның өмір сүре бастаған дәуірлері белгілі, ал бірақ оларды шектеу қиын әрі ойлауға болмайтын жайт.

    Шаруашылық есеп қоғамымызда аса қажеттіліктен барып пайда болды: шаруашылықты өлшемсіз (салмағы және саны), кірістер мен шығыстарды салыстырмай, біріншісінің екіншісінен асып түсуіне қол жеткізбей жүргізу мүмкін емес.

    Шаруашылық туралы барлық деректерді бір адам ғана

    еркін меңгеріп алатын болған, бірақ бұл – сол адамның жадына сақтау қабілетінің жоғары дәрежеде дамуынан емес, шаруашылықтың шағын және ол жайлы мәліметтердің аз болуынан ғана орын алған құбылыс.

    Жазудың және арифметиканың дамуы есептің дамуына үлкен жол ашып берді, шаруашылық қызметі оның кеңінен таралуына ықпал етті.

    Шаруашылық қызметтер фактілерін жаппай және жүйелі түрде қадағалау мен көрсету қарапайым бухгалтерияны дүниеге әкелді.

    Қарапайым бухгалтерия кәсіпорынның барлық материалдық және ақшалай, сонымен қатар есеп айырысуларын бақылауға алуға мүмкіндік берді. Есепті заттық есептеумен, ал есеп айырысуларды  ақшалай бірліктермен жүргізді. Ретке келтірілген есеп тіркегіштері – кітаптар, «кіріс-шығыс», «инвентарь» сияқты ұғымдар пайда болды. Есеп алғашында тіркеу сипатында ғана болды.

    Есептің дамуындағы жаңа кезең екі жақты немесе қосарлы бухгалтерияның пайда болуымен сипатталады.

    Ең  алғаш екі жақты бухгалтерияның тәжірибелі есеп кітаптары Италияда басылды. Екі жақты бухгалтерия жайлы жазған авторлар көпес Бенедитто Контрульи және атақты итальян математигі Лука Пачоли болып табылады.

    Лука  Пачолидің шығармашылығындағы ең басты мәселе болып екі жақты жазу туралы жазбасы саналады. Онда Пачоли постулаты деген атауға ие болған екі негізгі ережесі жазылған:

    - Барлық дебеттік айналымдардың сомасы сол шоттар жүйесіндегі кредиттік айналымдардың сомасына тең;

    - Дебеттік қалдықтың сомасы әрқашан сол шоттар жүйесіндегі кредиттік қалдықтардың сомасына тең.

    Постулаттарының мағынасы өте маңызды, өйткені олар, шын мәнінде, кәсіпорындардың шаруашылық өмірінің фактілерін қазір де тіркеу үшін кеңінен қолданылатын  жазбалардың әмбебап сипатын нақты көрсетеді.

    «Бухгалтер» термині XVғ. Австрияда өмірге келді. Ең алғаш бухгалтер атағын алған лауазымды тұлға Инсбрук есеп палатасының іс жүргізушісі Христофор Штехер болып табылады. Осы оқиға жайлы Вена мемлекеттік мұражайында әлі күнге дейін сақтаулы император I Максимилианның 1498 ж. 13 ақпандағы бұйрығы куә. Осы уақытқа дейін мұны ақылы есеп жазбаларымен айналысатын «кезбе жазушылар» жүзеге асырып келді. Жоғарыда келтірілген күн «бухгалтер» және «бухгалтерия» ұғымдарының таралуының бастамасы болып саналады. Сол кезде бухгалтер мамандығына өте жоғары адамгершілік талаптар қойылатын. Кейбір елдерде бухгалтердің адамгершілік қасиеттеріне қарап, оны қазіргі уақытқа дейін шіркеу қызметкерінен кейінгі екінші орынға қояды.

    Экономикалық  теорияда бухгалтерлік есептің даму кезеңін төрт негізгі кезеңге бөліп қарастырады:

    I. Тауарлы-ақшалай қатынастарының пайда болуынан бастап XVIII ғ. аяғына дейін;

    II. XVIII ғ. аяғынан XIX ғ. дейін;

    III. XIX ғ. соңы - XX ғ. басы;

    IV. XX ғ. бастап бүгінгі күнге дейін.

    Бухгалтерлік  есептің алғапқы даму кезеңіне екі жақты жазу әдісінің кеңінен таралуы тән болып табылады.

    Екінші  кезеңнің тарихи маңыздылығына келсек, онда «есептеу» ғылымының басты бағыттары анықталған, ал бұдан кейін оның одан әрі дамуы сипат алды. Осы кезеңде есептеу нысандары бойынша жұмыстардың көптеген саласы шығады, есептеудің сан алуан теориялары туындайды: Францияда – заңдық, Италияда – материалистік, Германияда - камералдық.

    Үшінші  кезең, өз мәні бойынша, бухгалтерлік есептің ғылыми ілімдердің бір саласы ретінде қалыптасқан кезеңі болып саналады. Осы жылдары бухгалтерлік есептің бірқатар анықтамалары мен мақсаттары қалыптастырылды.

    Есептеуге ғылыми анықтама беруге алғашқылардың бірі болып күш салған итальян мектебінің оқымыстылары саналады. Мәселен, Франческо Вилла (1801-1884) есептеу кітап жүргізу өнеріне қажет экономикалық және әкімшілік ілімдерден тұрады деп есептеді. Осы кезеңде әр түрлі ғалымдар айтқан бухгалтерлік есептің анықтамалары бухгалтерлік есепті тәжірибелік қызметтің нысандарының бірі деген көзқарастан бас тартуға мүмкіндік берді, оның ең басты мақсаты кәсіпорын меншігіндегі мүліктерге бақылау жасау болып табылады.

    Бухгалтерлік  есептің төртінші даму кезеңі сыртқы нарықтық орта жағдайында қазіргі бухгалтерлік есептің басты мақсаттарының айқындалуымен сипатталады. Есептің ерекше маңыздылығын қуаттай отырып, 1946 ж. бухгалтерлердің халықаралық конгресі француз оқымыстысы Ж.Б. Дюмарше ұсынған күннен, таразыдан және Бернулли қисығынан тұратын, әрі «Ғылым, сенім, тәуелсіздік» ұраны сызылған бухгалтерлердің елтаңбасын бекітті. Онда көрсетілген күн бухгалтерлік есептің шаруашылық қызметтің қаржысымен сәулеленіп тұрғанын, таразы – балансты, яғни тепе-теңдікті, ал Бернулли қисығы бір кезде жасалған есеп мәңгі өмір сүреді деген мағыналарды білдіреді.

    Қазіргі бухгалтерлік есептің мақсаты - басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажет ақпараттармен белгілі бір пайдаланушыларды қамтамасыз ету болып табылады. Әлемдік тәжірибеде бухгалтерлік ақпараттар жалпыға бірдей сипаттағы негізгі басшылық қағидалардың базасында қалыптастырылып қабылданған. Бухгалтерлік есеп жүйесінің осындай мысалы ретінде бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарын, сонымен қатар

    Еуропалық экономикалық қауымдастықтың бухгалтерлік есеп бойынша Директивасын алуға болады. «Бухгалтерлік есеп» ғылымында жинаңталған көптеген құндылықтар объективті сипатқа ие және біздің өмірімізде толығымен пайдаланылуы мүмкін.

    Қазақстан Республикасында 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық ұйымдар бухгалтерлік есепті Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізеді.

Информация о работе Бухгалтерлік есептің даму тарихы