Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:46, контрольная работа
Күн - қаржылық әрекеттің жарық болуын, таразы - баланстық теңдікті, ал Бернулли сызығы - есептің бір кезде пайда болып, өмір бойы жүргізілетіндігін бейнелеген. «Есеп» термині құдайдың құпиясы мағынасында қаралған. Ертедегі Египетте фараондар үйінің «бас бухгалтері» Неферхотеп дейтін философ болыпты. «Ақылы терең, жүрегі шыдамды, шындық іске қуанатын, әділетсіздікке сыртын көрсететін, қолы таза, жамандықты қуатын, шындықты жаза білетін, өтірікке бармайтын» (М.И.Кутер «Теория бухгалтерского учета». 8-ші беті) деген нақыл сөздерді жазып қалдырған осы Неферхотеп болса керек. Жазылған кітаптар мен ғылыми және тарихи мақалаларға сүйенсек, бухгалтерлік есеп тарихы алты мың жылды құрайды екен.