Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 22:49, реферат

Описание

Бухгалтерлік құжат –шаруашылық операцияларын жүзеге асыруға арналған жазбаша өнім немесе осы операцияны іс жүзінде атқаруды растау .Құжаттардағы мәліметтер бухгалтерлік есепте ағымдағы шаруашылық операцияларын көрсетуге негіз болады. Сонымен қатар құжаттар субъектінің іс-әрекет оперативті басқару барысында кеңінен қолданылады .

Содержание

Кіріспе

І. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
1.1.Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі
1.2.Бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі
1.3.Құжат айналымы

ІІ. Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру
2.1.Бастапқы құжаттар және бұлардың мазмұны
2.2.Бастапқы құжаттарды классификациялау
2.3.Құжаттарды бухгалтерлік өңдеу
2.4.Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар

Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

реферат.doc

— 196.00 Кб (Скачать документ)

Құжаттарды орындалған фактілердің мәні мен маңынасына қарай тексеруде шаруашылық фактілерінің заңдылығы, қатысушы жақтарға түсініктілігі, мысалға, шын мәнінде осындай көлемдегі фактілер болды ма, болмады ма деген күдікті сұрақтар анықталуы керек.

Өшіру деп-құжаттарды пайдаланғандығы жөнінде қойылған белгілерді («алынды», «төленді», «өшірілді» қызыл сиямен қойылған штампты) айтуға болады. Бастапқы құжаттарға мұндай белгілердің қойылуы негізінен ақша қаражаты т.б. материалды құндылықтарға тән бір құжаттың екінші рет қолданылып кетпеуін қамтамасыз етеді.

 

2.4. Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

       Құжаттың рәсімделуі мен мазмұнына қатаң талаптар қойылады. Құжаттар рәсімделетін шаруашылық операцияларына сипаттама беретін көрсеткіштерді көрсетуге тиіс. Бухгалтерлік құжаттама мынадай негізгі талаптарға жпуап беруі тиіс: дәл болу, яғни олардың сипаты, сандық және ақшалай көрсеткіштері бойынша нақты жүргізілген шаруашылық операцияларына сәйкес келу: қарапайым және айқын есеп аппаратының қызметкерлеріне ғана емес, сондай-ақ пайдаланушыларға (салық инспекциясының, банктердің қызметкерлеріне, менеджерлерге, кәсіпкерлерге, құрылтайшыларға және т.б.) түсінік болуы керек. Мерзімінде рәсімделген және есеп процесін автоматтандыру жағдайында өңделуге бағытталған болуы қажет. Есеп құжаттарында көрініс тапқан бухгалтерлік ақпарат сапалы және тиімді болуға,яғни еңбек пен уақыттың аз шығынымен қалыптасуға тиіс. Қолма – қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субъектісінде касса болады. Касса – бұл қолма – қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй жай. Касса операцияларының есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі №24 хаттамасымен бекітілген «Қазақстан Республикасының халық шаруашылығында касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады. Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Ол материалды жауапты адам болып табылады да, ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады. Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері бойынша алады. Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма – қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол өкілеттік берген тұлға қол қойған Кіріс Ордері №1- нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жүргізіледі. 

 

 

 

 

                                                             Қорытынды

      

     Нарықтық қатынастар жағдайында құжаттарға жазылған кейбір маңызды экономикалық ақпараттарды бәсекелестердің пайдаланып кетпеуі үшін оны құпия сақтау керек. Маңызы жағынан аса жоғары дәрежедегі ақпараттарды құпия сақтау үшін құжаттар қозғалысының айрықшы айналымын жасап, құжат жасаушы міндетті адамдарды арнайы нұсқаудан өткізіп, бұларды материалды жағынан ынталандыру шаралары белгіленгені жөн. Құжат жасауға байланысты адамдар ақпараттардың ұрланып немесе сатылып кетпеуін қамтамасыз етуге міндетті. Ұйым бухгалтерлері мен басшылары арасында жасалған келісім-шартта осы ұйымның коммерциялық құпиясын сақтау жөнінде бухгалтерлерден жазба түрде міндеттеме талап етіліп, құпия сақталатын құжаттар тізімін белгілеу шаралары іске асырылып отыруы керек.    Ұйымдардағы бухгалтерлік есепті компъютерлік технологиямен жүргізілуіне байланысты ақпараттар құпиясын сақтау мақсатында компъютерге басқалардың кірмеуі керек. Компъютерлік ақпараттарға бөлек адамдардың кірмеуі үшін арнайы кіліттер, парольдер (атқарушының дауыс ерекшелігі, саусағының таңбасы) қолданылуы керек. Ақпараттар құпиясын сақтау барысында шаруашылық операцияларын компъютерге енгізу алдында бұларды арнайы шифрлармен белгілеп, шығару кезінде шифрларды жою керек. Сонымен ұйымдарда жасалынатын құжаттардың коммерциялық құпиясын сақтау үшін компъютерлік арнайы бағдарлама құрылады. Мұндай бағдарлама ұйым экономикасының қауыпсіздігін қамтамасыз етеді. Коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз ету шараларына ақпараттар ағынын тексеру мен пайдаланушылардың тізімін арнайы категория мен уәкілдік етуші топтарға бөлу керек. Ұйым басшысы мен бас бухгалтері ақпараттар жүйесіне кірушілер мен уәкілдік етушілердің қыэметін тексеріп, қажет болған жағдайда шектеу шараларын белгілейді.

Қолданылған әдебиеттер

1. Әбдіғали Әбдіманапов

Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері.

(халықаралық стандарт)

Алматы-2006

2. С.Б. Баймұханова

Ә.Ж. Балапанов.

Бухгалтерлік есеп.

Алматы-2001.

3. Қ.К. Кеулімжаев

Н.А. Құдайбергенов

Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері.

Алматы    Экономика  2006

 

 

 

 

 

 

                                                      

 



Информация о работе Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру