Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 07:42, реферат
Кәсіпорын мүлкінің қандай қалыпта екенін және қандай дәрежеде пайдалынып отырғандығын анықтау үшін, нақты бір жүйеге келтіріп отыруға бухгалтерлік есепте әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бухгалтерлік есеп пәнін зерттеп-білу үшін, оны бір тиянақты жүйеде жүргізу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер тобы, басқа ғылым бухгалтерлік есеп пәнінің әдіс-тәсілдері сияқты, диалектикаға негізделген. Бухгалтерлік есеп өзінің әдіс-тәсілін қолдануда, есеп-қисап ілімінің даму, зерттеу жолында диалектика тәсілін әр уақытта басшылыққа алады. Осы орайда, әрбір зерттеу әдіс-тәсілі кез-келген адам атының туындысы болуға тиіс емес. Ол зерттелетін пәннің негізгі мазмұнына сәйкес және сол пәннің негізгі мазмұнын дәлелді түрде бұлжытпай анықтайтын болу керек.
Кәсіпорын мүлкінің қандай қалыпта екенін және қандай дәрежеде пайдалынып отырғандығын анықтау үшін, нақты бір жүйеге келтіріп отыруға бухгалтерлік есепте әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бухгалтерлік есеп пәнін зерттеп-білу үшін, оны бір тиянақты жүйеде жүргізу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер тобы, басқа ғылым бухгалтерлік есеп пәнінің әдіс-тәсілдері сияқты, диалектикаға негізделген. Бухгалтерлік есеп өзінің әдіс-тәсілін қолдануда, есеп-қисап ілімінің даму, зерттеу жолында диалектика тәсілін әр уақытта басшылыққа алады. Осы орайда, әрбір зерттеу әдіс-тәсілі кез-келген адам атының туындысы болуға тиіс емес. Ол зерттелетін пәннің негізгі мазмұнына сәйкес және сол пәннің негізгі мазмұнын дәлелді түрде бұлжытпай анықтайтын болу керек.
Әрбір пәннің әдіс-тәсілі, сол пәннің ерекшелігіне сәйкес, алдына қойылатын мақсатын орындауға, ғылыми негізін анықтауға бейімді болуы керек. Сондықтан әрбір пәннің әдіс- тәсілінің өзіндік ерекше мағына – мазмұны болуға тиіс. Оған жататындар: құжаттау, түгендеу, калькуляция, счеттар жүйесі, екі жақты жазу, бухгалтерлік баланс, есеп беру, бағалау.
Бухгалтерлдік есеп кәсіпорында күнделікті болатын шаруашылық процестерді түгелдей есепке алады. Ал ол шаруашылық процеске: сол кәсіпорындардағы барлық кәсіпорын мүлкі, қорлары және қаржыландыру қорлары қатысады. Бухгалтерлік есеп теориясында шаруашылық процесі – «шаруашылық операциясы» деп атау қалыптасқан. Баланша айтқанда, шаруашылық процестерін есепке алу үшін нақты бір әдіс керек. Ол бухгалтерлік құжат.
Құжат дегеніміз – ол шаруашылық операцияны бірінші тіркеуге алатын бухгалтерлік әдіс. Тек құжат арқылы ғана әрбір шаруашылық операция есепке алынады. Яғни, бухгалтерлік құжатта шаруашылық операцияның мазмұны толық көрсетеледі де, ол есеп-қисаптың негізі ретінде саланады. Құжат заң талабына сай толтырылып, бухгалтерлік есептің дәлелі болуға тиіс. Барлық шаруашылықтағы құбылыстарды есепке алу үшін, сол құбылыстар орындалу кезінде құжатқа тіркеледі. Мысалы, товардың табиғи шығыны, есеп-қисапка жіберілген қателері, товардың түгелдігін анықтағанда жетпей қалғаны, тағы басқалары, сол жұмыс жүргізілген кезде тиісті құжаттарға тіркеледі.
Яғни, бухгалтерлік құжат шаруашылық құбылыстың жазбаша куәлігі және оның заңдылық құқысы болады. Сондықтан да құжаттауда бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп санайды. Жалпы есеп информациясын автоматтандыру барысында алғашқы есеп сатысын өзінше бөлек автоматтандыру жүйесі деп санайды. Соған сәйкес есеп процесі автоматтандырылған жағдайда құжаттық функциясын техникалық материалдар магнит лентасы, дискасы атқарады. Бухгалтерлік есептің өзіндік ерекшелігі ол тек қана құжат арқылыжүргізілетіндігінде, сонымен қатар құжат кепілдік, куәлік, құқылық қызметтерін атқарады.
Құжат көрсеткіштерін реквизит – деп атайды. Шаруашылық операциялардың мазмұнына және атқаратын қызметіне сәйкес құжаттық ревизиттері әр түрлі болады. Оның ішінде міндетті реквизитке жататындар: құжаттың аты, жазылған күні және жылы, шаруашылық операция мазмұны, жауапкердің қолы т.с.с.
Қорыта келгенде, құжат арқылы ғана кәсіпорын мүлкінің түгелдігі тексеріледі, жеке адамдардың материалдық жауапкершілігі анықталады. Әрбір шаруашылық процесінің заңдылығы дәлелденеді.
3. Қазіргі қоғамда бухгалтерлік есептің мәні өте зор. Ол тек бухгалтерлік кітапты жүргі
Бухгалтерлік есеп - бұл «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес шығарылатын стандарттар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге негізделген активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, субъектілердің табыстары мен шығыстары туралы ақпараттарды тіркеу және жинақтау жүйесі.
Бухгалтерлік есептін мақсаты - бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылардың мүддесі мен ыңғайына байланысты. Басқарушылардың (әкімшіліктердің) ықпалы акционерлердің (меншік иелерінің) мүдделеріне қайшы келетін салық мәлімдемесінен тұрады. Кейінгілердің мақсаты шынайы қаржылық есептілікті құру нәтижесінде таза табыс ұсыну мен есеп айырысуға тіреледі.
Бухгалтерлік есептің жағдайы, жеке пайдаланушылардың айырықша қажеттілігін қанағаттандыру үшін емес, айтарлықтай көп санды пайдаланушылар мүддесіне жауап беретін, жалпы мақсаттағы ақпараттарды анықтау болып табылады.
Халықаралық стандартпен белгіленген мақсаттар мыналар:
- акционерлерді банктің қаржылық-шаруашылық қызметі туралы толық және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету;
- банк қаржылық-шаруашылық қызме
4. Бухгалтерлiк есептi жүргiзудi, қаржылық есептiлiк жасауды және ұсынуды, есеп саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ететiн бас бухгалтер немесе басқа лауазымды адам бухгалтерлiк қызметтiң басшысы - бас бухгалтер болып табылады.
Жария мүдделi ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтер тағайындалады.
Бас бухгалтер мына төмендегі принциптерге сай жұмыс істейді:
есептеу;
үздіксіз (ұдайы);
түсініктілік;
мәнділік;
маңыздылық;
айқындылық;
шындық және әділдік;
бейтараптық;
сақтық;
толықтылық;
салыстырмалық;
дәйектілік.
1. Есептеу принципі - өндірілген өнімді сатудан түскен табыстар, бұл өнімдерді өндіріп, дайындаған кезде емес, осы өнімдерді сатып алушыларға жеткізген кезде, есептеу принципіне сай табыс төлемі соммасына жазылады.
Бухгалтерлік есеп тәжірбиесіне «Есептеу» немесе «Сату» принципін енгізудің мақсаты – нарықтық экономиканың қатаң талабына сай өнім өндіріп сатушы жақтар, ең әуелі сатып алушы жақтардың төлем өтеушілік қабілетін анықтай отырып, өз өнімдерін сату керек, егер, сатып алушылардың құжаты болмай, бұлар пайдамен жұмыс істемеген жағдайда, мұндай субъектілер жойылуға тиісті. Сондықтан шаруашылық қызметін жүргізуші кез - келген кәсіпорындар өздерінің есеп саясатын жасаған кезде есеп саясаты құрамына сатып алушы жақтардың шаруашылық субъектілердің тізімін, бұларға қысқаша сипаттама беру керек.
2. Үздіксіз принципі – бухгалтерлік есеп концепциясы бойынша кәсіпорындар өз жұмысын жылдан-жылға жалғастырып отыру мүмкіндігінен айырылып қалмауы керек. Мұндай қалыпты жағдайда үздіксіздік принципі деп аталады. Есеп саясатын қалыптастыру кезінде кәсіпорын өз жұмысын жылдан – жылға тиімді атқаратындығы жөнінде түсініктеме жазуы керек.
3. Түсінікітілік принципі – қаржы есебінде көрсетілетін ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуы үшін жасалынады. Шаруашылық қызметі жөнінде тіркелген барлық фактілер түсініктілік принципіне сай, пайдаланушыларға түсінікті және қарапайым жолдармен орындалуы керек. Бухгалтерлік есеп ақпараттары тек пайдаланушылар үшін емес, жоғары деңгейде тұратын кәсіби пайдаланушылар үшін, басқарушылар, қаржыгерилер, банкирлер, кәсіби аудиторлар үшін де қажет.
4. Мәнділік принципі – есеп саясаты қаржылық есептегі ақпараттар маңызын ашып көрсету үшін, мәнді жасалынуы қажет. Егер мәнділік тұрғыдан қарағанда қаржылық есеп ақпараттары дұрыс жасалынбаған немесе кейбір мәліметтер қаржылық есепке түспей қалған жағдайда, кәсіпорынның қаржылық қорытындысы мен экономикалық көрсеткіштері толыққанды талданбайды.
5. Маңыздылық принпципі – қаржылық есеп көрсеткіштері міндетті түрде талдынып, мұның негізінде шешім қабылданып, іске асырылатын резерв қорларының көздері белгіленіп, мұндай шаралар есеп саясатында көрсетілгені жөн
6. Айқындылық принципі – ақпараттар айқынды болады, егер мұнда қателер жіберілмеген жағдайда, қаржылық қорытынды есеп сапалы және аса бір дәлдікпен жасалып, жалпы қабылданған принциптерден ауытқымауы керек.
7. Шындық және әділдік принципі – пайдаланушылар үшін қаржы қорытындының есебі шындық және әділеттілік жолдармен жасалып, кәсіпорынның қаржы жағдайы, шаруашылық және қаржы қызметі сондай – ақ ақша қаражаттары қозғалысы жөніндегі мәліметтері толығымен дайындалуы керек.
8. Бейтараптық принципі – қаржылық қорытынды есеп жүйесіндегі ақпараттар сенімді жасалып, күні бұрын ойланған қателерді болдырмауды қамтамасыз етуі керек.
9. Сақтық принципі – белгілі бір нақтылы бағыт анықталмай тұрған жағдайда сақтық сақтап, басқарушылық шешім қабылдау мен бағалауды айтады. Активтер мен табыстар алды – ала артық бағаланбауы, ал міндеттер мен шығындар кем және жеткіліксіз бағаланбауы керек.
10. Толықтық принципі – айқын ақпараттар жүйесін қамтамасыз ету үшін қаржылық қорытынды есеп толығымен жасалып аяқталуы керек.
11. Салыстырмалы принципі – қаржы жөніндегі ақпараттар пайдалы және маңызды болуы үшін есепті жылдың көрсеткіштері басқада өткен жылдардың көрсеткіштерімен салыстыруы керек.
12. Дәйектілік принципі – кәсіпорындарда қарастырылып, таңдап алынған есеп саясаты сабақтастық принциппен бір жылдан басқа жылдар үшін де пайдаланылады.
Бухгалтерлік есептің басты міндеті – кәсіпо
Негізгі принциптер мыналар:
1) қажетті ресурстарды кәсіпорынғ
2) шаруашылық дербестік;
3) өндіріске жұмсалған шығындарды
4) өз шығынын өзі өтеу және рентабельділік;
5) өндірістің дамуына жұмысшылар ұжымын материалдық жағынан мүд
6) шаруашылық қызметіне ақшалай өлшем арқылы бағалау жасау.
Резервтік капиталдың есебі
Жарғылық капиталдың бекітілген мөлшерін қамтамасыз ету үшін және құрылтайшылардың (акционерлер, инвесторлар) тұрақты түрде дивидендтер алу қызығушылығын сенімді қорғау үшін кәсіпорындарда резервтік капитал құрылуы мүмкін.
Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субьектінің негізгі қызметінен алынған залалдарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады. Резервтік капиталды құрудың негізгі мақсаты акция құнының төмендеуі тәуекелі туындаған жағдайда жарғылық капиталдың белгіленген мөлшерін ұстап тұру, себебі жарғылық капитал осы резервтер есебінен толып отырады. Резервтік капитал ұйымның мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін екі жыл ішінде қалыптасуы керек.
Резервтік капиталдың есебі 5300-ші «Резервтер» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5310-ші «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал»
Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалары) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.
5340 «Басқа да резервтер» шотында заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.
Бұл шоттардың аналитикалық есебі №13 журнал-ордерде жүргізіледі. Кіріс және шығыс туралы есеп беруде мойындалмаған кіріс (залал) негізгі құралдарды қайта бағалау сомасын бөлінбеген кіріске, сонымен қатар қайта бағаланған инвестиция сомасына көшіру есебінен өзгертіледі.
Кезең кірісі (залалы) кіріс және шығыс туралы есеп беру көрсеткіштеріне сәйкес есептік кезеңде алынған кіріс (залал) сомасын көрсетеді.
Дивиденттер есеп беруге меншікті капиталдың есептеген мөлшерін азайтады, егер акционерлік жиналыста олардың төлеумеуі шешілсе бұл жолы көрсетілмейді.
Описание
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.