Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 20:25, реферат
Туристік бизнес –әлем шаруашылығында тез дамитын салалардың бірі.Халықаралық туризм –мұнай өндіретін және автомобиль өнеркәсіптерінен кейінгіүш ірі экспорттық салалардың құрамына кіреді. Қазақстандағы туристік қызмет нарығы экономиканың ең дамыған саласы болып табылады. Туризмнің ерекшеліктері –қызмет саласында атқарылатын жұмыс, сату формасы мен еңбек сипатына байланысты. Ал, туризм саласындағы бизнесті ұйымдастыру –тікелей тұрақты дамыған компаниялардың көрсететін қызметіне дұрыс, есеп жүргізуге байланысты. Осыған байланысты туристік қызметтің дамуы бухгалтерлік есеп саласында жоғары мамандандырылған қызметкерлерді қажет етеді.
Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ
СӨЖ
Тақырыбы: Бухгалтерлік есептің туризм саласындағы нормативтік және құқықтық негіздері
Тексерген: Усубалиева С.Ж.
Алматы, 2012 жыл
Туристік бизнес –әлем шаруашылығында тез дамитын салалардың бірі.Халықаралық туризм –мұнай өндіретін және автомобиль өнеркәсіптерінен кейінгіүш ірі экспорттық салалардың құрамына кіреді. Қазақстандағы туристік қызмет нарығы экономиканың ең дамыған саласы болып табылады. Туризмнің ерекшеліктері –қызмет саласында атқарылатын жұмыс, сату формасы мен еңбек сипатына байланысты. Ал, туризм саласындағы бизнесті ұйымдастыру –тікелей тұрақты дамыған компаниялардың көрсететін қызметіне дұрыс, есеп жүргізуге байланысты. Осыған байланысты туристік қызметтің дамуы бухгалтерлік есеп саласында жоғары мамандандырылған қызметкерлерді қажет етеді.
Сонымен қатар, бухгалтерлік есепке бірқатар құжаттар керек, олар: мемлекеттік тіркелу туралы куәлігінің көшірмесі, салық есебі және жылдық баланстың табыстары мен залалдары есебінің шешімдері туралы куәлік, олар тексеріп жатқан кезең туралы салық ұйымына ұсынылған түпнұсқада мөр басылған және қол қойылған болуы керек, жарғылық құжаттар, қолда бар лицензиялар мен бұйрықтардың көшірмесі, банктегі есеп-айырысу, валюталық және басқа да шоттар туралы мәліметтер, қол қоюға рұқсаты бар бірінші және екінші басшыны және бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі, лицензия мен рұқсаттың көшірмесі, аудиторлық тексеру жүргізуге рұқсаттар немесе басқа да құжаттар, ұйымның (мекен-жайы) және оның құрылымдық бөлімшелерінің мекен-жайы туралы мәліметтер, есепті кезеңдегі тексеру кезіндегі есеп саясатының бұйрығының көшірмесі, бас кітап, барлық шоттар, есептер бойынша алғашқы құжаттар, аванстық есептер, есеп-айырысу туралы құжат, сатып алу туралы кітап, сату туралы кітап, келісім-шарттар, атқарылған жұмыстың актілері.
Жалпыласақ, бухгалтерлік есептің туризм саласындағы нормативтік және құқықтық негіздері болады. Қазіргі таңда жалпы туризмдегі бухгалтерлік есепте мүліктік, салалық түрлеріне байланысты көптеген әдістер қолданылады, бірақ туризм саласында әдістемелікзерттеулер аз. Туристік ұйымдарда негізгі құралдары, материалды емес активтері, ақша қаражаты, есеп-айырысу қаражаты, қарыз құралдарының аудиттік әдістемесі басқа саладағы мекемелердің аудиттік әдістемесімен бірдей. Бірақ туристік ұйымдарда өзінің ерекшелігі бар. Туроператорлар мен турагенттердің құқықтық және нормативтік реттелуі, кірістер мен шығыстары, валюталық операцияларының аудиттегі ерекшеліктерін қарастырамыз. Туроператордың – ұйымның құқықтық және нормативтік жүйесін тексеру барысында аудитор тексеріліп жатқан субъектінің заңдық актілерін, туристік фирманың қызметінің реттелуін, яғни белгіленген ережелерді сақтайтындығын анықтайды.Туризмдағы туристік қызмет және бухгалтерлік есеп заңдармен және нормативтік құжаттармен реттеледі.Тексеру барысында аудитор турфирманың қызметі нормативтік құжаттарға сай келуін қарастыру керек. Туроперторлық немесе турагенттік қызметке лицензиясы бар болуын міндетті түрде тексеру қажет, әріптестерімен және клиенттермен (туристермен) келісім-шарттарын тексеру.
Туроператор – ұйым өзінің қызмет барысында сату, сатып алу, қонақ үй, тасымалдау, тапсырмалар, агенттік келісім-шарттар, сақтандыру қызметтеріне келісім-шарт жасау арқылы құқық алады. Аудитордың міндеті осы құжаттарда орын алған заң бұзушылықты және қарама-қайшылықты заң тұрғысынан бағалау. Ең бірінші кезекте келісім-шарттардың атауының мазмұнға сәйкестігін анықтау. Содан соң, барлық шарттардың орындалуы тексеріліп, оның Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес тіркелген барлық келісім-шарттардың заңдылығы зерттелінеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңына сәйкестігі тексерілуі қажет.Агенттік келісім-шарттарға сәйкес көптеген туроператорлар турагенттермен шаруашылық операциялар жүргізеді. ҚР Азаматтық кодексіне және «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңына сәйкес барлық баптар бойынша құжаттарды тексеру, олардың осы келісім-шартта көрсетілгендей жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.
Аудиторлық қорытынды –
Туристік кәсіпорында есеп саясаты туристік кәсіпорындардың экономикалық өміріндегі барлық фактілерді екі жақты жазба әдісімен дер кезінде және толық көрсетуді; өзінің іс-әрекетінде абайлампаздықты танытуды және кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығына өзінің іс-әрекетімен залалын тигізбеуді; әрекет етуші кейбір ережелерді формальды түсінуде құқықтық және экономикалық көзқараста болуды; аналитикалық шоттардағы дебет және кредит бойынша айналымдарында бастапқы және соңғы қалдықтарының және оларды синтетикалық шоттара біріктіретін дебет және кредит айналымдары бойынша теңдіктің сақталуды; есеп беруді құру және қаржы нәтижелерін шығару мақсаттары үшін есеп және есеп беру кезеңдерін (мысалы, ай, тоқсан, жарты жылдық және т.б.) шектеуді; есеп беру көрсеткіштернің құрамында тәуелсіз салыстырылымдылықтың болуын; туристік кәсіпорындардың спецификалық есебімен бухгалтерлік есеп жүргізудің үнемділігі мен тиімділігінің болуымен қамтамасыз етеді. Есеп саясатын қалыптастыру жауапкершілігі туристік кәсіпорындар басшысына жүктеледі, ал есеп саясатының қабылдануы немесе бекітілуі бұйрықпен рәсімделеді.Туристік кәсіпорындарда есеп саясаты қолданатын есеп регистрларын таңдау, оларда бухгалтерлік жазулар жүргізу (бухгалтерлік есеп формалары); бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспары негізінде шоттардың жұмыс жоспарын құру –турөнімді өндіру және сату технологияларына байланысты синтетикалық шоттар мен қорытынды есептер санын шектелген түрде қолдану; алғашқы құжаттардың типтік формаларында қарастырылмаған шаруашылық операцияларын, сондай-ақ ішкі айналымында жүргізілетін құжаттар үшін формаларды рәсімдеу; құжаттар айналымын жүргізу ережесі; түгендеу жүргізудің тәртібі; тауар-материалды қорларды бағалау әдісін құру; негізгі құралдар, материалда емес активтердің тозуы бойынша есеп жүргізудің тәртібі мен әдісін бекіту; жеке есеп объектілері арасында жанама шығындарды бөлу әдістерін таңдау; резервтерін қалыптастыру; курстық айырманы есептеу тәртібі; таза пайданы пайдалану және бөлу варианттары; туристік кәсіпорындардың бөлімшелері ретінде бухгалтерия құрамы мен құрылымы элементтерінің негізгінде жұмыс атқарады. Туристік кәсіпорындардың есеп саясаты –бұл олардың негіздері мен принциптеріне сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп беруді айқындау үшін туристік кәсіпорындардың басшылары қолданатын тәсіл-амалдарының жиыны. Бухгалтерлік есепті жүргізудің тәсілдеріне шаруашылық қызметтерінің фактілерін бағалау жғне топтастыру әдістері, активтер құнын өтеу, құжаттар айналымын ұйымдастыру, түгендеу, бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану тәсілдері, есеп регистрларының жүйесі, ақпараттарды өңдеу және басқада сәйкес тәсілдері, амалдары және әдістері жатады.
Туристік кәсіпорындардың
Туристік фирмаларда бухгалтерлік есеп шаруашылық есеп жұмысының көлеміне байланысты іске асырылады:
— бас бухгалтердің басшылығымен жеке құрылымдық бөлімшесі ретінде бухгалтериямен;
— не туристік кәсіпорын штатына енгізілген, не еңбек келісім шарты бойынша жұмысқа қабылданған бас бухгалтермен;
— арнайландырылған ұйымдармен, аудиторлық компаниялармен;
— тікелей туристік кәсіпорын басшысымен.
Туристік кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасында өзара байланысты
қамтамасыз ететін, еңбекті ұйымдастыруда ғылыми жетістіктерді пайдаланатын, барынша
қарапайым және жинақы болатын, бақылау мен басқару үшін әкімшілік басқаруды
ақпараттармен қамтамасыз ететін, ақпаратты сырттан пайдаланушыларға сенімді
бухгалтерлік есеп беретін бухгалтерия аппаратының құрылымы турөнім өндірісінің
технологиясымен және арнайы ұйымдастыру ерекшеліктерімен құрылуы керек.
Әдебиеттер:
1. Агеева Ю.Б., Агеева А.Б. Аудиторская проверка: практическое пособие для аудитора и
бухгалтера -М.: Бератор-Пресс, 2003.
2. Александров О.А.
3. Қазақстан Республикасының
4. Бухгалтерлік есеп және
жылғы 27 ақпандағы №234 Заңы.
5. Ковалева О.В., Константинов Ю.П. Аудит -М.: «Приор-издат», 2003.-320с.
6. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік
және қаржылық есеп
7. Туристiк қызмет туралы. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы N
211 Заңы
Информация о работе Бухгалтерлік есептің туризм саласындағы нормативтік және құқықтық негіздері