Бухгалтерлік принцип

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 12:23, реферат

Описание

Бухгалтерлік есеп қағидалар курсы оқытылуы барысында бухгалтерлік есептің негізін қағидаларыда, бухгалтерлік есептің шоттар жүйесін таныстырып, бухгалтерлік есеп акпараттарын дұрыс пайдалану мен оның талаптарға сай әдістемелік тұрғысынан ұйымдастырылуы жайлы қажетті білім береді.
Бұл курста экономикалық жоғары оқу орындарында білім алып жаткан студенттерге «Экономикалық теория», «Микро және мак¬роэкономика», «Математика экономистер үшін» және т.б. пәндер оқытылады.

Содержание

Бет
1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы
2. Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
3. Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus)
4. Дәрістер кешені
5. Тәжірибе (семинар) сабақтарын орындау бойынша әдістемелік нұсқау
6. Зертханалық сабақтарды орындау бойынша әдістемелік нұсқау
7. Студенттің оқытушының басшылығымен өздік жұмыстарды орындауы бойынша әдістемелік нұсқау
8. Студенттің өздік жұмысты орындауы бойынша әдістемелік нұсқау
9. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы

Работа состоит из  1 файл

Принц бух учет Каз .doc

— 1.92 Мб (Скачать документ)

АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ

 

 

 

 

 

 

Академияның оқу-әдістемелік кеңесінің  мәжілісінде бекітілген

Қаулы №_1__ «___07.09____» 2012ж.

ОӘК төрағасы, оқу ісі жөніндегі проректор, п.ғ.д., профессор_____________ Машанова Р.К.


 

 

 

 

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ

(ПОӘК)

 

«БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ҚАҒИДАЛАРЫ» пәні бойынша

 

 

«5В050800 «Есеп және аудит»»  мамандығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2011 ж.

         

Пәннің оқу-әдістемелік  кешенін дайындаған  Даузова Аида Мажидовна, «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушы

 

 

Кафедраның мәжілісінде талқыланып ұсынылған «Есеп және аудит»,  қаулы  № 1   «__01_» _09_______ 2012 ж.

 

Кафедра меңгерушісі «_________»         э.ғ.к, доцент Штиллер М.В                   

                                                   (қолы)          

 

Академияның оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде мақұлданған ____________________, қаулы № _1___  «__07_» ______09__________ 2012 ж.

 

Академияның оқу-әдістемелік

кеңесінің төрағасы                              _____________  _ п.ғ.д., профессор Машанова Р.К.

                 

                                                                         (қолы)          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

   

Бет

Пәннің типтік оқу  бағдарламасы

 

Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы

 

Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus)

 

Дәрістер кешені

 

Тәжірибе (семинар) сабақтарын орындау бойынша әдістемелік нұсқау

 

Зертханалық сабақтарды орындау бойынша әдістемелік  нұсқау

 

Студенттің оқытушының басшылығымен өздік жұмыстарды орындауы бойынша әдістемелік нұсқау

 

Студенттің өздік жұмысты  орындауы бойынша әдістемелік нұсқау

 

Пәннің оқу-әдістемелік  қамтамасыз етілу картасы

 

 

 

ВЕК 2301 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ҚАҒИДАЛАРЫ

3 кредит

Алғысөз

1.Т. Рыскулов атындагы Қазак, Экономикалық Университеті ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН.

2.ПІК1Р ЖАЗҒАНДАР: э.ғ.д., (PhD) доктор Н.А. Товма -әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; э.ғ.к., А.А. Алексеенко Т. Рыскұлов атындағы КазЭУ доценті.

3. Қазакстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 30 желтоксан № 611 бұйрығымен БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.

4.Типтік оқу бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «050508 - Есеп және аудит» мамандығы бойынша ӘЗ1РЛЕНГЕН.

5. Республикалық   Оқу-әдістемелік  кеңесінің   отырысында ҚАРАЛДЫ 2009 жыл 25 маусым № 1 хаттама.

Бұл типтік оқу бағдарламаларды Казакстан Республикасы Білім және гьлым Министрлігінің рұксатынсыз көбейтуге және таратуға болмайды

ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБАХАТ

«Бухгалтерлік есеп қағидалары» пәні бухгалтерлік есептің іргелі негізгі болып табылады және де теориясы мен тәжірибесінің  кіріспесі ретінде тусінік береді.Бұл бағдарламада; әртүрлі салалалардағы және меншіктеп ұйымдардың бухгалтерлік есеп және аудит саласының мамандарына қаржылык, есептілікті құруың  халықаралық жалпы кабылданған бухгалтерлік есептің  қағидалары, әдістері мен тәсілдері қарастырлады.            

Бұл курста бухгалтерлік есептің негізгін құрайтын базалық қағидалары,   әдістері  мен  есептеу  тәсілдері   (процедуралары) окытылады.

Курсты окытудың мақсаты  ұлттык қаржылык, есептілік және халықаралық қаржылық; есептілік стандарттарына, сондай-ак, нормативтік-құқықтык құжаттарға сәйкес кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп жұмысының ұйымдастырылуының негізін оқытушы  болып табылады.

Бухгалтерлік есеп қағидалар курсы оқытылуы барысында бухгалтерлік есептің негізін қағидаларыда, бухгалтерлік есептің шоттар жүйесін таныстырып, бухгалтерлік есеп акпараттарын дұрыс пайдалану мен оның талаптарға сай әдістемелік тұрғысынан ұйымдастырылуы жайлы қажетті білім береді.

Бұл курста экономикалық  жоғары оқу  орындарында білім алып жаткан студенттерге «Экономикалық теория», «Микро және макроэкономика», «Математика экономистер үшін» және т.б. пәндер    оқытылады.

«Бухгалтерлік есеп қағидалары» курсы  негізінен «Қаржы есеп I» және «Қаржы есеп II» пәндеріне негізделген.

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

1-тақырып. Бухгалтерлік есеп акпараттық, жүйе ретінде.

2-тақырып. Бухгалтерлік есептің концепциялары.

3-тақырып. Екі жактылык, қағидасы және баланстық теңдік.

4-тақырып. Екі жақты жазу және бухгалтерлік есеп шоттары.

5-тақырып. Есепті кезең және қаржылық есептілікті дайындау.

6-тақырып. Кірістер және ақша қаражатының есебі.

7-тақырып. Қорлар және сатылған өнімнің өзіндік куны.

8-тақырып. Ұзак мерзімді активтер: есебі, тозуы және амортизациясы.

9-тақырып. Шығыстар есебі

10-тақырып. Міндеттемелердің және капиталдьң есебі.

11-тақырып. Қаржылық есептілік дайындау.

 

 

ПӘННІІҢ  МАЗМҰНЫ

1-такырып. Бухгалтерлік  есеп акпараттык жүйе ретінде

Бухгалтерлік  есептің пайда  болуының тарихи аспектілері. Бүгінгі күнгі  бухгалтерлік есептің қажеттілігі. Басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп. Бухгалтерлік есептің нышандары және акпараттық база ретінде маңызы. Бухгалтерлік ақпарат және баскарушылык; шешім кабылдау. Бухгалтерлік есептің атқаратын кызметі және оның мінндеттері. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік  есептің заң жүзіндегі реттелуі. Бухгалтерлік есептегі этика.Қаржылық есептілік: экономикалық ақпарат ретінде оның жіктелінуі және оны пайдаланушылар. Халықаралық бухгалтерлік есеп және оның  Қазақстандағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына ықпалы. Ұйымдардың түрлері.

2-такырып. Бухгалтерлік  есептің концепциялары

Бухгалтерлік есептің концептуалдық  негізі. Бухгалтерліке  есептің негізін  құраушы қағидалар: екіжактылық  қағидасы, ақшалай өлшеу қағидасы, өзіндік құн  кағидасы, материалдык кағидасы, тарату қағидасы, салыстырмалылық қағидасы, дәйектілік қағидасы, толассыздык қағидасы. Есеп қағидаларының жалпы сипаттамасы. Қаржылық есептілік элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері. Актив, міндеттеме, капитал, ұйымның кірістері мен шығыстары туралы түсінік.

3-тақырып.   Екіжақтылық қағидасы  және балансытық  теңдік.

Бухгалтерлік есептің  рөлі және маңызы. Негізгі бухгалтерлік тендік.Үздіксіздік қағидасы. Есептеу  қағидасы. Бухгалтерлік баланстың құрамы мен құрылымы. Бухгалтерлік баланстың бөлімдері. Бухгалтерлік баланстың негізгі баптары. Активтердің құрамы   және   сипаттамасы.  Қысқа мерзімді   активтер:   ақша қаражаттары және оньң эквиваленттері, қаржылық инвестициялар, қорлар, дебиторлық борыштар. Ұзақ мерзімді активтер: негізгі құралдар, материалдык емес активтер, ұзак мерзімді инвестициялар және оның эквиваленттері, қыска және ұзак мерзімді міндеттемелердің  құрамы және сипаттамасы. Капиталдың құрамы және сипаттамасы. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс баптарына әсері. Бухгалтерлік баланстың түрлері.

4-такырып. Екі жақты жазу және  бухгалтерлік есеп шоттары

«Шаруашылық операциялары»  туралы тусінік. Екі жакты жазудың  мәні. Бухгалтерлік есеп шоттарыныың  анықтамасы және мақсаты. Бухгалтерлік есеп шоттардың құрылымы мен мазмұны. Бухгалтерлік есеп шоттарының экономикалық мазмұны бойынша және атқаратын кызметі бойынша жіктелуі (негізгі, реттеуші, калькуляциялық, қаржылық  нәтижелік, баланс сыртындағы және т.б.) жуйесі. Шоттар корреспонденциясы. Жай және күрделі бухгалтерлік жазулар. Топтамалық (синтетикалык) және талдамалық (аналитикалык) шоттар мен олардың өзара байланысы. Талдамалык (аналитикалық) және топтамалық (синтетикалык,) есеп. Айналым ведомосттері, олардың мәні мен оларды құру, толтыру тәртібі. Бухгалтерлік шоттарды жабу процесі Сынак баланс.

5-такырып.   Есепті   кезең   және   қаржылық  есептілікті  дайындау.

Есепті кезең. Кіріспе бухгалтерлік баланс. Шаруашылық операцияларын тіркеу және талдау олардың бухгалтерлік шоттарда бейнеленуі. Айналым ведомостары. Алғашқы есеп құжаттары туралы түсінік. Бухгалтерлік алғашқы құжаттарды қолданудың қажеттілігі және оның ролі мен атқаратын қызметі. Есеп құжаттарындағы міндетгі реквизиттер. Алғашқы есеп құжаттарының  жіктелінуі. Құжат айналымы. «Бухгалтерлік есеп регистрлері» туралы тусінік. Бух-галтерлік есеп регистрлерінің формалары және жіктелінуі. Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары. Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері. Есеп саясаты.

6-тақырып. Кірістер және ақша қаражатының есебі

Консерватизм қағидасы. Материалдық қағидасы. Сату қағидасы. Бухгалтерлік есептегі есептеу әдістері. Ақша қаражаттарын өлшеу. Кірістер туралы түсінік және оның танылуы. «Есептік кезең» түсінігі. Есепті кезеңдегі кірістер. «Ақша қаражаттары» туралы түсінік: Кассадағы қолма-қол ақша. Кассалық кіріс және шыгыс ордерлері, оларды құру, толтыру және рәсімдеу тәртібі. Касса кітабы, оның енгізілуі. Қолма-қолсыз есеп айырысудың  нысандары мен олардың сипаттамасы. Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалардың  есебі, ақша эквивалентерінің есебі. Есеп берілетін сомалардың есебі (кіші касса). Дебиторлық борыштың танылуы мен бағалануы. Күмәнді (күдікті) дебиторлық борыштар туралы түсінік. Алынуға тиісті вексельдердің есебі. Жұмысшылардың дебиторлық борыштарының есебі. Алдағы кезең шығындарының есебі. Басқадай дебиторлық борыштардың есебі.

 

7-тақырып. Қорлар және сатылған өнімнің өзіндік құны

Қорлар жайлы түсінік. Қорлардың жіктелуі. Қорларды бағалау  әдістері (орташа есептік құны бойынша, ФИФО, ЛИФО және арнайы ұқсастық әдістері).  Әдістерді салыстыру.  Түгендеудің анықтамасы және мақсаты. Қорларды есептеу түрлері. Қорлардың өзіндік құнын анықтау қағидасы. «Өндірістік шығындар» және «мерзімдік шығындар» туралы тусінік. Үстеме шығындар мөлшері. Қорлардың айналымдылығы. Қорларды есептеудің үзіліссіз және кезендік жүйелерін колдану. Төменгі құны бойынша және өзіндік құны мен нарықтық құны бойынша бағалануы.

8-тақырып. Ұзақ мерзімді активтер: есебі, тозуы және амортизациясы

Үзақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелінуі. Материалдық емес активтер, негізгі құралдар және биологиялық активтердің анықтамасы және сипаттамасы. Түгендеу (инвентарлық) объект. Ұзақ мерзімді активтердің бағалануы. Бастапқы құн, ағыммдағы құны, баланстық құны, өткізу құны және жойылу  құны. Бастапқы құнның құрамы. Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы және тозуы: анықтамасы және мәні. Негізгі құралдардың табиғи және сапалық тозуы. Есептелінген амортизациялық аударым сомаларының бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленүі.                                                                       

9-тақырып. Шығыстар  есебі

«Шығыстар» және «ұсталымдар» түсінігінің  мәні. Белгіленген  есепті уақыттағы шығындардың анықтамасы. Сәйкестілік қағидасы. Ұсталымдар мен шығындардың және есепті кезең шыгыстарының өзара байланысы. Қаржылық нәтижені анықтау қағидасы. Қаржылық есептілікгі бағалау қағидалары (Бастапқы, ағымдағы, нарықтық, дисконтталған, сатылған жэне т.б.). Пайда және зиян туралы есеп баптарының маңызы. Ұйым шығыстарының бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленуі. Транзиттік шот туралы түсінік. Қаржылық және шаруашылық процесстері.

10-тақырып. Міндеттемелердің және капиталдың есебі

«Меншікті айналым қорлары» туралы түсінік. Қарызға алынған  және меншікті капитал. Акционерлік капитал, қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібі. Төленбеген капитал. Резервтік капитал. Резервтік капиталды құру және пайдалану (жұмсалыну) тәртібі. Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) және есепті кезеңдегі (өткен кезеңдердегі) дивиденттер.

Міндеттемелердің анықтамасы. Міндеттемелердің жіктелуі. Міндеттемелерді есептеу. Капиталдың өзгерісін және міндеттемелерді бухгалтерлік есеп шоттарында бейнелеу.

11-такырып. Қаржылық  есептілікті дайындау

Есеп беру, кәсіпорынның шаруашылық кызметіннің нәтижесін, оның қаржылык, мүліктік жағдайын анықтайтын көрсеткіштер жүйесі ретінде. «Бухгалтерлік есептік», «қаржылык есептілік» түсінігі. Қаржылық есептіліктің сапалық мінездемелері тусініктілік, орындылык, сенімділік және салыстырмалылқ. Қаржылык есептіліктің құрастыруға қойылатын қағидалар. Каржылық, есептілктің кұрамы (формалары). Бухгалтерлік балансты ұсыну. Пайда және зиян туралы есепті ұсыну. Ақшалардың қозғалысы туралы есепті ұсыну. Тікелей әдіс. Капиталдың өзгерісі  туралы есепті ұсыну. Түсініктемелік жазбаның мәні. Қорытынды есептердің  өзара байланыстылығы. Қаржылык есептілікті кәсіби талқылау.

ПРАКТИКАЛЬҚ САБАҚТАРДЫҢ  ТАҚЫРЫПТАРЫ

Информация о работе Бухгалтерлік принцип