Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2011 в 20:11, курсовая работа

Описание

Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.

Содержание

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі
1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
1.2 Күмәнді дебиторлық
1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
1.4 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
2. Кредиторлық қарыздар есебі
2.1 Алдағы кезең шығындарының есебі
2.2 Берілген аванстар есебі
2.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
2.4 Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі
2.5 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
2.6 Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
2.7 Салық міндеттемесінің есебі
2.8 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

дебиторлық және кредиторлық қарыздаресебі.doc

— 376.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

  1. Кіріспе
 
  1. Негізгі бөлім. Дебиторлық және кредиторлық  қарыздар есебі

    1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру

    1.1  Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі

    1.2  Күмәнді дебиторлық

    1.3  Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі

    1.4  Басқадай дебиторлық борыштардың есебі

    2.  Кредиторлық қарыздар есебі

    2.1  Алдағы кезең шығындарының есебі

    2.2  Берілген аванстар есебі

    2.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі

    2.4 Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі

    2.5 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі

    2.6 Басқа да кредиторлық қарыздар  мен есептелген төлемдер есебі

    2.7 Салық міндеттемесінің есебі

           2.8 Банктер мен  банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу

  1. Қорытынды
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

    Дебиторлық  берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша  міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.

    Саудалық  дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде  өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін  сатып алушылардың міндеттеме сомасы.

    Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен % - р және т.б) пайда болады. Дебиторлық берешек 3 топқа бөлінеді:

    1) алынуға тиісті шоттар;

    2) алынған вексельдер;

    3) басқалар.

    Алынуға тиісті шоттарға : ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке,  субъектілердің  ақшалай емес активтеріне деген  тілек – талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек болып бөленеді. Дебиторлық берешек саудалық шот фактурамен расталады. Алынған вексельдер бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады. Дебиторлық берешек пайда болатын сипатына қарай қалыпты және аяқталмайтын болып бөлінеді. Субъектінің өндірістік шаруашылық іс-әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айрысудың қолданыста жүрген нысандары  мен пайда болатыны қалыптыға жатады. Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек аяқталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшілктер, тауарлық-материадық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.

    Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу – ол пайыз түрінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал. Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық заңдылығымен байланысты. Несиелерді есепке алу үшін «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» бөлімшесіне енгізілген 4010 «Банк несиелері», 4020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 «Басқа да несиелер» сияқты пассивті шоттары пайдаланылады. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақсатн Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.  
 
 
 
 
 

1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру

    Кәсіпорындар  мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлағалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс  ретінде  алдын ала төлеген  төлемдері үшін алашақ борыштары –1200 дебиторлық борыштар (алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып  екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептелінеді.

    Есеп  беретін уақыттан кейінгі бір  жыл ішінде алынатын (өтелетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

    • Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
    • Тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
    • Вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
    • Негізгі ұйымдар  мен еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған  дебиторлық борыштар;
    • Ұйымның лауазымды адамдарыны (тұлғаларанының) дебиторлық борышы;
    • Басқадай дебиторлық борыштар.

    Кәсіпорынның  балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексеь бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив  болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық борыш» дегеніміз, бұл – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активке қамтылған алдағы  уақыттағы экономикалық тиімділік.

    Ұйымның қаржы қаржы жағдайын сипаттайтын  көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты  мен өтелу  уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты  кірісті алынған жағдайда  ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сомасы бойынша есептелінеді. Бір жылдан астам уақыт бойы  алынбаған дебиторлық борыштар «ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардаң мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін пайдалану ұйымының күмәнді борыштарының сомасын  қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері (скидки) терминімен (сөзімен) бірге сауда жеңілдігі термині (сөзі) қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.

    Кейбір  жағайларда сапаның төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу себебінен  сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Мұндай  тауарларды қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз  болады. Сондықтан да кәсіпорын сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш сомаларының мөлшерін қысқарту туралы. Талабын қабылдауға келісуіне тура келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге тиісіт табыстарының көлемін азайтатындағы сөзсіз. Бұл жағдайда ұйымның бухгалтериясында жасалынған жеңілдік сомасына:

    Дт: 6030 баға шегерімі – шоты

    Кт: 1210 алынуға тиісті борыштар – шоты

    Түріндегі бухгатлтерлік жазуы жэазылады.

    Егер  сатылған тауар ұйымға қайтарылған  болса, ол үшін жазылатын бухгалтерлік жазу мына түрде бейнеленеді:

    Дт: 6020 Сатылған тауралардың қайтарылымы – шоты

    Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар – шоты

    Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына төменде  аталған  құжаттарды қолданады:

    Нөмірі 7 Журнал-ордер – 1250 «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы» деп аталатын шотының кредиті бойынша;

    Нөмірі 9 Журнал-ордерге қосымша тізімдеме  – 1610 «Берілген аванстар» шотының дебиті бойынша;

    Нөмірі 10 Журнал-ордер – 1290 «Күдікті қарыздар бойынша резерв», 1620«Алдағы кезең шығындлары» шоттарының несие (кредиті) бойынша;

    Нөмірі 11 Журнал-ордер – 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының  және 1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.

    Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер  және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен  тіркелімдерден басқа  дебиторлық борыштардың  есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың  жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп  стандарттарында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандарттарында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барсында қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ  есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, оларға негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарныда есептелінетін сомаларлың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізу керек, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын щоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат – әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушы ларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.

    Дебиторлық  борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:

    1210  «Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы».

    1290 «Күдікті қарыздар бойынша резервтер».

    1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы».

    1280 «Басқадай дебиторлық борыштар».

    1620 «Алдағы кезең шығындары».

    1630 «Берілген аванстар».

    Яғни  осы жоғарыда аталған баптар бойынша  кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа  заңды немесе жеке  тұлғалардан  алашақ сомалары дебиторлық борышы болып  табылады.

1.2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі

    Кәсіпорындар  мен ұйымдардың 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы  ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:

    1210 «Алынуға тиісті шоттар»

    1210«Алынған вексельдер»

    1210«Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары»

    Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан  да бұл шоттардың дебитінде борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық борыштар шоты) сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың  сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.

    «Алынуға  тиісті шоттар» деп аталатын шотта  тиеліп жіберілген өнімдер (тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған  есеп айырысу құжататары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі Жалпы «Алынуға тиісті шоттар» шотын сипаттай келе олардың қысқа мерзімді активтер екендігін және олардың сату нәтижесінде пайда боатындығын аңғаруға болады. Сондықтан оларды кейбір уақыттарда «саудалық міндеттемелер» деп те атайды. Олар тауарларды несиеге сату кезінде де пайда болады. Міндеттемелердің өтелу көздеріне басқадай нұсқаулар болмаған жағдайда, оларды сатудан алынды деп санайды. Халықаралық тәжірибеде кез келген адамға тауарларды несиеге сату кең көлемде етек алған, сонымен бірге сатып алушылар үшін сатып алған тауарларының төлемін бір немесе бірнеше айдан кейін төлеу (өтеу) құқығы да берілген. Мұндай несиені коммерциялық несие деп те атайды. Тауарларды несиеге сататын фирмалар, сатып алушының шотты тиісті уақытында төлеу қабілеттілігі бар болатындығын бақылау  шараларын жүргізілулері қажет. Сол үшін әрбір ұйымдарда несиелік бөлімдер жұмыс істейді. Бұл бөлімдер арқылы, жеке және заңды тұлғалардың немесе бермеу жайлы мәселені шешуге керкті ақпараттарды білуге болады, сонымен қатар тауарлар сатушының арнаулы ақпараттың несиелік бюролар арқылы да клиент жайлы басқадай мәліметтер алуға мүмкіндігі бар. Осындай несиелік ақпарат бөлімдерінің мәліметтері бойынша да несиеге тауарларды сату, сатпау жайлы шешімдер қабылданады. Несиелік бөлім төлем сомасын ұсынуды, несие көлемін шектеуді және сатып алушылар мен тапсырыс  берушілерден несиені уақтылы өтеуді қамтамасыз ететін белгілі бір қаражаттарды талап етуі мүмкін. Осыған орай  кәсіпорындар мен ұйымдардың таңдап алынған ережелері мен негізгі қағидалары есеп саясатында атап көрсетуі қажет. Бұл шотта сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар және тағы да басқа дебиторлық борыштар есептеледі.

Информация о работе Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі