ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 22:52, курсовая работа

Описание

Қоғамның дамуы барысында бухалтерлер үш міндетті шешеді: 1) есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау; 2) оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу; 3) шаруашылық өміріндегі деректер жөніндегі дер кезінде ақпарат алу.

Содержание

КІРІСПЕ.

I. АЛЫНУҒА ТИІСТІ ШОТТАР ЖӘНЕ БАСҚА ДА ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕР.

1.1.Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі.

1.2.Берілген аванс бойынша есеп айырысудың есебі.

1.3.Қарыздар бойынша резервтердің есебі.

II. БАСТАПҚЫ МӘЛІМЕТТЕР БӨЛІМІ.

III. ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ.

3.1.Бас журнал.
3.2.Жұмыс кестесі.

3.3.Бухгалтерлік баланс.

3.4.Қаржылық есеп туралы үлгі.

3.5.Табысқа салынатын салық туралы үлгі.

IV. ҚОРЫТЫНДЫ.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

курстық жұмыстың Жоспары.doc

— 41.50 Кб (Скачать документ)

Курстық жұмыстың мазмұны.

КІРІСПЕ.

I. АЛЫНУҒА ТИІСТІ ШОТТАР ЖӘНЕ БАСҚА ДА ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕР.

1.1.Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі.

1.2.Берілген  аванс бойынша есеп айырысудың  есебі. 

1.3.Қарыздар бойынша резервтердің есебі.

II. БАСТАПҚЫ МӘЛІМЕТТЕР БӨЛІМІ.

III. ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ.

3.1.Бас  журнал.

3.2.Жұмыс  кестесі.

3.3.Бухгалтерлік  баланс.

3.4.Қаржылық  есеп туралы үлгі.

3.5.Табысқа  салынатын салық туралы үлгі.

IV. ҚОРЫТЫНДЫ.

Қолданылған әдебиеттер тізімі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе.

     Бухгалтерлік есеп (есеп жүргізу ретінде) дүниежүзіндегі кез келген бухгалтерияның іс жүзіндегі қызметінің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді.                                                                                                                             

Қоғамның  дамуы барысында бухалтерлер  үш міндетті шешеді: 1) есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау; 2) оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу; 3) шаруашылық өміріндегі деректер жөніндегі дер кезінде ақпарат алу.                

Бухгалтерлік  есептің ғылым ретінде сауданың арқасында шықты. Осылайша 1458 ж. көпес Бенедетто Котрульидің «Сауда және нағыз көпес туралы» деген бірінші кітабында бухгалтерлік есептің ғылым ретінде пайда болып, қалыптасуы қарастырылды. XIX ғ. ортасынан бастап Еуропаның әр түрлі елдерінде бухгалтерлік есеп тәжірибені қорытатын, сонымен бірге оны жетілдіретін ғылым ретінде дами түсті. Үш атақты итальян мектебі дүниеге келді. Олар: 1) ломбардтық мектеп; 2) тоскан мектебі; 3) венециандық мектеп. XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында өндірістің өсуіне және акционерлік қоғамдардың пайда болуына байланысты баланс жүргізу бағыты дүниеге келді. Нарықтық қатынастардың қазіргі жағдайларында бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты әр түрлі деңгейіндегі басқару шешімдерін әзірлеу, негіздеу, қабылдауға, бәсекелес-субъектіні айқындауға және тағы басқаларға қажет субъектінің шаруашылық және қаржылық қызметі туралы сапалы және дер кезіндегі ақпаратты қалыптастыру болып табылады.       

     Дебиторлық берешек - сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің (бизнес контрагенттердің) шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген тауар (жұмыс, көрсетілген қызмет) үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы (өтеу мерзімі бір жыл бойы) немесе операциялық циклді және ағымдағы емес болып бөлінеді. Есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді. Саудалық дебитор берешегі – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме соммасы. Саудалық емес дебиторлық берешек іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде пайда болады.

    Дебиторлық берешек үш топқа бөлінеді: Алынуға тиісті шоттар, алынған вексельдер және басқалар.

    Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке және субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек-талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күтілетін күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді болады. Әдетте дебиторлық берешек шот-фактуралармен расталады. «Алынған вексельдер» бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады.

    Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар жүйесінде дебиторлық берешектің пайда болуы субъектінің шаруашылық іс-әрекетіндегі объективті процесс болып саналады. Дебиторлық берешек пайда болу сипатына қарай қалыпты және ақталмайтын делініп бөлінеді. Субъектінің өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айырысудың қолданыста жүрген нысандарымен пайда болғандары қалыптыға жатады. Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек ақталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмалаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшіліктер, тауарлық-материалдық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.

     Қазақстан Республикасындағы барлық шаруашылық субъектілеріндегі табысты есептеу тәсілімен айқындайтындықтан, күдікті борыштар бойынша резерв құру қажеттілігі туады. Олар тәуекел қоры болып табылады, сол немесе басқа борыштың өтелмей қалуынан сақтандырады. Бухгалтерлік баланста дебиторлық берешек күмәнді борыштар бойынша резервті есептеп шығару үшін көрсетіледі.

      Вексель – бір жақты шартсыз ақшалай міндеттемесі бар қатаң белгіленген нысандағы төлем құжаты. Вексельді шығару мен айналым тәртібі Қазақстан Республикасының 28.04.1997 ж. №97-1 «Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым туралы» Заңымен реттеледі.

     Жай вексель (соло) – вексель берушінің алғашқы талабы бойынша төленетін еш нәрсесіз алдын-ала шартталмаған міндеттемесі бар векселі немесе белгілі бір уақытта вексель ұстаушыға вексельде көрсетілген ақша сомасын болашақта төлеу.

     Аударылатын вексель (тратта) вексель берушінің (трасантта) еш нәрсесіз алдын-ала шартталмаған ұсыныс (бұйрық) бар вексельді үшінші тұлғаға (трассата), төлеуге бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша болашақтағы белгілі бір уақытта не болмаса вексельде көрсетілген ақша сомасын талап ету бойынша вексель.

     Коммерциялық (тауарлық) вексельсатып алу-сату мәмілесі негізінде берілген вексель.

     Акцепт вексельді төлеуге арналған жазбаша келісім. Индоссамент – осы вексель бойынша басқа адамға құқықтарын сыйлағандай етіп сатуды растайтын, айналымдағы беріліс жазбасы. Индоссант – вексель беретін адам. «Бұйрыққа емес» - вексель берушінің вексельге кіргізетін, вексельді индоссамент арқылы беруге тыйым салуды бейнелейтін формула. Аваль – вексельдік кепілдік, соған орай оны жасаған адам вексель бойынша міндетті басқа адамдардың міндеттемелерін орындау үшін жауапкершілік қабылдайды. Регресс – акцептелмеген немесе төленбеген вексель бойынша қайтадан кері талап ету. Есеп кеңесі – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банктік заңнамаларға сәйкес вексельдік операциялар жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар банк. Форфейтингтік операциялар (форфеттеу) – тауарларды сатып алушының борыштық міндеттемелерін сатушыға арналған айналымсыз вексельді сатып алу арқылы өтеді.

     Вексельдер бойынша бухгалтерлік есеп «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңмен, субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттарының Бас жоспарымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 7.02.2001 ж. № 23-2-2-6/63/1510. Вексельдік операциялардың бухгалтерлік есебі туралы» хатымен реттеледі.

    

  
 
 
 
 
 
 

Информация о работе ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІ