Еңбекақы және оның нысандары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 07:36, реферат

Описание

Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақының номаиналды және шынай түрлері болады.

Работа состоит из  1 файл

Еңбекақы және оның нысандары реф.docx

— 33.56 Кб (Скачать документ)

 а) кесімді ақы алушы жасөспірімдерге кесімді ақы алушының тарифтік ставкасы бойынша;

 б) мерзімдік ақы алушы жасөспірімдерге тиісті разрядтың ставкасы бойынша төленеді.

3.Нәрестені тамақтандыдуға  арналған үзіліс. Мұның өзі медицина  мекемсі емізетін аналар мен 1 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге берген наықтамамен рәсімделеді. Демелыс пен тамақтануға берілетін жалпы үзілістен әрбір 3 сағат сайын нәрестені тамақтандыруға арналған 30 минуттық қосымша үзілістер беріледі. Бұл үзілістер орташа жалақы бойынша төленеді.

4.Демалыс уақытын төлеу.  Еңбек заңдарына сәйкес жұмыс  (күнтізбелік емес) жывлында жұмысшылар мен қызметкерлерге бір рет демалыс беріледі. Демалыс алу құқығы сол кәсіпорында 11 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін туындайды. Демалыстың ұзақтығын шаруашылық субъектісі белгілейді және кестеге сәйкес беріледі. Демалыс бұйрықпен немесе демалыс беру туралы жазбамен рәсімделеді де, онда оның қандай мерзімге берілетіндігі мен қзақтығы көресетіледі. Демалысты төлеуге және пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлеуге арналған күндік орташа жалақысы демаылсқа кетер алдындағы 12 күнтізбелік айдың жалақысына орай анықталады (18.09.97 ж. №17/9340 Нұсқаулық).

 Егер бір жылдан кем жұмыс істесе, онда демалысқа кетер алдындағы күнтізбелік айлардың жалақысына орай анықталады. Күндікорташа жалақы есепті кезеңдегі жалақы сомасын жұмыс уақытының жыл сайынғы балансындағы жұмыс жұмыс күндерінің айлыұ орташа санына бөлу жолдарымен есептеліп шығарылады. (1997 жылы – 25,0; 1998 жылы – 25,67).

5.Еңбекке уақытша жарамсыздық  бойынша жәрдемақыны есептеу. Сырқаттанғанда, отбасы мүшесі ауырғанда және оған күтім жасау қажет болғанда, карантинде, кәсіби ауырғанда ауру күндері белгіленеді. Аурулық куәлік (еңбеккке жармсыздақ қағазы) жәрдемақы тағайындауға негіз болады. Жалақының 100% мөлшеріндегі жәрдемақы мертіккенде, кәсіби аурумен ауырғанда, 8 жыл және одан астам үздіксіз жұмыс стажы бар қызметкерлерге, сондай – ақ асырауында 16 жасқа жетпеген (18 жасқа дейінгі оқушылар) 3 және одан көп балалары бар қызметкерлерге беріледі: 80% – ті мөлшерінде – үздіксіз жұмыс стажф 5-8 жыл болса; 60% – үздіксіз стажы 5 жыл болса беріледі. Оратша жалақыны есептеген кезде мынадай төлемдер ескерілмейді (ҚР Үкіметінің 26.03.97ж. №419 қаулысы):

 • пайдаланылмаған  демалыс үшін өтемақы;

 • материалдық көмек  түріндегі ақшалай жәрдем ақы;

 • тәулік ақынаң орнына жалақыға қосылатын қосымшалар мен үстемелер;

 • арнайы киімнің, арнайы аяқ-киімнің, арнайы тамақтың құны;

 • біржолғы көтермелеу төлемдері;

 • бағалы қағаздар бойынша дивидендтер;

 • оқушылардың, студеттер мен аспираттардың степендиялары;

 • қызметкерге келтірілген залалды, оның жұмысқа байланысты ертігуі немес өзге жарақаттануын төлеу және өтемақы беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 Шаруашылық қызметінің  процесінде жұмысқа қабылдау  және жұмыстан шығару нәтижесінде  қызметкерлердің саны өзгереді, жұмыс доынша ауысулар жүргізіледі.  Адам құрамының есебін кдрлар  бөлімі жүргізеді. Ол жалпы  кәсіпорын бойынша, оның құрылымдық  бөлімшелері бойынша қызметкерлердің  саны туралы және осы санның  өзгерісінің себептері туралы: жынысы, жасы, санаты, лауазымы, мамандығы, жұмыс  стажы, білімі және басқа белгілері  бойынша қызметкерлер құрамы  туралы деректер алуды қамтамасыз  етеді. Адам құрамын есепке  алу үшін №Т-2 нысанындағы карточка, ал ғылыми қызметкерлер үшін  №Т-4 ныфсанындағы ғылыми қызметерді  есепке алу карточкасы қолданылады.  Жұмысқа келген соңғы адаидар  жұмыс ронытуралы жазулар жазылған  еңбек кітапшасын кадрлар бөліміне  көрсетуі тиіс.

 Кәсіпорында жұмыс  жасайтындарды тізімдік және  тізімдік емес персонал деп  бөледі. Орындайтын функцияларына  байланысты жұмыс жасайтындарды  жұмысшылар мен қызметкерлер  деп бөледі. Қызмтекерлер басшылар,мамандар  және басқа қызметкерлер болып  бөлінеді. Жұмысшыларды өндіріс  процесіне қатысуына қарай негізгі  жені көмекші деп бөледі.

 Жұмысшыларды жалақысы  бригадалардың, учаскенің жұмыс  нәтижесі бойынша анықталады. Бағалар  жеке (әрбір кесіпке) және кешенді  (ұжымдық) болуы мүмкін.

 Аккордтық жүйе жұмысшылардың  жалақысын нормаланған тапсырма (шығарылым нормасының уақыты) мен  бағалау алдын ала белгіленген  жұысмтың барлық көлемінің орындалуы  анықтайды. Бұл нысан жұмысшылардың  жәке тобына немесе бригадалар  ұжымына (көбінесе құрылыста)  қолданылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Баймұханова С. Б., Балапанова  Ә. Ж. Бухгалтерлік есеп.-

 А.: Қазақ университеті, 2002.

 


Информация о работе Еңбекақы және оның нысандары