Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдану кезіндегі негізгі құралдар есебінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 16:44, реферат

Описание

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Қазақстан жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болу жолында.

Работа состоит из  1 файл

ХҚЕС.doc

— 97.00 Кб (Скачать документ)

 Толық тозған негізгі құралдарға түзетулер енгізу үшін орындаулы және сақтық принцептерін ескере отырып, объектінің өзіндік құнын қайта бағалауды ұсынуға болады, бірақ мұндай түзету өз құндары қаржы есептілігі үшін елеусіз объектілер үшін жарамдыдеп санаймыз.

 Толық амартизацияланған, бірақ пайдаланудағы объектілер үшін қайта бағалауды былай көрсетуге болады: негізгі құралдар шоттарының Д-ті К-ті 6160 бұдан әрі негізгі құралдар амартизатцияны есептеместен есепте болады. 6160 -«басқа да табыстар» шоты бұрын амартизацияға артық есептелген шығысқа жатқызылатын соманы теңестіру үшін қолданады. Салық салу мақсаттарында бұл табыс ескерілмейді. Қалпына келтіру құны салық есебіндегі тіркелген активтердің шағын топтарының құнына, біздің ойымызша, енгізілуге тиіс емес.

Тіркелген активтердің жаңа ұғымы активтерді сатып алуға немесе жасауға 2006 жылғы 1 қаңардан бастап қатысты болады. Тіркелген активтерді анықтау кезінде артықшылық негізгі құралдар мен материалдық емес актвтерді бухгалтерлік есепте тану өлшемдеріне беріледі. Тіркелген активтерді кіші салық топтарына қосу кезендерін бөліп көрсетейік:

1 Сатып алынған немесе жасалғн активтерді негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес тану өлшемдеріне сәйкестігі тексеріледі. Бұл жағдайда актив мекеменің сол объект жөніндегі ой мақсатын ескере анықталуға сәйкес келуі тиіс.

2 Тану анықтамасы мен өлшемдеріне сәйкес келетін актив бухгалтерлік балансқа енгізіледі.

3 Актив бухгалтерлік балансқа енгізілгеннен кейін оның жылдық жиынтық табыс алуына қатысу тексеріледі. Егер негізгі құралдар мен материалдық емес активтер осы қосымша шартқа сәйкес келетін болса, салық кодексінің 106-бабына сәйкес активтер тиісті салық топтарының құн балансына қосылады.

Бухгалтерлік есепте сондай деп танылған, бірақ жылдық жиынтық табыс алынуына қатыстырылуы көзделмеген негізгі құралдар салық топтарына қосылмайды және бір мезгілде шегерімге жатқызуға жатпайды.

Қазіргі кезде мына бір жағдай Салық кодексіне реттелмеген күйінде қалып келеді: актив бухгалтерлік есепте негізгі құралдар объектісі болып табылады, бірақ жылдық жиынтық табыс алынуына қатысқан жоқ. Белгілі уақыт өткенен сон мекеменің ой мақсаты өзгерді сол активті жылдық жиынтық табыс алу үшін пайдалануды көздейді. Бұл жағдайда акив Салық кодексінің 105-бабындағы анықтамаға сәйкес келеді, алайда кодекстің 106-бабында актив   салық тобында қосуға тиісті құн көзделмеген. Менің ойымша салық кодексінің 106-бабына толықтырулар енгізілуі керек, өйткені бұл жағдайда осы негізгі құралдарды салық тобына баланстық құны бойынша қосу мүмкін.

Бухгалтерлік есеп стандарттарында және оларға әдістемелік ұсыныстарға сәйкес кітапхана қоры амартизатцияланбайтын активтерге жатады, ал салық заңнамасында ол амартизацияланатын объект болып табылады. Кітапхана қор амартизациялық аударымдар арқылы кейін шегерімдерге жатқызу амортизатциясының тиісті нормасының қолдануы тіркелген активтерді кіші салық тобына қосу сәтіндегі дұрыс қадамдарға байланысты. Активті белгілі бір кіші топқа қатыстылығы бойынша дұрыс жіктемеу секілді қателіктер нақ осы кезеңде жіберіледі. Мәселен, тоңазытқыш жабдықты тұрмыстық тоназытқыштан ажырата білу, жылдық жиынтық табыс алуына олардың екеуіде қатысады деп санау керек, алайда олар түрлі салық тобына қосылатын болады, сондықтан олар бойынша шекті нормалармен шегерімдер сомалары тиісінше әртүрлі болады. Активті дұрыс жеткізу үшін негізгі құралдарды есепке алу жөніндгі комиссияның құзыреті қортындысына сүйенуге болады, өйткені объектілер келіп түскен сәтте оларға белгілі бір функциялар жүктелген болатын.

Бухгалтерлік есепте –негізгі құралдарды тану анықтамасы мен өлшемдеріне сәйкес келетін активтер бойынша пайдалы қызмет мерзімін және амортизациясын есептеудің экономикалық пайда алудың жоспарланатын схемасына сәйкес келетін әдісін анықтаймыз;

Салық есебінде - Салық кодексінің 105-бабының анықтамасына сәйкес тіркелген активтерді тиісті кіші салық тобына қосу үшін құзыретті коммиссия жіктейді.

Қазіргі кезде ХҚЕС бойынша амортизацияны есептеу проблемалары туындауда. Амортизацияны есептеудің бес түрі болатын, ХҚЕС-не көшуіне байланысты негізгі құралдар амортизациясының есебіның үш түрін ұсынады:

Негізгі құралдар құны бойынша амортизацияны бірқалыпты есептеу әдісі

Амортизацияны орындалған жұмысының көлеміне пропорцияналды түрде есептеу әдісі

Негізгі құралдардың амортизациясын өндірістік тәсіл бойынша есептеу

Қазіргі кезде бұл жағдайды проблема ретінде қарастыруға болады.

Толық амортизация өздеріне қате есептелінген негізгі құралдардың баланстық құнын сәйкестендіру үшін қажет есептерін сондай сәйкессіздік байқалған күнге дейін қайта қарау мен түзету қажет. Түзету объектісінің пайдалы қызметі мерзімінің қайта қаралуын ескертіп енгізіледі, егер өзгерістер елеулі болса, қаржы есептері қайта қаралады[

Көптеген ұйымдарда кәсіпорынның барлық активтерінің жартысынан көбін негізгі құралдар құрайды. Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары – кәсіпорынның қаржылық жай – күйі және қызметінің нәтижелері туралы әділ және шын ақпарат ұсынуды қамтамасыз ететін барынша тәртіпке келтірілген бухгалтерлік стандарттар жүйесін білдіреді.

Сонымен мекеме есеп саясатын қалыптастыру:

әр бір стандартта ұсынылған тәсілдердің бірін таңдауда;

оларды ұйым қызметінің шарттарына қарай негіздеуде және бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау үшін негіз ретінде қабылдауда екендігін айқындады.

Осыған байланысты іс жүзінде әр бір халықаралық стандарттардың кәсіби пайымдауы пайдалануды болжайды.

Экономикалық пайда алу үшін негізгі құралдар обьектісі мынадай операциялар жүргізу барысында пайдаланылады:

ұйым сататын тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетуде бөлек, сол сияқты басқа активтер мен үйлестіріліп пайдаланылады;

сатылуы немесе басқа активтерге ауыстырылуы;

 Міндеттемелер бойынша есеп айырысу шотына берілуі;

 Ұйымның меншік иелері арасында бөлінуі мүмкін;

Кәсіпорындар негізгі құралдарды, әдетте, пайдалану үшін емес, оған салынған капиталдан пайда алу үшін сатып алады. Сондықтан негізгі құралдардың бағалылығы олардың пайда әкелуінде болып табылады. Егер активтер кіріс әкелінетін болса, онда оларды кәсіпорынның есептілігінде негізгі құралдар ретінде көрсетудің мәні жоқ, дегенмен, объектілерді есепке алу және сақталуын бақылау мақсаттары үшін мекемелердің:

осындай объектілердің баланстан кейінгі есебін жүргізуі;

оларды материалдық жауапты адамдардың есептілігіне қоюы;

ішкі бақылаудың жұмыс істейтін жүйесін растау үшін жоспарлы түгендеу жүргізуі қажет.

Егер техникалық қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектер мен жабдық негізгі құралдардың белгілі бір объектісіне қызмет көрсету үшін ғана пай-даланылса және олар тұрақты түрде пайдаланылмайды деп болжамдайтын болса, олар негізгі құралдар ретінде есепке алынып, олар қызмет көрсетуге арналған негізгі құралдардың тиісті объектісінің пайдалы қызмет ету мерзімінен аспайтын кезең ішінде амортизациялануға тиіс. Егер объектінің құрамдас бөліктерінің әр түрлі қызмет ету мерзімі болса немесе жекелеген бөліктерін түрлі схемалар бойынша қолданудан пайда алынса, құрамдас бөліктер бөлек амортизацияланатын актив ретінде көрсетілуге тиіс.

Әдістемелік ұсынымдарда жоғарыда көрсетілген 16-ХҚЕС ережесіне түсініктеме беретін барынша көрсеткіш мысал келтірілген: үй және жылыту жүйесі олардың пайдалы қызмет ету мерзімі әр түрлі болғандықтан, бөлек амортизацияланатын активтер ретінде есепке алынуы тиіс .

Осылайша, ХҚЕС-на сәйкес негізгі құралдар объектісі ретінде сатып алынған активті дұрыс жіктеу үшін тағы бір негізге алынатын факторды бөліп көрсетуге болады: ол осы активтің пайдалану мерзімін айқындау.

Бірден мынаны айтқымыз келеді: негізгі құралдардың алдағы уақытта күтілетін қызмет ету мерзімі туралы мекемесінің шешімі бір маманның шешімі болып табылмайды, өйткені маман активтің пайдаланылу процесінің барлық ерекшелігін  бермеуі мүмкін. Іс жүзінде бұл шынында да осындай. Бухгалтер есеп жүргізген кезде объектілердің пайдаланылу саласы туралы көп жағдайда толық және дұрыс мәліметтер бермейтін, оларды сатып алу жөніндегі бастапқы құжаттарда көрсетілген ақпаратты ғана біледі.

Қызмет ету мерзімін айқындау бойынша жауапкершілік негізгі құралдарды есепке алу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияға жүктелуі тиіс. Негізгі құралдарды есепке алу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құрудың бастамашысы мекемесінің бухгалтерлік қызметі бола алады. Объектіні қарап шығатын және қабылдайтын комиссияның құрамын және жұмыс тәртібін кәсіпорын:

лаузымды адамдардың аты-жөнін;

олардың міндеттерін;

тиісті құжаттаманы ресімдеу тәртібін көрсете отырып, өз бетінше реттеп  отырады.

Объектіні есепке қабылдаған кезде, негізгі құралдардың қызмет ету мерзімін айқындауды мекеме жүйелі негізде, активті пайдаланудың техникалық шарттарын, субъект белгілеген нормаларды немесе басқа да шарттарды ескере отырып жүзеге асыруға тиіс.

16-«Жылжымайтын мүлік, үйлер, жабдық» ХБЕС-на сәйкес негізгі құралдар объектісі тану көзінде сатып алуға жұмсалған нақты шығындар бойынша бағалануға тиіс.

Негізгі құралдар объектісін сатып алуға жұмсалған нақты шығындарға сатып алу бағасы, оның ішінде импорттық баж салықтары және сатып алуға салынған өтелмейтін салықтар, сондай-ақ мақсатқа пайдалану үшін активті жұмыс істейтін қалыпқа келтіру бойынша кез келген тікелей шығындар кіреді. Сатып алу бағасын айқындағанда кез келген сауда жеңілдіктері шегеріледі.

Тікелей шығындардың мысалдары: алаңды дайындауға жұмсалған шығындар, жеткізу және түсіруге жұмсалған бастапқы шығындар, орнатуға жұмсалған шығындар, кәсіби қызмет көрсету құны болып табылады.

АҚ «Коксу-Шекер» мекемесінің қызметі барысында негізгі құралдар объектілерін ұстауға және техникалық қызмет көрсетуге, жөндеудің барлық түрлеріне, түрлендіруге және қайта құруға қосымша шығындар жұмсау қажеттілігі туындайды деп болжайық .

 АҚ «Коксу-Шекер» мекемесінің қолданылып жүрген есеп саясатына сәйкес негізгі құралдар объектілеріне байланысты кейінгі шығындар, активтің өнімділігін арттыра отырып, оның құнын жақсартқанда немесе осы активтің қызмет ету мерзімін ұзартқанда актив ретінде танылады.

16-ХҚЕС-ның 49-тармағына сәйкес негізгі құрал объектілерінің ұтымды қызмет мерзімі кезең сайын қайта қарастырылуға тиіс және егер ұсыныстар алдыңғы бағалаулардан елеулі түрде ерекшеленетін болса, ағымдағы және болашақ кезеңдердің амортизациялық аударымдарының сомасы түзетілуге тиіс. Активтің қолданысы кезеңінің ішінде оны ұтымды пайдалану мерзімін бағалау дәл болмауы мүмкін.

Мысалы, ұтымды қызмет мерзімі негізгі құралдың жағдайын бастапқыда есептелген нормативтерден тыс жақсартатын кезекті шығындардың нәтижесінде ұзартылуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда ұтымды қызмет мерзімі және тиісінше амортизация нормасы ағымдағы және болашақ кезеңдер үшін түзетіледі іс жүзінде кәсіпорындардың негізгі құрал объектілерін пайдаланудың ұтымды мерзімі өсу жағына қарай қайта қарастырылады.

Ұтымды пайдалану кезеңінің ұзақтығын бағалау есептілікті халықаралық стандарттар бойынша жасайтын маманның кәсіби пайымдауына байланысты болады. Осыған байланысты кәсіби бухгалтердің оны сипаттау үшін де, қолайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін де пайдалы шару-ашылық жағдай туралы әділ пікірін кәсіби пайымдау деп түсіну керектігіне назар аударғым келеді.

Бірден айта кететін жайт - мекеменің негізгі құралдардың күтілген қызмет мерзімі туралы шешімі маманның активті пайдалану процесінің бүкіл ерекшеліктерін біле алмайтынына орай бір маманның шешімі болып табыла алмайды.

16-ХҚЕС активті пайдаланудың ұтымды мерзімін анықтаған кезде негізгі құрал объектісінің ұтымды қолданыс мерзімінің ұзақтығына ықпал ететін мынадай факторлардың кешенін назарға алуды ұсынады:

- активті пайдаланудың күтілетін қарқындылығы;

- күтілетін физикалық тозуы;

- жоспарлы моральдық тозу;

- заңдық шектеулері.

Практикада компанияда қызметті қайта кәсіптендіру және елеулі техникалық жаңғырту жүргізу ниеті пайда болған кезде, ұтымды қызмет мерзімі қайта қаралады, осыған байланысты кейбір активтерді оларды ұтымды пайдаланудың бастапқы жоспарланған мерзімінен неғұрлым қысқа мерзімде пайдаланудан шығару жоспарланады.

Негізгі құрал дегеніміз - қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын және келешекте экономикалық пайданы әкелетін ұзақ мерзімді материалдық активтер болып табылады. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және ХҚЕС негізінде нақты құнмен бағаланады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны, ағымдағы құны, баланстық құны, қалдық құны келісілген құн болп бөлінеді.

Халық шаруашылық қай салада болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың көбейуі мен олардың сапасына байланысты болады.

 Айырбастау бірдей мақсатқа пайдалануға арналған және сол мезгілде ағымдағы құны бірдей ұқсас активтер де, сондай-ақ әр түрлі мақсаттағы ағымдағы құны әр түрлі активтер де жатады.

Негізгі құралдарды жаңартып, толықтырып ескергендігін және шаруашылыққ қажет емес пайдаланылмай тұрғандарын дер кезінде шығысқа шығарып отырудың маңызы өте зор негізгі құралдарды кіріске алу және шығысқа шығару операциаларының талапқа сай дұрыс ұйымдастырылуы олардың қозғалысына бақылау жасауға мүмкіндік береді.

Информация о работе Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдану кезіндегі негізгі құралдар есебінің ерекшеліктері