Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 18:15, курсовая работа
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономи-калық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
КІРІСПЕ………………………………………………………………….……….2
І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ ЖӘНЕ
ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Халықаралық валюта нарығы және валюталық операциялар………...3
1.2. Валюталық нарықты реттеудің мағынасы мен қажеттілігі……….......12
1.3. Валюта нарығын бақылаудың негізгі бағыттары………….…………….14
ІІ. КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ВАЛЮТАЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ
2.1. Валюталық нарық типтері және оның элементтері.................................17
2.2. Қазақстан Республикасында валюталық нарықтың қалыптасуы.............24
2.3. Валюта бағамы және оның мәні..................................................................28
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТА НАРЫҒЫН РЕТТЕУ
3.1. ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу..............................37
ҚОРЫТЫНДЫ…………………................................................................41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………........................................43
Ұлттық және дүниежүзлiк валюталық нарықтар арасындағы байланыстар мен айырмашылықтары олардың негiзгi элементтерiнен көрiнедi. Оны келесi 1-ші суреттен көре аламыз.
Ұлттық валюталық нарық |
Дүниежүзілiк валюталық нарық |
1.Ұлттық валюта. |
Резервтік валюталар, халықаралық есептесу валюталық бiрлiктері |
2. Ұлттық валютаның алмастырылу шарты |
Валюталардың өзара |
3. Ұлттық валюта паритетi. |
Валюталық паритеттiң ортақ режимi |
4. Ұлттық валюта бағамының режимi |
Валюталық бағамдар режимiнiң регламентациясы. |
5. Валюталық шектеудiң, |
Валюталық шектеудi мемлекет аралық реттеу |
6. Елдiң халықаралық валюталық өтiмдiлiгiн реттеу. |
Халықаралық валюталық өтiмдiлiктi мемлекет аралық реттеу. |
7. Халықаралық несиелiк айналыс
құралдарын пайдалануды |
Халықаралық несиелiк айналыс құры-лыстарды пайдаланудың ережелерiнiң бiртұтастығы |
8. Елдiң халықаралық есеп айырысуларын регламенттеу. |
Халықаралық есеп айырысудың не-гiзгi формаларының бiр тұтастығы |
9. Ұлттық валюталық рынок пен алтын рыногiнiң режимi. |
Дүниежүзілiк валюталық рыноктар мен алтын рыноктарының режимi. |
10. Елдiң валюталық |
Мемлекет аралық валюталық реттеудi жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар. |
Сурет-1 - Ұлттық және дүниежүзілiк валюталық нарықтыңнегiзгi элементтерi
Жаңа дүниежүзілiк валюталық нарықты құру үш басты кезеңнен жүргiзiледi:
1-шi кезең, жаңа нарықтың қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың түзiлуiн, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы нарықмен өзара байланыс сақталады.
2-шi кезең, жаңа нарықтың қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, бiртiндеп iске қосылады.
3-шi кезең, толық қызмет ететiн жаңа дүниежүзлiк нарық құрылады.
Валюта нарықсі әлемдік
Аймақтық валюталық нарық өнеркәсiбi дамыған елдердiң әлемдiк валюталық нарық тереңдiгiне құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық нарық – бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердiң қоғамдастық валюта аймағында ұйымдастырылуы – экономикалық формасындағы катынастырды бiлдiредi.
Ұлттық валюталық нарықтың негізгі элементтері:
1) Ұлттық валюта. 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны енгiзу түралы” Жарғыға қол қойды және осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта – «теңге» енгiзiлдi. Ал 1999 жылы ұлттық валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық қатынастарды еркiн рыноктық түрде дамыту үшiн еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.
2) Ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни: а) еркін айырбасталатын және ә) жарым-жартылай немесе айырбасталмайтын (тұйық) валюта. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге еркін айырбасталатын валюта болып табылады.
3) Валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы. Сондай-ақ 1970 жылдардан бастап Еуропа елдерінде және 1991 жылдан бастап Қазақстанда ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР (арнайы қарыз алу құқығы) – арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаарлық валютамен өлшенуі мүмкін, бірақ алтын емес. /1/
Сонымен валюталық паритет дегеніміз – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңлы тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынас. Мұнда егер ұлттық валюта теңгеге, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық нарық – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауда негізі ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуге пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталарын сипаттайды. (мысалы, АҚШ доллары мен еуро ақша бірліктері).
70 жылдардан бастап паритеттер
валюта қоржыны негізінде
3) Валюталық нарықтың маңызды элементтерi – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен өзара байланыстардың қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және ұлттық нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдiк валюталарды бейнелеген әр түрлi елдердiң құндық көрсеткiштерiн салыстыруға банктер мен формалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы қайта бағалап отыра байланысты негiзделедi.
Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға байланысты өзгередi. Валюталық бағамның қажеттігі:
4) Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы элементі. Валюталық шектеу резиденттерi мен резидент еместердiң валюталар және басқадай валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларын заңды түрде немесе әкiмшiлiк түрде тиым салуын, шектеуiн бiлдiредi. Валюталық шектеу, валюталық бақылаудың құрамдас бөлiгi болып табылады. Валюталық шектеу валюталық заңдылықтармен бекiтiледi .
Валюталық шектеудiң мақсаттары келесiдей :
Валюталық шектеу келесiдей қағидаларға сүйенедi :
5) Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро) ХВҚ резервтік бағыты және елдің сыртқы қарыздарын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігі нреттеу. /4/
6) Халықаралық несиелік айналым
құралдары мен халықаралық
7) Валюта нарығы мен алтын нарығының ережелері;
8) Валюта қатынастарын реттейтін
ұлттық органдардың статусы.
Ұзақ тарихи даму нәтижесінде дүниежүзілік валюта нарықсінің негізгі элементеріне келесілер жатады:
Өз кезегінде валюталық
бағам айырбасқа қатысушылар
үшін валюта нарығындағы сұраныс
пен ұсыныстың арақатынасымен айқындалатын
бір валютаны екіншіге қайта
есептеу коэффициенті болып табылады.
Дегенмен, тауарларға, қызмет көрсетуге,
инвестицияларға белгіленген
Валюталық бағам мынадай факторлардың әсерінен қалыптасады:
Халықаралық есеп айырысу баланстары агрегаттық экономикалық көрсеткiштер нарықсiнде маңызды орын алады, себебi ол ұлттық табысты елдер арасында қайта бөлудi көрсетедi. Сондықтан жиынтық ұлттық өнiммен ұлттық табысты бөлгенде халықаралық талаптар мен мiндеттемелердiң таза сальдосы есептелiнедi.
Халықаралық есеп айырысу баланстары – ол бiр мемлекеттiң басқа мемлекеттерге қарағанда ақшалы талаптары мен мiндеттемелерiнiң және түсiмдерi мен төлемдерiнiң арақатынасы.
Сөйтiп, төлем және есеп айырысу баланстарының бiр-бiрiнен айырмашылықтары көбiнесе халықаралық қатынастарының дамуымен айқындалады. Төлем балансының құрылымын қарастырып өтейiк. Операцияларының сипатына қарай басылымдарда жарияланатын төлем балансы негiзгi екi бөлiмдi бiрiктiредi.
Кесте - 1 - Қазақстан Республикасының төлем балансы (млн.АҚШ доллары)
2007 |
2008 |
2009 |
2010 | |
Ағымдағы есеп |
-1024,34 |
-272,6 |
454,9 |
-485,7 |
Сауда балансы |
1987,14 |
3679,00 |
6785,55 |
10321,8 |
Экспорт |
10026,91 |
13232,63 |
20603,14 |
28300,6 |
Импорт |
-8039,77 |
-9553,63 |
-13817,59 |
-17978,8 |
Қызмет балансы |
-1024,34 |
-272,6 |
454,9 |
-485,7 |
Экспорт |
1540,42 |
1712,29 |
1999,1 |
2251,0 |
Импорт |
-3538,28 |
-3752,69 |
-5026,2 |
-7466,4 |
Табыстар балансы |
-1127,37 |
-1746,6 |
-2815,3 |
-5179,7 |
Несие және қарыз бойынша төлемдер |
-213,07 |
-277,5 |
-410,0 |
-817,9 |
Тікелей инвесторлар табысы |
-1014,80 |
-1448,3 |
-2331,8 |
-4611,5 |
Резервтер бойынша сыйақы |
127,70 |
123,6 |
140,21 |
228,2 |
Ұлттық қордың активтері бойынша сыйақы |
72,58 |
68,10 |
118,25 |
181,8 |
Тағы басқалары |
-99,77 |
-212,5 |
-331,8 |
-160,3 |
Ағымдағы трансферттер |
113,74 |
-164,67 |
-488,16 |
-412,4 |
Жоғарыдағы кестеден көретініміз, ағымдағы есеп бойынша Қазақстан Республикасының төлем балансы көбінесе теріс шамада болғандығын, ал сауда балансының жылдан-жылға еселеп артып келе жатқандығын, экспорттын 2007 жылғы 10000 млн. доллар шамадан 2010 жылы 30000 млн. долларға жеткендігін, импорттын да өсіп келе жатқандығын көре аламыз. Жалпы айтқанда елдің экономикасының өсуімен қатар төлем балансының да құрамдық мөлшері жылдан-жылғңа артып келе жатыр.
Информация о работе Халықаралық валюта нарығы және валюталық реттеу туралы жалпы түсінік