Храповик эффектісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 15:26, реферат

Описание

Храповик әсері – экономикадағы жиынтық сұраныстың өсуінің тауарлар бағасының өсуіне алып келетін эффект. Бірақ та, қысқа мерзімді кезеңде жиынтық сұраныстың қысқаруының жиынтық баға деңгейін төмендету әсерінен болуы міндетті емес. Бағалар тұрақты болады. Бұл эффект ең бірінші экономист Роберт Хиггс (Robert Higgs) кітабында баяндалды. Бұл атау дөңгелекті кері айналдырмай ұстап тұратын механикадағы құрылғыдан шығады

Работа состоит из  1 файл

srs.docx

— 28.07 Кб (Скачать документ)

Храповик эффектісі

Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия

Храповик  әсері – экономикадағы жиынтық сұраныстың өсуінің тауарлар бағасының өсуіне алып келетін эффект. Бірақ та, қысқа мерзімді кезеңде жиынтық сұраныстың қысқаруының жиынтық баға деңгейін төмендету әсерінен болуы міндетті емес. Бағалар тұрақты болады. Бұл эффект ең бірінші экономист Роберт Хиггс (Robert Higgs) кітабында баяндалды. Бұл атау дөңгелекті кері айналдырмай ұстап тұратын механикадағы құрылғыдан шығады. Эффектінің экономикалық мағынасы мынада: бағаның өсуі оның төмендеуіне қарағанда тез орындалады. Храповик эффектісінің нарықта орын алуына себепші нәрселер жетерлік. Соның ішінде экономистер бөліп көрсететіні мыналар болып табылады: нарықтағы монополизм, орталықтанған экономикасы бар мемлекеттердің бағаны реттеп отыру саясаты, нарықтық қатынастар жақсы дамыған экономикасы бар мемлекеттердегі атаулы еңбекақыны төмендетуге қарсы кәсіподақтар әрекеттері. Храповик әсері кейнстік мектепте қаралады. Ол бағаның төмендеу икемсіздігіне байланысты анықталады. Тек бір жаққа қарай айналатын храповик дөңгелегі секілді, бағалар да тек бір көтерілу бағытан қарай кете береді, ал бағаны төмендету қиынға түседі. Храповик әсері деп аталатыны да содан. Бұл әсерді графикте көретін болсақ төмендегідей кескінді аламыз.

Бірінші макроэкономикалық  теңдік Е1 нүктесінде Р1 баға көрсеткішінде  У1 өндіріс көлемінде орындалады. Тепе-теңдік жағдайы болғанына қарамастан, толық жұмысбастылық деңгейінен әлі алыс болуы жатуы мүмкін. Бұл  жағдайда мемлекет У2 нүктесінде тепе-теңдікке жету жоспарын қояды делік, және ол деңгейге керекті мемлекеттік шығындарды жұмсау арқылы жиынтық сұранысты AD2-ге ұлғайтып, жетеді делік. Жаңа макроэкономикалық  тепе-теңдік У2 деген жоғары өндіріс  көлемінде, бірақ та Р2 жоғарырақ  баға деңгейінде орнайды. Жоспар орындалды. Бірақ енді мемлекетке жиынтық сұранысты  жаңа деңгейде ұстап тұруға мүмкіндігі (мемлекет артық шығындана алмайды, ал бірақ одан басқа жиынтық сұранысты  ұлғайтатын нәрсе жоқ) болмайды. Сонда  жиынтық сұраныс AD1 нүктесіне қайтып оралады. Бірақ бұл жердегі негізгі  мәселе бағаның икемсіздігі әсерінен (төмендеу жағына қарай) экономика Е1 нүктесіне емес, Е3 нүктесіне келеді. Бұл өз кезегінде берілген жағдайды нашарлатады, себебі жаңа Р2 баға көрсеткіші У3 төменгі өндіріс көлеміне сәйкес келеді. Храповик әсері жоспарланбаған экономикалық өсудің қауіпті екенін көрсетеді: егер оны берілген деңгейде ұстап тұра алмаса, кері қайту берілген жағдайды нашарлатуы мүмкін.

Информация о работе Храповик эффектісі