Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 18:23, курсовая работа
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Кіріспе..................................................................................................................3
I-Тарау. Инвестиция туралы жалпы түсінік
1.1. Инвестицияның мәні және оның түрлері...................................................5
1.2. Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды...............................6 тұлғалардың инвестицияларының есебі
1.3. Инвестициялық қорлардың түрлері: ашық және жабық...........................9 инвестициялық қорлар және олардың ерекшеліктері
II-Тарау. Инвестициялық операциялар есебі
2.1. Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция есебі...........................................12
2.2. Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар қызметтері...........................15
2.3. Инвестицияны сатып алудағы бухгалтерлік есептің маңызы.................21
III-Тарау. Қазақстан Республикасындағы инвестицияларды талдау
3.1. Қазақстандағы инвестициялар жағдайының көрсеткіштері...................24
3.2. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты.......................27 жетілдіру жолдары
Қорытынды........................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................
"ТҰРМЫС" ААҚ ағымдағы жылдың сәуірінде қайтадан 10000 акцияның деңгейінде 150 мың тенгеге дивиденд жарияланды.
Кәсіпорынның есептік саясатында қысқа мерзімді қаржылық инвестицияны ағымдағы құны бойынша, ал ұзақ мерзімді инвестицияны сатып алу құны бойынша есептеуді қарастырған болатын.
Облигация дегеніміз — ұстаушысына (иесіне) өз құнынан процент түрінде тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар (ұстаушылар) эмитенттің (акционерлік қоғам, мемлекеттік муниципалды органдар және басқалары) облигацияны шығарушының кредиторы болып табылады. Облигация - жалған капиталдың бір түрі. Облигацияның акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және оның дауыс беруге де құқысы жоқ.
Облигациялармен байланысты операциялардың есебі 1130 "Облигация" шотында жүреді.
1130 "Облигациялар" шотында мемлекеттік және жергілікті займдардың проценттік облигацияларына салынған қаржылық инвестициялардың нақты бары мен қозғалысы және осындай құнды қағаздар сатып алу құнымен есептелінеді. Облигация — белгіленген нақты (номиналдық) құны бойынша егесіне процент төлеу арқылы өтелетін міндеттемені растайтын бағалы қағаз. Облигациялардың төмендегідей түрлері бар: мемлекеттік және жеке меншікті (коммерциялық банктер, акционерлік қоғамдар және басқалар шығарған); атаулы және талап етушіге арналған; проценттік және проценттік емес, еркін айналымдағы және айналым шеңбері шектеулі.
Облигацияға салынған қаражат инвестициясы олардың номиналдық құнының деңгейіне байланысты тұрақты пайыз түрінде алуды кездейді.
Облигацияларды сатып алу және олардан алынған табыстар бойынша есептеулерді келесі мысалдармен көрсетейік.
1. Облигация,, номиналдық құны бойынша шығарылған. Кәсіпорын 1 млн. теңге тұратын, әр қайсысы мың теңгеден, 1000 дана облигациясын сатып алды делік, бүл арада эмитент үш жылдық мерзімге, әр үш ай сайын, жылдық деңгейден есептелген 20% телем жасап тұруға міндеттенген. Сатып алынған облигациялардың құнына:
1130-ші "Облигациялар" шоты дебеттеледі де, 1040 шоты кредиттеледі -1 000 000 теңге.
Сатып алынган облигациялар бойынша жылдық проценттердің сомасы: 1 000 000 теңге х 20% : 100% = 200 000 теңге немесе айына 16 667 теңге құраған. Есептелген проценттердің сомасына 2170-ші "Есептелген проценттер" шотының дебеті жөне 1270-ші "Акциялар бойынша дивиденттер және процент түріндегі табыстар" шотының кредиті бойынша 16 667 теңгеге ай сайын бухгалтерлік жазбасы жазылып отырады.
Әрбір үш ай сайын облигация эмитентінің шығарылым шарттары бойынша инвесторға тиесілі проценттер теленіп отырады: ол кезде 1040 шоты дебетгеліп, 1270 шоты 50 001 (16 667 х 3) сомасына кредиттеледі.
Облигациялардың жабылу (погашение) мерзімі таянған кезде эмитент инвесторға олардың салған ақшасын номиналдық құны бойынша қайтарады: ол кезде бухгалтерлік жазудың үш жазбасы жасалады:
Дт 7410, Кт 1130 - 1 000 000;
Дт 2810, Кт 6210 - 1 000 000;
Дт 1040, Кт 2180-1000 000.
2. Сыйақысымен (сыйлығымен) шығарылған облигация. Эмитент 1000 000 теңге сомаға әр қайсысы 1 000 теңге тұратын, 2 жылдық мерзімге арналған, жылына 2 рет жылдық 25%-ік міндетті түрде төлемін жасап отыратын облигацияның 1 000 данасын басып шығарады. Инвестор-кәсіпорын облигациялардың нарықтық құны хабарланған номиналдан 3% артық немесе 1 030 теңгеден астам болған кезде табыс табу үмітімен оларды сатып алған еді, өйткені эмитент нарықтағы орташа төлеммен (нарықтық проценттік ставка 22%) салыстырғанда неғұрлым жоғары проценттер төлемі жөнінде хабарлаған болатын.
Облигациялардың номиналдық құнына қосылған (плюс) сыйлықты қоса есептегенде, оның сомасы 1030000 теңге құраған (1 000 000 + 1 000 х 3 : 100)х100, ол кезде 6010 шоты дебеттеліп, 1040 шоты 1 030 000 теңге сомасына кредиттеледі.
Облигациялар бойынша проценттердің ай сайынғы сомасына (1 000 000 : 100 х 25 = 250 000 жылына немесе айына 20 833 теңге) 1270 шоты дебеттеледі де, 6020 шоты 20 833 теңгеге кредиттеледі.
Эмитент
әрбір жарты жыл сайын
Табысты есептеудің әрбір кезінде ай сайынғы сатып алу мен номиналдық құнының арасындағы айырманың бір бөлігін (30 000 : 24 = 1 250 теңге) есептен шығарып отырады және оның екі жылдық айырмасы 30 000 теңгеге тең болған. Ол кезде, 7450 шоты дебеттеліп, 2020 шоты 1 250 теңгеге кредиттеледі.
Облигацияның жабылу кезеңі таянған кезде эмитент инвесторға оның номиналдық құны бойынша қайтарады, яғни 7410 шоты дебеттеліп, 2020 шоты 1000 000 теңгеге кредиттеледі, және бірден сол заматта тағы да бухгалтерлік есептің екі жазбасы жазылады, сол сомаға: Дт 2160, Кт 6210 және Дт 1040, Кт 2180.
Сонымен, кәсіпорын осылайша облигация эмиссиясында қарастырылған 500 000 теңге табыс алады, мұның ішіндегі 30 000 теңге сомасындағы сыйақы шегерілімі жасалынады.
3. Жеңілдіктерімен (скидкасымен) шығарылған облигация. Кәсіпорын бір облигацияның номиналдық құны 1000 теңге тұратын 2 жылдық мерзімге арналған және жылына екі рет жылдық 25%-тік төлем жасап отыру үшін, 1000 дана облигациясын сатып алуға шешім қабылдаған. Бір жылда түсетін табыстың жалпы сомасы 250 000 теңге болғанда, оның жарты жылдығы 125 000 теңге құраса, ал ай сайынғысы 20 833 теңгеге тең болған.
Сатып алу кезіндегі оның проценттік ставкасы 29%-і құрады. Эмитент әрбір облигациядан 33 теңге шегерім жасап сатуды ұйғарған (1 000 - 33 = 967 теңге). Шегерілім сомасы 33 000 теңге (1 000 х 33 = 33 000 теңге) тең болған жағдайда, онда сатып алған облигациясының есептелген ағымдағы құны 967 000 (1 000 000 - 33 000) теңге болады.
Шегерімімен есептелген облигацияның сатып алу құны 2020 шотының дебеті және 1040 шотының кредиті бойынша 967 000 теңге көрініс табады.
Проценттерден түсетін табыстарды ай сайынғы есептеу кезінде 20 833 (250 000 : 12) сомасына 2170 шоты дебеттеліп, 6120 шоты кредиттеледі.
Эмитент проценттер төлемін төлеген кезде (жылына 2 рет) 12500 теңгеге 1040 шоты дебеттеледі де, 2170 шоты кредиттеледі.
Проценттерден түсетін табыстың әрбір есептелуі кезінде кәсіпорынның табыс сомасын, яғни 33 000 теңгенің бір бөлігін (33 000: 24 = 1375 теңгені) 2020 шотының дебеті мен 6110 шоттың кредитінде көрсетіп, жабу мерзімі таянған кезде, жоғарыдағыдай үш бухгалтерлік жазба жазады (1 млн. теңгеге).
Кәсіпорын облигациядан тіркелген пайызды алуды көздейді.
Облигацияны сатып алғанда олар не номиналдық құнынан төмен, не жоғары бағаға сатып алады. Бірақ осы екі жағдайда да олардың сатып алу құны мен номиналдық құнының арасында айырмасы болады. Облигацияның табысын есептеу осы айырманың төңірегінде жасалады.
Егер
де қаржылық инвестициясы, алатын кезеңі
үшін есептелген пайызымен сатылса, онда
олар күніндегі пайызымен сәйкес келмеуі
мүмкін, ол кезде сәйкес келмеген пайызын
сатушы мен сатып алушы бөліседі. Төленбеген
пайызы келешек кезеңнің үлесіне біртіндеп
таратылады. Мысалға, мамыр айында 1000 дана
облигациясы 1000 теңгелік номиналдық құны
бойынша сатып алынған, оның пайызымен
жалпы құны 1036667 теңге кұраған, оған сәуір
мен мамыр айында - 36667 теңге пайыз есептелінген
(1000 х 1000 х 22% х 2 : 12), 2 жылға, әр үш ай сайын,
ол бойынша эмитентке 22% жылдық пайызын
төлеп тұруды міндетіне алған.
2.3
Инвестицияны сатып
алудағы бухгалтерлік
есептің маңызы
Инвестицияны сатып алушылар бухгалтерлік есепте оны номиналдық құны бойынша көрсетеді (1000000 теңге), ол кезде 2020 шоты дебеттеліп, 3310 шоты кредиттеледі. Ал келесі айда, яғни маусымда, сатып алушы 18333 теңге (1000000 х 22% х 1 : 12) пайызын есептейді, ал ол 2170 дебеті мен 2110 кредиті бойынша керініс табады. Шығару шарты бойынша (әр үш ай сайын) төленуге тиісті пайызының сомасы 55000 теңгені құраған және оған 1040 шоты дебеттеледі де, 2170 шоты кредиттеледі.
Қалған кезендерге ай сайын 18333 теңге сомасында пайыз есептелінеді және оған жоғарыдағы келтірілген номиналдық құны бойынша жасалатын бухгалтерлік жазба жасалады:
1) 7410 шоты дебеттеліп, 2020 шоты - 1000000 теңгеге кредиттеледі;
2) 2180 шоты дебеттеліп, 6210 шоты — 1000000 теңгеге кредиттеледі;
3) 1040 шоты дебеттеліп, 2180 шоты — 1000000 теңгеге кредиттеледі.
2010 шотта: депозиттік сертификаттар, депозиттер, бондар, қазыналық вексельдер, қазыналық ноталар, қысқа және ұзақ мерзімге берілген заемдар, шартты бағалы қағаздар есепке алынады.
Депозиттер — бос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап өтілгенше салынатын депозиттер және шартты депозиттер (шотты ашу кезінде көрсетілген белгілі бір шарттарды орындағанда немесе бір жағдайлар туындағанда ғана салынуға, иелік етуге болатын басқа бір адамның салыным иесі атына салған қаражаттары) болып бөлінеді.
Бондар - мемлекеттік қазына, жекелеген мекемелер мен кәсіпорындар шығаратын қарыздық міндеттемелері. Бондарды сатып алу және сату қаражаттары суррогатгарының есебінде қолдана алады, ақша суррогаттарының рөлін атқарады.
Қазыналық вексельдер - мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің түрі; олардың пайыздык купондары болмайды. Негізінен, банктер арасында номиналдан кеміту немесе жеңілдік жолымен сатылады. Толық өз құны бойынша сатып алынады. Вексельдердің иелері көрсетілген (номиналдық) бағалар мен сату бағасы арасындағы айырмашылыққа тең табыс алады.
Қазыналық ноталар - қазыналық эмиссия тәртібі бойынша шығарылатын ақшалардың түрі. Қазыналық билеттердің синонимі (асыл металдармен қамсыздандырылмаған және алтын мен күміске ауыстырылуға жатпайды); ұсыну үшін шығарылатын мемлекеттік міндеттемелердің орташа мерзімділігінің бір түрі.
Шартты бағалы қағаздар - бұл опциондар, варранттар, қаржылық фьючерстер, алуға ерекше артықшылық құқығы бар тәріздес бағалы қағаздар.
Опцион — опциондық контрактінің нәтижесі болып табылатын бағалы қағаз, соған сәйкес қатысушылардың бірі біршама уақыт өткен соң бағалы қағаздарды алдын-ала ескертілген бағасы бойынша алуына немесе сатуына құқығы бар қатысушыны айтады, ал екінші қатысушы болса, ақшалай сыйақы алу үшін қажет болған жағдайда бағалы қағаздарды белгілі бір келісілген бағасы бойынша сатуға немесе сатып алуға құқысы бар.
Варрант — бұл негізгі бағалы қағаздарды шығарумен қатар (корпоративтік артықшылығы бар акциялар, облигациялар) көрсетілген қор құндылықтарын сатып алуға қызығушылық тудыру үшін пайда болатын бағалы қағаздар. Варрант оның иесіне белгілі бір уақыт ішінде алдын ала белгіленген баға бойынша сатып алынған бағалы қағаздарға берілетін құқық. Варрант иесі — оның сатып алушысы.
Фъючерлік контракт — мәміле жасасу кезінде белгілі бір уақыт мерзімі ішінде белгіленген бағалар бойынша уағда етілген құндылықтар көлемін жеткізіп беру туралы келісім жасалған құнды қағаздар. Фьючерлік контракт мәмілеге қатысушыларға қор құндылықтарын жеткізумен ғана аяқталмауы мүмкін, бірақ ол нақты тауарды жеткізіп беруді де қарастыруы мүмкін. Бұл жағдайда фьючерлік контракт мәмілеге қатысушылардың біріне контрактының құны мен биржалық бағаның арасындағы айырманы төлеуді қарастырады. Фьючерлік контракттар бойынша есеп айырысу әрбір қатысушыға міндетиемелерінің орындалуына кепілдік беретін сомалар келіп түсетін биржалық есеп айырысу (клирингтік) палатасы арқылы жүзеге асырылады.
Төменде
2010-ші "Басқалай қаржылық инвестициялар"
шоты бойынша шоттар корреспонденциясы
келтіріліп отыр.
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ
3.1
Қазақстандағы инвестициялар
жағдайының көрсеткіштері
Инвестиция тартуға байланысты атқарылып жатқан жұмыстар да жеміссіз емес. Қала бойынша бүгінде әлімнің 52 елінің серіктестерінің қатысуымен құрылған 127 біріккен және 218 шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді. Атқарылған жұмыстың нақты көрсеткіші ретінде - қала экономикасындаға инвестициялардың көлемі 2,9 млрд. – тан астам АҚШ долларын құрады. Өткен жылдың қорытындысына қарай, негізгі қорды инвестициялар 134185,6 млн. тенгені құрады, бұл дегеніміз 925,5 млн. АҚШ долларына жуық қаржы.
Астана қаласында шетелдік
компаниялар ұсынықты жұмыс
істеуде. «Ахсель Холдинг»