Экономикалық цикл

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 21:56, курсовая работа

Описание

Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.
Экономикалық цикл өндірістің, инфляцияның және жұмыспен қамтылу деңгейінің өзгеруі. Циклдік өзгерістер автономды инвестициялардың азаюы, мультипликатор әсерінің әлсіреуі, ақша жиыны көлемінің өзгеруі, негізгі қорлардың жаңаруы, т.б. себептерге байланысты.

Содержание

Жоспар:
Кіріспе..............................................................................................3
І бөлім. Экономикалық дамудың циклдық теориялары......................5
1.1. Циклдік ауытқу – экономиканың жалпыға ортақ дамуының формасы...........................................................................................5
1.2. Экономикалық цикл теориялары...............................................10
1.3. Циклге қарсы мемлекеттік реттеу.............................................13
ІІ бөлім. Экономикалық цикл факторлары.......................................16
2.1. Экономикалық циклдің ішкі және сыртқы факторлар жүйесі....16
2.2. Мультипликатор – акселератор өзара әрекет ету тұжырымдамасы..............................................................................18
ІІІ бөлім. Қазіргі циклдік дамудың ерекшеліктері...........................22
Қорытынды....................................................................................24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................27

Работа состоит из  1 файл

Курсовой-Экономикалық цикл.doc

— 165.00 Кб (Скачать документ)

          1.2. Экономикалық цикл теориялары.

      Көптеген экономистердің экономикалық циклдерді түсіндіре алатындай теория жасау жолындағы талпыныстары табыссыз аяқталды. Еркін бәсекелестік жағдайындағы экономика циклдерін түсіндірудің неғұрлым түсінікті түрі К.Маркс берген индустриялық қоғамның макроэкономикасы мен ұдайы өндіріске жасаған талдауы болды. "Капиталистік ұдайы өндіріс циклі" маркстік талдауында, олардың қозғалысы мен циклдің басына қайта оралудың жалғастығы мен төрт сатыдан (фазадан) өтуі беріледі.  Дағдарыс, тоқырау, жандану, өркендеу - сатылары (фаза) циклдер болып саналады.

        Дағдарыс - жиынтық сұраныс, тауар ұсыныстарының артып кетуін сипаттайды, оның экономикалық зардаптары: тауарларды қалыпты өткізудің күрделілігі мен мүмкін еместігі; бағаның төмен түсуі; тауарға ұсыныстың азаюы; табыстардың кемуі; жұмыссыздардың күрт көбеюі; банкроттық. Дағдарыс соңында сұраныс пен ұсыныс "күшпен" тепе-тендікке келтіріледі және ұдайы өндіріс тоқырау сатысына (фазаға) өтеді.

      Тоқырау - өндірістің құлдырауы тоқталатын және оның өсуіне алғышарттар жасалатын экономиканың өтпелі жай-күйі болып саналады. Тоқырау кезінде баға мен еңбекақы ең төменгі денгейде болады; өндіріс шығындары да сондай төменгі деңгейді көрсетеді; капиталдың бір бөлігі жинақталып, екіншісінде инвестиция, еркін ақша капиталы пайда болады; өндірістік капиталдый негізгі бөлігін жаңарту мүмкіндігі жүзеге асырылады. Негізгі капиталды жанарту, бұрын да және қазір де циклдер алмасу материалдық негізін кұрайды. Соның әсерінен тоқырау жандану, жандану өркендеу, өркендеу кайтадан дагдарысқа түсу процестері болады.

      Капиталдың жаңартылатын бөлігінде жандану пайда болу кезіндегі сұраныстың өсуі, жиынтық сұраныстың өсуіне әкеледі, сол себептен де жандану өндіріс аукымының кеңеюіне; жұмыспен қамтылу, пайданың артуына; дағдарысқа дейінгі деңгейге қайта оралуға; өнеркәсіптегі өркендеу сатысына (фазаға) өтуге әсерін тигізеді.

      Көтерілу  деңгейін пайда мен жұмыспен қамтылушылық жоғары сипаттайды, өндірістің жаңа технологиялық деңгейі ақыр соңында тағы да капиталдардың артық шамадан тыс қанығумен, тауарлардың артық өндірілген мүмкіндіктерімен ұдайы өндірістің бір циклі аяқталып, екіншісі басталады.

      Тауарлардың артық өндірілуі, негізгі капиталдың артық жинақталуы көрініс береді. Өсіп отырған тауар ұсынысы нарықта тағы да шектеулі төлем қабілеті бар ұссыныспен бетпе-бет келеді, соның нәтижесінде тағы да дағдарыс пайда болады.

      Еркін бәсекелестік, капитализм жағдайындағы өндірістің циклділігі маркстік талдау бойынша әлеуметтік көзқарастармен шектелген болатын. Олар дағдарысты туғызушы негізгі жағдайларды, өндірістің қоғамдық сипаты мен оның нәтижелерін жеке меншіктік капиталистік форма мен өзіне сіңіру арасындағы тұрақты қарама - қайшылық ретінде негіздеген. Индустрия коғамның субъектілер позициясын жалдамалы жұмыс күші тұрғысынан қарастыра отырып, К.Маркс циклдер себептері де жұмыс күшіне тұрақты түрде екпін түсірді. Сондай-ақ Маркстік дәстүрде өсіп-жетілген саяси экономика, тауарлар өндірістің экономикалық ұйымдарындағы ішкі өзгерістерді байқамауға тырысты. Индустриялық коғам орнына келген жаңа қоғам бітіспес қайшылықты, маңызсыз негіздер, яғни жаңа экономикалық формаға алып кетті, сондықтан да , негізгі - бітіспес қайшылықты әлеуметтік астар - экономикалық цикл табиғатын толық түсіндіре алмады. К.Маркстен басқа, А. Шпитгоф, М. Туган -Барановский, Т. Веблен, Дж. Кларк , Дж. Кейнс, М.Миллер, И.Шумпетер және басқа көптеген аса көрнекті зерттеушілердің еңбектері экономикалык циклдерді зерттеуге арналған.

      Үш  циклдік схема, яғни экономикадағы ауытқушылық процестер теориясын айрықша атап керсетуге болады. Бұл циклдарды 50 жыл, 10 жыл , 3 жыл және 4 айлық ұзақтыққа созылатын циклдер ретінде ашқан Н.Кондратьевтің, К.Жуглердің және Джо Китчиннің есімдерімен аталған.  Шумпетер экономикалык жүйеде үш циклдің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі көрінеді деп санаған.

      Самуэльсон  өзінің "Экономика" кітабында экономикалық өмірдің барлық саласы үшін және нарықтық экономикалық елдер үшін, экономикалық циклді ортақ белгілер ретінде анықтайды. Қазіргі заманғы экономистердің басым көпшілігі экономикалық циклдің объективті сипатын мойындай отырып, циклдің сипатына, оның ұзақтығына, әлеуметтік - экономикалық зардаптарына әсер етуші осы құбылыстың ішкі және сыртқы факторларын талдау арқылы зерттеп -үйренуді ұсынады.

      Қазіргі заманғы білімдер циклдің табиғи негізін көбірек "технологиялық" себептермен сипаттайды. Бірінші кезекке циклдің себепті - салдарына байланысы емес, оның қоғам үшін тигізетін неғұрлым аз зардаптарының тәсілдерін алға қояды. Осы позиция тұрғысынан, қазіргі экономиканың "бейнесі" өрлеу мен құлдыраудың кезектесуі ретінде көрінеді және бұл істер белсенділік деңгейіндегі тұрақты көрсетулер мен кұлдырау циклі деп аталады. Қазір, циклдің ұзын толқынды сипаттамалары "өркендеу" мен "тоқырау" шегініп, жаңа жол тауып, қысқа толқын "буырқаныс", "қысқару",  "құлдырау", "көтерілу" циклы деп аталады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

              1.3. Циклге қарсы мемлекеттік реттеу.

      Циклдік ауытқулар себептері әр түрлі  көзқарастар мен реттеу проблемаларын туғызады. Тұтастай алганда реттеудің неокейнсиандік және неоконсервативтік екі бағыты бар.

      Неокейнсиандық бағыт - жиынтық сұраныс бағдарлану болып саналады, мақсаты - тұтастай түрде шаруашылық реттеу (макроэкономика), реттеуде басымдықтар — салық — бюджет және несие - ақша саясаты, мемлекеттің рөлін бағалауды ынталандыру.

      Неоконсерватизмнің белгілері - ұсынысқа бағдарлану, мақсаты - жекелеген фирмалардың қызметі үшін ынта туғызушы (микроэкономика), реттеуде басымдықтар несие - ақша және салык - бюджет саясаты, мемлекеттің рөлін бағалауды шектеу.

      Қандай да бір бағыттың жақтастары, бастапқы айқындама мен бағдарламаға қатысты, циклдік ауытқулар тігісін жатқызу проблемаларын әртүрліше шешеді, осы мақсаттар үшін пайдалануға болатын мемлекеттің басқару иелігіндегі құралдарымен түрліше операцияларды жүзеге асырады. Мысалы, кейнсиандық рецепте жақтастары бюджет саясатына (басты түрде бұл - мемлекет шығындарының көбеюімен немесе азаюымен байланысты) және салық саясатына, экономиканың жағдайына байланысты салық ставкасымен айлалы әрекет жасауға көп көңіл аударады.

      Неоконсервативтік рецепте ақша және несие проблемаларына үлкен көңіл бөледі. Сондықтан, соңғы жылдары неоконсервативтік саясат, акша массасы көлемі мен оны реттеуді басты мәселе етіп қоятын, монетария теориясына арқа сүйейді.

      Осы тұжырымдама арасындағы түбегейлі айырмашылыққа қарамастан, өзара ортақ түсінік қалыптасқан. Біріншіден, мемлекет циклдік ауытқулар тігісін жатқызу жағдайында; екіншіден, мемлекет экономикалық тұрақтылыққа қол  жеткізу  және оны ұстап тұру мақсаттарын жүзеге асыруы тиіс; үшіншіден, циклдік ауытқулар жоюға бағытталған мемлекеттің рөлін салыстырады.  Құлдырау сатысындағы мемлекеттің бүкіл шаралары іскер белсенділікті ынталандыруға, салық саясатындағы ставканы төмендетуге, жаңа инвестицияларға салық жеңілдіктерін беруге, жедел амортизация саясатын жүргізуге бағытталған болуға тиісті.

      Бұл кезендегі несие - ақша саясаты салық - бюджет саясатының несие басқыншылығын жүргізуін болжайтын мақсаттарды көздейді. Оның мақсаты қосымша несиелер көмегімен экономикалық өмірді жандандыру болып саналады. Осы мезгілде "арзан ақшалар" саясаты жүзеге асырылады және мұндай саясат берілген несие үшін пайыз ставкасын төмендетуді білдіреді.

      Экономикалық  конъюнктураны жақсарту кезінде  мемлекет, салық - бюджет және несие - ақша саласындағы қайшылықты шараларды, яғни салық ставкасының көтерілуін, мемлекеттік шығындардың кысқаруын, амортизациялық аударымдарды шектеу мен ұстамдылық саясатын жүргізеді.

      Несие - ақша саясаты несие бойынша пайыздық ставка, банктердің несие ресурстарының және инвестициялардың қысқару элементтеріне ие болады.

      Тұтастай  алғанда, циклдік ауытқуларды ретке келтіру, мемлекеттік саясат, экономикалык құлдырау кезіндегі бүкіл шаруашылық процестерінің белсенділігін арттыруға бағытгалған қайшы әрекет ету саясаты ретінде көрінеді. Бұны XX ғасырдың 80-ші жылдарының соңындағы КСРО - нің экономикалық дамуынан байқауға болады.

      Бұрынғы КСРО - ды экономикалық дағдарыс ерекшеліктері, басқарудың әміршілдік - әкімшілдік формасынан және өндірісті ұйымдастырудың жоспарлы әдістерінің қателіктерінен көрінді.

      КСРО- дағы өсу қарқынының баяулауы 70-ші жылдардың екінші жартысының өзінде байқалған болатын, өйткені, индустриялы алдыңғы қатарлы елдер 1973 жылдың өзінде ресурс көздерін сақтай білетін, жоғарғы тасқынды технологияларды қалыптастыру бағытына бет алғанда, біздің елдің басшылығы көп материалдар мен көп қуат көздері жұмсалатын және жерасты байлықтарын өндіруші өнеркәсіпті жедел дамыту саясатын ұстануын жалғастыра берді. КСРО-дағы экономикалық дамудың баяулауына, сол кезеңдегі нарықтық қатынастардың басып тасталуы мен мемлекеттік меншіктің үстемдік етуі шешуші рөл атқарды. Дегенмен, ұлттық экономиканың "опырылып құлауы", "әлсіретіп барып емдеу терапия" стратегиясын тандау нәтижесінде, 1991 жылдан кейін басталды.

      КСРО  экономикасы 80-ші жылдардың басында  тоқырауға ұшырағаннан кейінелдің экономикалық жүйесін терең реформалау қажеттілігі, айқын мәлім болады. Тіпті шаруашылық тетігіне терең реформалық өзгерістердің болмаған кезінде де, 90-шы жылдың бірінші жартысында салыстырмалы түрдегі өндірістің аса терең құлдырауын күтуге болатын еді.

      Өкінішке  қарай,  Ресей, оның ішінде Қазақстанның экономикалық даму сценарийі басқалай жолмен кетті. Бұрынғы Одақтас Республикалардағы 1995 жылғы экономикалық құлдырауды 1929 – 1933 жылдарда болған Америкадағы «Ұлы тоқыраумен» салыстырып қарағанда, одан да жоғары болып шықты және ел шамамен алғанда 1995 жылға дейін жалғасты. Тек 2000 жылы ғана экономиканың дамуында кейбір өзгерістер мен жандану пайда болды.   
 
 

              

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      ІІ  бөлім. Экономикалық цикл факторлары.

      2.1. Экономикалық циклдің ішкі және  сыртқы факторлар жүйесі.

      Қазіргі экономикалық теория экономикалық цикл себебін сыртқы және ішкі факторлар жүйесі арқылы көрсетеді.

      Сыртқы  факторлар — экономикалық жүйеге сырттан келетін факторлар, оған жататындар:

      а) сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін, халық санының өзгеруі;

      б) техникалық жаңа әдістер мен инновация:   технологиялар 
түбегейлі  өзгерістерге,  инвестицияларды көбейтуге әкеледі, жаңа 
жұмыс орындарын ашуды және өркендеуді жылдамдатады;

      в) соғыстар және басқа саяси оқиғалар. Осыған ұқсас оқиғалар 
экономикалық циклдер бағытына жиі түрде әсерін тигізеді. Мәселен, 
АҚШ-тың ұлттық қарулы күшін қайта кұру, "Ұлы тоқыраудың" 
өркендеу кезеңімен алмасуына әкелді.

      Ішкі  факторлар - экономикалық өзгерістердің неғұрлым түбегейлі сәттері болып саналады. Қазіргі экономика үш негізгі факторларға: тұтынуға; инвестицияларға; үкімет қызметіне көңіл аударады.

      Кейнс бойынша циклге қарсы реттеу, қор жинау мен инвестициялар қызметімен анықталатын жиынтық сұраныс экономикасына негізделеді. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе - теңдік жағдайына ұмтылған сұраныс пен "жұмыс" істеу қажеттілігіне келіп тіреледі. Мәселен, басқыншылық саясатын жүргізу арқылы жиынтық сұраныстың кеңеюі құлдырау кезеңіндегі тепе - теңдіктің үш тәсілімен: мемлекет шығындарының көбеюімен; салық ставкасының азаюымен; пайыз ставка төмендеуімен жүзеге асырылады.

      Жиынтық сұраныс өркендеу кезеңінде, мемлекет " ұстамдылық саясатын" жүргізіп, қарсы шараларды қолданады. Ол мемлекет шығындарының азаюы (трансфертті төлемдер мен әлеуметтік бағдарламаларды үнемдеу), салықтар мен пайыздық ставканың көбеюінен көрінеді.

      Қазіргі заманғы мемлекеттік реттеу саясаты монетаризм, яғни ақша ұсыныстарын реттеуі тәсілдерін қолдануды болжайды. Циклдік экономиканың жұмыссыздық пен инфляцияның қыспағынан жеңіліс тауып, страгфляциялық дамуы жағдайларында монетаризм экономиканы құлдыраудан алып шығуға көмектеседі. Сондықтан қиын жағдайдан шығу - бұл халықтың ақшалай табыстарын мақсатты шектеу болып саналады.

Информация о работе Экономикалық цикл