Экономикалық талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 10:58, реферат

Описание

Экономикалық талду басқару шешімдерін қабылдайтын ғылыми база болып табылады. Оны негіздеу үшін потенциалды мәселелерді, қаржылық және өндірістік тәуекелділікті көрсету және болжау, шаруашылық субъектінің табыс пен тәуекелділік дәрежесіне қабылданатын шешімдердің әсерін анықтап, шаруашылық қзмет нәтижесіне талдау жүргізу қажет.

Содержание

Экономикалық талдаудың негідері
Экономикалық талдаудың пәні, мақсаты және түрлері
Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсідері

Работа состоит из  1 файл

экономикалық талдау.docx

— 52.44 Кб (Скачать документ)

Шаруашылық  қызметті талдаудың пайда болуы  кез келген саланың пайда болуына  қажет жалпыға бірдей объективті тәртіппен байланысты.

          Біріншіден, бұл тәжірибелік қажеттілікті қанағаттандыру. Ол өндірістік күштердің дамуына, өндірістік күштердің жетілуіне, өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты пайда болды.Кішігірім кәсіпорындарда қолданылған интуитивті талдау, жобалық есептер үлкен өндірістік бірліктер шарттарында жеткіліксіз болып қалды. Жан-жақты жинақталған шаруашылық қызметті экономикалық талдаусыз күрделі экономикалық процестерді басқару мен оптималды шешімдер қабылдау мүмкін емес.

          Екіншіден, бұл экономикалық ғылымның жалпы дамуымен байланысты. Кез келген ғылымның дамуымен оның салаларының дифференциациясы жүргізілетіні бәрімізге мәлім. Шаруашылық қызметтің экономикалық талдауы қоғамдық ғылымдардың дифференциациялануы нәтижесінде пайда болды. Бұрын экономикалық талдау қызметтері балансжүргізу, бухгалтерлік есеп, қаржы, статистика және тағы да басқа ғылымдар шегінде қарастырылатын. Бұл ғылымдар шегінде талдауды зерттеудің алғашқы қарапайым тәсілдері пайда болды. Бірақ, кәсіпорынның  экономикалық және әлеуметтік дамуының ағымдағы және бесжылдық жоспарын негіздеу үшін кәсіпорын қызметін жан-жақты жалпы зерттеу қажеттілігі туындады. Жоғарыда аталып өткен ғылымдар тәжірибенің барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмады. Шаруашылық қызметті талдауды ғылымның бөлек жеке саласы ретінде көрсету қажеттілігі туындады. Осыдан соң, экономикалық талдаудың маңызы шаруашылық қызмет барысындағы қателердің бағасына сай өсіп отырды.Оған деген қызығушылық өсуде. Өндірісті зерттеу жалпылама талдаушылық көрініс тапты. Талдау кәсіпорын экономикасын  басқарудағы маңызды құралға айналды, резервтерді тану өндірістік эффективтіліктің жоғарылауына әкеледі.

          Шаруашылық қызметті талдаудың  ғылым ретінде даму тарихына  көңіл аудара отырып екі жағдайды  еске сақтау керек: біріншіден, ғылымның теориялық сұрақтарын  жетілдіруге, екіншіден, олардың  тәжірибедегі қолданылуы. ШҚТ туралы алғаш арнайы кітаптар ХХ ғасырда пайда болды. Олар баланс талдауына арналған еді және методикалық бағытта болды. 30-шы жылдары ШҚТ СССР-дың жоғарғы оқу орындарында оқылатын болды. ШҚТ туралы алғаш кітаптар мен әдістемелер шыға бастады. Олардың авторлары Н.Р.Вейцман, С.К.Татур,М.И.Баканов және т.б. 30-шы жылдары ШҚТ-ның ғылым ретінде қалыптасуы болды, әрі оны тәжірибеде кәсіпорын экономикасын жалпылама зерттеу жүйесі мен өндірістік резерті жоғарылатуды іздеуде қолдана бастады. Соғыс алдындағы жылдары экономикалық талбдау сұрақтары бойынша үш жүзден аса кітаптар мен алты жүздец ғылыми мақалалар жасалды.

          Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде  бухгалтерлік есептің қайтақаралуы, бақылау мен шаруашылық қызметті  талдау басқа авторлардың да  туындыларында көрініс тапты.

          Соғыстан кейінгі жылдарды талдаудың  теориялық сұрақтарына арналған  деп айтуға болады. Осы кезде  талдау кәсіпорынның да ұлттық  экономиканың деңгейінде басқару  тәдірибесінде қолданыла бастады.  Экономикалық талдаудың дербес  әдістемелік бағыттары жетіле  бастады: салыстырмалылық, технико-экономикалық, оперативті, экономика-математикалық,  функционалды-бағалық және т.б.

          Шаруашылық қызметті талдауды  жалпы зерттеу әдістемелігінің  дамуында үлкен рөлді  М.И.Баканов,  А.Д.Шеремет, С.Б.Барнгольц, В.Ф.Дьяченков,  А.Ш.Маргулис, А.И.Муравьев, В.И.Самборский, Н.В.Дембинский, Г.М.Таций, Н.Г.Чумаченко,  В.И.Стражев, С.Г.Овсянников, Н.А.Русак,  Л.Н.Кравченко, Б.И.Майданчик, Р.С.Сайфулин, А.Ф.Аксененко және т.б. экономист  ғалымдар.

          Талдаудың қазіргі жағдайын теориялық  жағынан негізделген ғылым ретінде  қарастыруға болады. Ғылым жұмыскерлерімен  жасалған бірқатар әдістемелер  өндірісті басқаруда әртүрлі  дәрежеде болып келеді. Сонымен  қатар, ғылым даму қалпында. Басқарушылық  шешімдерді оптимизациялайтын математикалық,  ЭВМ әдістерді зерттеу кеңінен  жүргізілуде. Шетел және отандық  теориялық жетістіктердің тәжірибеде  қолданылуы жүргізілуде.

          Шаруашылық қызметті талдаудың   теориялық бағыттары математика, статистика, бухгалтерлік есеп және  т.б. ғылымдармен байланысты. Сондай  ақ, талдауды дамыту тәжірибелік сұрақтармен байланысты. Басқарудың командалық-административті жүйесінде талдау тәжірибе жүзінде қажетінше дами алмады.

Ал қолданбалы жүйеге келгенде шаруашылық қызметті талдауды басқарудағы жетекші орынды алады. Оған біздің қоғамымыздағы барлық өзгерістер әсер етеді. Нарыққа көшудегі экономикалық механизмнің жетілуі  кәсіпорынның бәсекелестігі мен  осы ғылымға деген қызығушылықтың өсуіне әкеледі.

Экономикалық  талдау түрлері. Экономикалық талдау кәсіпорын  қызметінің әртүрлі бағыттары, сала, халықаралық байланыстар бойынша  жүргізіледі (сурет 1.)


Сурет 1 - Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау

 

Экономикалық  басқарудың негізгі  функциялары:

  • басқаруды  ұйымдастыру;
  • жоспарлау (экономикалық жүйені болашақта және ағымды жоспарлау, болжамдау);
  • талдау (экономикалық қызмет барысын және нәтижелерін талдау, ғылыми негізделген критерийлер негізінде оның жетілдіру мүмкіндіктерін бағалау);
  • басқарудың мәліметтік қамсыздандыру (экономикалық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтерді жинақтау, өңдеу);
  • бақылау (басқару шешімдері мен бизнес-жоспарлардың орындалу барысын бақылау).

Талдау  бойынша барлық жұмыстар функционалды болып саналады. Оларға келесі функциялар жатады:

  • басқаруды ұйымдастыру функциялары;
  • жоспарлау функциялары;
  • бақылау функциялары.

Экономикалық  талдау әртүрлі бағыттар мен белгілерге байланысты жіктеледі: салалық, уақытты, кеңістік, жүйедегі басқару функцияларына  байланысты, қызмет аймағына байланысты, статистикалық мәліметтерді іріктеуге  байланысты (кесте 1).

 

Кесте 1- Кәсіпорынның экономикалық талдау бағыты

 

Талдау түрі

Тағайындау

Салалық

  • салалық – экономиканың әр саласының өзіндік ерекшелігін есепке ала отырады;
  • салааралық –ұлттық экономика салалары деңгейінде жүргізіледі.

Уақытты

  • алдын-ала – шаруашылық операциялар болғанға дейін жүргізіледі. Жоспарлық жұмыстар мен басқару шешімдеін негіздеу, болашақта болжау үшін қажет;
  • кейінгі (ретроспективті) –шаруашылық актілер нәтижелері негізінде жүргізіледі. Кәсіпорын қызмет нәтижелерін объективті бағалау, пайдаланылмаған резервтерді айқындау, жоспардың орындалуын бақылау үшін пайдаланылады;
  • оперативті – шаруашылық операциялар болғаннан кейін жүргізіледі. Оның мақсаты шаруашылық процестерге әсер теу және кемшіліктерді анықтау;
  • қорытынды – есепті мерзімге жүргізіледі (ай, тоқсан, жыл). Оның құндылығы – кәсіпорын қызметі кешенді зерттеледі.

Кеңістік

  • ішкішаруашылық – зерттеліп отырған кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімдер қызметі қарастырылады;
  • шаруашылықаралық – екі немесе одан жоғары кәсіпорын қызметтері нәтижелері салыстырылады. Озат тәжірибе, резервтер, келешектерді анықтауға мүмкіндік береді және олардың негізінде кәсіпорын қызметінің тиімділігіне объективті баға беруге болады.

Жүйедегі басқару функциялары  бойынша

экономика, техника, технология, өндірісті  ұйымдастыру, еңбектің әлеуметтік жағдайлары, табиғатты қорғаужәне басқа да қызмет түрлері талданады.

Аймақ бойынша

  • ішкі – кәсіпорында өндірістік, қаржылық және коммерциялық қызметін оперативті, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді басқару үшін жүргізіледі;
  • сыртқы – банктер, қаржылық органдар, акционерлер, инвесторлар қаржылық статистика және есеп негізінде жүргізеді;
  • кешенді – кәсіпорын қызметінің әртүрлі жақтарын қарастыратын талдау;
  • тақырыптық – кәсіпорын қызметінің жеке жақтарын қарастыратын талдау.

Статистикалық мәліметтерді іріктеу  бойынша

  • жаппай – барлық нақты мәліметтер зерттеледі;
  • іріктеу – қандай да бір ерекшеліктер бойынша іріктелген факторлар зерттеледі.

 

Экономикалық  талдау келесі түрлергі бөлінеді: қаржылық-экономикалық, әлеуметтік-экономикалық, экономикалық-статистикалық, экономикалық-экологиялық, маркетингтік, салыстырмаплы факторлық, диагностикалық және маржиналдық.

3. Ғылым  әдісі кең мағынада өз затын  зерттеу тәсілі ретінде түсіндіріледі.  Ғылымның әр түрлері үшін өз  затын зерттеуге (оның ішінде, шаруашылық қызметті талдау) ерекше  қарау әдістері танудың жалпыға  бірдей диалектикалық әдісіне  негізделеді.

Талдаудың маңызды методологиялық белгісі  болып себепті-тергеулі байланыстарды  орнатуға ғана емес, сонымен қатар  оларға сандық сипаттама беруге қабілеттілігі  табылады, яғни, қызмет нәтижелеріне факторлар  ықпалын өлшеуді қамтамасыз етуге  қабілеттілігі. Бұл талдауды нақты етіп, ал оның қорытындыларын негізделген етеді.

Талдауда  себепті байланыстарды зерттеу  мен өлшеуді индукция және дедукция әдістерімен жүзеге асыруға болады. Логикалық индукция көмегімен себепті байланыстарды зерттеу тәсілі бойынша зерттеу жекеден жалпыға, жеке фактілерді зерттеуден жалпыламаға, себептен нәтижеге жүзеге асырылады. Дедукция – бұл зерттеу жалпы фактілерден жекеге, нәтижелерден себептерге жүзеге асырылатын тәсіл болып табылады. Индукция әдісі талдауда дедукция әдісімен бірге және үйлесімді қолданылады.

Шаруашылық  қызметті талдауда диалектикалық әдісті қолдану әрбір процесті, әрбір  экономикалық құбылысты бір-бірімен  өзара байланысты көптеген элементтердің  жиынтығы түрінде, жүйе түрінде қарастыру  керек. Осыдан келіп шығатыны талдаудың  тағы бір сипаттамалық белгісі болып  табылатын талдау объектісін зерттеуге  жүйелі көзқарастың қажеттілігі.

Жүйелі  көзқарас зерттелетін құбылыстар мен  процестердің элементтерге максималды бөлшектеу, олардың жүйелілігі мен  синтезін қарастырады. Сол не басқа  құбылыстарды бөлшектеу (құрама бөліктерін ашып көрсету) зерттеліп отырған объектіде анағұрлым маңызды және негізгіні анықтау үшін тәжірибелік қажетті дәрежеде жүргізіледі. Ол талдаудың объектісі мен мақсатына байланысты болып келеді. Бұл экономикалық көрсеткіштердің маңызын, ондай-ақ олардың дамуын анықтайтын факторлар мен себептерді нақты білуді аналитиктерден талап ететін  ШҚТ-дағы күрделі мәселе болып табылады.

Элементтерді жүйелендіру олардың өзара байланысын, қарым-қатынастарын, өзара тәуелділіктерін және өзара бағыныштылықтарын зерттеу негізінде жүзеге асырылады. Бұл зерттеліп отырған объектінің (жүйенің) мүмкін моделін құруға, зерттеліп отырған көрсеткіштердің ішкі байланыстарына сәйкес келетін талдаудың логикалық-әдіснамалық жүйесін ашып көруге, жүйе элементтерінің бағыныштылығын, қызметтерін оның негізгі компоненттерін анықтауға жағдай жасайды.

Кәсіпорын экономикасының жеке жақтарын, олардың  өзара байланысын, бағыныштылығы  мен тәуелділігін зерттеп болған соң, барлық зерттеу материалдарын  жалпыландыру қажет. Жалпыландыру (синтез) талдауда өте жауапты мезет болып табылады. Талдау нәтижелерін жалпыландыру кезінде қызмет нәтижелері негізінен тәуелді болатын барлық зерттеліп отырған факторлардың ішінен типтіктерді кездейсоқтардан бөлу,  негізгі және шешуші факторларды ашып көрсету қажет.

Алдынғылардан тікелей шығатын шаруашылық қызметті талдау маңызды әдіснамалық белгісі  болып кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі экономикалық құбылыстар мен процесстердің  себепті-тергеулі байланыстарын жүйелі және кешенді зерттеу үшін қажетті  болып саналатын көрсеткіштер жүйесін  өңдеу мен қолдану табылады.

Осылайша, шаруашылық қызметті талдау әдісі өндіріс  тиімділігін арттыру мақсатымен жоспар, есеп, есептілік және басқа  да ақпарат көздерінен көрсеткіштер жүйесінің арнайы қабылдауларын  өңдеу жолымен кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне факторларды әсерін өлшеу  және жалпыландыру, жүйелі, кешенді  зерттеуді  көрсетеді.

Шаруашылық  қызметті талдау әдісін қолдану аналитикалық зерттеудің нақты әдістемелерінің  қатарыларынан кейін көрінеді. Ол шаруашылық қызметтің бөлек жақтарының зерттеу әдістемелері немесе кешенді  талдау әдістемелері болуы мүмкін. Айта кететін, әрбір талдау түріне өзінің әдістемесі сәйкес келеді. Жалпы әдістеме қандай да бір жұмыстың неғұрлым мақсатқа сай орындалу ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы дегенді білдіреді. Экономикалық талдауда әдістеме айқын бейнемен талдау мақсатына жетуге бағытталған, кәіспорын  экономикасын зерттеу ережелері  мен аналитикалық тәсілдердің жиынтығын  білдіреді. Жалпы әдістеме – ұлттық экономиканың түрлі салаларында экономикалық талдаудың түрлі объектілерін зерттеу кезінде бірыңғай қолданылатын зерттеу жүйесі деген түсінікті береді. Жеке әдістеме жалпыны экономиканың арнайы салаларына, өндірістің арнайы түріне немесе зерттеу объектісіне қатысты айқындайды.

Талдаудың кез келген әдістемесі аналитикалық зерттеуді орындау бойынша әдіснамалық  нұсқаулар немесе талаптар көрсететін болады. Ол мысалы келесідей жағдайларды  қамтиды:

а) талдау мақсатының мәселелері мен құрылымы;

б) талдау объектілері;

в) әрбір  талдау объектісі зерттее үшін көмектесетін көрсеткіштер жүйесі;

г) аналитикалық зерттеуді жүргізудің кезеңділігі  мен үздіксіздігі бойынша кеңестер;

д) оқытылатын объектілерді зерттеу тәсілдерінің сипаты;

Информация о работе Экономикалық талдау