Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:17, курсовая работа
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы.
2. Инвестицияның мәні, қызметі.
3. Инвестиция түрлері мен есептеу әдістері.
4. Инвестицияның қызметі мен операциялары.
5. Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы.
6. Қ.Р-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері.
7. Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері.
8. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау заңдары.
9. Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді.
Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді.
Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар :
Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:
- өнеркәсіп,
сауда т.б. кәсіпорындарына
- портфельдік
инвестициялар (шетелдік
Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес.
Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда.
Шетелдік инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.
Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал ққалыптасты.
Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай – химия салалары , электр энергетикасы , металлургия , коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдапр , жүн , мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады.
1995 жылдың шетелдік инвестициялардың көлемі 235 млрд. $-ға артып, 2.6 трлн $ деңгейін жетті. Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды көзі- потрфель инвестициялары . Олар ірі корпорациялардың , мемлекеттік және жекеменшік банктердің облигациялық қарыздарын қаржыландырады.
Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар мынадай элементтерді: негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды , материалдық айналым қаражаты қорын толтыруға жұмсалған инвестицияларды , өндірілмеген және материалдық емес активтерге жұмсалған инвестицияларды , басқа да қаржы емес активтерге жұмсалған инвестицияларды өзіне қосады.
2004 жылғы қаңтарда қаржы емес активтерге инвестициялардың бағалау көлемі (материалдық айналым қаражатының қорларын толтыратын инвестицияларсыз ) 57.6 млрд. Теңгені құрады, оның 56.9 млрд теңгесі (98.7%) негізгі капиталға инвестицияларға келеді.
2004 жылғы қаңтарда
негізгі капиталға
2004 жылғы қаңтарда
инвестицияның өсуі
Өткен жылдың қаңтарымен
салыстырғанда инвестиция көлемінің
төмендеуі Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан
(44%), Солтүстік Қазақстан мен
Мұнай өндіру және
табиғи газ (негізгі капиталға инвестициял
Шетел инвестицияларының жалпы республикалық көлемінің ең көп үлесі Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында игерілді.
Инвестициялық қызмет дегеніміз – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы.
Негізгі
капиталға жұмсалған
2002 жылы Қазақстан
Республикасындағы
Негізгі капиталға
жұмсалған инвестициялар
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45.0% құрады, бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 9.6пайыздық пунктке артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0.6 пайыздық пунктке өсіп, 4.8% құрады.
Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек- жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1.6 пайыздық пунктке төмендеді.
Негізгі капиталға жұмасалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89.1% геологиялық барлауға жұмсалған.
Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4%тиеді.
Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42.3%) әуе көлігіне (15.4%) және электр байланысқа (19.8%) келеді.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашы- лығында бұрынғысынша мардымсыз (1.3%).
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13.3%құрады,бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 4.2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға – 52.3%, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар 47.7% құрады.
3. Инвестиция түрлері мен есептеу әдістері.
Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметі үшін қолданылатын, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе бекітілген активтерін ұлғайтуға салынған мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) лизинг келісімшарттарын жасау кезінен бастап лизинг құралдарын қоса және оларға құқық.
Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, ел ішіндегі және шетелдегі капиталдың экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.
Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларына ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.
Капиталдың кейбір салымдары шығысты құраушыларға әсер етеді. Мәселен, шығынды азайтуға апаратын шығыстарға, ал басқалары – табысқа да, шығысқа да. Табыс пен шығыс статьяларына инвестицияның әсерін болжау – салыстырмалы еңбекті қажет ететін тапсырма, олардың өсім немесе, керісінше төмендеу көлемін бағалау өте қиын. Жаңа өнім (тауар, қызмет көрсету) шығару үшін өндірістік қуаттарға инвестиция салу айналым капиталын ұлғайтуды қажет етуі мүмкін (шикізат көлемі, аяқталмаған өндіріс, қоймадағы дайын тауар). Өнімді несиеге сату кезінде дебиторлық қарыз көбейеді және т.с.с.
Барлық инвестициялар екі негізгі топқа бөлінеді: нақты (капитал құрушы) және портфельді. Нақты инвестициялар – бұл негізінен құралдардың (капиталдың) тікелей өндіріс құралдары мен тұтыну затына ұзақ мерзімді салымдар. Олар нақты әдетте, ұзақ мерзімді жобаға салынатын қаржы салымдарын білдіреді және нақты актив иеленумен байланысты. Сонымен бірге заемды капитал, оның ішінде банктік несие қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда банк те нақты инвестициялауды жүзеге асырушы инвестор болып табылады.
Портфельді инвестициялар – құнды қағаздар сатып алумен және олардан тиімді портфель алумен байланысты жобаларға капитал салымы. Берілген жағдайда инвестордың негізгі міндеті – қор нарығында құнды қағаздарды сату мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асатын оптимальды инвестициялық портфельді құру мен басқару. Портфель – бір тұтасқа жинақталған инвестициялық құндылықтардың шоғырлануы .
Нақты инвестицияларды кейде тікелей деп атайды, өйткені олар өндірістік процеске тікелей қатысады, мәселен, ғимаратқа, жабдыққа, тауарлық-материалдық қорларға және т.б. құралдар салымы.
Қаржылық мүлікке салым бас кәсіпорындардағы үлестік қатысуларға құқық алу, олардың акцияларын, басқа да құнды қағаздарын, қарыз беру құқығын сатып алу – қаржы инвестициялары деп аталады. Интеллектуалды материалды емес инвестицияларды да бөліп қарастырады – патенттер, лицензиялар, ноу-хау сатып алуға, персонал дайындау мен қайта дайындауға, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар мен жарнамаларға және т.б. салымдарға шығындар.
Одан басқа, бастапқы инвестиция немесе нетто-инвестицияларды айырады, олар кәсіпорын сатып аларда немесе жоба негізінде жүзеге асырылады.
Реинвестициялар – бұл қайтадан босаған инвестициялық ресурстар, өндірістің жаңа құралдарын дайындау мен сатып алуға және басқа мақсатқа қолданылады. Бұндай инвестициялар бар объектіні жаңаға аустыруға, технологиялық жабдық немесе үрдіс рационализациясы мен модернизациясына, шығару көлемін өзгертуге, номенклатура өзгерісімен, өнімнің жаңа түрін жасаумен, өткізудің жаңа нарығын ұйымдастырумен байланысты диверсификацияға, кәсіпорынның перспективада өмір сүруін қамтамасыз етуге (мәселен, жарнамаға, қоршаған ортаны қорғауға және т.б.) бағытталуы мүмкін.
Негізгі капитал мөлшерін ұлғайтатын және оның модернизациясына бағытталған жаңа инвестициялар сомасы жинақ инвестицияларды құрайды.
Тұтынылған құралдар орнын толтыруға, қызмет етуші кәсіпорындар қуаттарын техникалық қаруландыру мен кеңейтуге, сонымен қатар өндірістік және өндірістік емес негізге қорлар алуға бағытталған, қаржыландыру көздеріне тәуелсіз шығындарды ұзақ мерзімді инвестицияларды жатқызады. Олар әрқашан нақты және келесі формада жүзеге асырыла алады: жаңа кәсіпорын құрылысы, қызмет етуші кәсіпорындардың және өндірістік сфера объектілерінің реконструкциясы, кеңейтілуі мен техникалық қайта қарулануы; жер учаскелері мен табиғатты қолдану объектілерін сатып алу; материалды емес активтер сатып алу мен құру.
Елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіп бойынша ұлттык меншік шетелдік инвестор полюсіне қарай ығысуын туындатады. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы түбегейлі өзгерістер 80-жылдар аяғында болды.
Бұл әлемдегі миграцияланатын капиталдың теңбе-тен күшеюі арқылы жүріп отырды. Жиынтық капитал 1995 жылы 1258 млрд. долларға жетті, ол 1990 жылдын, деңгейімен салыстырғанда 3 есе көп болды, ал миграцияланатын капитал құрылымында шетелдік тікелей инвестициялар едәуір ұлғайды. Оның деңгейі 1995 жылы 325 млрд. долларға жетті, яғни 80-жылдармен салыстырғанда 3,5 есе өсті.
Зерттеулер көрсетіп отырғанындай, инвестициялық ресурстардың ағымын екі себеп ынталандырады: жекелеген елдердің дамуының біркелкі еместігі және индустриалдық елдердің жедел есуі. Капитал импортының жоғары деңгейі өндірістік саламен салыстырғанда әлемдік сауданың жедел өсуіне ықпал етті.
Осылайша, 1990-1995 жылдары әлемдік экспорт 1,5 есеге өсті, өзгеріссіз бағалар бойынша ол ІЖӨ-нің өсу қарқынынан 2-3 есе көп болды. Шетелдік тікелей инвестициялардың сомасының ұлғаюы шетелдік капиталдың қатысуымен жасалған өнімнің өтуіне зор ықпал етті, ал тармақталған жүйесі 250 мың филиалдан тұратын 40 мың трансұлттық корпорациялар әлемдік экспорттың 2/3-і қозғалысын басқарды, олардың жартысы фирмалық жеткізулерді құрады.
Информация о работе Кассадағы Ұлттық валюта операциялары есебі мен аудиті