Кәсипорын жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 11:55, реферат

Описание

Талдау (грек тілінен алынғанда analisis)- құрамдас бөлшектерді, талданатын жүйелер элементтерін және оларда болатын өзгеріс тенденциясын анықтауға болатын құбылыстар мен үрдістердің ғылыми зерттеу әдісін (танымын) айтады. Ғылыми зерттеу әдісі ретіндегі талдау қандай да бомасын бүтін бір бөлшектің құрамдас бөлігін ойда бөлшектеуден, олардың жеке жақтарын, қасиетін, байланысын анықтау болып табылады. Осындай бөлшектеу қаралатын үрдістің ішкі мазмұны мен табиғатын, олардың әртүрлі факторларға тәуелдігін қарауға мүмкіндік береді. Талдау зерттелетін объектілердің бұрын бөлшектелген элементтерін біріктірілуін білдіретін «синтез» ұғымымен диалектикалық бірлікте болады.

Работа состоит из  1 файл

касипорын.doc

— 148.00 Кб (Скачать документ)

    2. ДӘРІСТІК КЕШЕН 

1 БӨЛІМ

БАСҚАРУШЫЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Дәріс №1.

Басқарушылықталдаудың пәні, міндеттері және мазмұны. 

     Дәрістің  мақсаты: Бүгінде нарықтық экономикалық қатынастар орнаған жағдайда шаруашылық субъектінің өндірістік шаруашылық жағдайын талдаудың мазмұнынын, пәні мен міндеттерін ашып, олардың шаруашылық қызметте алатын орнын анықтау.

     Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

    1. Басқарушылық талдау түсінігі, пәні.
    2. Басқарушылық талдаудың мазмұны мен міндеттері
    3. Шаруашылық субъект-микродеңгейдегі зерттеу объектісі ретінде
 

Тақырыптың  қысқаша мазмұны

     Талдау (грек тілінен алынғанда analisis)- құрамдас бөлшектерді, талданатын жүйелер элементтерін және оларда болатын өзгеріс тенденциясын анықтауға болатын құбылыстар мен үрдістердің ғылыми зерттеу әдісін (танымын) айтады. Ғылыми зерттеу әдісі ретіндегі талдау қандай да бомасын бүтін бір бөлшектің құрамдас бөлігін ойда бөлшектеуден, олардың жеке жақтарын, қасиетін, байланысын анықтау болып табылады. Осындай бөлшектеу қаралатын үрдістің ішкі мазмұны мен табиғатын, олардың әртүрлі факторларға тәуелдігін қарауға мүмкіндік береді. Талдау зерттелетін объектілердің бұрын бөлшектелген элементтерін біріктірілуін білдіретін  «синтез» ұғымымен диалектикалық  бірлікте болады.

     Басқарушылық талдау - экономикалық құбылыстар мен үрдістерді құрамдас бөлшектерге бөлуге негізделген  және байланыстардың барлық көптүрлілігін және тәуелділігін оқуға негізделген мазмұнын пайымдаудың ғылыми әдісі болып табылады. Талдау- макро- және микродеңгейлерде жүзеге асырылатын басқару қызметі. Сәйкес, макроэкономикалық және микроэкономикалық талдау болып бөлінеді. Макродеңгейдегі экономикалық талдау ұлттық әлемдік экономика  деңгейінде экономикалық құбылыстарды зерттейді, ол экономика саласында мемлекеттік және   биліктің орындаушы органдарының шешімдерін және әрекеттерін ғылыми позиция негізінде шешуге негізделген.

      Басқарушылық талдау  тақырыбы кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ассоциялардың, шаруашылық үрдістері, экономикалық ақпарат жүйесі арқылы көрінетін объективті және субъективті факторлардың әсерінен құралатын әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың қызметінің түпкі қаржылық қорытындысы болып табылады.

      Басқарушылық талдаудың мәні, мазмұны және  тақырыбы негізінен төмендегі міндеттермен анықталады және тұрады:

• кәсіпорын қызметінде жоспарлаудың ғылыми-экономикалық негіздемесін жоғарлату;

• еңбек, материалдық және қаржы ресурстарының  экономикалық тиімділігін анықтау;

• өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде кәсіпорын  қызметінің тиімділігін іздеу және қорды көтеруді анықтау;

• кәсіпорын  қызметіне әсер етуші объективті және субъективті факторларды анықтау;

• жоспарлар  және басқару шешімдерін орындауды  бақылау;

• кәсіпорынның ағымдағы және келешектегі қаржылық  жағдайын анықтау.

      Басқарушылық талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруды анықтау болып табылады. Экономикалық талдау қолданбалы ғылым болып келеді, бірақ оның нақты пайдасы өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде пайдаланылмаған қорларды анықтауды жүргізген кезде ғана  іске асады. Кәсіпорын экономикасын дамыту қарқынын жоғарлату шаруашылық қорының барлығы жұмылдырылғанына, үнемділік режімінің  басты қағидасы болып келетін - аз шығындармен, жоғары нәтижеге жету туралы негізгі қағидалар сақталуына байланысты.

      Басқарушыдық талдау мемлекеттілілік, ғылымилық, объективтілік, жүйелілік, кешенділік, жеделділік, пәрменділік, бұқарашылдық принциптеріне негізделген.

      Мемлекеттілік принципі экономикалық құбылыстарды бағалаудың мемлекеттік амалдарының негізінде жасалады. Осылайша, меншік нышанына қарамай, құрылымдық бөлімшелердің және кәсіпорындардың қызметін талдау барысында мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық,  халықаралық саясатын және одан пайда болатын халық шаруашылығының сәйкес даму кезеңіндегі міндеттерді  ескеру қажет.

      Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметінің экономикалық талдаудың жеке әдісі материалистік диалектика және саяси үнемділікке негізделуі тиіс, яғни, экономикалық талдау ғылыми сипатта болып, экономикалық заң талаптарын жан-жақты есепке алып жүргізілуі тиіс. Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметін талдау теориясын жетілдіру, қазіргі заманғы экономикалық- математикалық әдістерді және ЭЕМ-ді кеңінен қолдану жолы арқылы жүзеге асырылады.

      Объективтілік принципі экономикалық талдау барысындағы нақты экономикалық құбылыстар және үрдістерді, олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын зерттеу шынайы және объективті ақпараттар жағдайында жүргізілуі тиіс, ал зерттеу қорытындысында алынған шешімдер нақты аналитикалық  есептеулерге негізделуі тиіс. Талдау объективті, нақты және дәл болуы тиіс. Пайдаланылатын ақпараттар кәсіпорынның мүліктік жағдайын және оның қызмет корытындысы дәл көрсетуі және құжат түрінде негізделуге тиіс, өйткені оның шынайылылығы экономикалық талдаудың  қорытындысына әсер етеді.

      Жүйелілік принципі экономикалық талдау барысында кәсіпорын қызметі оңаша тұрғыдан емес, өзара байланыс тұрғысынан қаралуы тиіс, бұл жағдайда шаруашылық үрдістері динамикалық  оқылуы тиіс.

      Кешенділік  принципі экономикалық талдау барысында талданылатын кәсіпорынның барлық кезеңдерін, құбылыстапрын, көрсеткіштерін олардың өзара байланыстылығымен жүйелі түрде оңашаландыру қажет.

      Жеделділік  принципі экономикалық талдаудың тез және нақты жүзеге асырылуын, талдау қорытындысы негізінде басқару шешімдерін қабылдауды  көздейді.  Сонымен қатар, осы шешімдер кәсіпорын қызметі үрдісінде нақты және уақытылы жүзеге асырылуы тиіс. Талдаудың жеделділігі сапалық және сандық көрсеткіштерді жоспарланған көрсеткіштерден ауытқудың себептерін уақытылы анықтау және ескертуден, теріс факторлардың көзін жою жолдарынан тұрады. Осылайша, талдаудың уақыттылығы оны жоспарды орындауды бақылаудың жеделділігіне мүмкіншілік береді. Экономикалық талдаудан қажетті тиімділік алу үшін оның қорытындысы орындаушымен жедел түрде кәсіпорын басшылығына жеткізілуі тиіс.

     Пәрменділік принципі өндірістік қызмет барысына және оның қорытындысына белсенді әсер етуге, яғни, жетіспеушіліктерді, санаудағы қателіктерді, салақтықты уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Осы принцип экономикалық талдау материалдарын кәсіпорынды басқаруға пайдалануға, нақты іс-шараларды дайындауға, жоспарлық мәліметтерді негіздеуге, түзетуге және анықтауға мүмкіндік береді.

     Экономикалық  талдау жүзеге асырылатын соңғы принцип - бұқарашылдық принципі. Бұл экономикалық талдау барысында озық тәжірибелерді неғұрлым анықтауға және қолда бар шараушылық ішілік қорларды пайдалануға мүмкіндік беретін кәсіпорын жұмысшыларының кең шеңберін аналитикалық  жұмысқа жұмылдыруды білдіреді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Талдау ұғымын қалай түсінесіз?
  2. Басқарушылық талдаудың бүгінде кәсіпорындар экономикасында алатын орны?
  3. Басқарушылық талдау қандай принциптерге сүйенеді?

Әдебиеттер:

  1. Савицкая Г.В.  Анализ хозяйственной деятельности  предприятияий 1998-494 б.
  2. Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.
 

Дәріс №2

Басқарушылық талдаудың әдістері және олардың ерекшеліктері. 

     Дәрістің  мақсаты: Басқарушылық талдау барысында көптеген қолданылатын тәсілдерді жіктеу және анықтама беру.

     Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

  1. Басқарушылық талдаудың тәсілдерін жіктеу
  2. Басқарушылық талдаудағы салыстыру әдістері
 

Тақырыптың  қысқаша мазмұны

Басқарушылық талдау барысында тәсілдер қолданылады және олар екі топқа бөлінеді:

                  1. Дәстүрлі;
                  2. Математикалық;

Дәстүрлі  қабылдаулар зерттеу үшін абсолютті, орта және салыстырмалы көрсеткіштер қолданылады.

Аналитикалық  орта көрсеткіштердің әртүрлі түрлері  экономикалық талдау жүруінде қажеттілікпен  қолданылады:

    • Орта арифметикалық;
    • Орта үндесу;
    • Орта хронологиялық;
    • Орта геометриялық;
    • Сән;
    • Медиана;

Экономикалық  талдау жүруінде келесі топталу түрлері пайдаланады:

  • Типологиялық – табуға арналған мінездемелі        және типтердің оқылатын процестердің байланыстары;
  • Құрылысты - құрылымның талдауға арналған және құрам бағалауларының көрсеткіші;
  • Аналитикалық - өзара байланыс зерттеуіне арналған тәуелді, факторлы, нәтижелі көрсеткіштердің әрекеттестіктері;

      Математикалық әдістердің қолданылуы кәсіпорынның шаруашылық қызмет экономикалық нәтижелігін жоғарылатады. Негізгі математикалық әдістерге  және экономикалық талдау қабылдауларына жатады:

  • Математикалық үлгі;
  • Математикалық бағдарлама;
  • Ойындар теориясы;
  • Бұқаралық қызмет ету теориясы;
  • Корреляция қабылдаулары және кері кетушілік;

      Экономикалық  талдаудың ең басты кезеңі:

  • Материалдардың аналитикалық өндеу;
  • Қажетті кестелер құрастыру (график, диаграмма);
  • Көрсеткіштердің жүйе құруы;
  • Бөлінген көрсеткіштерге ықпал жасау;
  • Факторлардың ықпалын жасау;
  • Бар резервтерді бағалау;

Бақылау сұрақтары:

  1. Басқарушылық талдау кезінде қолданылатын барлық тәсілдер неше топқа жіктеледі?
  2. Математикалық әдістерді атаңыз?

Әдебиеттер:

    1. Савицкая Г.В.  Анализ хозяйственной деятельности  предприятияий 1998-494 б.

  1. Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.
 

Дәріс №3

Басқарушылық  талдауды ақпаратпен қамтамасыздандыру  

Дәрістің  мақсаты: Басқарушылық талдауды ақпаратпен қамтамасыздандыруда оларды жіктеу.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

Ақпарат көздерінің түрлері

Басқарушылық  талдаудағы көрсеткіштер жүйесі

Оперативтік, ағымдық және перспективтік талдауды жүргізу әдістері Басқарушылық талдаудың тәсілдерін жіктеу

Басқарушылық талдаудағы салыстыру әдістері

Тақырыптың  қысқаша мазмұны

     Басқарушылық талдау нормативтік, статистикалық, бугалтерлік және жедел мәліметтердің, алғашқы құжаттардың, сонымен қатар мамандандырылған фирмалардың жүйесі ретінде қарауға болатын түрлі шығыс ақпаратқа негізделген. Ақпараттардың барлық  дереккөздері ресми, нормативтік-жоспарлық,  есептегі және есептен тыс болып бөлінеді.

     Ақпараттардың ресми түріне:

• ҚР заңдары;

• ҚР Президентінің  Жарлықтары;

• ҚР Үкіметінің қаулылары және қараулары;

      Нормативтік-жоспарлық  көздерге:

•  министерстволардың, мемлекеттік комитеттердің, федаралдық қызметтер және орындаушы биліктің орталық федералды органдарының нормативтік құжаттары (бұйрықтар, қаулылар, нұсқаулықтар және т.б.);

• кәсіпорынның шаруашылық-құқықтық құжаттары (бұйрықтар, шарттар, келісімдер, рекламациялар т.б.);

• акционерлер  жиналысының шешімі;

• кәсіпорында  дайындалатын жоспарлар;

• сметалар (бюджет);

• бағалар.

      Басқарушылық талау жүргізудің есептегі дереккөздеріне:

• бугалтерлік  есеп және есеп берулер- осы көздердегі деректер шаруашылық құбылыстарды, үрдістер және олардың қорытындыларын неғұрлым толық баяндайды;

Информация о работе Кәсипорын жағдайы