Кәсіпорындарда қаржылык жұмысты ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2012 в 15:24, реферат

Описание

Экономика — бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру, бөлу, сату және пайдалану жөніндегі қоғамдық ғылым, яғни адам қызметінің саласы болып, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етеді және барлық экономикалық ғылымдардың жалпы объектісі болып табылады. Шаруашылық өміріндегі көкейтесті, ең маңызды процестерді танып білу және реттеу бағытында көптеген экономикалық ғылымдардың ішінде теориялық және қолданбалы экономиканы бөлуге болады. Осылардың жиынтығын қысқаша «Қазақстандағы экономика», ал батыста — «Экономикс» деп атайды.

Содержание

КІРІСПЕ---------------------------------------------------------------------------------------3

І. КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ-------------------------------------------5

1.1 Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары және олардың қаржысын ұйымдастыру-------------------------------------------------------------------5
1.2 Кәсіпорындардың өзін - өзі қаржыландырудың сипаты мен мәні----9
1.3 Кәсіпорынның қаражат көздері және ішкі резервтер-------------------13

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ ТАЛДАУ---------------------------------------------------------15
2.1 Кәсіпорындардың қызметін қаржыландырудың ерекшеліктері------23
2.2 Қазақстанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын дамыту жолдары-28



ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------------------------------30
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ--------------------------------------------------------------------32
ҚОСЫМША--------------------------------------------------------------------------------33

Работа состоит из  1 файл

иап осы.doc

— 145.00 Кб (Скачать документ)

    Қоғамдық  ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдерімен топтары басқарады.

    Бірқатар  министрліктер мен ведомстволарда қаржыны басқарудың сызбасы басқарудың басқа функцияларымен: жоспарлауды (болжауды), есепке алуды орындаумен қоса атқарылады. Мұндай жағдайда жоспарлау-қаржылық немесе қаржылық-бухгалтерлік департаменттер (басқармалар) жұмыс жүргізеді. Бұл органдар жүйенің шаруашылық-қаржы қызметіне талдау жасайды, қаржыны пайдалана отырып, оның тиімділігін арттыруға: айналым қаражаттарының айналымдылығын тездету, шаруашылық айналымға пайдаланылмай жатқан тауар-материал құндылықтарын тартуға, өнімсіз шығындар мен ысыраптарды қысқартуға, ішкі шаруашылық резервтерді жұмылдыруға, ресурстарды пайдалануды жақсартуға, шығындарды азайтуға, табыстылықты (рентабелділікті) арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлейді. Сондай-ақ олар ведомствоға қарасты шаруашылық құрылымдарының қаржылық жұмыстарын реттейтін нұсқауларды, нұсқаулықтарды, әдістемелік материалдарды жасайды.

    Министрліктер мен жоғарғы органдардың қаржы  басқармаларының аппараты жиынтық  қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың жиынтық балансына  бақылау жасау, ведомствоға қарасты кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіру туралы жұмыстарды жузеге асырып отырады.

    Фирмалардағы, компаниялардағы қаржылық жұмысты  дербес құрылымдық бөлім болып табылатын  қаржы бөлімі атқарады. Шағын фирмаларда қаржы бөлімдері өтім бөлімімен немесе бухгалтериямен қоса атқарылуы мүмкін (қаржы-өтім немесе бухгалтерлік-қаржы бөлімдері).

    Қаржы менеджменті уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен  тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды  іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді.   .

    Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің, фирмалардың  қаржы бөлімдері кредит және есеп айырысу операцияларының (акциялардың, вексельдердің, факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады.

    Шаруашылық  серіктестігінде қаржыны басқаруды  басқа функциялармен қатар, жоғарғы  органдар — олардың қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдіктердің жалпы жиналысы), акционерлік қоғамдарда — акционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады.

    Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржы  қызметтерінің маңызды міндеттері мыналар болып табылады:

  • табысты өсірудің жолдарын іздестіру жөне рентабелділікті арттыру;
  • өңдіріс, инвестициялар, жаңа техниканы өндіру және басқа жоспарлы шығындар жөніндегі тапсырмаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік бюджет, банктер, жеткізушілер, жоғары тұрған ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау;
  • есеп айырысуларды ұйымдастыру.
 
 
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

  1. Н.Назарбаев. «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2030 жылдарға арналған стратегиясы».//Алматы, 2003 ж. 17 маусымдағы №1096 Жарлығымен
  2. Дүйсенбаев К.Ш. «Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын  талдау» Алматы – 2001
  3. Ілиясов Қ. «Қаржы»,  Алматы - 2003
  4. Қазақстан Республикасының  Заңы «2005 жылға арналған республикалық  бюджет туралы»
  5. Көшенова Б. «Бағалы қағаздар нарығы», Алматы – 1999 ж.
  6. Кеулімжаев К.К. «Қаржылық есеп» Алматы – 2001
  7. Мырзабай Л.У. «Мемлекеттік  қаржы  жүйесіндегі  бюджеттік  процедурасын  орны мен рөлі» // АльПари, № 1, 2004 ж.
  8. Мауленова С.С. «Экономикалық теория»
  9. Мұханбетова Э.С. «Мемлекеттің  әлеуметтік  аяны  реттеудегі фискалдық саясаттың маңызы» //Хабаршы № 4, 2003 ж.
  10. Назарбаев Н.А.  Қазақстан-2030: Ел Президенттінің Қазақстан халқына Жолдауы,  Алматы – 1998 ж.
  11. Сахариев С.С «Әлем экономикасы», Алматы – 2003 ж
  12. Шеденов Ө.Қ., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория», Алматы/2002
  13. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы- Қаржы-қаражат, 2003
 
 
 
 
 
 

    Косымша 1. Кәсіпорындарда қаржы ресурстарының  құрылымы мен көздері

                                                                                                                                                                                                                                                           

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Кәсіпорындарда қаржылык жұмысты ұйымдастыру