Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 21:38, реферат
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өізнің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуына байланысты.
Кіріспе
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
1.3 Қаржылық жағдайды талдаудың әдістері
1.4 Қаржылық жағдайды экспресс талдау
Келтірілген жүйеде берілген көрсеткіштерге қосымша экспресс-талдау шеңберінде кәсіпорын қызметініңтүрлі жақтарын, атап айтқанда оның нарықтық және инвестициялық белсенділігін сипаттайтын бірқатар басқа да көрсеткіштерді қолдануға болады.
Жоғарыда берілген көрсеткіштердің көбісі олардың өзгеру тенденциясы сияқты жеткілікті дәрежеде экономикалық жағынан айқын түсіндірілген, сондықтан кейбір түсініктемелермен ғана шектелеміз.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын ұзақ және қысқа мерзімді даму барысы тұрғысынан бағалауға болады. Бірінші жағдайдағы қаржы жағдайын бағалау өлшемдері – кәсіпорынның өтімділігі мен төлеу қабілеттілігі.
Кәсіпорынның өтімділігі жөнінде айтқан кезде, ондағы бар ағымдағы активтердің мөлшерінің теориялық тұрғыдан алғанда келісім-шартта белгіленген өтеу мерзімі сақталмаған жағдайдың өзінде, олардың қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу үшін жеткілікті болуы назарға алынады.
Төлеу қабілеті тез арада өтеуді талап ететін кредиторлық борыш бойынша есеп айырысу мақсатында осы кәсіпорында ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің жеткілікті дәрежеде бар екендігін көрсетеді. Экспресс-талдау шеңберінде анықталған кассадағы және банктің есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаларды сипаттайтын баптарына көңіл бөледі. Бұл жағдай түсінікті де: олар жиынтық қолма-қол ақша қаражаттарын сипаттайды, яғни кез келген басқа салыстырмалы бағасы ғана бар мүлікті сипаттайды. Бұл ресурстар әлдеқайда мобильді, олар кез келген уақытта қаржы-шаруашылық қызметке енгізілуі мүмкін.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы ұзақ мерзімді келешекке арналған бағытта қаражат көздерінің құрылымымен, кәсіпорынның сыртқы инвестициялар мен кредиторлардан тәуелсіздік деңгейімен сипатталады және ол туралы келесі бөлімдерде айтылады. Осы жерде айта кетейік, кәсіпорынның қаржы жағдайын экспресс-талдау түрліше дайындалуы мүмкін: жиынтық көрсеткіштер, қысқаша тестік есебі түрінде, аналитикалық кесте түрінде және ол осы кәсіпорынның қаржы жағдайын әлдеқайда терең әрі нақтылы талдау қажетті немесе талдаудың мақсатқа сай екендігін туралы және осы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы қорытындымен аяқталады.