Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 10:33, курсовая работа
Аудиторға қаржылық есеп беру бұрмалануын тудыратын фактілерден ауытқудан басқа міндеттемелердің екі типі болуы мүмкін екенін естен шығармау керек:
- Бухгалтерлік есеп стандартының дұрыс қолданылмауы;
- Қажетті ақпаратты өткізіп алу.
Қаржылық есеп беруді тексеру кезінде оған аудиттегі мәнділіктің сапалық және сандық сияқты екі жағын ескеру қажет.
Мәнділіктің сапалық жағы – жасалатын операциялардың Қазақстан Республикасында әрекет ететін нормативті актілердің талаптарынан ауытқуы.
Сандық жағы мәнділік деңгейімен сипатталады.
Мәнділік деңгейі – бұл қаржының есеп беру нақтылығына елеулі әсер етпейтін онда максималды рұқсат берілген бұрмалаулар сомасы.
Концептуалды негіздің 12-тарау 46-б. Қаржылық есеп беруді дайындау және ұсыну «БЕУ сәйкес негізгі сапалық сипаттамаларды қолдану әдетте, нақты және объективті ақпаратты сақтайтын қаржылық есеп беуді құруды және әділ ұсынуды қамтамасыз етеді» деп көрсетілген.
Сондықтан аудиторларға есеп беруді ықтимал пайдаланушылар және бұл есеп беру дұрыс шешім қабылдау үшін нақты және объективті ақпаратты сақтауы туралы мәліметтер қажет. Маңызды болып табылатынды бағалау кәсіби пікір пәні болып табылады. Аудитордың кәсіби пікірі – оның білімі, біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне негізделген көзқарасы. Бұл оның әрекетінің тәртібін қатал анықтау мүмкін болмайтын жағдайларда субъективті шешім қабылдау үшін негіз болады.
Мәнділік туралы алдын ала пікір білдірудің мақсаты – аудитордың назарын аудиторлық тексеру стратегиясын анықтау негізінде қаржылық есеп берудің елеулірек құрамдас бөлігіне аудару. Мысалы, аудитор 50 мың теңгені құрайтын, баланс үшін емес, таза табыс үшін маңызды болатын дәл емес мәліметтерді қарастыра алады.
«Мәнділік туралы пікір – аудитор қабылдайтын маңызды шешімдерінің бірі. Ол аса жоғары кәсіпқойлықты талап етеді». Аудитор пікірі қажетті дәлелдерді жинауды жеңілдетуге көмектеседі. Егер аудитор мәнділік деңгейін елеусіз сома көлемінде орнатса, онда оған елеулі соманы анықтағаннан гөрі, көбірек дәлелдер санын жинақтау қажет.
Жұмыс барысында аудитор жекелеген елеусіз бұрмалаудың жиынтығын да қаржылық есеп берудің нақтылығына күмән туғызуға себеп болатынын бақауы мүмкін. Бұл жағдайда аудитор бар қателерді анықтау үшін тексеру масштабын өсіру қажет болады. Тексеру аяғына қарай рұқсат етілетін бұрмалау маңыздылығының дәрежесі жоспарлау кезеңіне қарағанда басқашалау болуы мүмкін.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. АУДИТТЕГІ МӘНДІЛІК....................................................................................7
Мәнділік пен пікір....................................................................................7
Қателер мен заңсыз әрекеттер..............................................................10
Бұрмалау анықталған кездегі аудитордың іс-әрекеті.........................11
ІІ. МӘНДІЛІКТІҢ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ....................14
2.1. Мәнділік деңгейін анықтаудың шетелдік тәжірибесі........................14
2.2. «Қазақтелеком» АҚ қаржылық есептілігінің мәнділік деңгейін анықтау...................................................................................................................18
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26
ҚОСЫМША...........................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................31
Аудит жүргізіліп отырған субъектінің елеулігі туралы алдын ала пікірге арналған мәліметтер
Көрсеткіштер |
Маңыздылық туралы алдын ала пікір | |||
Минимум |
максимум | |||
% |
теңге |
% |
теңге | |
Салық салынғанға дейінгі табыс |
3 |
10000 |
5 |
15000 |
Айналым қаражаттары |
2 |
100000 |
5 |
250000 |
Ағымдық міндеттемелер |
1 |
40000 |
3 |
120000 |
Рұқсат етілген қателер және аудит жүргізуші субъектінің қателігін бағалау, теңгемен
Шот |
Жіберілген қате |
Қателікті бағалау |
Кассадағы қолма-қол ақша |
2000 |
1000 |
Дебиторлық борыш |
2000 |
15000 |
Босалқы қорлар |
50000 |
624000 |
Маңыздылық туралы алдын ала пікір |
22000 |
|
Жиынтық қателікті бағалау |
78400 |
«Қазақтелеком» АҚ 2009 ж. Қаржылық есептілігінің деректері бойынша маңыздылық деңгейін анықтау үшін бастапқы көрсеткіштер
Базалық көрсеткіштер атауы |
Базалық көрсеткіштер мәні, мың теңге |
Базалық көрсеткіштерден үлес, % |
Маңыздылық деңгейін табу үшін қолданылаты мән, мың теңге |
Өнім өткізу және қызмет көрсетуден түскен табыс |
99 5528 265 |
2 |
1 1 991 165 |
Салық салынғанға дейінгі пайда (шығын) |
41 555 355 |
3 |
1 246 661 |
Кезең ішіндегі пайда (шығын) |
32 846 214 |
5 |
1 642 311 |
Меншікті капитал |
112 942 277 |
10 |
11 284 228 |
Баланс валютасы |
161 696 694 |
2 |
3 233 934 |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Кәсіпорынның аудиторлық мәнділік дуңгейін анықтау