Макроэкономиканың пәні және әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 10:46, курсовая работа

Описание

Макроэкономика ғылым ретiнде экономикалық құбылыстар мен үрдiстердi экономикалық теориялар мен үлгiлер түрiнде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика бiртұтас жүйе ретiнде қарастырыла отырып, тауарлар өндiрiсi мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн және оның өсуiн, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейiн, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейдi. Сондай-ақ макроэкономика өндiрiс көлемiнiң, жұмысбастылықтың, тауар мен ақша нарықтарындағы тепе-теңдiктiң ұзақ мерзiмдегi өзгерiстерiмен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзiмдi тербелiстерiн зерттейдi.

Содержание

Кiрiспе...........................................................................3
Макроэкономиканың пәні және әдісі…………………………….5
1.1 Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы.........5
1.2 Макроэкономиканың зерттеу пәні және негізгі макроэкономикалық проблемалар..............................................................7
1.3 Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдары.....................................................................................................9
Макроэкономика – экономиканың негiзгi бірлiгi........................11
2.1 Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы............................11
2.2 Макроэкономикалың модельдерi........................................................15
2.3 Макроэкономикалық көрсеткiштер..................................................17
2.4 Макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысы........21
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу..................................................................23
3.1 Мемлекет және тепе-теңдiктi шешу мәселелерi............................23
3.2 Мемлекет билiгiнiң тиiмдi факторлары...........................................26
Қорытынды...............................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер......................................................................30

Работа состоит из  1 файл

395_2531_6jM.doc

— 270.00 Кб (Скачать документ)

Экономикалық  дамудың типтерi:

Қарқынды –  ұлттық өнiмнiң техника мен технологияларды жетiлдiру есебiнен артуы.

Аралас (нақты) – ұлттық өнiмнiң пайдаланылған  факторлар санының өсуi және техника мен технологияларды жетiлдiру есебiнен артуы.

Экстенсивтi –  ұлттық өнiмнiң өндiрiске қосымша факторлар тарту есебiнен артуы.

Экономикалық  өсудiң факторлары:

Сұраныс факторлары – жиынтық шығындардың деңгейi.

Ұсыныс факторлары – табиғи ресурстар, еңбек ресурстары, негiзгi капиталдың көлемi, технология.

Үлестiру факторлары – ресурстарды тиiмдi пайдалану.

Экономикалық  өсудi өлшеудiң әдiстерi – нақты  ЖҰӨ-нiң артуы, ЖҰӨ көлемiнiң халықтың жан басына шаққандағы өсуi.

“Қазақстан-2030”  стратегиясында көрсетiлгендей, республиканың гулденуiн қамтамасыз етуде ұзақ мерзiмдегi басымдылықтардың арасында “жоғары деңгейдегi шетел инвестициялары мен iшкi жиналған ақшасы бар ашық экономикаға негiзделген экономикалық өсу” ерекше маңызды болып саналады. Қазақстанда экономикалық өсу келесi мiндеттердi жүзеге асырумен тығыз байланысты:

- мемлекеттiң  белсендi ролi жағдайында экономикаға араласуын шектеу;

- қатал қазыналық  және монетарлық шектеулердi жүргiзу;

- шетелде қаржылық инвестициялар стратегиясын жасау;

- жеке меншiктi нығайту және заңды қорғау;

- аграрлық сектор  мен әлеуметтiк саладағы жекешелендiрудi аяқтау;

- энергетикалық  және басқа табиғи ресурстарды  әзiрлеу;

- либерал инвестициялық саясатты дайындау;

- еңбектi көп  қажетсiнетiн өндiрiстерден капиталды, технологияны, ғылымды қажетсiнетiн, өндiрiстерге көшу яғни индустриалды технологиялық стратегияны дайындау;

- өндiрiстi әртараптандыру;

    • болашағы мол (бәсекеге жарамды) салаларды дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              

                     

 

                                                                                                                                   

 

 Қорытынды

Қорыта айтқанда, жалпы  экономика ғылымы екi басты бөлiмнен тұрады: макроэкономика және микроэкономика. Микроэкономика – фирмалар, үй шаруашылықтары, үкiметтiк агенттiктер сияқты шағын бiрлiктер жасайтын таңдауларды зерттейтiн экономиканың білiм. Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу секiлдi iрi масштабты экономикалық құбылыстарын зерттейтiн бөлiгi.

Макроэкономика экономиканы  бiр үлкен бүтiн құбылыс ретiнде  қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы iс-әрекеттердi бiрiктiрiп жалпылай қарастырады.

Макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлемiз:

1-кезеңде фирмалар  мен үй шаруашылықтарының шешiм  қабылдауын зерттеушiлер теория  деңгейiнде қарастырады. Содан  соң микроэкономикалық құралдарды  пайдаланып, фирмаларды әртүрлi экономикалық  жағдайларға байланысты қарастырады;

2-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының жиынтық шешiмдерiн қарастыра отырып, жалпы экономикалық беталыстар талдауға түседi. Бұл кезеңде агрегатталған, iрiленген шамалар қолданылады. Мысалы, бiр ғана фирманың өнiмi емес, ЖҰӨ; жеке банктiң пайыз мөлшерлемесi емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесi;

3-кезеңде макроэкономикалық  ақпаратты талдау және жинау  арқылы теорияның нақты мағынасы  қарастырылады. Макроэкономика –  макроэкономикалық теория мен  агрегатталған ақпараттардың ортасындағы  байланысты нысандық тәсiлмен  зерттеудi қарастыратын ерекше ғылым.

Экономикалық өсудiң  көрсеткiштiк өлшемдерi ЖҰӨ және ЖІӨ  болып табылады (тек нақты сипаттары). Халықаралық деңгейде салыстыру  үшiн ЖҰӨ және ЖІӨ-нiң халықтың жан басына шаққандағы көрсеткiшi пайдаланылады. ЖҰӨ (ЖIӨ)-нiң бiрдей көлемiнде оның халықтың жан басына шаққандағы шамасы тұрғындардың санына тәуелдi болады.

Экономикалық көрсеткiштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшiн жиi қолданылады. Жалпы ұлттыє өнiм (ЖҰӨ) азаматтар  табыстарының жиынтығын және өндiрiс тауарлары мен қызметтерi үшiн жұмсалған жалпы шығын көлемiн сипаттайды.

ЖҰӨ экономика  көрсеткiштерiнiң ең нақтысы деп есептеледi.

Экономистердiң  көзқарасы бойынша, тек қана өндiрiс  тауарлары мен көрсетiлген қызмет түрлерiнiң жалпы көлемi ғана емес, сонымен бiрге өндiрiлген өнiмiнiң сәйкес түрде бүлiнуi және тағайындалуы есепке алынады. ЖҰӨ құрылымындағы шығындар үлкен 4 топқа бөлiнедi:

    1. Тұтыну (С)
    2. Инвестициялар (I)
    3. Мемлекеттiк сатып алу (G)
    4. Таза экспорт (Xn)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi:

 

1. Назарбаев Н. Қазақстан 2030: Ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы.- Алматы: Бiлiм, 1997.

2. Мамыров Н.  Макроэкономика. Алматы. 2003ж.

3. Крымова В.  Экономикалық теория. Алматы. 2003ж.

4. Жүнiсов Б.  Нарықтық экономика негiздерi. Алматы. 1994

5. Қазақстан  экономикасын реттеу стратегиясы:  ХХI ғасырға көзқарас. Алматы. 2000ж.

6. Дорнбуш Р.  Макроэкономика. Алматы. 1997ж.

7.Мәдешев Б.  Нарық экономикаға кiрiспе.- Алматы, 1993ж.

8. Нүрпейiсов Ж. Экономикалық теория негiздерi, Ақмола.1996ж.

9. Ермаков В.  Қазақстан қазiргi дүние әлемiнде,  Алматы. 2002ж.

10.Досмағанбетов Н. С. Оқу – әдістемелік кешен. АСТАНА .2009ж

11.Экономикалық саясат. Алматы. 2002ж.

12.Алшанов Р. Қазақстан және даму үрiсi. Алматы.2003ж.

13.Сәбден О. ХХI ғасырға қандай экономикамен кiремiз. Алматы. 1997ж.   14. Жалпы экономикалық теория. Жауапты ред. Шеденов І. Алматы,2002.




Информация о работе Макроэкономиканың пәні және әдісі