Материалдық емес активтер және амортизациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 22:10, курсовая работа

Описание

Осы курстық жұмыстың тақырыбы “Айналымнан тыс активтер” болып табылады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 18.09.2002 ж. №438 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шотының І-бөлімі «Айналымнан тыс активтер» деп аталады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста «Айналымнан тыс активтер» бөліміне жататын келесідей мәселелер қарастырылды: бірінші бөлімінде «Материалдық емес активтер» және «Материалдық емес активтердің амортизациясы», екінші бөлімінде «Негізгі құралдар», «Негізгі құралдардың тозуы» және «Инвестициялар».

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................... 3
І. Айналымнан тыс активтер
1.1. Материалдық емес активтер есебі ........................................................... 5
1.2. Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі .................... 17
ІІ. Негізгі құралдар
2.1. Негізгі құралдар есебі ............................................................................... 18
2.2. Негізгі құралдардың тозуының есебі ...................................................... 25
2.3. Инвестициялар есебі ................................................................................. 28
Қорытынды ........................................................................................................ 38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 40

Работа состоит из  1 файл

Айналымнан тыс активтер.doc

— 243.00 Кб (Скачать документ)
 
 
 
 
 

 Қорытынды

        Қорытындылай келгенде, материалдық емес активтер – бұл интеллектуалды меншік  объектілерінің шартты құны жер, су, табиғат ресурстарын пайдалану  құқықтары. Олардың ерекшелігі  бұл активтердің өз маңызына сәйкес табиғи заттай  үлгісі болмауы мен ұзақ мерзім бойы пайдалануынан туындайды. Материалдық емес активтерге өндірістік үлгі түрлеріне құқықтай тауар белгілері авторлық  құқықтар табиғи ресуртарды пайдалану құқықтары тауарлы  шикізат пен қорлар биржаларындағы  орындар гудвилл кәсіпорынды  құрумен байланысты ұйымдастыру шығындары жатады. Материалдық емес активтердің соңғы түрлерінің  ерекшелігі –  кәсіпорынның   құрылтай құжаттарында  шығыстар белгіленген сомада қатысушының салымы ретінде жазып қойылуы тиіс болғандықтан, ай сайын материалдық емес активтерге бастапқы құны мен тиімді пайдалану мерзіміне негізделіп есептелген нормалар бойынша амортизация есептеледі. Егер ол белгілі болмаса онда ол онжылдық  мерзімге негізделуі мүмкін. Жарғылық қорға құрылтайшының салымы болатын материалдық емес активтердің құны мен тиімді  пайдалану мерзімі құрылтай  құжаттарында жазылуы тиіс.

        Материалдық емес активтердің амортизациясы амортизациялық қаржылар ретінде кәсіпорынның өнімі, жұмыстар мен қызметкерлердің өзіндік құны енгізіледі.

        Материалдық емес бапты жасауға кеткен шығындар анықтама мен өлшемдерге сәйкес келетін сәтке  дейін активтің бастапқы құнына кірмейді және кезең шығындары болып танылмайды.

        Материалдық емес активтерді кәсіпорынның құрылтайшылары /меншік иелері/ жарғылық капиталға салым есебінде енгізуі, сондай – ақ кәсіпорын өз қызметінің барысында сатып алуы мүмкін. Бап бойынша бастапқы бағалау кезіндегі материалдық емес активтердің құны, есептелген тозудың сомасы жекелей келтіріледі және қалдық құны  көрсетіледі. Материалдық емес активтер баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі.

         Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу  6 – «Негізгі құрал- жабдықтар есебі» БЕС-нда (Бухгалтерлік  есеп стандарттары) белгіленген тәсілдер жолымен анықталады, бірақ қолданылатын тәсіл активті қолданудан  түскен экономикалық пайданы тұтыну үлгісін көрсетеді. Егер экономикалық пайданы тұтыну үлгісін анықату мүмкін болмас, онда тіксызықты есептен шығару тәсілі қолданылады.

        Негізгі құралдарға үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, шаруашылық құрал-саймандар және т.б. қызмет мерзімі бір жылдан асқан материалдық құралдар жатады. негізгі құралдардың аналиткалық есебі арнайы тізімде тіркеуге жататын карточкаларда әрбір инвентарь объектісі бойынша жеткізіледі. Объектілердің саны аз болған жағдайда  есеп инвентарь кітабында жүргізіледі.

         Инвестиция көздері:

    а) жаңадан  жасалған құн (таза табыстың жиналған бөлігі);

    ә) амортизацияның қорлануы (накапливаемая амортизация);

          б) кредиттік ресурстар болып  табылады.

         Қаржылық инвестицияны сатып  алу барысында (брокерлік сыйақы, банк қызметі) сатып алумен байланысты шығындарға инвестиция құнын қосып құралатын сату құны бойынша бағаланады. Инвестиция мыналарға бөлінеді:

  • үлестік – жай және артықшылықты акциялар;
  • борышқорлық – облигациялар, қазыналық вексель, депозиттік

сертификаттар және т.б.    Егер инвестициялар бұрын қайта бағаланған болса, онда оны қайта бағалаудың түскен соманы аудару барысында есептен шығарып тастау керек. Бұл инвестиция бойынша бұрын жасалған қайта бағалау табыс ретінде танылады.

     Қысқа мерзімді инвестицияны ұзақ мерзімділік категориясына көшіру мыналармен жүзеге асырылады:

а) ағымдағы сату құнының төмен бағасымен; 

ә) егер ол бұрын осы құнмен көрінген болса, ағымдағы құнмен.

      Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: : 

  1. Назарова  В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» - Алматы, «Экономика» 2005
  2. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» - Алматы, 2003ж.
  3. Кеулімжаев Қ.К., Әжімбаева Н.З., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә.  «Қаржылық есеп» - Алматы, «Экономика», 2005ж.
  4. Ертісбаев Е.Қ. «Сауда кәсіпорынның экономикасы» - Қарағанды, 2003ж.
  5. К.Ә. Китебаева «Бухгалтерлік есеп принциптері» - Қарағанды 2002ж.
  6. Кривогузова Н.А. «Экономикалық талдау» - Қарағанды, 2004
  7. «Бухгалтер бюллетені» журналы, №3-4, қаңтар 2005ж., «БИКО» баспа үйі
  8. «Нормативные акты» - №12 (192),»Қаржы-қаражат», 2003
  9. «Библиотека бухгалтера и предпринимателя» - №7 (156), шілде 2003ж., «БИКО» баспа үйі

Информация о работе Материалдық емес активтер және амортизациясы