Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 06:32, реферат
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады.
Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес.
Кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін, ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
Кіріспе
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады.
Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес.
Кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін, ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері.
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
жарғылық капитал;
резервтік капитал;
бөлінбеген пайда.
Mеншікті капиалдың есебі
Біздің отандық тәжірибеде кәсіпорынның меншікті капиталының құралы көздері болып мыналар саналған:
Жарғылық капитал, резервті қор, арнайы бағыттағы қорлар, мақсатты қаржыландыру мен салымдар, жалгерлік міндеттмелер, баланс пассивінің I-бөлімінде көрсетілген бөлінбеген табыс, сонымен қатар құрылтайшылармен есеп айрысулар, тұтыну қорлары, алдағы кезең шығындары мен төлемдер резервтері, күмәнді қарыздарбойынша резервтер, қосымша төленген капитал, қосымша төленбеген капитал, резервті капитал жіне бөлінбеген табыс.
Меншікті капиталды зерттегенде өзіндік айналымдағы қаражаттарындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильдік сипаттағы құндылықтарда бекітілмегендігін және осы қаражаттарды неғұрлым азды-көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы анықталады.
Кәсіпорын мулкінің құрамы
Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы акгивтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналымнан тыс) активтер» және «айналымдағы активтер» деп екіге бөлінеді.
Heгiзгі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпорынньң материалдық-техника- лық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет аткаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салым- дар, тауарлы-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтер жатады.
Кәсіпорындар өздерінің қызмет аткаруы барысында меншігіндегі қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.
Меншік иесінің құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлiнeдi:
- Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
- Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (улестері).
Жарғылық Қор мөлшepi ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметті аткарушы органдарында тipкeлyi керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер eнгiзiлгeннeн кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Қосымша төленген капитал — қоғамның өзінің акцияларын олардьң атаулы (номиналдық) құнынан артық; бағаға өскен жағдайда пайда болған айырмашылығынан туындады.
Қосымша төленбеген капитал – кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын кайта бағалаған уакыттағы олардьң құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.
Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал - келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншікті капиталының бip бөлігі болып табылады. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капиталдын мөлшері мен құрылу капиталы Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі).
Бөлінбеген пайда (табыс) – кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегіріп тастағандағы калған бөлігі болып табылады.
Жарғылық капиталдың eceбi
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жәй және артықшылығы бар) акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, серіктестік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігінен тіркеуден өткiзiлyi тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды коғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқы бар.
Кәсіпорындарда жарғылық капиталдың есебі «Жарғылық қор» бөлінеді:
«Жай акциялар»;
«Артықшылығы бар акциялар»;
«Қайтарылып алынған капитал» деп аталатын шот акционерлік қоғамның акционерлерден сатып алған акцияларының есебін жүргізу үшін арналған. Бұл жағдайда кәсіпорын акционерлерден өз акцияларын сатып алған уакытында бухгалтерлік есепте: Дт: «қайтарылып алынған капитал» шоты; Кт: «Ақшалар» шоты түрінде екі жақты жазу жазылады. Егер акционерлік қогам өз акцияларын айналымнан алып тастаған уақытта, айналымнан алынған акцияның құнына: Дт: «Қарапайым акциялар» немесе «Артықшылығы бар акциялар» шоты, Кт: «Қайтарылып алынған капитал» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Осы айтылғандармен қатар кәсіпорындарда «Қосымша төленген капитал» деп аталатын шотта коғамның өз акцияларын атаулы (номиналдық) бағасынан жоғары бағамен сату барысында пайда болған сомалары, ал «Қосымша төленбеген капитал» деп аталатын шотта акшаның құнсыздануына және тағы да басқа жағдайларға байланысты ұйымнын «негізгі құралдарын», инвестицияларын, сондай-ақ басқа да активтерін қайта бағалау нәтижесінде пайда болған капиталдың өсу сомалары есептелінеді. Жоғарыда айтылып өткендей қоғам өз акцияларын номиналдық бағасынан жоғары бағамен сатқан уақытында ақшалардың келіп түсүіне қарай:
Дт: «Ақшалар» шоты;
Кт: «Қосымша төленген капитал» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Кәсіпорынның акционерлерден акцияларды олардың атаулы (номиналдық) бағасынан төмен бағамен сатып алуынан пайда болған айырма сомаға:
Дт: «Қайтарылып алынған капитал» шоты; Кт: «Қосымша төленген капитал» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы жарғылық капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ | Операциялар мазмұны | Дебитгелетін шот | Кредиттелетін шот |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | үлес қосушылар мен салымшылардың акционерлік қоғамның жарғылық қорына қосқан үлесінің сомасы | 511 | 501, 502 |
2 | Серіктестіктердің (акционерлік қоғамдардан басқа) жарғылық қорының қосқан пайлар және басқадай үлестер есебінен құрылуы (қалыптасуы) | 101-106, 121-126, 201-208, 221-224, 421-423, 431,432, 441,451, 452 | 503 |
3 | Серіктестіктердің (акционерлік қоғамдардан басқа) жарғылык қорының акционерлердің шығып кетуі себебтен азаюы | 503 | 101-106, 121-126, 201-208, 221-224, 421-423, 431,432, 441,451,452 |
4 | Кәсіпорынның өзінің акцияларының ай- налымнан шығарылғандарының құнына | 501, 502 | 5 21 |
5 | Серіктестіктердің (акционерлерден басқа) қоғамның жарғылық қорына қосқан пайлары және басқадай үлестеpi қайтарылды | 503 | 431,432, 441, 451,452 |
6 | Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және басқа да салымшылардын акционерлік қоғам жарғылық қорына қосуға тиісті қарыздары | 511 | 501, 502 |
7 | Жарғылық қорга шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың оң курстык (бағамдық) айырмашылыққа байланысты өcyi | 511 | 725 |
8 | Жарғылық қорға шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардын тepic курстык (бағамдық) айырмашылыққа байланысты кемуі | 844 | 511 |
9 | Үлес қосушылар мен құрылтайшылардын және салымшылардын ақшалай түрде қосқан үлес сомаларының келіп түcүi | 431,432, 441, 451,452 | 511 |
10 | Үлес қосушылар мен құрылтайшылардын және салымшылардын акционерлік қоғамға материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, тауарлар турінде қосқан үлестерінің кіріске алынуы | 101-106, 121-126, 201-208, 221-223 | 511 |
11 | Акционерлік қоғамньң акционерлерден сатып алған өзінің акцияларының құнына | 521 | 431,432, 441,451,452 |
12 | Сатылып алынған акциялардың сатып алу және атаулы құнынын арасындағы айырмашылығының сатып алынған уақытында көрсетілуі: егер акциялар өзінің атаулы құнынан төмен бағаға сатылып алынса; егер акциялар өзінің атаулы құнынан жоғары бағаға сатылып алынса | 521 561 | 561 521 |
13 | өзінің атаулы құнынан жоғары бағаға сатылған акциялардын айырма сомасы | 334, 441, 451,452 | 531 |
Бөлінбеген пайда (жабылған зиян) eceбi
Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалган сомасы eceпті жылдың «бөлінбе- ген пайдасы (жабылмаған зияны)» болып табылады. Ұйымдарда «бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянның)» eceбi:
«Ecептi жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)»;
«Өткен жылдардағы бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» деп аталатын шоттарда жүрізіледі. Бөлінбеген пайда көбейгенде «Eceпті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шоты кредиттеледі, ал керісінше бөлiнбeгeн пайданың жұмсалуы немесе осы жылғы шеккен зиян «Eceптi жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шотының дебитінде жазылады.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестікті қалыптастыру, құқық және міндеттерінің тәртібі анықталған. Азаматтық кодекстің 58-бабында шаруашылық серіктестігі жарғылық капитал құрылтайшыларының үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым ретінде сипатталады, ал өзінің қызмет процесінде жасаған, жинаған немесе құрған мүлік жеке меншігіне жатады. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталындағы салым ақшаға ақшалай қаражат, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқық, оның ішінде ақыл-ой меншігі және басқа нәрселер жатуы мүмкін.