Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамасы мен оның есебінің міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 21:11, курсовая работа

Описание

Экономикалық ғылымдардың барлығы бір - бірімен байланысты болса да олардың ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын зерттеуде бірден - бір негіз болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

меншік капиталы.doc

— 124.50 Кб (Скачать документ)

1 ақпан 

 Д  2410 Көлік құралы...................................................................................450 000

 К  3310 Жеткізушілер мен медігерлердің  қысқа мерзімді кредиторлық қарыздары............................................................................................................370 000

 К  5020 Балтабаев капиталы..........................................................................80 000

     Серіктестікте пайда мен зиянды бөлу.

     Серіктестікте пайда мен зиянды бөлу серіктестіктің келісім-шартында көрсетілген кез келген әдіспен жүргізіледі. Серіктестіктің пайдасы ереже бойынша үш бөлімге бөлінеді:

1. әріптестер  капиталдары (салынған капиталға  пайыз ретінде қарастыруға болады)

2. әріптестермен  көрсетілген қызметтерге өтем (әріптестердің  еңбекақылары ретінде қарастыруға  болады)

3. коммерциялық тәуекелден қосымша пайда.

     Пайданы мұндай үш бөлімге бөлу әр әріптестің серіктестікке қанша салғанын көрсетуге мүмкіндік береді.

     Пайданы бөлудің бірнеше әдістері бар:

1. бекітілген  пропорция бойынша 

2. салынған  капиталдың ара салмағы бойынша

3. жалақының  мөлшерінен тәуелді және бекітілген  пропорция бойынша капиталдан  пайыздар.

     Табысты бөлудің әртүрлі нұсқауларын қарастырайық.

     Бекітілген пропорция әдісі. Егер барлық әріптестердің салымдары бірдей көлемде болса, онда олар пайданың тең үлестерін алады.Бірдей салымдар әртүрлі нысанда болуы мүмкін. Мысалға, барлық әріптестер бірдей капитал салулары мүмкін немесе біреуі қызметіне көп уақыт бөліп басқару бойынша көптеген мүмкіндіктерді иеленуі мүмкін, ал енді біреуі көп капитал салуы мүмкін. Егер әріптестер серіктестікке әртүрлі салым салса, онда пайданы бөлу де әртүлі жүргізіледі.

     Ахметов пен Балтабаев өткен жылы 1 400 000 теңге пайда алды. Серіктестіктің келісім-шарты бойынша пайда мен зиянды бөлу 60% және 40% пропорция бойынша Ахметов пен Балтабаевқа тиесілі.

30 маусым 2006 жыл 

 Д  5410 Таза пайда.......................................................1 400 000

 К  5020 Ахметовтың капиталы ( 1 400 000*60%) .......840 000

 К  5020 Балтабаевтың капиталы (1 400 000*40%).......560 000

     Салынған капиталдың ара салмағы әдісі. Ахметов пен Балтабаев 1 250 000 теңге капиталмен серіктестік құрды. Ахметов 650 000 теңге, Балтабаев 600 000 теңге салды.

     Егер серіктестіктің қызметіне салынған капитал пайданың ең көп бөлігін берсе, онда пайда мен зиян салынған капиталға сәйкес бөлінеді.Бұл екі жақты талданады:

1. Әр  әріптестің салған капиталы шоты  бойынша жыл басына қалдық  негізінде (қосымша салымдар мен  алымдарды есептемегенде):

 30 маусым 2006 жыл

 Д  5410 Таза пайда ...............................................................1 400 000

 К  5020 Ахметовтың капиталы (1 400 000*65/125)...............728 000

 К  5020 Балтабаевтың капиталы (1 400 000*60/125)............672 000

2. Осы  шоттар бойынша орташа жылдық  қалдықты қолдану негізінде:

     Егер әріптестер жыл бойы олардың капиталдағы үлестері өзгеруі мүмкін деп санаса, онда пайда мен зиянды бөлу әр әріптестің капиталындағы үлесі орташа салмақтандырылған негізде жүргізіледі.

     2005 жылы 1 қарашада Балтабаев 100 000 теңге, ал 2006 жылы 1 қаңтарда Ахметов 100 000 теңге алды. Сонымен қатар, 2006 жылы 1 қаңтарда Балтабаев қосымша 80 000 теңге салды. Орташа капиталдың жылға есебі:

 Әріптес  Кезең 

(ай,жыл)  капитал Айлар саны Капитал*ай  Орташа капитал 

 Ахметов 

Балтабаев

Капитал орташа жинағы

07.01.12.01.

01.02.06.02.  

 07.01-10.01

11.01-01.02

02.02-06.02 650 000

550 000

 600 000

500 000

580 000 6

6

12

4

 3

5

12 3 900 000

3 300 000

7 200 000

2 400 000

1 500 000

2 900 000

6 800 000  

600 000  

566 670

1166670  

 Капиталдағы  пайыздық қатынас: 

 Ахметов= 600 000/1 166 670=51,4% Балтабаев=566 670/ 1 166 670=48,6%

 Пайданы  бөлу бойынша бухгалтерлік жазу:

30 маусым 2006 жыл 

 Д  5410 Таза пайда ..................................................................1 400 000

 К  5020 Ахметовтың капиталы (1 400 000 * 0,514)...............719 600

 К  5020 Балтабаевтың капиталы (1 400 000*0,486).................680 400

     Жалақының мөлшерінен тәуелді және бекітілген пропорция бойынша капиталдан пайыздар әдісі.

     Назарға салымдардың бірдей емес екенін ала отырып, кейбір серіктестіктер әріптестерге еңбекақы мен салынған капиталға пайыздар тағайындайды. Олардың комбинациясы пайданы бөлуде есепке алынады. Пайыздар мен еңбекақы пайданы анықтаған уақытқа дейін шығын ретінде қарастырылмайды.

     Ахметов пен Балтабаев салынған алғашқы капиталынан 10 пайыз алуды шешті, сонымен қатар еңбекақы (Ахметов 700 000 тг және Балтабаев 600 000 тг). Қалған табыс немесе зиян тең бөлінуі керек. Жалпы пайда 1 400 000 тг құрады.

    Еңбекақы мен пайыздарды бөлгенен кейін пайданы бөлуде теріс сома пайда болуы мүмкін. Ол серіктестіктің келісім шартында көрсетілген пропорцияға сәйкес жабылуы керек.

 Әріптестер  Бөлінетін пайда 

 Ахметов  Балтабаев 

 Бөлінетін  пайда 1 400 000

 Еңбекақыны  бөлу 700 000 600 000 1 300 000

 Еңбекақыны  бөлуден кейінгі пайда 100 000

 Салынған  капиталға пайызды бөлу:

 Ахметов  (650 000 * 10%) 65 000 60 000 125 000

 Балтабаев  (600 000 * 10%)

 Пайыздар  мен еңбек ақыны бөлуден 

 кейінгі  пайда соммасы -25 000

 Қалған  соманы тең бөлу -12 500 -12 500 25 000

 Жиыны  752 500 647 500 1 400 000  

 Пайданы  бөлу бойынша бухгалтерлік жазу:

 Д  5410 Таза пайда ...............................................................................1 400 000

 К  5020 Ахметовтың капиталы ..............................................................752 500

 К  5020 Балтабаевтың капиталы ............................................................647 500

 Серіктестікті  тарату (қайта тіркелу).

     Серіктестікті тарату оның бастапқы құрамында өзгерістер орын алғанда жүргізіледі. Жаңа әріптесті қабылдау соңынан серіктестікті таратуға әкеліп соғады, себебі ол жаңа ассоциация ұйымдастырады. Бұрынғы серіктестікті тарату мен жаңасын құру тек алдыңғы қатысушылардың келісімімен жүргізіледі. Тұлға серіктестікке екі әдіспен қабылдануы мүмкін:

1. бір  немесе бірнеше бұрынғы әріптестердің  капиталының үлесін сатып алу  жолымен; 

2. серіктестіктің капиталына салым салу жолымен;

 Әріптестің  капиталының үлесін сатып алу.  Әріптес Ахметов өзінің үлесіндегі 700 000 теңгені 1 000 000 теңгеге Рахимбековқа  сатпақшы болды. Балтабаев бұған  келісті. Бухгалтерлік жазу келесідей  болады:

31 тамыз 

 Д  5020 Ахметовтың капиталы ..........................................................700 000

 К  5020 Рахимбековтың капиталы......................................................700 000

 Серіктестікке  капитал салу. Әріптестер Ахметов  пен Балтабаев Рахимбековты егер ол 750 000 тг салса ғана қабылдамақ.

31 тамыз 

 Д  1010, 1040 Ақша қаражаттары ................................................750 000

 К  5020 Рахимбековтың капиталы...............................................750 000

 Алдыңғы  әріптестерге сыйақы. Кейде, бұрынғы әріптестер жаңа әріптесті қабылдай отыра оның үлесін анықтап одан сыйақы алуы мүмкін. Жаңа әріптес 1 000 000 тг салуды қалайды, ал оның капиталдағы үлесі 800 000 тг құрайды. 200 000 тг артықшылық алдыңғы әріптестерге сыйақы болады. Егер сыйақыны бөлу тәртібі келісім шартта қарастырылмаса, онда сыйақы пайда мен зиян сияқты бөлінеді.

 Ахметов  пен Балтабаев серіктестікте  бірнеше жыл жұмыс істеді және  келесі капиталды иеленді. 

 Әріптес  Капитал(тг) Үлес 

 Ахметов  1 600 000 55%

 Балтабаев  1 400 000 45%

 Жиыны  3 000 000 100%

 Рахимбеков  осы серіктестікке қосылғысы  келеді және 1 желтоксанда 1 000 000 тг  әріптестер капиталының бестен  бір бөлігін салуды ұсынады. 

 Алғашқы  әріптестерге сыйақы есебі: 

5020 Алғашқы  әріптестердің капиталдары ...................................3 000 000

5010 Рахимбековтың  салымы .........................................................1 000 000

5020 Жаңа  серіптестіктің капиталы ...............................................4 000 000  

 Алдыңғы  әріптестерге сыйақылар:

5010 Рахимбековтың  салымы...................................................................1000 000

 Минус:Рахимбековтың  капиталының үлесі( 4 000 000*1/5).. 800 000...200 000  

 Сыйақыны  бөлу:

 Ахметов  (200 000*55%)...................................................................110 000

 Балтабаев  (200 000*45%)...................................................90 000...200 000

 Серіктестікке  Рахимбековтың 1 000 000 салымы тіркелгенде  келесі жазу жазылады:

1 желтоқсан 

 Д  1010, 1040 Ақша қаражаттары.....................................................1 000 000

 К  5020 Ахметовтың капиталы............................................................110 000

 К  5020 Балтабаевтың капиталы............................................................90 000

 К  5020 Рахимбековтың капиталы.......................................................800 000  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  

2.2 Эмиссиялық кіріс  және сатып алынған  жеке меншік үлестік  аспаптар есебі 

Эмиссиялық  кіріс дегеніміз- акционерлік қоғам  өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық кірісі). Мұндай капиталдың есебі 5110 «Эмиссиялық кіріс» шотында жүргізіледі.

 Эмиссиялық  кіріс шоты акционерлермен дивиденд  түріндегі бөлуге жатпайды. Басқаша айтқанда, эмиссиялық кірістің ақшалай эквиваленті алынғаннан кейін ол компанияда қалады.

Информация о работе Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамасы мен оның есебінің міндеттері