Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2012 в 22:59, реферат
Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.
Шығындар -- бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
* өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
* өндірісті ұлғайтуға және жақартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жақа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;
* өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.
Тақырыбы: Кәсіпорындардың шығындары, олардың түрлері және оларды талдау,
өндірілетін өнімнің өзіндік құнын талдау,өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары.
Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.
Шығындар -- бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
* өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
* өндірісті ұлғайтуға және жақартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жақа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;
* өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.
Өндірістік шығындардың жіктелуіСьшыптау белгілері Сыныптау белгілері Шығындардың бөлшектенуі
1 Экономикалық элементгер Шығындардың экономикалық элементтері
2 Өзіндік құнның статьялары Өзіндік құнның
калькуляция статьялары
3 Технологиялықпроцестерге қатыстылығы Негізгі, қосымша
4. Құрамы Бірэлементтік, кешенділік
5. Өнімнің өзіндік құнына қатысудың тәсілі Тікелей, жанама
6. Өндірістік процестегі ролі Өндірістік, өндірістен тыс
7. Мақсатқа сәйкес жұмсау Өндірістік, өндірістік емес
8. Жоспарға қатысумүмкіншілігі Жоспарлы, жоспарсыз
9. Өігімнің көлеміне қатысы Тұрақты, ауыспалы
10 Шығу мерзімділігі Күнделікті, бір жолғы
11. Дайын өнімге қатысы Аяқталмаған
өнімге кететін шығындар, дайын өнімнің
шығындары
Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т.б.
Ауыспалы шығындар -- бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, Шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі және т.б. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтың елеулі маңызы бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.
Шығындар зкономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады. Экономикалық шығындар деп кәсіпорңның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (анық немесе ақшалық) ішкі (күңгірттік немесе өзінен-өзі түсінікті). Сыртқы шығындар -- бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері; шикізаттар төлемдері, материалдар, отынеңбекақы, тозуды есептеу және т.б. Бұл топтағы шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Кәсіпорынның ішкі шығындары күңгірт, өзінен өзі түсінікті сипаттамада болады. Олар кәсіпорын иелерінің қарамағындағы ресурстарды өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсетеді: жерді, ғимараттарды, олардың жеке еңбектері және т.б. үшін кәсіпорын ресми төлемейді.
Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі -- өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық мазмұны -- жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы -- бұл шығындардың басты статьялары.
Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жаряаларын жасау -- бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды.
Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері: пайда және пайдалылығының деңгейі мен серпінін анықтайды. Өзіндік құнның маңызы оның орындалу функцияларымен анықталады.
1. Өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі, өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.
2. Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.
3. Өзіндік құнның негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.
Кәсіпорынның өзіндік құны, жалпы табысы және пайдасы Жалпы табыс
Материалдық шығындар Еңбекақы Пайда
Өндірістің шығындары (өзіндік құн) Таза табыс
Өткізу көлемі
Бұл айтылғандардан өнімнің өзіндік құнына деген көзқарасты төмендетуге болмайтындығын көруге болмайды. Өзіндік құнның деңгейіне кәсіпорынға қатысы бар жәнеқатысы жоқ факторлар ықпал етеді Мысалы, кәсіпорынға табиғи жағдайлар, оның ішінде шикізат көздерін және өнім тұтынушыларда территориялық қашықтығы, шикізатқа баға деңгейі, отын, жабдықтар, электроэнергия және көлік тарифтері және т.б.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен топтастырылады:
* шығындардың бастапқы элементтерімен;
* пайда болу және міндет жүктеу сипатымен.
Экономикалық элементтердің шығыстарын топтастыру өндіріс шығындар сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл топтастырудың мәні -- әрбір шығынның элементі өнімнің өзіндік кұнының жиынтығына қосылады. Сонымен, мына төмендегі шығын элементтері бөлінеді:
* материалдық шығындар (кайтарылма қалдықтар құрамынан шегеру);
* еңбекақыға жұмсалған шығындар;
* әлеуметтік сақтандыруға аударым;
* зейнетақы қорына аударым;
* жұмыспен қамтылу қорына аударым;
* амортизация;
* басқа да шығындар.
Қолданылған әдбиеттер тізімі:
1. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.: Финансы и статистика, 2001-416с.
2. Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учеб. пособие. - М.: Инфра-М, 2001-222с.
3. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник:М.: ИНФРА-М, 2002. - 336с.
4. Дүйсембаев К.Ш. Анализ финансовый отчетности: Учебник. - Алматы: Экономика, 2009, 366с.
5. Дүйсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и методология. - Алматы: Экономика, 2000.-294с.
6. Дүйсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2005.- 128с.
7. Любушин Н.П., Лещева В.Б., Дьякова В.Г., Анализ финансово-экономической деятельности предприятия: Учеб. Пособие для вузов/Под ред. проф. Н.П. Любушина. - М.: ЮНИТА-ДАНА, 2001. -471с.
8. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С., Негашев Е.В. Методика финансового анализа. - М.: Инфра - М, 2002.-208с.
9. Журавлев В.В., Савруков Н.Т. Анализ хозяйственно - финансовой деятельности предприятия. Конспект лекций. - СПб.: Политехника, 2001.-127с.
10. Методика анализа показателей эффективности производства: Уч.пос., изд. 2-ое доп. и перераб./ Под ред. проф. Э.А. Маркарьяна. - Ростов н/д: Издательский центр «МарТ», 2001. -208с.
11. Любушин Н.П., Лещева А.Б., Сучков Е.А. Теория экономического анализа: Учебно- методический комплекс. - М.: Экономист, 2004.-480с.
12. Герасименко Г.П. и др. Управленческий, финансовый и инвестиционный анализ: Практикум. - Ростов н/Д: Издательский центр «МарТ», 2002.160с.
13. Бачаров В.В. Финансовый анализ. - СПб: Питер, 2005.-240с.
14. Дроздова Н.В., Дроздов В.В. Экономический анализ. Практикум. - СПб: Питер, 2006. -240с.
15. Анализ финансово-хозяйственной деятельности: Учебно- методическое пособие/ под.ред. И.А. Налетова, М.: ИНФРА-М, 2006.-124с.
16. Анализ и диагностика финансово-хозяйственной деятельности предприятия/Под ред. Т.Б. Бердникова М.: ИНФРА-М, 2007. - 212с.
17. Финансовый анализ: Учебное пособие/ Под.ред. Е.А. Ефремова. - Томск: ТУСУР