Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 11:27, курсовая работа
Менің курстық жұмыс тақырыбы бүгінгі таңда өзекті, себебі басқарушылық есеп - бұл идентификация, өлшеу, жинау, талдау, жіктеу және қандай да бір объектіні басқаруға қажетті ақпаратты тапсыру, яғни өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау. Бұл кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды.
Кіріспе
1. Шығындар есебi мен өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерi
1.1 Шығындар түрлері
1.2 Калькуляцияның жалпы түсiнiгi
1.3 Қазақстанда қолданылатын шығындар есебi мен өнiмнiң өзiндiк
құнын калькуляциялау әдiстерi
2. Калькуляция баптары бойынша өндірістік шығындар есебі
2.1 Өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
2.2 Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі
2.3 Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі
Қорытынды
Пайдаланаған әдебиеттер тізімі
Ауытқулардың жалпы себептерi төмендегідей болуы мүмкiн:
· қаржылық жоспарлаудың нашар болуынан;
· өлшемнiң және жазбаның нашар болуынан;
· кездейсоқ факторлар;
· операциялық факторлар.
Материалдар бойынша ауытқулары келесідей себептерден болуы мүмкiн:
· қамтамасыз ету көздерiнiң түрлi болуынан;
· бағаның кездейсоқ өзгеруiнен;
· жабдықтаушылар тарапынан жеңiлдiктердiң өзгертiлуiнен;
· материалдардың түрлi сорттарын ауыстырудан:
· өнiмнiң дизайндарының өзгеруiнен және т.б.
Еңбек шығындары бойынша ауытқулары төмендегідей себептерден болуы мүмкiн:
· нормадан тыс уақыттан немесе жоспардан тыс сыйлықтардан;
· түрлi қиындық дәрежелі жұмыстардың ауыстырудан;
· еңбек жағдайын жақсартудан, сонымен қатар бақылауды
жақсартғаннан;
· материалдық ынталандыру жүйесiн енгiзуден немесе
қызметкерлердi оқытудан.
Айнымалы үстеме шығындар бойынша ауытқулардың себептері төмендегідей болуы мүмкін:
· үстеме шығындар статьялары бойынша кездейсоқ бағалардың өзгеруi;
· үстеме шығындарды айнымалы және тұрақты шығындарға
дұрыс бөлiмбеуі.
Тұрақты үстеме шығындар бойынша ауытқулардың себептері төмендегідей болуы мүмкін:
· үстеме шығындар статьялары бойынша кездейсоқ бағалардың өзгеруi;
· маусымдық әсерiнен (жылыту - қыста);
· сұраныстың өзгеруіне байланысты өндiрiс көлемiнiң өзгеруi;
· еңбек және жабдықтардың өнімділігінің өзгеруi.
Өнімді сатудан түскен табыс бойынша ауытқулардың себептері келесідей болуы мүмкiн:
· бағаның кездейсоқ өзгеруi;
· сұраныстың өзгеруi.
Ауытқуларды талдағанда төмендегі жағдайға назар аудару қажет: бір ауытқудың себебi екiншi ауытқуға сол сияқты немесе керi әсерiн тигiзуi мүмкiн. Бұл жағдайда, егер бiр ауытқу екiншi ауытқуды тудырса, онда осы 2 ауытқуларды бiрiктiрiп бiр себеппен түсiндiруге болады.
Қорытынды
Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет.
Шығындарды жіктеу әр түрлі белгілер бойынша жүргізіледі: өндіріс процесіндегі экономикалық рөл (негізгі және қосымша); өнімнің өзіндік құнына кіргізу әдісі (тікелей және жанама); өндіріс көлеміне қатысты (өзгермелі және тұрақты).
Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. Шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі. Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі обьектілерінің бірі болып табылады.
Шығындар – шаруашылық іс-әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдары мен керек-жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге алынған) тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, «шығындар» ұғымы «өндіріске шыққан шығындар» дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан шығындар - өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру барысында тұтынылған ресурстар бөлігі.
Өнiмнiң өзiндiк құны – өндiрiске және өнiмдi сатуға кеткен ақшалай түрiндегi шығындарды айтамыз.
Калькуляциялау дегенiмiз - өнiмнiң өзiндiк құнын есептеу немесе өнiмнiң бiр өлшемiнiң өзiндiк құнын есептеу болып табылады.
Тапсырыстық калькуляция келесiдей принциптер есебiн және шығындар жиынтығын қарастырады.
Бiрiншi принцип. Барлық тiкелей шығындар әрбiр тапсырыс, өндiрiстiк наряд немесе контракт бойынша есепке алынады.
Екiншi принцип. Қалған барлық шығындар туындау жерi бойынша және қабылданған бөлiп тарату базасына сәйкес калькуляция бiрлiгiнiң өзiндiк құнына енгiзiледi.
Өзiндiк құнды калькуляциялаудың процестiк әдiсi сериялық, және жаппай өнiм өндiретiн кәсiпорындарында қолданады. Бiр тектi бұйымдар белгiленген реттiлiкпен барлық өндiрiс этаптарынан өтедi, сондай-ақ бұл этаптар процестер деп аталады. Осы әдiс химиялық, цемент, мұнай өңдеу текстильдi және басқа да өндiрiс салаларында қолданылады. Сонымен қатар процестiк калькуляцияны әртүрлi өнiм дайындайтын кәсiпорындар да қолдану мүмкiн, бiрақ өндiрiс процесi тұрақты қайталанатын операцияларға бөлiну керек.
Өндiрiс процесiне қатар шығындардың жинақталуы мен өнiмнiң өзiндiк құнының өзгерiсi жүргiзiледi. өндiрiс процесiнде өзiндiк құн жинақталады және соңғы бөлiмшенiң шығындары жалмы шығындар сомасын анықтайды.
Өзiндiк құнның нормативтiк калькуляциясы (standart-costing) - бұл бақылау әдiсi, ол нормативтiк шығыс пен табысты iс-жүзiндегi шығыс және табыс пен салыстырады. Бұл калькуляциялаудың әдiсi өндiрiстi бақылауды қамтамасыз ету және басқару қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау, сондай-ақ сметаларды жасау мақсаттары үшiн қолданылады.
Шығындар есебiнiң нормативтiк әдiсiнде орталық элементi ретінде өнім бірлігінің өзiндiк құн карточкасы болып табылады. Әдеттегiдей ол 3 негiзгi өзiндiк құн элементтерден тұрады: негiзгi материалдар, тiкелей еңбек шығындары және өндiрiстiк үстеме шығындар. Бұл карточканың шығындары iс-жүзiндегi шығындармен салыстырылады.
Нормативтiк шығындардан ауытқу
– бұл жоспарланған немесе нормативтiк
шығындарды iс-жүзiндегi шығындармен
салыстыруда туындаған
Пайдаланаған әдебиеттер тізімі
1. ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Заңы. 28.02.2007 жыл.
2. Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары. ҚР қаржы Министрінің бұйрығы. 23.05. 2007 ж., № 185.
3. Мадиева К.С. Басқару есебі 1. Оқулық құрал. – Қарағанды 2009.
4. Өндіріс саласындағы бухгалтерлік есеп – оқулық/ Мадиева Қ.С. Қарағанды, КЭУ 2008.
5. Апчерч А. Управленченский учет: принципы и практика: Пер.с анг./ Под ред Я.В.Соколова, И.А.Смтрновой- М.: Финансы и статистика, 2002.
6. Друри К. Управленческий и производственный учет / Пер с англ. Учебник- М.:ЮНИТИ-ДАНА, издание 6, 2007
7. Назарова В.Л., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі: Оқулық –Алматы: Экономика,2005
8. Хонгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: управленческий аспект: пер с англ, под ред. Я.В.Соколова М: Финансы и статистика, 1995
9.Аврова И.А. Управленческий учет. – М.: Бератор-Пресс, 2003.
10. Кукукина И.Г. Управленческий учет: Учебное пособие-М.: Финансы и статистика, 2004.
Информация о работе Өндірістегі шығындардың құрамы мен жіктелуі