Негізгі құралдарға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2011 в 19:57, реферат

Описание

Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады.

Работа состоит из  1 файл

НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ.docx

— 53.59 Кб (Скачать документ)

Активтік операциялардың ақталмаған тәуекелдіктің орнын жабу үшін нақтырақ айтқанда, шығындардың орнын толтыру үшін банк меншікті капитал резервін қүруға мәжбүрлі.

Бұл банктің  тәуекелдігін ескере өлшенген және өлшенбеген активтер шығындарға айналып кеткен жағдайда банк капиталының кызмет етуін қамтамасыз етеді.

Егер банк меншікті қаражаттарды тиімді басқара білетін  болса, онда   банк   осылардың   көмегімен  табыстылықты   көтеріп   және салымдардың сақталуын қамтамасыз етеді. Табыс деңгейін қаражат-тарды кысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздардан ссудалар беруге   жұмсауға   алмастйру   жолымен   кол   жеткізуге   болады. Өтімділікке деген косымша қажеттілік немесе міндетті резервтерді көбейту несиелік қоржынын ңемесе бағалы кағаздардың бір бөлігін қолма-қол   ақшаға   ауыстыру   жолымен   қағаттандырылады.   Егер менеджер салым тартумен байланысты мәселелерді шешсе, онда ол тартылған   каражаттардьі   қаржыландырумен   немесе   өтімділіктің талап   етілетін   көлемін   есепке   ала   отырып   несиеге   берумен айналысуына болады. Банк өзінің қысқа мерзімді қарыздар мен депозиттік шоттарын реттей отырып, өзіне өтімділікті және табыс-тың өсуін қамтамасыз ете алады. Егер банк салыстырмалы төмен пайыздық мөлшерлеме сәтінде қамтамасыз етілмеген міндеттемелер шығарса, олар соңымен жоғарырақ мөлшерлеме бойынша   табысты инвестициялау үшін қажетті арзан қаражаттар көзі  болып келуі мүмкін. Сонымен қатар, осы міндеттемелердің өзін несие бойынша лимитті  есептеудегі  және  салымдардың  сенімділігін   қамтамасыз етудегі капитал ретінде қарастыруға болады. Меншікті каражаттар-мен  коса,  банк  акцияларының  нарықтық  бағасын  жоғарылатуға және қосымша акцияларды қымбаттырақ сатуға мүмкіндік беретін дивидендтер аумағындағы саясат сияқты тиімді кұрал арқылы бас-қаруға  болады.   Бұл  табыстың  бір  бөлігін үстап   қалудан гөрі ұнамдырақ   болып   келуі   мүмкін.   Банктің   меншікті   капиталын басқару тәсілдерінің барлығы акцияларды шығару және орналас-тыру сияқты ресурстарды жұмылдыру тәсілінің баламасы болып табылады. Бұл - қымбат және банк үшін үнемі қолайлы болып келе бермейтін қаржыландыру тәсілі.

Базель келісіміне сәйкес капитал жеткіліктілігінің басты жалпы-лама көрсеткіші тәуекелдік активтер коэффициенті болып табылады:

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ  ДАЙЫНДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Қаржылық есеп беруді ұсыну пайдаланушыларды банктің  қар-жылық жағдайы, кызмет нәтижесі және есепті кезеңдегі оның жағдайының өзгеруі туралы маңызды, қажетті  және анық ақпа-ратпен қамтамасыз етеді.

Екінші деңгейлі банктер үшін жылдық қаржылық есеп берудің келесі нысандары белгіленген:

- бухгалтерлік баланс (№1 нысанда);

- табыс және  шығыс туралы есеп (Щ?2 нысанда);

- ақша қозғалысы туралы есеп (№3 нысанда);

- капиталдағы  өзгеріс туралы есеп (4 нысанда);

- түсіндірме  жазбалар.

Сонымен бірге  бұлардың құрамына тоқсан сайынғы қаржылық есептің қолданыстағы нысаны кіргізілген. Банктер сонымен қатар, ай сайынғы  және әр күндік баланеты да ұсынады. Банктер балан-старды, оған қосымшаларды және қосымша мәліметтерді екінші деңгейлі банктердің есептік-статистикалық ақпараттарын жинак-тайтын және өндейтін «Статистика» жүйесі арқылы ¥лттық банктің есептеу жұмыстары Департаментіне; ақпараттарды өздерінің қолдарында бар электрондық байланыс құралдары бойынша жіберу жолымен, сол сияқты банкілік қадағалау Департаментіне қағаз жүзінде үсынады.

Банктер, есептеу  жүмыстары Департаментіне әр күндік баланс-ты 2 жүмыс күні ішінде, ай сайынғы балансты есепті кезеңнен кейінгі айдың ішінде үсынады. Оннан асатын филиалдары бар банктер әр күндік балансты 3 жұмыс күні ішінде, ай сайынғыны есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 жұмыс күні ішінде ұсынады.

Қорытынды айналымдарды ескере отырып, жылдық есеп беруді үсыну  мерзімін Үлттық банк белгілейді.

Екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік есептілігі, жылдық бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығыстар туралы есеп түрінде қажетті аудиторлық бекітуден өткеннен кейін міндетті түрде, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына дейін жариялануы керек.

Жарияланғаны  жөніндегі мәліметтер банктік қадағалау  Департа-ментіне есепті жылдан кейінгі 15 мамырынан кешіктірілмей ұсыны-лады. Қаржылық есептілікті дайындамас бүрын, банктер жылдық есеп беруді дайындау кезеңінде қорытынды операциялар жүргізілуі кажет:

- жіктелген активтер және шартты міндеттемелер  бойынша

толық көлемде  провизия кұру;

- шетел  валютасына,  тазартылған  қымбат  металдарға  және

бағалы   қағаздар   құнына,   оның   ішінде   баланстан   тыс

шоттарға қайта бағалау жүргізу;

- филиалдармен  аралық корреспонденттік шоттарды, Қазақстан

ішіндегі  банктерде,  сол  сияқты  одан тысқары  жерлерде

ашылған корреспонденттік «Ностро» шоттарын салыстырып

тексеру, ал қорытынды  айналымдар жүргізілген жағдайда

тиісті бухгалтерлік жазуларды қүрастыру.

- негізгі құралдарды  және материалдарды түгендеу  нәтижесіне

сәйкес баланстық  шоттар бойынша бухгалтерлік жазуларды

бейнелеу;

- банк ережесіне  сәйкес сыйақы, демалыс еңбекақысы  және

т.б.жалақы бойынша есептеулер жүргізу және сәйкес бухгал-

терлік жазулар  жасау.;

- жасалған  барлық  келісімшарттарға  (депозиттер,   несиелер,

банкішілік   есеп-айырысулар   бойынша)   бухгалтерлік   есеп

принциптеріне сәйкес талдау жасау және сәйкес шоттарда

көрсету;

- мерзімі өткен активтерді және 180 күннен асатын шектелген

несиелерді және 60 күннен асатын мерзімі өткен сыйақыны

кұрылған провизия есебінен баланстан шығарып, баланстан

тыс шоттар қатарына қосу;

- сыйақыларды   төлемеу   30   күннен  асқан   кезде   несиелер

бойынша сыйақы есептеуді тоқтату;

- болашақ кезең  шығыңдары шоттарында есепте  түрған сома-

ларды салыстыру  және бухгалтерлік есеп принципіне сәйкес

банк шығындарының тиісті шоттарына жатқызу;

- болашақ кезең  табыстары шоттарындағы қалдьщтарға талдау

жасап, бухгалтерлік есеп принципі бойынша тиісті табыстар

шотына апару;

- жиналған барлық  дербес шоттар бойынша тексеріс  тізімде-

мелерін дайындау және де бүл дербес шоттарда түрған әрбір

соманы есепке алынған күнін көрсете отырып жазу.

- банктің негізгі  қызметі және күрделі салымдар бойынша

орындалған   жүмыстар   мен   көрсетілген   қызметтер   үшін

тапсырыс берушілер  сатып алушы бойынша дебиторларды

салыстырып тексеру. Осындай салыстырып тексеруді тиісті

дербес   шоттарда   есепте   түрған   кредиторлык   қарыздар

бойынша да жүргізу;

- транзиттік  шоттардағы дебиторлық және кредиторлық  шот-

тардағы барлық сомаларға (теңге және шетел валютасындағы)

талдау жасап, олардьт занды және жеке тұлғалардың  тиісті

дербес шоттарына  есепке алу бойынша шаралар қолдану;

- аяқталмаған  құрылыс бойынша орындалған жұмыс көлемін

салыстырып тексеру  және құрылыстың басынан бері кеткен

шығындар сомасын  дәлелдеу;

- дебиторлардың  шоттарында есепте тұрған сомалар бойынша

есеп беруге тиісті тұлғалардан аванстық есептерді қабылдап,

оларды   банк   шығындарының  тиісті   дербес   шоттарында

бейнелеу.

Табыс және шығыс  шоттары бойынша барлық жазбаларды жүргізгеннен кейін, қалдықтар өз араларында жабылады және 4999 «Салыққа дейінгі  кіріс» баланстық шотына апарылады.

Осы бір мезгілде 4999 баланстык, шоттан 5999 «Табыс салығы» баланстык шотында есепке алынатьін есептелінген табыс салығы-ның төленуге тиісті сомасы есептен шығарылады./Табыстың қалған бөлігі ағымдағы жылдың бөлінбеген пайдасы бойынша жеке дербес шот аша отырып 3599 «Бөлінбеген таза табыс (жабылмаған зиян)» шотына жіберіледі. Шығындардың табыстан көп болуының нәти-жесінде 4999 баланстық шотта пайда болатын дебеттік қалдықтың толык сомасы 3599 баланстық шотқа жеке дербес шот ашу арқылы аударылады.

3581 «Шетел валютасын  өткен жылдардағы қайта бағалаудың  резервтері» 3599 баланстық шотта  есептелінетін бөлінбеген таза  табыс көлемі анықталғаннан кейін,  есептік қаржылық жылдағы өз  активтерін қайта бағалаудан  жиналған оң курстық айырма  сома-сына қайта бағалау резервтері, 3582 «Тазартылған қымбат металдарды  қайта бағалаудың өткен жылдардағы резервтері», 3585 «Несиелердің валюталық баламасын теңге түрінде белгілей отырып, несиелерді кайта бағалау бойынша өткен жылдардағы резервтері» және 3586 «Салымдардың валюталық баламасын теңге түрінде белгілей отырып, салымдарды қайта бағалаудың,- өткен жылдардағы резервтері» құрылады.

Акционерлер жиналысының  шешіміне дейін 3599 баланстық шотында  есепте түрған бөлінбеген таза табыс сомасы келесі қаржылық жылдың басында 3580 «Өткен жылдардың белінбеген таза табысы» (жабылмаған зиян) баланстық шотына аударылады. Банктің жалпы акционерлері жиналысының шешімі бойынша есептік жьшдың белінбеген таза табысы келесідей мақсаттарға бөлінеді:

- жіктелмеген   активтер   сомасын   5%   кем   емес   көлемде

резервтік капиталға;

дивидендтер төлеуге;

- төленген жарғылық  капитал көлемш ұлғайтуға;

- басқа да мақсаттарға.

Дивидендтерді есептеу кезінде төленуге тиісті ақшалар 3580 шотынан есептен шығарылып, 2853 «Акционерлермен есеп айы-рысу» шотына жіберіледі. Оның қалдығы шегінде 1853 «Акционер-лермен есеп айырысу» шотында есепте тұрған, бұрын есептелген және алдыңғы тоқсан үшін төленген дивидендтер жабылады. Қалған сома акционерлердің есеп айырысу шотына аударылады. Егер қаржылық жылдың соңында банктің шығысы табысынан асып кетсе, 3599 баланстық шотында көрсетілген шығын сомасы 3580 шотында есептелінетін өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс және 3510 «Банктің резервтік капиталы» баланстық шотындағы акша есебінен жабылуы мүмкін.

Информация о работе Негізгі құралдарға