Өнімнің өзіндік құнын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 22:28, реферат

Описание

Өнімнің өзіндік құнын талдау.
Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының классификациясы.

Работа состоит из  1 файл

Өзіндік құн.doc

— 69.50 Кб (Скачать документ)

       

      2.Тікелей   еңбек

      Тікелей  еңбекті  калькуляциялау  үшін  еңбекақы  туралы  есепті  қарастыру  керек:

      а) Фирмада  6  жұмысшы  бар  делік, олар   өндіріс  процесіне  тікелей  қатысады  және  тариф бойынша жалақы  алады,  қажетті  й сайынғы 5000  тенге  сомасындағы  аударымды қосқанда:

      6 жұмысшы х 5 000 тенге/жұм.орны  = 30 000 тенге/айына

      б) Еңбекақыға  жылдық  шығын  сомасы есептелінеді:

30 000 тенге х 12 ай = 360 000 тенге/жыл

      с) Жұмыс  уақытының  жылдық  қоры есептелінеді:

47 апта  х  41 сағат х 6 жұмысшы = 11 562 сағат

      д) Тікелей  еңбектің  бір  сағаттық  бағасы  есептілінеді:

360 000 тенге/ 11 562 сағат = 31,14 тенге-сағат

      е) Нанның  бір  батон  өндірсіне  қажетті  уақыт  0,1 сағат  болса,  өнім  бірлігіне  кеткен  тікелей  еңбек  бағасын  аламыз:

0,1 сағат  х 31,14 тенге/сағат = 1,868 тенге = 3,1 тенге

      Енді  өнім  бірлігіне  тікелей  шығынды  есептеуге  болады:

      Материалдық  шығындар                                             14,0 тенге

      Тікелей  еңбек                                                                3,1  тенге

             Тікелей  шығыдардың  барлығы  / өнім бірлігіне       17,1 тенге

Жанама шығындар

      Бұл  шығындардан  басқа  фирманың  шығындары  болады, оларға: құал-жабдықты     алуға,    пайдануға   және    жөндеуге    шығындар,   өндіріс 

алаңының  арендасы,  канцеляриялық  шығындар,  коммерциялық  шығындар  және  т.б.

      Келер  жылдағы  шығындар  келесідей  дерлік:

      Ғимарат  арендасы                                    120 000

      Құрал-жабдық амортизацияы                   10  000                            

  Құрал-жабдықты  пайдалану                     5   000

      Басқада персонал еңбекаысы                    15  000

      Коммерциялық  шығындар                        6  000

      Банк  несиесіне  кредиттер                        35  000

      Жанама  шығындардың  барлығы            191 000

      Инфляция   кезінде  тікелей  және  жанама  шығындарды  инфляция  пайызына  көбейту  қажет.  Егер  инфляция   жылына  15 %  болса, онда:

      өнім  бірлігіне тікелей  шығындар  17,1 х 115% =19,67 тенгені құрайды

      жанама  шығындар 119 000 х 115%  = 219 650 тенге

      Шығындар  соммасы  өнімді  өткізу бағасына  қосылу  жолымен  өткерлуі тиіс.  Өнімнің  бір  түрлі  өндірісі  жағдайында өткерілу  өте  оңай  жүреді, бұл кезде мүмкін  болатын шығын сомасы  мүмкін  болатын өнім  өндірісіне  бөлінеді. Жоспарланған  кезеңдегі өнім  өндірісі   құрал-жабдықтың еңбек өнімділігі,  жеткізілетін  шикізат көлемі,  өткізу  нарығы және т.б.  сияқты  көптеген  көрсеткіштердің  есебін  бағалаумен  жүзеге  асырылады.

      Жоспарланған  жылға  өнім  өндірісінің  көлемі 180 000 нан бірлігі дерлік.  Бұл бізге жанама шығын және  бір батон кезеңіндегі шығындар  көлемін   есептеуге мүмкіндік береді:

      219 650 / 180 000 = 1,22 тенге/бірл

Өнім  бірлігінің өзіндік құны

      Енді  нанның  өткізілуінің  толық  өзіндік  құнын  анықтауға  болады:

      Тікелей  шығындар                                        19,67 тенге

      Жанама  шығындар                                        1, 22  тенге

      Өзіндік құн/бірл                                              20,89 тенге

      Жанама  шығындар есебінің білу қажеттілігін ескере отырып, 180 000 бірлік орнынына 50 000 нан бірлігі өткізілі дерлік

Онда өнім бірлігіне жанама шығындар көлемі мынаны құрайды:

219 650 / 50 000 = 4,393 тенге / бірл = 4,39 тенге/ бірл,

      Бұл өз кезегінде өнім бірлігінің жалпы  бағасына әсер етеді:

19,67 + 4,39 = 24,06 тенге / бірл

      Бұл жағдайда фирма өндіріс қуатын толықтай пайдаланбай отыр, өнімнің  өзіндік  құны  бірінші  жағдайға  қарағанда  көбірек  болып  отыр.

Бұл  өнім  бірлігіне  табыстың  азаюына,  өндірістің  шығындалуына,  сату  бағасының  өсуіне  әкеледі,  әрине  бұл  жағдайлар  өнімді  өткізу  көлеміне  негативті  түрде  әсер  етеді.

      Осы  жерде  тікелей  шығындарды  өнімнің  бағасының  өсуі  немесе  шығындалуға,  кәсіпорынның  бәсеке  қабілетінің  төмендемейтіндей  деңгейде  ұстау  және  бақылау  қажеттілігі  туындайды. 

      Әр  түрлі  бұйымдар  өндіретін  фирмада  жанама  шығындар  әр  түрлі  өнімдер  бойынша  бөлінеді. Бұл  мәселені  шешу  үшін  қандай  да  бір  критерий  қажет.  Осындай  «бөлістіру  кілті» мыналар  болуы  мүмкін:

      • өнімді  өндіруге  қажетті  уақыт  мөлшері;
      • өнім  өндірісіне  кететін  тікелей  еңбек  мөлшері;
      • өнім өндірумен  айналысатын  өндіріс  алаңы;
      • Өнім  өндірісіндегі  негізгі  қорлар  бағасы  және  т.б.

      Осы  әдістердің  ішінен  шағын  өндіріс  көбіне  өнімге  кететін  тікелей  еңбек  көлемін  бөлістіру  әдісін  қолданады:

      а)  Тікелей  еңбектің  бір  сағаттық  жанама  шығынын  есептеуде  барлық  жанама  шығындарды  барлық  тікелей  жұмыс  уақытына  бөлінеді:

219 650 / 11 562  =  19,00 тенге / сағат

      б)  Әрбір  өнімге  жанама шығынды  есептеу  үшін, өнім  өндірісіне қажетті  тікелей  уақыт  мөлшерін  жанама  шығындардың  сағаттық  құнына  көбейтеміз;

0,1 х 19,00 тенге/сағат =  1,9 тенге/бірл

Информация о работе Өнімнің өзіндік құнын талдау