Құрылыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 15:31, реферат

Описание

Құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісіне жұмсалған шығындар есебі шоттар жоспарының 8110 «Негізгі өндіріс»бөлімшесінің активі шотында «Материалдар», «Негізгі еңбекақы», «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары»және «Үстеме шығындар»калькуляциялық баптары бойынша жүргізіледі.

Работа состоит из  1 файл

Құрылыстағы өндіріс шығындарының.docx

— 13.70 Кб (Скачать документ)

Құрылыстағы өндіріс шығындарының

қалыптасуы

 

    Құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісіне жұмсалған шығындар есебі шоттар жоспарының 8110 «Негізгі өндіріс»бөлімшесінің активі шотында «Материалдар», «Негізгі еңбекақы», «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары»және «Үстеме шығындар»калькуляциялық баптары бойынша жүргізіледі.

      Мердігерлік құрылыс ұйымдары мен үй құрылысы комбинаттары осы шоттардың дебеті бойнша тапсырыс берушілердің (Салушылар)тапсырысы мен орындалып жатқан құрылыс және монтаж жұмыстарының өндірісіне жұмсалған шығындарды есепке алады. Механикаландыру басқармасы осы шоттарда субмердігер келісім шарты бойынша орындалатын құрылыс монтаж жұмыстарының шығындарын көрсетеді.

      Құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірістік шығындарының есебі дайын өнім шығару мен қызмет көрсетуге дайын жеке объект немесе құрал-жабдықтармен қамтылған кәсіпорындар құрылымына кіруіне байланыссыз ішкі құрылыстық титульді тізімге кіретін және жеке сметасы мен жобасы бар әр құрылыс (ғимарат ,құрылғы) объектісі бойынша жүргізіледі.

      Мердігерлік құрылыс ұйымдары, үй құрылыс комбинаттары және механикаландыру басқармалары 8110 «Негізгі өндіріс»бөлімшесінің шоттарында өз қажеттіліктері үшін капитал салымдарын жүзеге асырумен және ғимараттар мен құрылғыларды жөндеумен байланысты құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша шығындарын есепке алады.

      Үй құрылыс комбинаттары құрылыс бөлшектері мен конструкцияларды өндіру бойынша шығындарын 8300 «Көмекші өндіріс»бөлімшесінің шоттарында есепке алады.

     Субмердігерлік шарттар бойынша жеке жұмыс түрлерін (сантехникалық,жабдықтау,құрал-жабдықтарды монтаждау және т.б.)атқаратын арнайы мамандандырылған мердігерлік ұйымдар шығындар есебін бір немесе басқа объектіде орындалатын жұмыстардың жиынтығы бойынша ұйымдастырылады.

    Бас мердігер құрылыс монтаж жұмыстарының бап бойынша өндірістік нақты шығындар есебін тек қана өзі жеке орындаған жұмыстары бойынша жүргізеді. Субмердігерлерден қабылданған жұмыстар құнын бас мердігер шығын баптарына бөлместен , бірақ сәйкесті объектілер бойынша есепке алынады.

     Объектіде  орындалған құрылыс монтаж жұмыстарының жедел есебін натуралды және құндық  өлшемде учаске басшысы Кс-6 үлгідегі орындалған жұмыстары есебінің журналында жүргізеді. Журнал мәліметтері құрылыс процесі  кезінде М-29 «өндірістік нормалармен сәйкестіру бойынша құрылыстғы негізгі матириалдардың шығындары туралы есептілікке »тиісті мәліметтерді толтыру үшін, құрылыс машиналары және автокөліктері орынған жұмыс көлемін бақылау үшін,сондай-ақ жұмысшылардың еңбекақысын есептеу құжаттарында көрсетілген мәліметтерді тексеру үшін қолданылады.

     Құрылыстық ұйымның өндірістік бөлімі объектіде жұмысты орындағанға дейін учаскенің басшысына орындалған жұмыс есебінің журналын (кс-6 нысаны )береді.Бұл журналда орындалуға тиіс жұмыс көлемі мен жұмыс түрлері және конструктивтік  элементтер шегінде бірлік сметалар бағалары бойынша анықталатын құны туралы мәлімет беріледі.

     Бірлік бағалары  бойынша объектіде орындалған  жұмыс құнының қорытындысынан  кейін белгіленген пайыздар бойынша  есептелген үстеме шығындар беріліп,  жалпы жұмыс құнымен үстеме  шығындардан жоспарлы жинақтар  анықталады. Жұмыс құнының (тікелей  шығындардың )үстеме шығындар мен жоспарлы жинақтардың жалпы сомасы объектідегі құрылыс монтаж жұмыстарының сметалық құның құрады.

    Объектідегі әр жұмыс түлерінің аяқталу көлеміне байланысты , бірақ келесі есепті айдың 1-інен кешіктірмей орындалған жұмыстар журналда натуралды және құндық көрсеткіште көрсетеді. Кейін бірлік бағалар бойынша орындалған жұмыстардың жалпы құны есептеліп, одан үстеме шығындар сомасы есептеледі, жоспарлы жинақтар және ай сайын учаске басшысының қолтанбасымен бекітілетін құрылыс монтаж жұмыстарының жалпы құны анықталады. Журнал тіркелім болып табылады, оның негізінде орындалған жұмыстар мен шығындардың сметалық құны туралы ай сайын анықтама жасалады.

      Құрылыс  монтаж жұмыстырының калькуляциялық  баптар бойынша шығындар бойынша  есеп объектілері бойынша жүргізіледі.  Шығындар есебінің объектілерін  таңдау құрылыс монтаж жұмыстары  шығындарының талдамалық есебі  мен жоспарды ұйымдастыруда, шығындарды  бақылауда және ұжымның (бригаданың,учаскенің)істеген  жұмысының нәтижелерін анықтауда  маңызды рөл атқарады.

      Шығындардың  талдамалық есебінің объектілерін  таңдау құрылыс өндірісінің бөлімшелерімен  анықталуы тиіс, яғни оның өнімінің  құрамы мен , жұмысты жүргудің  технологиялық ұйымдастырушылық  ерекшеліктерімен анықталады.


Информация о работе Құрылыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы