Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 21:22, курсовая работа
Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты каржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады. Есеп саясатының мазмұны белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің басқару процесін қандай дәрежедегі тиімділікке жеткізгендігі, ұйымның қаржы жағдайы мен мұның өзгеріске түсуін, сондай-ақ шаруашылық қызметінің нәтижесін шындық және сенімді әдістермен дайындау үшін қолданылатын есеп принциптерін таңдап алу бағытында ашылды. Есеп саясатын жасау мен мұның маңызын ашып көрсету мақсатында әрбір ұйым өздеріне тән есеп ережелерін, есеп тәсілдерін таңдап алуға, мұндай ережелерді қорытынды есеп жасау процесіне қолдануға құқылы болып танылады.
Кіріспе.................................................................................................. 3
І-бөлім. Ұйымдардың есеп саясаты............................................................... 4
1.1. Есеп саясатын қалыптастыру...................................................................... 4
1.2. Есеп саясатының техникалық аспектілері................................................. 9
1.3. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары.......................................... 11
ІІ-бөлім. Шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатының аудиті..................................................................................................................... 14
2.1. Кәсіпорынның есептік саясатының аудиті.............................................. 14
2.2. Қаржылық есептеме аудитінің процесі.................................................... 16
2.3. Кәсіпорын есеп саясатының тиімділігін бағалаудағы аудиттің рөлі.... 17
ІІІ-бөлім. Қорытынды..................................................................................... 22
Пайдаланылған әдебиеттер.................................
Жоспар
Кіріспе.......................
І-бөлім. Ұйымдардың есеп
саясаты.......................
1.1. Есеп саясатын қалыптастыру..................
1.2. Есеп саясатының техникалық
аспектілері...................
1.3. Есеп саясатының өзгеріске
түсу жағдайлары....................
ІІ-бөлім. Шаруашылық
жүргізуші субъектінің есеп саясатының
аудиті........................
2.1. Кәсіпорынның есептік саясатының
аудиті........................
2.2. Қаржылық есептеме
аудитінің процесі.......................
2.3. Кәсіпорын есеп
саясатының тиімділігін
ІІІ-бөлім. Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Қосымша.......................
Кіріспе
Қазақстандық бухгалтерлік
есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині
кезіндегі Қазақстан
І-бөлім. Ұйымдардың есеп саясаты
1.1. Есеп саясатын қалыптастыру
Есеп саясатының тиімді
бағытын қалыптастыру үшін
Есеп саясатын қалыптастыру процесінде бухгалтерлер белгілі авторлардың және ресми органдардың жариялаған арнайы оқулықтарын, мақалаларды, әдістемелік құжаттар мен материалдарға жүгінуі керек. Сонымен қатар бухгалтерлер білімі мен кәсіби деңгейі жоғары дәрежеде танылған басқа бухгалтерлердің іс-тәжірибесін, сондай-ақ есеп саясатын қалыптастыруға жақсы негіз болатын бұған дейін жарияланған каржылық есеп қорытындыларын зерттеп пайдалануы керек. Есеп саясатын қалыптастыру кезінде мүмкін болатын ұйғарымдарды (альтернативы) қолданудың жауапкершілігі бас бухгалтерлерге жүктеледі.
Есеп саясатының негізін
қалаушы әдіснамалар мен
Өткен жылдағы қорытынды есеп жүйесінде колданылған әдістерге қарағанда осы жылға жасалған есеп саясатындағы әдістер едәуір сенімді болып қалыптасқандығын көрсете білген жөн. Есеп саясатын жасаушы мамандар есеп саясатының негізгі элементтерін, бастапқы құжаттардың мазмұны мен ерекшеліктерін, бухгалтерлік есеп счеттарының типтік жоспарын, активтер мен міндеттемелерді бағалаудың әдістерін, амортизация есептеу тәртібін, мүліктерді түгендеу, аяқталмаған өндірісті бағалау, құжат айналысы ережесін, ақпараттарды өңдеу технологиясын т.б. көптеген бухгалтерлік есеп -өрісіндегі мәселелерді зерделей білуі керек. Есеп саясатын қалыптастыру барысында мына төмендегі базистік принциптер маңызын басшылыққа алу керек:
а) осы ұйымның активтері мен міндеттемелері меншік иелерінің активтері мен міндеттемелерінен (үлес қосушылар, инвесторлар) дербес жүргізілетіндігін (дербестік принцип);
б) ұйым өз қызметін белгісіз уақытқа дейін үздіксіз жалғастыра беретіндігін, осы ұйымның жуық арада жойылмайтындығын және ұйым өз қызметі көлемін қысқартпайтындығын (үздіксіздік принцип);
в) таңдалып алынған есеп саясаты бір жылдан келесі жылдарға сабақтастықпен қолданылына беретіндігін (сабақтастык принцип);
г) дайын өнімдерді сатудан түскен немесе түсетін ақшалардың қашан түсетіндігі уақытына қарамастан сатылған өнімдер сатып алушыларға жөнелтілген кезде түскен табыс түрінде осы жылы керсетілетіндігін (сату принципі).
Ұйымдар есеп саясатын ыңғайлы
қалыптастыру мақсатында активтер, меншікті
капитал және міндеттемелер мына
төмендегіше топтастырылуы
Ұйымдар есеп саясатын жасауға ыңғайлы және икемді басқа да топтастыру әдістерін қолдануға болады. Жоғарыда айтылған мәселелер мен ұсыныстар мазмүны түгелімен есеп саясатын жасауға колданылады деген ұғым болмауы керек. Ұйымдардың есеп саясатын жасау барысында есеп элементтері мен әдістерді кеңінен қолдануына құқылы және бұлардың өрісін кеңейтіп, бірімен-бірін байланыстырып қолдануына олардың мүмкіндігі бар.
Ұйымдардың есеп саясаты мына төмендегі принциптерді сақтау арқылы қамтамасыз етіледі:
а) шаруашылық өрісіндегі фактілерді бухгалтерлік есеп жүйесіне толығымен тіркеу (толықтық принцип);
б) пассивтердің азаймайтындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жасырын резервтер құру жолдарын болдырмау (сақтық принципі);
в) әрбір айдың біріне қарай аналитикалық счеттар айналымы мен қалдығы синтетикалық счеттардағы осындай мәліметтермен сай келуі, сондай-ақ бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтерінің синтетикалық және аналитикалық счеттардағы мәліметтермен бірдейлігі (тепе-теңдік принцип).
Есеп саясатын қалыптастыру барысында ұйымдар төмендегі факторларды есепке алуы керек:
- меншіктің түрі, шаруашылық
қызметінің ұйымдық және
- ұйымның көлемі және
технологиялық ерекшеліктері (
- шаруашылық өрісі;
- кадрлармен қамту (инженер-
- салық салу және салық есебі ерекшеліктері;
- есептеу техникалары мен бағдарламалармен қамту дәрежесі;
- өнімдерді сату принципі (базардағы жағдай, баға қалыптастырудың бостандығы, өтеушілік пен сатып алушылардың өтімділік сипаты).
Есеп саясатын тәжірибеде қолдану мен қалыптастыру барысында ұйымдар құқылы тұлғалар ретінде өздері тіркелген жердегі салық органдарымен келісті жағдайда болуы керек. Егер ұйымдар қызметінің нәтижесін шығару кезінде есеп мәліметтерінің кейбір объектілерінде ауытқушылық оқиғалар болса, есеп жүйесін жүргізу кезінде өзгерістер енгізілсе, бұларды реттеу мен дұрыс жолға қоюдың тәртібі есеп саясатын қабылдаушы органдарға хабарланады. Есеп саясатын қалыптастыру процесі - қаржылық қорытынды есепке, басқарушылық және салық есебіне тән барлық бухгалтерлік есеп элементтер мазмұнын сабақтастық жолдармен ашып көрсетуге, сондай-ақ ұйымдардың қаржы нәтижесі көлемін арттырып отыруға арналған. Есеп саясатын жасау алдында ұйымдардың міндет атқарушы бухгалтерлері осы кезеңде басшылыққа алынған және өз қызметін атқарудың негізін құраушы ресми заң актілері мен нормативтік базаларды зерделеп, өткен жылдары жасалған есеп саясатының тиісті тараулары мен объектілерін сараптауы керек.
Нормативтік құжаттар мазмұнын
талдау мен іске асыру жұмыстары
ұйымдар қызметінің барлық объектілері
деңгейінде жүргізілуі тиіс. Егер ұйымдар
заң актілеріне қайшы келмейтін
бухгалтерлік операцияларын жүргізіп,
алайда бухгалтерлік есеп жүргізуді
реттеуші құжаттарда кейбір операциялар
мазмұны көрсетілмеген
- шаруашылык операциялары мазмұнын экономикалық тұрғыда топтастыру;
- бухгалтерлер арасында атқаратын міндеттерді бөліп тарату және бухгалтерлік есеп счеттарын қолданудың тәртібін белгілеу;
- құжат айналысы және есеп регистрларын жүргізу әдістерін белгілеу;
- түгендеуді ұйымдастыру, шаруашылық фактілері операцияларын бағалау және активтер құнын жою әдістерін белгілеу процестері.
Есеп саясатының таңдауы мен негіздемесі мына кестедегі факторларға әсер ететінін атап өтпеуге болмайды.
Есеп саясатына әсер ететін негізгі факторлар
Факторлар |
Көрінісі (білінуі) |
Субъектінің құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық мәртебесі |
Меншік нысаны (мемлекеттік,меншікті). Ұйымдастыру-құқықтық нысаны (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі, т.б.). Қызмет түрі мен саласы (сауда, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, т.б.). Мөлшері (қызмет ауқымы, персонал саны, сату көлемі, т.б.) |
Күнделікті ж/е ұзақ мерзімді мақсаттар |
Қосымша қаржы ресурстарын тарту. Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру. Нарықтағы бәсекелестік ұстанымды бекіту. |
Қызметтің ерекшеліктері |
Өнеркәсіптік (технологиялық құрылым, ресурстарды пайдалану). Сауда (жабдықтау және өткізуді ұйымдастыру, есептесудің түрлері мен жүйесі, сатып алушылармен өзара байланыс). Қаржылық (банктермен және басқа қаржы институттарымен өзара байланыс, салық жүйесімен байланыс). Басқару (құрылым, меншікпен тәуелсіз болу, олардың алдында есеп беру, техникалық қамтамасыз ету,оның ішінде компьютер техникасы). |
Кадрлық қамта-масыз ету |
Персоналдың біліктілік деңгейі
(тәжірибесі, машығы,алдында тұрған
мақсаттар мен мәселелерді |
Шаруашылық ахуалы (жағдайы) |
Инфрақұрылымдық нарықтың дамуы, шаруашылық, салық және бухгалтерлік заңнамалардың жағдайы, инвестициялық климаттың қолайлылығы, т.б. |
1.2. Есеп саясатының техникалық аспектілері
Ұйым шеңберінде іске асырылатын
есеп саясатын жасау мен қалыптастыру
төмендегі сабақтастық
Информация о работе Шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатының аудиті