Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 13:22, реферат

Описание

Арнаулы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Аталмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.

Работа состоит из  1 файл

шагын бизнес.doc

— 61.00 Кб (Скачать документ)

Шағын бизнес субъектілеріне арналған

арнаулы салық режимдері

 

 

Арнаулы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем  көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпорациялық  немесе жеке табыс салығын есептеу  мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Аталмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.

Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі салықты есептеудің оңайлатылған тәртібі: біржолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде жүзеге асырылады. Салықты есептеудің оңайлатылған тәртібі салық салу объектісіне белгіленген ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.

        Шағын бизнесті қолдау мен дамыту Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың приоритетті бағыттарының бірі болып табылады. Шағын бизнес – жеке кәсіпкерлердің, шағын фирмалардың, шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметтеріне сүйене отырып, шағын формада жүзеге асырылатын бизнес түрі. Шағын бизнес өндірістің, сауданың, қызмет көрсеті сферасының кейбір түрлері мен формаларына тән. Экономика секторын көтеруде шағын бизнестің маңызы туралы «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді дамыту стратегиясында айқын көрсетілген. Үкімет осы міндеттерді орындауға нақты мүмкіндік беретін бірнеше шаралар қабылдады: мәнді заңдылықтар базасы қабылданды, несиелік әдіс енгізілді, шағын бизнес үшін инфраструктура жасалды. Дегенмен, мәселері де жоқ емес. Оның себебі, шағын бизнесті дамыту туралы көптеген қаулылар мен заңдар терең экономикалық дағдарыс жағдайында, макроэкономикалық қалыпсыз жағдайында қабылданды. Сондықтан да бұл шаралардың барлығы мемлекет тарапынан жай ұсынған сөз сияқты қала берді, нақты түп-тамыры болған жоқ.

Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) табыстардың барлық түрлерiнен тұратын салық кезеңi iшiндегi  табыс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объектісі  болып табылады.

Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн  табыс етудің төменде санамаланған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы: 

1) жалпыға бiрдей белгiленген  тәртiп; 

2) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi; 

3) оңайлатылған декларация  негiзiндегi арнаулы салық режимi.

Патент негiзiндегi арнаулы  салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн:

1) қызметкерлердiң еңбегiн  пайдаланбайтын;

2) жеке кәсiпкерлiк  нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын;

3) салық кезеңіндегі  табысы тиісті қаржы жылына  арналған республикалық бюджет  туралы заңда белгіленген ең  төменгі жалақының 200 еселенген  мөлшерінен аспайтын дара кәсiпкерлер  қолданады.

Дара кәсiпкер патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн оны қолдана бастағанға дейiн орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етедi.

Қайтадан құрылған дара кәсіпкерлер аталған өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген  күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді. 

Дара кәсіпкер ретінде  мемлекеттік тіркелген күн аталған  дара кәсіпкерлер үшін арнаулы салық  режимін қолдану басталатын күн  болып табылады.

Дара кәсіпкерлердің салықтық өтінішті осы тармақта аталған  мерзімдерде табыс етпеуі,  олардың жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісімі деп саналады. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға салықтық өтінішпен бір мезгілде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша  патент алуға арналған есеп-қисап (осы тарауды қолдану мақсатында бұдан әрі  – есеп-қисап) табыс етіледі. 

Бюджетке төленген патент құнын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды растайтын құжаттар есептемесін  қоса беріледі.

Есептемесін электронды түрде табыс ететін салық төлеушілер аталған құжаттарды табыс етпейді.

Кезекті патентті алуға  арналған есептемесін  патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға салықтық өтінішті табыс етпестен осының алдындағы патенттің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.

Салық органдары есептемесін пен есептемесін қоса берілетін құжаттар табыс етілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде патент беруді жүргізеді немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша патент беруден бас тарту туралы шешім шығарады. Шешім екі данада ресімделеді, оның біреуін салық төлеушіге қол қойылып тапсырылады.

Патент кемінде бір  ай және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.

Дара кәсiпкердi мемлекеттiк  тiркеу туралы  куәлiк  көрсетiлмейінше, патент жарамсыз болады.

Патент негiзiнде арнаулы салық  режимiн қолдану кезiнде кәсiпкерлiк қызмет  уақытша тоқтатыла тұрған жағдайда, дара кәсiпкер орналасқан жері бойынша салық органына белгіленген тәртіппен салықтық өтiнiшті табыс етеді.

Патент негiзiнде арнаулы салық  режимiн қолдануды тоқтату салықтық өтініш негізінде немесе көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша жүргізіледі.

Патент негiзiнде арнаулы салық  режимiн қолдануды ерікті түрде  тоқтату кезінде салықтық өтініш  патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.

Патент құнын есептеу салық салу объектісіне 2 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Патент құны:

1)  патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде - жеке табыс салығы;

2) «Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру  туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдарды алып тастағаннан кейiнгi патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде әлеуметтiк салық түрінде бюджетке төленуге жатады. 

Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк  салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салық сомасы нөлге  тең болады.

Егер нақты табыс патенттің қолданылу мерзімінің ішінде есептемесін көрсетілген табыс мөлшерінен асып  түссе, дара кәсіпкер   бес жұмыс күні ішінде асып түскен сомаға қосымша есептемесін табыс етуге және осы сомадан салықтар төлеуге міндетті. 

Аталған есептемесін негізінде бұрын берілген патенттің орнына жаңа патент беріледі.

Егер патенттің қолданылу мерзімінің ішінде нақты табыс есеп-қисапта  көрсетілген табыстың мөлшеріне  жетпесе, дара кәсіпкер азаю сомасына қосымша есептемесін табыс етуге  болады.  

Аталған жағдайда артық  төленген салық сомаларын қайтару   белгіленген тәртіппен салық органы жүргізген хронометраждық зерттеуден кейін жүргізіледі.

Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi

Дара кәсіпкерлер үшiн: 

1. дара кәсiпкердің  өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса; 

салық кезеңi iшiнде шектi табысы 10 000,0 мың теңгені құраса; 

2. заңды тұлғалар үшiн: 

қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса; 

салық кезеңi iшiнде шектi табысы 25 000,0 мың теңгені құраса, оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданады.   Салық кезеңi күнтізбелік тоқсан болып табылады.

Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелген  күні аталған салық төлеушілер үшін арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күні болып табылады.

Салық төлеушiнiң осы  тармақта аталған мерзiмде салықтық өтiнiшті табыс етпеуі, оның бюджетпен  есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсiмi деп есептеледi. 

Салық органы уәкілетті  орган белгілеген нысан бойынша  арнаулы салық режимін қолдану  туралы және арнаулы салық режимін  қолданудан бас тарту туралы шешімді  салық төлеуші  салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады.   

Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді  салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiнде 3 процент.

Егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қызметкерлердiң  орташа айлық жалақысы тиісті қаржы  жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақының, дара кәсiпкерлерде кемiнде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде 2,5 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасы қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын негiзге ала отырып, әрбiр қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 процентi мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге жатады.

Белгіленген табыс сомасынан  іс жүзінде алынған табыс сомалары асып түскен жағдайда, салық салудың  жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне не өзге арнаулы салық режиміне өту (ауысу) күніне дейін салықтарды есептеу   белгіленген ставка бойынша жүргізіледі. 

Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша  салық органына есепті салық кезеңінен  кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірілмей табыс етіледі.

Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс  салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде  есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-нен кешіктірілмей жүргiзiледi.

Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі.Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы, әлеуметтік аударымдар сомаларын төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-нен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

 Шағын бизнесті дамытудың қазіргі мәселесін талдауына қарасақ, екі басты бағытты көруге болады : оның қызметінің құқықтық жағын жүзеге асыру және жаңа прогрестік формалармен шағын бизнесті қаржылай қолдау тәсілдерін дамыту. Бірінші бағытта салық салу облысында дұрыс, тиімді құқықтық режимді орнату өте маңызды болып табылады. Салық саясатты жүзеге асыру шаралары несие беру мәселесі тікелей байланысты болмаса да, ол жаналай шағын бизнестің кірістерімен кірістілігін қалыптастыруына әсер етеді, атап айтқанда, салық төлеу мүмкіндігіне әсер етеді. 
        Шағын бизнестің кейбір өзіне тән ерекшеліктері оның экономиканың маңызды секторы екендігін көрсетеді. 
        Мемлекеттің оған аса мән беруі қоғам үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге жетумен түсіндіріледі. 
         Шағын бизнестің экономикалық нәтижесі келесілерде көрсетіледі : 
1) бәсекелестік ортаны қалыптастырады; 
2) нарықты тауар мен және әр түрлі қызметтермен толықтырады; 
3) ірі бизнес үшін кадрлар мен капитал ресурсының көзі болатын «қөректену ортасы» болып табылады. 
Саяси нәтижелерге келетін болсақ шағын бизнес қоғамның бір қалыптылығының негізі ретінде орта класты қалыптастыру көзі болып табылады.

Жаңа салықтық кодексті игеруде алда тұрған басты мәселе, шағын ұйымдық формалар субъектілеріне салық салу ісіне байланысты мәселелер  бүгінгі күнге дейін қалай  шешіліп келді және алдағы уақытта  қандай жолдармен шешілмек екендігін  анықтау, сонымен қатар шағын бизнесі салықтық механизм арқылы көтеру тәсілдері қаншалықты тиімді екендігін анықтау қажет. 
        Шағын бизнес субъектілеріне салық салумен байланысты мәселелерді анықтау және соның негізінде шағын бизнес субъектілеріне салық салу жүйесін жүзеге асыру жолдарымен нақты ұсыныстар болып табылады. 
Осы алға қойылған мақсатқа байланысты төменгі мәселелер құрылды: 
а) «Шағын бизнес» түсінігінің мәнін анықтау; 
б) Қазақстанның экономикалық дамуындағы шағын бизнестің рөлі мен орнын анықтау; 
в) Қазақстан Республикасындағы шағын бизнеске салық салудың құқықтық аспектілерін қарастыру және оның тиімді дамуына кедергі жасайтын факторларды анықтау; 
г) шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салықтық тәртіпті талдау; 
д) шағын бизнеске салық салудағы мемлекеттік саясаттың мәселесін анықтау және оны салықтық түрдегі әр түрлі тәсілдердің көмегімен шешу жолдарын аңықтау. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1. Қазақстан республикасы салық кодексі Алматы 2004. 1 қаңтары жағдайы бойынша. 
2. Ермекбаева Б. Ж. “Жалпы мемлекеттік салықтар” Алматы “Экономика” 1994. 
3. Мельников В. Д. Ілиясов К. К. “Қаржы” Алматы 1994 
4. Егеменді Қазақстан “Салық кодексіне түзетулер енгізілді” 12 қыркүйек 2003ж. 
5. Егеменді Қазақстан “Салық жеңілдіктерінің мақсаты”. 20 маусым 2003.


Информация о работе Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимдері