Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 20:15, курсовая работа
Тәуелсіздік алумен Қазақстанда нарықтық экономикаға ауысуға бағытталған ірі реформалар жүргізіле бастады. Мемлекеттің халық шаруашылығын басқару мен реттеуде Үкімет ролі азайып, Адам Смиттің айтып өткен «көрінбейтін қол» нарықтық қатынастарды орнатуға мүмкіндік жасады. Тиісті саяси-әлеуметтік жағдай мен КСРО-дан мұрагерлікке қалған инфраструктура, дәмі татылмаған ішкі нарық, төмен бәсекелестік Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіпкерліктің дамуына жағдай туғызды.
Кіріспе....................................................................................................3
1.Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық негіздері.................................6
1.1. Кәсіпкерлік түсінігі және оның мәні...............................................6
1.2. Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы маңызы мен оның ерекшеліктері.........................................................................................8
1.3. Шағын бизнес құрудың өзекті формалары......................................13
1.4. Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формалары............................15
2.Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы..........................19
2.1. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің деңгейін талдау........19
2.2. Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту мәселелері....25
2.3. Отандық шағын кәсіпкерліктің құқықтық қамтамасыз ету көздері..................................................................................................27
3.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жетілдіру жолдары......28.
Қорытынды...........................................................................................40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................44
Жапонияда шағын және орта бизнес кәсіпорындарының критерийлері заңмен анықталған: өнеркәсіпте, көлік саласында және құрылыста- 300 адамға дейін, көтерме саудада- 100, қызмет көрсету саласында- 50. Заң бойынша жарғылық капитал да шектелген: өнеркәсіпте, құрылыс және көлік саласында- 770 мың доллардан аспау керек, көтерме саудада- 230 мың доллар, қызмет көрсету саласында- 77 мың доллар.
Ресей заңнамасы бойынша кіші кәсіпкерлікке жататындардың жұмыскерлер саны келесідей болу керек:
Қазақстан Республикасының заңы бойынша шағын бизнеске жататын кәсіпорындардың жұмысшылар саны келесідей болу керек:
Қазіргі заманғы зерттеулерде шағын бизнесті сипаттаудың келесідей критерийлері ұсынылады: бағалы қағаздардың ашық түрде сатылмауы; кәсіпорынның бағалы қағаздардың шектелген көлемін иеленуі; шектелген жауапкершіліктің болмауы; кәсіпорынның негізін қалайтын адамдар- тәуекелге бара алатын жаңа заман адамдары; менеджерлер командасының толық болмауы; акционерлердің арасындағы қарым-қатынастардың нақты формальды түрде болмауы.
Шетел
тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанның
шағын бизнесіне келесідей
Кіші бизнес ірі фирмалардың
және компаниялардың жақсы
Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Ол шағын бизнестің серпінді, өндіріп отырған тауардың түрін, ассортиментін тез өзгерту қабілеттілігі, технология және басқа салаларда да жаңалықтар енгізуде икемді болуынан көрінеді. Шағын бизнестің басты ерекшелігі- коллективтік еңбекке ұмтылу, жұмыстың максималды жемісті нәтижесіне жету үшін жалпылықтың қызығушылығының болуы. Қазіргі уақытта көптеген елдердің экономикасы үшін шағын бизнес өте маңызды болып келеді. Шағын бизнес- жаңа идеялардың, табыстың, жұмыс орнымен қамтамасыз етудің негізгі көзі және экономика дамуының негізгі кепілі екенін біле отырып, көптеген мемлекеттер оны дамыту үшін маңызды іс-шаралар қабылдап, оған максималды түрде қолдау көрсетеді. 1.3.Шағын бизнес құрудың өзекті формалары.
Қазіргі кезде шағын бизнесті құрудың өзекті формалары: франчайзинг және отбасылық бизнес. Ең алғаш франчайзингтік келісім XIX ғасырда тігін машиналарды өндіретін компаниямен оның дилерлері арасында жасалған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін франчайзинг мейманхана комплексі, бөлшек сауда, фармацевтика салаларында франчайзинг принциптері кең қолданылған. 60-70 жылдарда тамақты тез дайындау технологиясы кең таралғанда («Макдональдс» фирмасы) франчайзингтік қатынастардың кезекті серпілісі байқалған. 90-жылдары франчайзингтік келісімдер түрлі мемлекет өкілдерінің арасында жасалғанда, франчайзинг глобальды сипатқа ие бола бастады. Франчайзингтік компаниялар өздерінің франчайзи-мүшелеріне фирманың атын, сауда маркасын, өнімді, жабдықты және тағы басқаны пайдалану құқығын береді. Бастап келе жатқан кәсіпкер үшін франчайзинг жаңа кәсіпорын ашуда тәуекелділікті маңызды төмендетеді. Франчайзингтік келісім жаңа бизнеске үлкен кәсіпорынның жинақталған тәжірибесін пайдалану құқығын береді. Сондықтан, шетелде әрбір 12- кәсіпорынның франчайзингтік болып келуі кездейсоқ жағдай емес.
Франчайзингтік қатынастардың үш типі бар:
Франчайзингтің
Шағын бизнес құрудың келесі формасы- жанұялық бизнес.Кез-келген жанұялық бизнес- отбасы мен бизнестің симбиозы болып келеді. Жанұялық бизнестің басты артықшылығы-бизнес жүргізуге көмектесетін туысқандық қатынастардың жақсы болуы. Жанұялық бизнесте ірі корпорацияларға қарағанда қызметкер үшін жасалынатын жұмыс жағдайы жақсырақ болып келеді. Сондықтан, АҚШ-та кәсіпорындардың 80-90% жанұялық бизнес болып келуі кездейсоқ жағдай емес. Қазақстандағы кәсіпорындарға келетін болсақ, жанұялық бизнес қазіргі кезде жақсы даму үстінде. Бизнестің бұл түрін көбінесе шаруа қожалықтары құрайды.
1.4.Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формалары.
Жалпы «Инновация» ұғымы ағылшынның «innovation» сөзінен аударғанда жаңа енгізілімдер, жаңалықты ғылыми- техникалық игеру мағынасын береді.Шағын кәсіпкерліктегі инновациялық үрдіс 4 қолданбалы кезеңдерден құралады.
1-ші кезеңде іргелі ізденістік ғылыми- зерттеулік жұмыстар жүргізілді.
2-ші кезеңде қолданбалы ғылыми-зерттеулік жұмыстың соңғы іске асуына мүдделі, инвесторлардың тапсырыстары мен қаржылық құралдар есебіне қолданбалы ғылыми- зерттеулік жұмыстың іске асу үрдісі сипатталады.
3-ші кезеңде инновациялық жобаны қаржыландырудағы технико- экономикалық үйлесімдік турасында негізгі шешімі өнделетін тәжірибелі- конcтрукторлық жұмыс жүргізіледі немесе кейбір компоненттер инвестицияланады.
4- кезеңде ғылыми сыйымдылықтағы өндіріс іске қосылады, технологияның жобалық- сериялық шығарылуынан бастап, масштабтық өндіріспен нарыққа шығуға дейінгі кезең.
Шағын инновациялық
Бірінші формасы ескі қызмет етуші компаниялар негізінде мүлдем жаңа шағын кәсіпкерлік субъектісінің қалыптасуымен сипатталады.
Бұрыннан қызмет етуші компаниялар шегінде
қалыптасатын шағын
кәсіпкерлік субъектілері жас компаниялардың
құрылуының прогрессивті әдісі болып
саналады. Жаңа компаниялар ірі, алдыңғы
қатарлы компаниялармен бұрын ғылыми-
зерттеулік және оқу- білімдік мекемелерде
жұмыс істеген инженерлер мен ғалымдарды
өздерінің инновациялық бағдарламалары
мен жаңа өнімдерін әзірлеп, іске асыру
үшін олардың күш-жігер, ойларын шоғырландыру
және қолдану мақсатында жәрдемдік көмек
көрсетіледі. Екінші
форма тәуекелділік-венчурлік
фирмалардың қалыптасуы
мен қызмет ету үрдісімен
байланысты.
Венчурлік фирма-ғылыми
Үшінші формада- технологиялық бизнес-инкубаторлардың қалыптасуы мен қызмет етуіне байланысты. Технологиялық бизнес-инкубаторлар билік немесе ірі жеке меншік компаниялармен немесе ғылыми мекемелермен кәсіпкерліктің жаңа субъектісін жетілдіру мақсатында құрылатын ұйымдар. Инкубатор ұйымдар жаңа құрылған кәсіпорынға жеңіл төлем негізінде жалға беру, экономикалық, техникалық, білімдік, құқықтық және басқарушылық сияқты кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру бойынша кеңестер беруге арналып құрылады. Бизнес-инкубаторлар көбінесе коммерциялық емес ұйымдар болып келеді, олардың құрылудың негізгі мақсаты шағын бизнесті дамыту. «Бизнес-инкубатор» сөзінің мағынасы жаңа кәсіпорын құруда икемді тәсілдердің жүйесін білдіреді. Бизнес-инкубаторлардың тараған жері АҚШ, сонымен қатар бұл жүйе Францияда, Германияда, Швецияда, Англияда, Жапонияда, Қытайда кең қанат жайған болатын. Инкубаторлардың көлемі АҚШ-та 1980 жылы 10 болса, 1994 жылы оның саны 500-ге дейін жетті. Бизнес-инкубаторлардың Ұлттық Ассоциациясының мәліметі бойынша, қазіргі кезде бизнес-инкубаторлар 82000 жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Бизнес-инкубатордың болуы- шағын кәсіпорындардың банкротқа ұшырау мүмкіндігін төмендетеді. Бизнес-инкубаторлар келесідей қызмет көрсетеді: қаржылық көмек көрсету бойынша консультация, ғимаратпен және жабдықпен жеңілдетілген бағамен қамтамсыз ету. Инкубаторлардың негізгі миссиясы- шағын кәсіпорынның дамуы. Шын мәнінде, бизнес-никубаторлардың негізгі идеясы- жаңа кәсіпорын құруда көмек көрсету және оның жақсы дамуына жағдай жасау. Тәжірибе жинақтаған және потенциалы бар кәсіпорын уақыт өте келе өз күшімен дамиды, яғни, аймақтың экономикасының дамуына әсер етеді, жаңа ашылуларды енгізеді, жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етеді. Бизнес-инкубаторлар бизнестің өзге түрі болғандықтан, оны құру үшін ең алдымен маркетингтік зерттеу жүргізіп, қаржы көздерін анықтап, бірнеше фирмалардың дамуын қамтамасыз ететін түрлі бағдарламалар жасау. Университеттің және ғылыми-зерттеу орталықтарының негізінде құрылған бизнес-инкубаторлардың орны ерекше. Олардың негізгі мақсаты- жаңа технологияларды дамыту жолымен ғылыми зерттеулерді коммерциализациялау мүмкіндіктерін іздестіру. Осындай бизнес-инкубатордың алғашқысы Филадельфияда құрылған. Оның орналасатын жерінің ауданы 400 мың шаршы метр. Орталықта 6000-ға жуық адам жұмыс істейді.