Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 18:05, курсовая работа
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселелерінің бірі - өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.
1.1.Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару.
1.2.Кәсіпкерлік қызметті дамыту.
1.3. Шағын бизнестің мазмұны.
1.4. Қазақстанда шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуы.
Шағын және орта бизнесті қаржыландыру мәселелері.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттарының бірі - ол мемлекеттің қаржы – несиелік және инвестициялық саясаты. Қолайлы инвестициялық климат жасау және несиелеу жүйесін жетілдіру басты мәселелер болып саналады. Республикамызда шағын кәсіпкерлікті тиімді қаржыландыру үшін қажетті ресурстарға деген үлкен тапшылық орын алып отыр. Қаржы бойынша бірқатар мәселелер шешімін таппай тұр:
- несие алудың шектеулігі;
- коммерциялық банктердің кепілдік міндеттемені жоғары деңгейде ұстауы;
- берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесінің жоғары болуы және қысқа мерзімділігі;
- шағын кәсіпкерлікке микро несие берудің заңдылық негізінің жоқтығы;
-банктердің шағын кәсіпкерлікті несиелеу саясатының анықсыздығы.
Жоспар:
Кіріспе.
І.Негізгі бөлім.
1.1 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару.
1.2.Кәсіпкерлік қызметті дамыту.
1.3.Шағын бизнестің мазмұны.
1.4.Қазақстанда шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуы.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық дамуы.
Қорыта келгенде жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтық әл-ауқатын арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.
Кәсіпкерліктің түрлі формаларының өзара тиімді ынтымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірісдік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді.
Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәлеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазіргі уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда іркіліс байқалады. Бұл жерде басты себеп- бюрократиялық қысымдар. Осындай және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлер бөлігі жасырын салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін жәйт, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау, тексеруші органдардың және рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. Кәсіпкерлердің жетпіс пайызы оларды қолдайтын аймақтық программа туралы хабары жоқ. Мұның өзі әкімдер жұмысы формальді сипатта жүретінін көрсетеді. Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі- несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Себебі несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар жоқ. Осы себептен банктерде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға асықпайды.
Шағын бизнес бірқатар экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуде маңызды рөл атқарады. Шағын бизнес қалыптасуы мен дамуы барысында мемлекеттік қолдауды талап етеді. Себебі ірі кәсіпорындардың монополиялық әрекетінен, экономикалық өзгерістер кезінде шағын бизнес қиын хал – жағдайда болады. Мемлекет бизнестің алдында тұрған кедергілерді жоюға, құқықтық жағынан көмек көрсетуге, өркениетті нарықтық қатынасты орнатуға ықпал етуге тиіс.
Республикада қабылданған «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңға сәйкес ел экономикасының маңызды салаларының бірі - ауыл шаруашылығында бизнесті дамытуда орындалуы тиіс шараларды атап өткен қажет.
Мемлекеттің агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері, тіпті дамыған нарық жағдайында да орын алатын объективті факторлармен анықталады.
Кез келген экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын, мемлекеттің араласуын қажет ететін: бюджеттік, несиелік, салықтық, инвестициялық сферасында мемлекеттік реттеу проблемалары бар.
Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа таптарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерінің 80 пайызын құрайды. Республикада шағын бизнеспен бір миллионнан аса адам айналысады.
Шағын бизнесті дамыту үшін үш факторлық жайдайды ескеру қажет. Олар:
- кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау;
- тексеруші органдардың санын азайту;
- рұқсат беруші құжаттардың санын азайту.
Шағын және орта бизнестің күрделі проблемаларының бірі несиелік ресурстарды алудың қиындығы.
Кәсіпкерлер банктен несие алудан бес түрлі себеппен бас тартады:
- пайыздық өсімнің жоғары болуы;
- кепілдік талаптың тым қатаң болуы;
- ақпараттың жетіспеушілігі;
- несие алу мүмкіндігіне сенімнің жоқтығы;
- банктердің кәсіпкерлерден аймақтық алшақтығы.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидалары:
- шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдылығы;
- шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;
- инфрақұрылымды дамытуда және кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық формаларын таңдауда жағдай туғызу;
- алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені қолдану.
Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агентігі Экономикалық зерттеулер институты және Кәсіпкерлер форумы кеңесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын жасады. Бағдарламада бірқатар шараларды жүзеге асыру белгіленген:
Шағын кәсіпкерлікті қаржы – несиелік және инвестициялық қолдау. Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау едәуір шығындарды талап етеді, ал мемлекеттік бюджеттің мүмкіндігі шектеулі. Мұндай жағдайда қаржыны пайдаланудың коммерциялық механизмдеріне көшу қажет. Қазір банктер сату-сатып алуды несиелейді немесе ірі тауар өндірушілерді несиелеуді қолайлы көреді. Шағын бизнес өтімді кепілдік базаның жоқтығынан несиелік ресурстарға қолы жете алмай тұр. Осыған байланысты шағын кәсіпкерлікке лизингтік несиелер, сақтандыру, франчайзингті дамыту қажет.
Салық салу және кеден саясаты.
Шағын бизнес субъектілеріне салық салудың әділ жүйесін құрудың негізгі принципі жалпы экономикалық мүдделерден басым болуы тиіс. Шағын бизнес субъктілеріне салық салудың әділ механизмі кәсіпкерлердің табысын анықтаудың байыпты тәртібінің болуын көздеуі керек. Кәсіпкерлердің табысына біріңғай жеңілдікті мөлшерлеме енгізу немесе патенттік төлем кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетеді. Ағымдағы және аванстық төлемдер төлеудің қазіргі тәртібін жою керек. Өндірісті дамытуға, бәсекеге түсе алатын экспортқа бағдарланған немесе импортты ауыстыратын өнімдер шығаруға қаржы жұмсайтын шағын кәсіпкерлер үшін табыс салығын есептеген кезде салық салынатын табысты осы қаржыға кеміту қажет.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың басты бағыттарының бірі- кеден баждарын төлеу кезінде шағын кәсіпорындарға жеңілдіктер беру. Қазақстанда өндірілмейтін шикізаттарды импорттаған кезде қосымша құн салығын салуды кейінге қалдыру қажет.
Информация о работе Шағын және орта бизнестегі инновациялық қызмет