Шығындардың шешімдерін қабылдау және жоспарлау үшін жіктелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 17:17, курсовая работа

Описание

Менің курстық жұмысымның аталуы - Шығындардың шешімдерін қабылдау және жоспарлау үшін жіктелуі. Бұл курстық жұмыста менің қарастырылып өткен сұрақтарым:
- басқару шешімдерін қабылдау;
- жоспарлау үшін жіктелуі;
- басқару есебіндегі шешім қабылдаудың қолданылатын негізгі жіктелімі;
- бюджет түсінігі, түрлері;
- және т.б.
Басқару шешімдерін қабылдау баламалы нұсқалардың ішінен ең оңтайлысын іріктеп, оларды салыстырып бағалауды білдіреді.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1. Басқару шешімдерін қабылдау....................................................................5
1.1 Ақпаратты басқару есебінің негізінде шешілген міндеттер. Басқару шешімдерін қабылдауда қолданылатын шығындардың жіктелімі..................5
1.2 «Сатып алу немесе өзіміз өндіру» міндеттерін шешу. Баға белгілеу бойынша шешім қабылдау................................................................................12
1.3 Шығындар шешім қабылдау.......................................................................15
2. Жоспарлау үшін жіктелуі............................................................................17
2.1 Өнім шығару мен сатудың көлемі және ассортиментін жоспарлау...........17
2.2 Кәсіпорын қызметін жоспарлау және бақылау...........................................18
2.3 Бас және функциялық бюджеттердің құрылымы........................................24
Қорытынды.......................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер.................................................................................30

Работа состоит из  1 файл

баскару есеби.doc

— 251.50 Кб (Скачать документ)

   Залалсыздык нүктесі - бұл кәсіпорын шығынның орнын (ай, тоқсан, жыл) толтыратын жеке уақыт аралығындағы міндеттелген бағамен сатудың физикалык көлем деңгейі; яғни залалсыздық нүктесі - өзін-өзі өтеушілік (самоокупаемость) элементі.

   Кәсіпорынның  табысы залалсыздық нүктесінің шегінде сатудан пайда болады. Бұл - өзін-өзі қаржыландыру элементі.

   Залалсыздық нүктесінің есебі банкрот профилактикасы қажет. Ол кәсіпорынның құрылымында немесе оның қаржы жүйесінде өзгеріс болса қайта есептелуі мүмкін. 
 

1.2 «Сатып алу немесе өзіміз өндіру» міндеттерін шешу. Баға белгілеу бойынша шешім қабылдау 

    Өндірістік  бөлімшелердің басшылығы – өздерінде  өндіру немесе өнімнің барлығын немесе жекелеген бөліктерін сырттан сатып  алу проблемасымен жиі қақтығысады. Бұл алымдық операцияларды (сборочных операций) талап ететін барлық өндіріске тән жалпы мәселе. Осы мәселені шешу үшін бұл мәселеге релеванттық болып табылатын шығындар мен табыстардың барлық элементтерін анықтау қажет. 

Өндіру

Қымбат  тұратын жабдыққа деген қажеттілік 

Бөлшектерді немесе бөліктерді өндірудің өзгермелі шығыны

Жөндеудің және жабдыққа техникалық қызмет көрсетудің шығыны

Сатып алу

Бөлшектердің, тораптың (узел) немесе жартылай дайындалған  өнімдердің сатып алу бағасы 

Жалдау  ақысы немесе босатылған өндірістік қуатты пайдаланудан алынған басқа да түсім

Жабдықтан таратылған (яғни, қолданыстан алынған) құны


 

    Бұл сұрақтарға дүрыс жауап беру үшін еркін өндірістік қуаттың, білікті  жұмысшылардың, технологияның, жабдықтаушылармен  ұзақ мерзімді байланыстың болуы  сияқты көптеген сапалық (маңызды) факторларды ескеру қажет. Және де еркін (бос) өндірістік қуаттың бар болуы шешуші кезеңге кірсе де, бұл салада оны пайдалану аса тиімді болып саналмайды.

    Мысалы. Фирмаға басқа жақтан жиынтықтаушы бөлшекті 16 ақша бірлігіндегі баға бойынша сатуын сұраған ұсынып кеп түседі, оны өз күшімен дайындау шығыны 18 ақша бірлігін құрайды. Компаниянң басшылығы қандай шешім қабылдауы керек?

    Өз  күшімен бөлшектерді дайындаудағы өзіндік құнның калькуляциясын қарастырамыз (1-кесте). 

1. Бөлшектегі өзіндік құнның калькуляциясы 

Көрсеткіштер Бөлшектердің  толық өзіндік құны, ақша бірлігімен
Негізгі материалдар 1,0
Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы 8,0
Өзгермелі үстеме шығындар 4,0
Тұрақты үстеме шығындар 5,0
Барлық  шығын 18,0
Бөлшектерге деген қажеттілік 10 000

 

    18 ақша бірлігіндегі өзіндік құн  мен 16 ақша бірлігіндегі бағаны  алғашқы салыстырылуы соңғының  пайдасына келеді, бірақ мұндай шешім уақытынан бұрын болып тұр. Баламалы нұсқалардан релеванттық шығынды таңдап алу қажет. 50 000 ақша бірлігіндегі тұрақты үстеме шығынды қарастырайық. Оның 30 000 ақша бірлігі басқа жақтан бөлшектерді сатып алмайынша одан құтылу мүмкін болмайтын релеванттық емес шығынды білдіреді. Бұл амортизация, мүлік салығы, сақтандыру төлемі, цех әкімшілігі шығынының бір бөлігі. Өндірістен бөлшектерді алып тастаған жағдайда жабдық тұрып қалды делік. Онда релеванттық емес шығынды сатып алу немесе өндіру туралы шешім қабылдауда есептен шығарып тастау керек (2-кесте). 

    2. «Сатып алу» немесе  «өндіру» нұсқасын  таңдау 

Релеванттық көрсеткіштер Жалпы шығын, ақша бірлігімен Үлестік шығын, ақша бірлігімен
Өндіру Сатып алу Өндіру Сатып алу
Сатып алу шығыны - 160 000 - 16
Негізгі материалдар 10 000 - 1 -
Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы 80 000 - 8 -
Өзгермелі үстеме шығын 40 000 - 4 -
«Сатып  алуды» таңдаған жағдайда онсыз-ақ амалдауға  болатын тұрақты үстеме шығын 20 000 - 2 -
Барлық  релеванттық шығын 150 000 160 000 15 16
«Өндіру»  пайдасына шешілетін айырмашылық 10 000 - 1,0 -

 

    Мәселенің мәні – «өндіру немеса сатып алуда» емес, еркін қуаттылықты қалай жақсы пайдалануда. Тіпті, алғаш қарағанда, сатып алу арзанға түседі, босатып алынған жабдықты жай немесе баламалы қолдану не әкелетінін талдау керек. Айталық, онымен 19 000 ақша бірлігіндегі маржиналдық табыспен қандай да бір бөлшекті өндіру мүмкін болады делік немесе оны 5000 ақша бірлігінде жалға беру қажет.

    Бұл төрт нұсқаны салыстырайық (3-кесте). 

3. Баламалы нұсқаны  таңдау 

Көрсеткіштер Өндіру Жабдықты сатып  алу немесе оны бос тұрғызып қою Басқа өнімді өндіру немесе сатып алу Жабдықты сатып алу немесе жалға беру
Жалдау  ақысы, мың, ақша бірлігімен - - - 5
Басқа өнімді шығарудан түскен маржиналдық  табыс - - 19 -
Бөлшек  шығыны 150 160 160 160
Таза  релеванттық шығын 150 160 141 155

 

    Талдау  мынаны көрсетті: сыртқы нарықта бөлшектерді сатып алу және босатып алынған жабдықпен басқа өнімді шығару оңтайлы нұсқа болып табылады.

    Жағдайда  талдау барысында өнім бірлігінің шығындары  туралы деректерді абайлап пайдалану  керек, өйткені олар екі түрлі  қателікке ұрындыруы ықтимал:

1) релеванттық емес көрсеткіштердің есебіне қосу;

2) көлемнің есебінсіз үлестік шығындарды салыстыру. 
 

Баға  белгілеу бойынша  шешім қабылдау 

    Бухгалтерлік  басқару есебінің міндеті – өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің  бағаларын белгілеу – маңызды  мәнге ие.

    Шаруашылық жүргізудің әкімшілік әдісінде баға өнімнің (жұмыс, қызмет) толық өзіндік құнына қарай белгіленіп келді. Өнеркәсіпте нақты қалыптасқан толық өзіндік құн жоспарланған пайданың сомасына (бұйымның қалаулы пайдалылығын ескеру арқылы) арттылды, айналымдағы салықты үстемеледі және бастапқы шаманы – көтерме бағаны алды. Сауда үстемесін басып озып (оперируя торговой надбавкой), саудада да осындай болды.

    Бұл мәселелердің барлық жауапкершілігі сол  уақытта мемлекетке жүктелді.

    Нарықтық  экономика жағдайында баға белгілеу тәсілдемесі түбірінен өзгерді. Өндірілген өнімге, қызмет көрсетуге және орындалған жұмысқа баға белгілеу ерекше мәнге ие болды. Баға белгілеу процесінде бірнеше тәсілдеме бар. Олар:

  • тұтынушылардың назарын өзіне аударатын, тұтынушыларға тартымды баға белгілеу;
  • бәсекелестердің бағасын пайдалана отырып, өзі үшін бағаның нақты шекарасын белгілеу;
  • сатып алушыны да қанағаттандыратын, пайда да түсіретін бағалар.

    Шығын бағасы көбінесе нақты баға белгілеудің  сенімді долы ретінде қарастырылады, өйткені ол бағада пайданы қалыптастыруға мүмкіндік тудырады. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді бағаның төменгі шегі пайдаланылады.

    Ұзақ  мерзімді бағаның төменгі шегі өнімді өндіру мен өткізудің толық шығынын  кәсіпорын бағаның қандай ең аз шамасымен  орнын толтыра алатынын көрсетіп береді. Бұл баға шегі өнімнің толық өзіндік құнына сәйкес келеді.

    Қысқа мерзімді бағаның төменгі шегі –  бұл шығынның тек өзгермелі бөлігін  ғана жаба алатын баға. Бағаның бұл  шегі «директ-костинг» жүйесі бойынша  есептелген өзіндік құнға сәйкес келеді.

    Алайда  шығын бағасы нарықтың жағдайын және ондағы өнімнің орнын, бәсекені ескермейді. Көптеген кәсіпорындар аты аталған  үш тәсілдемеден ұштастыруды қолданады. 
 

1.3 Шығындар шешім қабылдау 

Күрделі қаржы жұмсалымы  туралы шешім қабылдау 

   Күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдау - компания басшылығының алдында тұрған аса маңызды да қиын міндет. Көптеген компаниялар алдағы кезендегі қызметті бес, он, тіпті одан да көп жылға алдын ала анықтап ұзақ мерзімді жоспар әзірлейді. Ал, күрделі қаржы шығыны осы ұзақ мерзімді жоспарға кіріктірген бір бөлігі болып табылады.

   Сол себепті ұйым ең алдымен күрделі  каржы жүмсалымы туралы үсыныстың  экономикалық тиімділігін бағалап, кәсіпорындағы ақшалай қаражаттың айтарлықтай артық бөлігін (үлесін) қажет ететін процесс туралы әлдеқайда нақты болжам жасауға тырысады. Әдетте күрделі каржы шығын көзіне карыз қаражаты жатады, сондықтан да кәсіпорын мүндай жұмсалымның мақсатқа лайықты екеніне инвестордың көзін жеткізіп, оның өтелуін мұқият есептеуі керек.

   Ұзақ  мерзімді капиталға - кұрылысқа, жылжымайтын  мүлікке, жабдыққа және т.б. қаржы жұмсау тән. Бүгінгі танда жүзеге асырылып отырған материалдық қаражатқа күрделі қаржы жұмсаумен байланысты инвестициялық шешім белгілі бір дәрежеде фирманың техникалық және технологиялық деңгейін, оның алдағы кезеңдегі жемісті жұмысының ойдағыдай болуын анықтайды.

   Инвесторлар бағдар ретінде үстанатын мақсаттардың екі негізгі тобын бөліп қарастыруға болады:

  1. Ақша түрінде көрініс табатын мақсаттар - пайданы немесе тауар айналымын арттыру, шығындар мен инвестициялық шығыстарды кеміту.
  2. Ақша түрінде көрініс таппайтын мақсаттар - әйгілі болуға, мәртебелі орынға ұмтылу, тиісті нарық сигментін жаулап алу, тәуелсіздік немесе қандай да бір әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру.

    Бірінші топтағы мақсатты қарастырайық. Оны  жетістікке жеткізу үшін сандық әдісті қолдануға болады. Белгілі бір сандық мақсатқа қатысы бойынша оңтайлы инвестициялық шешімді қалыптастыруға мүмкіндік тудыратын сандық әдіс инвестициялық есептер деп аталады.

   Инвестицияны негіздеу әдісі статистикалық және динамикалық деп екі топка бөлінеді.

   Инвестициялық есептің статистикалық әдісі  мынадай жағдайларда: инвестициялық шығын кезең басында жүзеге асырылып, оның пайда түсіретін нәтижесі кезең аяғында болатын тек бір кезеңі қарастырылғанда; сонымен бірге бірқатар ұзақ мерзімді жоба орташа жылдық көрсеткіштерді аса қиындықсыз сипаттағанда қолданылады.

   Статистикалық әдісті қолдану барысында барлық қарастырылатын инвестициялық жобалар салыстыруға келетіндей болуы керек, яғни критерийлік көрсеткішті (пайда, шығын және пайдалылық) қоспағанда барлық жобаның көрсеткіштері бірдей болуы керек. Орташа жылдық пайда орташа жылдық табыс пен орташа жылдық шығын арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Дәстүрлі шығын бабынан басқа шығындардың құрамында белгілі бір жобаға капиталды ұзақ мерзімді жұмсаудағы инвестор табысының ысырап болуы ескеріледі.

   Инвестициялық есептің динамикалық әдісі мынадай  жағдайда, егер жоба ұзақ мерзімді сипатта болып, ал инвестордың табысы мен шығыны бұл кезең ішінде елеулі өзгеретін болса; оның үстіне, жыл бойынша жобаны жүзеге асыру кезінде табыстар мен шығындардың уақыт ішінде өзгеруін сипаттайтын ұзақ мерзімді жобаларда қолданылады. 
 
 
 
 

    2. Жоспарлау үшін  жіктелуі 

Информация о работе Шығындардың шешімдерін қабылдау және жоспарлау үшін жіктелуі