Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 20:18, реферат
Ауыл шаруашылық өндіріс көлемі жылдан жылға кеңейіп, оның себебінен, өңдеу өнеркәсібінде өңделетін ауыл шаруашылығы шикізаттары азайып, бұлардың өндірістік қуаттылығы толық пайдаланылмай, тиімділігі төмендеді. Соңғы жылдары республикада күрделі өңдеу кәсіпорындарының көбі өндірісін тоқтатып, олардың орнына кіші өңдеу зауыттары мен цехтары ашылды. Бұлардың техникалық, қаржылық және инновациялық жағдайлары ауыл шаруашылық шикізаттарын толық өңдеп, сапалы және бәсекеге жоғары қабілетті, үлкен аумақтарды қанағаттандыратын өнім шығаруға мүмкіндіктері төмен болып отыр.
КІРІСПЕ----------------------------------------------------------------------------------------3
1.Ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігі---------4
2. Өсімдік шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігі-------9
3. Өсімдік шаруашылығында өнімнің өзіндік құнына калькуляция жасау------14
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------------17
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ----------------------------------------------19
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» пәнінен
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Өсімдік шаруашылығында класстерлік жүйені дамытудың бағыттары
Тексерген: |
Қуандық А. аға оқытушы |
Орындаған: |
Қанатқұл Т.Ж. ЕжА, 2-курс студенті 221-топ |
АЛМАТЫ
2013 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ-----------------------
1.Ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігі---------4
2. Өсімдік шаруашылығында
бухгалтерлік есептің
3. Өсімдік шаруашылығында өнімнің өзіндік құнына калькуляция жасау------14
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ------------------------
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының дамуы нарықтық қатынастар тетіктерінің қалыптасуымен сипатталады. Нарықтық экономикаға өту терең құрылымдық және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен тікелей байланысты. Реформа жағдайында, бірінші кезеңде, елдің азық-түлік қауіпсіздігін, тұрғындарды сапалы тамақ өнімдерімен және олардың жалпы әлеуметтік жағдайының көтерілуін қамтамасыз ету жолға қойылады. Алайда, тұрғындарды жоғарғы дәрежеде азық түлікпен, өнеркәсіпті шикізаттармен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылық кешенінің негізгі сферасы - ауыл шаруашылық өндірісі әлі де болса дағдарыстан толық шыға қойған жоқ.
Ауыл шаруашылық өндіріс көлемі жылдан жылға кеңейіп, оның себебінен, өңдеу өнеркәсібінде өңделетін ауыл шаруашылығы шикізаттары азайып, бұлардың өндірістік қуаттылығы толық пайдаланылмай, тиімділігі төмендеді. Соңғы жылдары республикада күрделі өңдеу кәсіпорындарының көбі өндірісін тоқтатып, олардың орнына кіші өңдеу зауыттары мен цехтары ашылды. Бұлардың техникалық, қаржылық және инновациялық жағдайлары ауыл шаруашылық шикізаттарын толық өңдеп, сапалы және бәсекеге жоғары қабілетті, үлкен аумақтарды қанағаттандыратын өнім шығаруға мүмкіндіктері төмен болып отыр.
Бұл мәселелерді шешудің бірден - бір жолы, агроөнеркәсіп кешенін нарық талаптарына сай қалыптастыру және оны жан-жақты жетілдіру. Ғылыми-техникалық негізде тиімді қызмет атқаратын агроөнеркәсіп кешені, ауыл шаруашылық тауарын өндірушілері мен және оны дайындау, сақтау, өңдеу және өткізу кәсіпорындары арасындағы бұзылған байланыстарды қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Тиімділігі жоғары агроөнеркәсіп кешенін құру экономикалық тұрақтылықты, тұрғындардың материалдық әл ауқатын әрі қарай көтерудің негізгі алғы шарты болып есептелінеді.
Ауыл шаруашылық кешені қиын экономикалық құрылымдарына жатады. Ал оның өндірістік құрылымы күрделі, өзгермелі және өндіргіш күштер мен түпкілікті өнімге сұраныспен анықталады.
Ауыл шаруашьшығында өсімдік дақылдар өндіру мен мал шаруашлығы үлкен маңызға ие. Себебі, бұлардан алынатын өнімдер тамақ, химия, медицина және т.б. салаларында қолданылатыны белгілі. Дегенмен, кейінгі он жыл ішінде ауыл шаруашлығы дақылдар кешенін дамыту жұмыстары жолға қойылмай келеді.
Ауыл шаруашылық өндірісінде ішкі кешенін дамытудың ең маңызды шарасы интеграциялық біріккен ұйымдар арасындағы экономикалық байланыстар мен қатынастарды жетілдіру болып табылады. Біріккен құрылымдардың шаруашылық тетіктерін, олардың арасындағы өндірістік экономикалық байланыстарды тұрақты дамыту. Ауыл шаруашылық кешендерін қалыптастырудың ғылыми негіздері.
Президенттің халыққа
Ауыл шаруашылығының алдында тұрған міндеттерді шешуде кәсіпорындарында басшылықты жемісті ұйымдастыруға қажетті алғышарттар жасауға мүмкіндік туғызатын бухгалтерлік есепке, бақылауға және жедел талдау жасап отыруға маңызды орын берілген. Есептеу мен бақылаудың маңызы мемлекет меншігінен алу, жекешелендіру және ішкі шаруашылық есепті, жалдық мердігерлікті кеңінен игеру, нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде ерекше артып түседі. Есептеудің көмегімен кәсіпорынды басқару, өнімге баға қою үшін қажетті өндірістің көлемі мен өнімді тарату, оның өзіндік құны, еңбек өнімділігі, рентабельділіктің дәрежесі және басқалары туралы сенімді де уақытылы мәліметтер алынады.
Халық шаруашылығын одан әрі дамыту үшін ауыл шаруашылығында бірлескен кәсіпорынның құрылып, жұмыс істеуінің және сыртқы экономикалық қызметті дамытудың маңызы зор.
Адамзаттың техникада және өндірісте қолы жеткен прогресі қандай айбынды болғанымен, оның барлық өмірі табиғатқа байланысты екенін ұмытпау керек. Ол адамдарға өте үлкен және алуан түрлі ресурстарды пайдалануға береді.
Алдымен керегі бұл адамдардың тамағы. Ол болса табиғаттың негізгі ресурсы - жер арқылы өндіріледі, алынады. Шындығында жерсіз адам өмір сүре де алмайды. Экономика ерекшелігінің бірі барлық ауыл шаруашылығы өндірісі осы жерде орналасқан.
Біріншіден, ол табиғаттың,
ауа райының жағдайына толық ба
Екіншіден, шаруашылықты жүргізу маусымды және біркелкі емес, ал, тұтыну болса жыл бойы жүреді.
Үшіншіден, оның басқалардың өнімдеріне қарағанда бір жермен бір орында емес, шашыранды, оларды бір жерге жинау мүмкін емес, тиімді болмайды.
Төртіншіден, ауыл шаруашлық өндірісі, онда жұмыс істейтін жұмыскерлердің өмір сүріп, жұмыс істеуіне өз белгісін қалдырып отырады. Жұмыскердің жұмыс уақытымен санаспай істеуін талап етеді.
1Бесіншіден, бұл сала экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда сұраным оралымдылығы мен икемділігі төмен, ол экономикаға екі жақта зардап әкелуі мүмкін: біріншісі, ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның өсуі, оның тұтынуын азайтпай, керісінше көбейтіп, сонымен бірге шығындардағы инерцияның күшеюіне, ал, ол өнеркәсіп өнімдері, алдымен ауыл шаруашылығы өзі пайдаланып отырған өнімдерінің қымбаттауына (трактор, машина, комбайн, жанар-жағар май, қосалқы бөлшектер т.б.) әкеліп соқтырады: екіншіден, бағаны төмендету, өнімдерді өткізу көлемін және фермерлердің (шаруа қожалықтарының) табысын да молайту да өз әсерін тигізе алмайды, себебі, табыстан артылып қалған қаржыны фермер (шаруа қожалығы) өнеркәсіп орындарының өнімдерін сатып алуға жұмсайды.
Міне, осының бәрі агроөнеркәсіп шаруашылығының жалпы экономикалық прогресте арнайы орын алатынын, әлеуметтік шиелінушіліктің пайда болатынын көрсетеді.
Дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей техниканың қандай болғанымен агроөнеркәсіп шаруашылығында өнімді көбейту - бұл жанұялық шаруа (фёрмер) қожалығы болып отыр.
Шаруа қожалығы дегеніміз бір жағынан, ауыл шаруашылық өндірісінің жаңа түрі, екінші жағынан, бұл кеңшар (совхоз) мен ұжымшарлардан (колхоздардан) ескі формалардың бірі болып саналады. Агроөнеркәсіп шаруашлық экономикасында шаруа қожалықтары, коопперативтер т.б. формалары арғы ғасырдан келе жатыр, 1917 жылғы Қазан төңкерісінен "Ұлы сталиндік өзгеріске" дейін жұмыс атқарып халыққа өз өнімін беріп келген. Орыстың ұлы ғалымы, ауыл шаруашылық экономисі Александр Васильевич Чаянов атағандай кеңшар (ұжымдармен бірге) мердігерлік әдістер, соның ішінде жеке және отбасылық мердігерлік, кооперативті, шаруа қожалығы т.б. түрлері өмір сүріп, халыққа қызмет көрсете алады.
Чаянов А.В. (1888-1939) біздің аграрлық тарихымызда ғалым-зерттеуші ретінде орын алған ғалым. В.И.Ленин "Кооперация туралы" деген еңбегін жазғанда А.В.Чаяновтың еңбектерімен танысып, онымен ақылдасып отырған. Чаяновтың мәліметтеріне қарағанда 1917 жылғы қаңтардың бірінде Ресей елінде 63 мыңға жуық кооперативтер, 24 млн. жарнашы - мүшелерін құрастырып жұмыс істеген, соның ішінде сібірлік кооперативтер үлкен табыс кіргізіп отырған. 1921 жылдан 1928 жылға дейін олардың саны да, сапасы да өсіп отырған.
Қытай Халық Республикасындағы тұрғын халықтың 80 пайызына дейін ауылдарда тұрады. Бір ерекшелігі - ауыл шаруашылық мекемелерінде емес, ауыл шаруашылығына жатпайтын ұйымдарында (ұжымшарлар мен кеңшарлар емес) барлық айдалатын жердің 90 пайызы отбасылық, жалгерлік, кооперативтік әдіспен жұмыс істейді екен. Жерді 50 жылға дейін Жалға келісім шартпен алып жұмыс істеп, әр алуан өнімдер өндіреді. Осы өндірген өнімнен жалгерлер мемлекетке жылдық ақы есебіне 3 пайыз, кооператив ұйымдарына 7 пайызын беріп, қалған 40 пайызын мемлекетке жоғары бағамен сатып отырады. Ендігі қалған өнімнің 50 пайызы жалгерлік ұжым мүшелері өздері бөледі, не мемлекетке, немесе басқаларға нарықты еркін бағамен сатады.
АҚШ ауыл шаруашылығында істейтін фермерлік шаруашылықтар барлық штаттар бойынша өндірілген өнімнің 60 пайызын береді. Әрі жеке меншікті жанұялы (семьялы фермерлер 1 мыңнан 20 мың долларға дейін өнім өндіріпі сатады. Бұған қосымша ауыл шаруашылық өнімдерін тағы 16 пайызы бірігіп жұмыс атқаратын туысқан адамдардан құралған серіктестік фермалар береді екен.
Дүние жүзі мемлекеттерінің тәжірибелері көрсеткендей экономикалық мүддесінен қол үзгені, жерінен айрылған шаруа елді тойындыра алмайды және ауыл шаруашылығына жұмсалған мемлекеттік қаржы қандай көлемде болса да, құмға сіңген су сияқты еш жәрдем тигізе алмайды және саланы ілгелі дамыта алмайды.
Нарықты қатынастарға көшкен мемлекеттерде агроөнеркәсіпті шаруашылығы саласында фермерлер, шаруа қожалықтары, кооперативтер, жалгерлер, акционерлік қоғамдар т.б. жұмыс істейді. Осылардың әрқайсысына қысқаша түсініктеме берелік.
І.Шаруа қожалықтары - бұл фермерлерге ұқсас сияқты, Фермер ауыл шаруашлығының еркін тауар өндірушісі есебінде көрінсе, шаруа қожалығы бұрыннан-ақ бізде болған, өнім өндіріп келген кішігірім құрылымдар.
2Сонымен, шаруалар қожалығы - өз еңбегімен (немесе жалғыз өзі, не жанұя мүшелерімөн) жұмыс атқарып, өнім өндіріп, өзін-өзі қаржыландыратын, заңды, дербес шаруашылық.
Оның ерекшеліктері: 1). Өз қызметін жанұя, оның мүшелері арқылы жүргізеді; 2) Жер мемлекеттік актімен бекітіліп берілгеннен кейін, оны заңды иесі бола алады және жұмыс істейді; 3) Барлық жағынан заңды түрде мәртебе алып, өзінің атынан жергілікті орындарда өз шешімдерімен бекітіп, шарт жасасып, отырады, өзінің мөрі, банкідегі шоты, кіріс, шығыс баланстары болады. Шаруа қожалығы басқа да ұйымдармен қарым-қатынас жасайтын өндіріс орны да болып табылады; 4). Өндірген өнімдеріне және құрал-жабдықтарына, тапқан табысына заңды түрде ие болып қожалық жасайды, сөйтіп алған дүние мүлкі актімен бекітіледі; 5). Өз жағдайларына, мамандандырылғанына қарай не өндіретіндерін, қалай өндіретіндерін, қандай технологияны пайдаланатынын, алған өнімдерін қайда, кімге сататынын өздері дербес шешеді. Ол өз кірісін, табысын өзі біліп, өзі билейді, өзі бөледі. Әкімшілік түрде ол ешкімге бағынышты емес. Сондықтан онның ішкі жұмысына ешкім араласа алмайды. Олар мемлекеттік, кооперативтік, өздері сияқты шаруалар қожалығымен қолма-қол ақшалай, ақша немесе аудару арқылы қарым-қатынас жасайды; 6). Өз өндіріс орнында дербес жұмыс істегендіктен кеңшар, ұжымшылардың істеріне араласпайды; 7). Өндірілген өнімнің 70-80 пайыз тауарлығы, яғни сатылатындығы болғандықтан, оның тауарлығының жоғары екендігін көрсетеді; 8). Шаруа қожалығының негізгі мақсаты - шаруалардың жанұя мүшелерін азық-түлікпен қамтамасыз ету, сонымен бірге, өндірген өнімдерді сату арқылы пайда табу.
1998 жылғы наурыздың 31-де "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" Қазақстан республикасының заңы өмірге келді. Бұл заң Қазақстан республикасында шаруа (фермер) қожалықтарын құрудың және олардың жұмыс істеуінің құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін белгілейді.
Мұнда, адамдардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен сондай-ақ осы өнімді ұқсатумен және өткізумен тығыз байланысты отбасылық - еңбек бірлестігі шаруа (фермер) қожалығы деп танылады.
Шаруа қожалығы мынандай нысандарда болуы мүмкін:
Кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;
Бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы.
18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының іс-әрекетке қабілетті кез келген азаматы шаруа (фермер) қожалығының басшысы бола алады.
Шаруа (фермер) қожалығы ерікті негізде құралады және жер пайдалану құқығына мемлекеттік тіркеуден өткізген кезден бастап құрылады деп есептелінеді.
Шаруа қожалығы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруалығының тең құқықты өндірістік бірлігі болып табылады.
Шаруа қожалығы өз қызметінің бағытын, өндірісінің құрылымы мен көлемдерін дербес айқындайды, өнімді өсіреді, ұқсатады және сатады, сондай-ақ шаруашылық жүргізумен байланысты да мәселелердің меншігінде жер учаскесіндегі екпелер, шаруашылыққа арналған және өзге қора-қопсылар, мелиорациялық және басқа да құрылыстар өнім беретін және жұмысқа жегілетін мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және қожалық үшін оның мүшелерінің ортақ қаражатына сатып алғынған басқа да мүлік болады.
Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның басты мақсаты халықтың тамақ өнімдеріне, ал өндірістік шикізатқа деген өскелең талабын толық қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің орташа жылдық көлемін одан әрі арттыру болып табылады.
3Ауыл шаруашылығының алдында тұрған міндеттерді шешуде кәсіпорындарында басшылықты табысты ұйымдастыруға қажетті алғышарттар жасауға мүмкіндік туғызатын бухгалтерлік есепке, бақылауға және жедел талдау жасап отыруға маңызды орын берілген. Есептеу мен бақылаудың маңызы мемлекет меншігінен алу, жекешелендіру және ішкі шаруашылық есепті, жылдық мердігерлікті кеңінен игеру, нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде ерекше арта түседі. Есептеудің көмегімен кәсіпорынды басқару, өнімге баға қою үшін қажетті өндірістік көлемі мен өнімді тарату, оның өзіндік құны, еңбек өнімділігі, рентабельділіктің дәрежесі және басқалары туралы сенімді де уақытылы мәліметтер алынады. Есептің мәліметтері меншіктің сақталуын бақылауға, техниканы жөндеуге және күрделі құрылысқа жұмсалынатын шығындарды анықтауға, машиналар мен жабдықтарды пайдалану, жаңа техниканы игеру, химияландыруды, егістіктерді өңдеудің интенсивті технологияларын, суландыру және басқаларын қолданудың экономикалык тиімділігі жөнінде мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Информация о работе Өсімдік шаруашылығында класстерлік жүйені дамытудың бағыттары