Стандарттау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:07, лекция

Описание

Халықаралық стандарттаудың мәні мен ерекшелігі
Халықаралық стандартты қолдану тәртібі
ХҚЕС қабылдау және трансформациялау процедурасы
ХҚЕС стандартының жіктелуі
ХҚЕС-ті реттеу ұйымының қызметі
ХҚЕС құру иетодологиясы: артықшылығы мен кемшілігі

Работа состоит из  1 файл

Халықаралық стандарттаудың мәні мен ерекшелігі.docx

— 42.69 Кб (Скачать документ)

 

 

  1. Халықаралық стандарттаудың мәні мен ерекшелігі
  2. Халықаралық стандартты қолдану тәртібі
  3. ХҚЕС қабылдау және трансформациялау процедурасы
  4. ХҚЕС стандартының жіктелуі
  5. ХҚЕС-ті реттеу ұйымының қызметі
  6. ХҚЕС құру иетодологиясы: артықшылығы мен кемшілігі

 

1. Халықаралық  стандарттаудың мәні мен ерекшелігі

Халықаралық бухгалтерлік стандарттаудың пайда болуы ең әуелі мына объективті алғы шарттарға байланысты:

  1. Әлеуметтік экономика, қаржылық және инвестициялық нарықтың біркелкі қажеттілік интеграциясы, өзара тәуелділігі, өзара келісімділігі
  2. Трансұлттық корпорациялардың қызметтерін ұлғайту, бірлескен кәсіпорындардың көшірілуі, корпорациялар мен әр түрлі елдердің капиталына өзара кіруі
  3. Әлемдік өнім шығарушылардың күшін көлемді, жаһанды және ұлттық деңгейге дейін дамыту
  4. Жетекші елдердің валюталарының тәуелсіз конвертациясы және бірден еуропалық валютаны енгізу
  5. Үйлестіру және стандарттау сияқты жолдармен әлеуметтік, экономикалық, қаржылық сфераларында экономикалық процестерді басқарудың ұлтаралық бағдарламаларын жүзеге асыру
  6. Ұлттық қағидалар мен ережелер аясынан қалыс өалмау
  7. Бұрыс шешім қабылдау үшін нақты әрі түсінікті ақпарат алу жолында халықаралық ережелерге сай есеп жүргізуге құралдар жұмсамау

Есептік мәселелерді шешудің  көп нұсқаулық жолдарының болуы  ХҚЕС айқын ерекшелігі болып табылады. ХҚЕС әр түрлі елдердің, әсіресе  ақш-та есептік тәжірибесінің енгізілуіне  тәуелді.

ХҚЕС-ты оқи отырып, оны  қолдану кәсіпорындарға, жалпы қолданыстағы нұсқаның кеңінен қолданылатын түрін  таңдауға мүмкіндік береді. Бұдан  ХҚЕС сәйкес есеп және есептілік ақпараттарының артықшылықтары мен кемшіліктері туындайды(1- кесте).

ХҚЕС-тің негізгі ақпарат  базасы ретінде отандық бухгалтерлік есеп жүйесіне енгізудің себебі- есептіліктегі  ұлттық ерекшеліктерді барынша азайту және әр түрлі тұтынушылардың шешім  қабылдауы үшін сенімді ақпараттармен  қамтамасыз ету болып табылады.

Есеп беру жүйесін стандарттау  – бұл объективті қажеттілік, әр елдердегі есеп беру жүйесін зерттеулерде, жіктеуде және топтауда қорытындыларды және есеп пен есептілікті жаңалау  кеңесін құру. Әр ел өзінің ұлттық есеп беру жүйесін жалпы қағидаға сүйене отырып қабылдаған.

 

 

2. Халықаралық  стандартты қолдану тәртібі

Халықаралық стандарт –  ХҚЕС ұлттық есеп беру ерекшелігін  сақтай отырып, қолдану жағдайында ХҚЕС комитетінің мүшесіне кіретін елдерде қолданылатын ереже. Халықаралық стандарттың дамуына есеп беруді стандарттау дәстүрінің қалыптасуы, практиканы бір немесе басқа объектінің және басқа жағдайларды есеп беруге енгізуі әсер етеді.

10-шы сілтемеде ХҚЕС  тізімі берілген. Әр кезде өзгеріп  отыратын жүйе., ол өзінің атауын  үнемі өзгертіп отырады. Бұл  өзгертуде әлем бойынша әлем  бойынша компаниялар өзінің қаржылық  есебін жүргізуге қажетті бухгалтерлік  есептің қағидалары жатыр. Ескі  теория мен тәжірибенің даму  негізінің өзгеруіне қажетті  және оларды қолдануға байланысты  стандарттауды қайта қарау кезеңіне, әрі ол есеп беруді стандарттауға  өз үлесін қосады.

Бірқатар елдердегі мәлімет  деңгейінде орташа компаниялар инфляцияның  әсерінен есеп пен есептілікке ықпал  етуі жөнінде өзіндік шешім қабылдауға құқылы. Кейбір елдерде баланстың  бөлек баптары ғана өзгертіледі, бұл негізгі жабдықтармен, оның ішінде ұзақ мерзімді капиталдық және қаржылық салымдар жайлы ақпарат береді.

Ұлттық стандарттауға  келетін болсақ, олардың құрылуына  әр түрлі құрылымдар үлесін қосуда, соның ішіне бухгалтерлер мен  аудиторар ассоцияицясы, биржалық комиссия, орталық банктер, институттар және т.б. ғылыми ұйымдар, салық органдары. Бұл кезеңдегі үлесінде есеп беру стандартын құру әр түрлі. Египеттің  бухгалтерлер мен аудиторлар ассоцияциясының  президенті  М.Яхья  21 елдің сараптамасы  негізінде жүргізген зертеулердің нәтижесінде 32% -бен мамандандырылған бухгалтерлік  ұйымдар жетекшілік ролде, құқық шығарушы органдар – 18%, биржалық комиссиялар -  14%, орталық банктер – 13%, салық ведомоствалары – 9%,басқа құрылымдарда – 14%

Бұл құрылымдардың көлемі нақтыланған мәселелерді туындатады және ол стандартты дамытудағы жұмыстар есеп берудегі үндестіру процесінің қиындауына әкеліп соғады. Сондықтан  көптеген елдер халықаралық стандартты қабылдағанды жөн санайды.

Ескеретін жағдай қазіргі  уақытта компаниялардың өздері ХҚЕС қолдануда қызығушылық көзқарастары бойынша бірнеше топтарға бөлінеді(1-сызба)

 

 

 

1-кесте

ХҚЕС-тің артықшылықтары мен кемшіліктері

Артықшылықтары  :

Кемшіліктері  :

  • Халықаралық капитал нарығының тарту мүмкіндігін кеңейту
  • Қолднанушыға нақты шешім қабылдауға көмек беретін көлемдегі ақпараттың айқындылығы,тиімділігі және мәнінің айқын түсіндірілуі
  • Жергілікті жұмыстарға уақыттың және т.б. оның ішінде материалды қолдануды қысқарту
  • Республика экономикасының деңгейі тұрақты болу үшін бухгалтерлердің жауапкершілігін, білімін, тәжірибесін, беделін жоғарлату
  • Ақпараттың ашықтығы, тәуекелдің төмендігі және жоғары сенімділік арқасында басқа мемлекеттермен бірлесіп жұмыс істеуді кеңейту
  • Қаржылық ақпараттың нақты сапасының негізінде басқа елдермен экономиканы біріктіру
  • Есеп пен есептілікті үндестіру және экономикалық интеграцияның жақындастырылуы
  • Стандарттың жалпы сипатта болуы
  • Есептік тәсілдің көп болуы
  • Нақты жағдайлардың мәнінің мұқият ашылмауы
  • Әр елдің даму деңгеінің әркелкі болуы
  • Экономиканың дәстүрі мен ұлттық ерекшелігінің және тәртіп пен ережелердің жоқтығы
  • ХҚЕС-тың ұлттық есеп беру жүйесіне бейімдеуде жекелеген жағдайларда жұмыстың қолайсыздығы
  • Бухгалтерлердің білімі мен тәжірибесінің төмен болуы, сонымен қатар оқуға деген қажеттілік
  • Кейбір терминдердің дұрыс аударылмауына байланысты жайсыз қабылдануы
  • Жекелеген мәселелер бойынша нормативті құқықтық жүйенің сәйкес келмеуі

 

 

2-кесте 

Мемлекеттер мен  олардың ХҚЕС қолдану реттілігі

ХҚЕС-ты қолданудың реттілігі 

Мемлекеттер

ХҚЕС ұлттық стандарт ретінде  қолданылады

Кипр, Кувейт, Латвия, Мальта, Пәкістан, Тринидад, Тобаго, Хорватия

ХҚЕС ұлттық стандарт ретінде  қолданылады, бірақ онда қарастырылмаған  мәселелер үшін ұлттық стандарттар  жасалады

Малайзия және Папуа, Жаңа Гвинея

ХҚЕС ұлттық стандарт ретінде  қолданылады, бірақ кейбір жағдайлар  ұлттық ерекшеліктерге сәйкес өзгертілуі мүмкін

Албания, Бангладеш, Барбадел, Замбия, Зимбабве, Кения, Колумбия, Польша, Судан, Тайланд, Уругвай, Ямайка

Ұлттық стандарт ХҚЕС-ке негізделген, қосымша түсініктемелерді қамтамасыз етеді

Китай, Иран, Словения, Тунис, Филипин.

Ұлттық стандарт ХҚЕС-ке негізделген, алайда оған қарағында  жекелеген стандарттар аса бөлшектенген

Бразилия, Үндістан, Ирландия, Литва, Мавритания, Намибия, Нидерланды, Норвегия, Сингапур, Словакия, Түркия, Франция, Чехия, Швейцария, Оңтүстік Африка

Ұлттық стандарт ХҚЕС-ке негізделген, алайда әр ұлттық стандарт ХҚЕС-пен жеке-дара байланысты

Австралия, Гонконг, Дания, Италия, Жаңа Зеландия, Швеция, Югославия


 

 

1-сызба

ХҚЕС енгізуге қызығушылық білдіруіне байланысты кәсіпорындардың әр түрлілігі


Информация о работе Стандарттау