Тауарлы-материалдық қорлар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 23:19, курсовая работа

Описание

Олардың өндіріс құралдарынан өзге еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептен, кіріске алу немесе есептен шығару.
2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
4. Материалдарды өндіріске пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
5. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдалануын бақылау.
6. Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................... ........... 3
1. Тауарлы-материалдық қорлар жайлы түсінік
1.1. Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі ........................................... 5
1.2. Материалдарды есептеуді ұйымдастыру ......................................................7
1.3. Материалдардың номенклатурасы ................................................................9
2. Материалдар қозғалысының есебі және бағалау әдістері
2.1. Тауарлы-материалдық қорлар қозғалысының есебі және оларды құжаттау.....................................................................................................................11
2.2. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері ................................16
3. Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі
3.1. Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы есебі ................................21
3.2. Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі ......................24
3.3. Материалдық қорларды түгендеу ..............................................................26
3.4. Тауарлық-материалдық қорлар шоты бойынша жүргізілетін операциялар...............................................................................................................30
Қорытынды .......................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер ...................................................................................34

Работа состоит из  1 файл

шырынбек.doc

— 207.00 Кб (Скачать документ)

     Өндіріске босатылған және материалдардың қоймадағы қалдықтары ФИФО және ЛИФО әдістері бойынша мына түрде есептеледі.

     Мысалы: А – түрлі материалдар тобы

            Саны

     (дана)

     Бағасы

     (теңге)

     Сомасы 

     (теңге)

     А) Қаңтар айының бірінші жұлдызына  кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдығы      50      100      5000
     Қаңтар айында кіріске  алынған материалдық қорлар
     1-топтамада

     2-топтамада

     3-топтамада

     4-топтамада

     5-топтамада

     100

     80

     90

     100

     70

     110

     120

     130

     140

     150

     11000

     9600

     11700

     14000

     10500

     Кіріске алынған  материалдық қорлардың жиыны
            440            56800
     Бастапқы қалдықпен  қоса есептегендегі қалдығы
            490            61800
     Ай бойы материалдық  қорлардың шығыс етілгені
     ФИФО  әдісімен бағалағанда      250             28200
     ЛИФО  әдісімен бағалағанда      250             34900
     Ай соңындағы материалдық  қорлардың қалдығы
     ФИФО  әдісімен бағалағанда      240             33600
     ЛИФО  әдісімен бағалағанда      240             26900
 

     Бұл кестеден көріп отырғанымыздай шығыс  етілген 250 дана материалдық қорлардың  құны былайша есептелінеді.

     ФИФО  әдісі бойынша:

     Бірінші кіріс етілгендер, соның ішінде: айдың басындағы кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдық саны 50 дана сомасы 5000 теңге, бірінші топтамада кіріске алынғаны 100 дана, сомасы 11000 теңге, екінші топтамада кіріске алынғаны 80 дана, сомасы 9600 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған материалдардың тек қана 20 данасы, сомасы 2600 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250 (50+100+80+20) дана, сомасы 28200 (5000+11000+9600+2600) теңгенің материалдары.

     ЛИФО  әдісі бойынша:

     Соңғы кіріс етілгендер, соның ішінде: бесінші топтамада кіріске алынғаны 70 дана, сомасы 10500 теңге, төртінші топтамада  кіріске алынғаны 100 дана, 14000 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған 90 дана, материалдың сомасы 11700 теңге, 80 данасы, сомасы 10400 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250 (70+100+80) дана, сомасы 34900 (10500+14000+10400) теңгенің материалдары.

     Материалдық қорлары ФИФО және ЛИФО әдістерімен бағалау барысында материалдардың талдамалық есебін олардың түрлері бойынша ғана жүргізіп қоймай, егер олар әртүрлі бағамен сатылып алынған болса, онда келіп түскен материалдарды олардың топтамасы бойынша есептеу керек.

     Материалдар баланста нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар материалдар өздерінің топтамалық (синтетикалық) есебінде нақты өзіндік құнымен көрсетіледі де, ал талдамалық есебінде жоспарлы есептеу бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорын материалдық қорлардың талдамалық есебін келісілген бағасы бойынша есептейтін болса, онда олардың нақты құны материалдық қорлардың сатылып алынған құны мен дайындау-тасымалдау шығындарының қосындысынан тұрады. Бұлардың құрамына теміржол тарифі, көлік, ұшақ және басқа да тасымалдау құралдарының тарифтері, жарналар, материалды тиеуге, түсіруге кеткен шығындар, материалдық қорларды дайындаушылардың іссапары шығындары, қамсыздандыруға төленген төлем және басқа да шығындар жатады. Егер материалдық қорлардың талдамалық есебі жоспарлы есептеу бағасы бойынша есептелетін болса, онда олардың нақты өзіндік құны жоспарлы есептеу құнына баға өзгеруінен болатын ауытқулар қосу немесе алу арқылы анықталады.

     Бұл бағаны кәсіпорынның немесе ұйымның  өзі жоспарланған дайындау-тасымалдау шығындарын ескере отырып есептеп шығарады. Жалпы материалдық қорларды есептеуде заттай және ақшалай өлшемдер қолданылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3. Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі 

     3.1. Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы  есебі 

     Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын қоймасында және кәсіпорын  бухгалтериясында есептеледі. Материалдық  қорлардың қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймадағы материалдық қорлардың әрбәр түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, номенклатуралық нөмірі, өлшем бірлігі, сақталып тұрған материалдардың мөлшері, тағы да басқа көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, материалдарға байланып немесе жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтағы материалдардың талдамалық есебі белгіленген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркаларына орай жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралық нөмірі бойынша бөлек үлгілі түрі М-17 карточкасы ашылады. Бұл карточка материалдық қорлардың аты, мөлшері, көлемі, сорты, өлшем бірлігі, номенклатуралық нөмірі және есептеу бағасы көрсетіледі. Бұл карточканы жаңадан кіріске алынған материалға кәсіпорынның бухгалтериясы дайындап, одан кейін кіріс ету ордері мен тізілім (реестр) бірге қоймаға беріледі. Қойма қызметкері немесе қойма меңгерушісі алынған карточкаға материалдық қорлардың қай жерде сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады. Материалдардың кіріс-шығысының сорттық-сандық есебін сол материалдарға жауапты адам жүргізеді. Кйбір жағдайда материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша қойманың карточкалық есебін жүргізу жұмысы басқа адамға, яғни есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін. Материалдардың түрі номенклатуралық нөмірі аз болатын кәсіпорынның қоймаларында бұл карточканың орнына материалдар есебін тиісті түрде жүргізуге дайындалып жасалған сорттық есеп кітабында жүргізуге болады. Мұндай жағдайларда сорттық есеп кітабында қойма есебінің карточкасындағы деректер болуы қажет. Қоймашы белгіленген тәртіп бойынша толтырылған алғашқы құжаттардың негізінде материалдардың кіріске алынуын және есестен шығару операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың есеп карточкасына жазып, онда материалдық құндылықтардың сол күннің соңындағы қалдығын шығарып отыруы керек. Бұл карточкада материалдардың қалдығы әрбір операциядан кейін шығарылып отырылады.

     Ай  соңында бухгалтерияға ондағы көрсетілген  материалдың алынған немес алынып болмағанына қарамастан шектеулі-заборлық карточкасының барлығы тапсырылуы керек. Толық алынып болмаған материалдар  үшін келесі айға жаңа шектеулі-заборлық карта жазылып беріледі. Қоймашы материалдардың қоймалық сорттық есеп карточкасының деректері негізінде жабдықтау бөліміне материалдардың әр номенклатуралық түрінің қалдығы, оның тұрақты қор мөлшерден ауытқуы, көптен бері пайдаланылмай жатқан материалдар жайлы деректер беріп отырады. Қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін бухгалтерия бақылап отыруы керек. Бухгалтерия қызметкері жиі-жиі (апта сайын, 10 күнде) қоймашымен қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы құжаттардың дұрыс жазылуын, қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін және карточкадағы материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыруы қажет. Карточкадағы жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені жайлы бухгалтерия қызметкері есеп карточкасының тиісті жеріне қол қояды. Қоймалық сорттық карточкалардағы жазуды тексеру, қойма меңгерушісінің бухгалтерияға материалдарды кіріске алу кезінде тапсыратын есептерінің негізінде жүргізіледі. Қойма меңгерушісінің бухгалтерияға тапсыратын құжаттары үлгілі түрі М-18А «Құжаттарды қабылдау-өткізу құжатына» тіркеледі. Материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша бухгалтерия қызметкері әр операцияның дұрыстығын тексергені жайында және құжатты қабылдағаны жайында карточкаға қол қояды. Мұндай жағдайда құжаттарды қабылдау-өткізу тіркелімін жасаудың керегі болмайды. Егер орталық қойма немесе цех қоймасы ұйымның басқармасынан қашық жерде орналасқан жағдайда жүргізілетін операциялардың дұрыс құжатталуыны, материалдарға жауап беретін адамның есеп карточкасын дұрыс жүргізуі орталық бухгалтерияда тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс және шығыс ету құжаттары белгіленген уақытта тіркелімдермен бірге бухгалтерияға табыс етілуі керек. Кәсіпорынның орталығынан қашық жерде орналасқан қойма меңгерушісі белгіленген күні бухгалтерияға екі дана етіп материалдардың ай соңындағы қалдық тізімдемесін тапсыруы керек. Тізімдеме құрамында өзгерісі (кірісі мен шығысы) бар материалдар бойынша жасалынып, онда тек қана материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі. Тізімдемеге цех, қойма, бөлімше бастығы және ол құжатты толтырушы қол қояды. Дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін тізімдеменің бір данасы жіберілген қателіктер жөніндегі ескертумен қоймаға қайтарылады. Материалдардың есебін жедел оперативтік, бухгалтерлік, қалдықтық әдіспен жүргізген жағдайда қоймалық есеп карточкасымен қатар үлгілі түрі М-20 «Қоймадағы материалдар қалдығын есептеу тізімдемесі» жүргізіледі. Қойма меңгерушісі карточкалардағы ай бойындағы жиынтық деректері бойынша материалдардың келесі айдың бірінші күніне қалған қалдықтарын осы тізімдемеге көшіріп жазады. Тізімдемеде материалдар қоймалық есепте қаралған номенклатуралары бойынша аралық шоттарға (субшоттарға) және синтетикалық шоттарға топталғаны күйінде көрсетіледі. Бухгалтерияда материалдардың қалдығы олардың жоспарланған есептеу бағасына көбейтіліп, ай аяғына қалған материалдардың жалпы сомасы анықталады. Егер пайдаланатын материалдар номенклатуралары аз болған жағдайда материалдарды алған адамдардың қолын тек қоймалық есеп карточкасында қою арқылы босатуға болады. Мұндай карточкалар тек бір айға ғана ашылып, ай соңында бухгалтерияға тапсырылады. Келесі айда олардың орнына жаңа қоймалық есеп карточкасы ашылып, оған материалдардың ай басындағы қалдығы жазылады. Құрылыс ұйымдарының құрылыс басындағы бөлімшелері қоймалық-сорттық карточкасының орнына ай сайын материалдардың кірісі, босатылуы және қалдығы жайлы үлгілі түрі М-19А санды карточкасын толтырып есеп беріледі. Бұл есепте материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың барлығы кіргізіледі. Берілетін есепте материалдардың кіріске алынуы, шығыс етілуі және қалдығы алғашқы құжаттар (кіріс ету, босату, түгендеу) негізінде көрсетіледі. Құрылыс бөлімшелері құрылысқа жұмсалған материалдарға босату құжатын толтырмайды. Сондықтан да олардың бухгалтерияға берген есеп мәліметтеріне құрылысқа пайдаланылған материалдардың алғашқы құжаты тіркелмейді. 

     3.2. Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтериядағы  есебі 

     Материалдардың  бухгалтериядағы талдамалық есебі  сандық және ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді. Есеп жұмысына есеп тіркелімдерінің өте ұтымды жаңа түрлері енгізіліп, есеп жұмысының тәртібі жақсартылып, есеп машиналары пайдаланылып, есеп беру жұмысы қысқартылып, жеңілдетудің басқа да түрлері қолдануда. Соңғы уақыттарға дейін ұйымдардың бухгалтерияларында материалдардың талдамалық-сорттық, сандық, бағалық есебін карточкаларда жүргізіп келді. Жалпы бухгалтерияда материалдардың әр номенклатуралық нөміріне бөлек карточка ашылады. Материалдардың кіріс етілуіне, босатылуына жасалған әр құжат деректері тиісті карточкаға жазылуы керек. Ай біткеннен кейін немесе ай соңына әр карточка бойынша материалдардың кіріске алынуы мен шығыс етілунің қорытындысы шығарылып, олар материалдардың айналым тізімдемесіне жазылады. Сөйтіп, бухгалтериядағы карточкаларда қоймадағы карточкаларда жазылған деректер қайталанады.

     Айырмашылығы:

     Қоймадағы карточкаларда сандық есеп қана жүргізілсе, бухгалтериядағы карточкаларда  сандық есеппен қатар олардың құндары да көрсетіледі. Бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық, бағалық есебін жүргізу көптеген адам күшін және уақытты керек етеді. Сондықтан да бухгалтерияда карточкалар мен айналым тізімдемелерін толтыру кейде кешігіп отырады. Оысған байланысты сандық карточкалардың орнына кейінгі кезде сандық, сорттық, сомалық айналым тізімдемесін пайдаланатын болды. Есептің бұл әдісін қолданған кезден бастап (1946 жылы) кәсіпорындардың бухгалтерияларында сорттық, сандық, бағалық карточкасын пайдаланбайтын болды. Шығыс етілген материалдардың сандық есебі алғашқы құжатта тікелей жинақталып қалдығы шығарылады. Ай біткеннен кейін он-он бес күн ішінде материалдардың айналымы мен қалдығы сорттық, сандық, сомалық айналым тізімдемесіне жазылады. Бұл әдісті пайдаланғанда бухгалтерлердің жұмысы сәл жеңілдегенімен кемшіліктер де кездесіп отырады. Ол кемшілікке ұйымдағы материалдардың сандық есебінің бухгалтерия мен қоймада қатар жүргізілуін жатқызуға болады. Материалдардың бұл екі есебі көбіне бір-бірімен еш байланыссыз жүргізіледі. Материалдардың есебін одан әрі жетілдіру негізінде оперативтік бухгалтерлік (сальдолық) әдәсә пайда болады. Бұл әдісті бұрынғы КСРО-ның орталық статистика бөлімі 1959 жылдың 12 мамыр күнгі жазған хатында қолдануға ұсынған болатын. Ал іс жүзінде бұл әдіс 1950 жылдардан бастап қолданыла бастаған. Бұл әдіс бойынша материалдардың есебі тек қоймалық сорттық, сандық есеп карточкаларында жүргізіледі. Оперативтік-бухгалтерлік есептеу әдісін қолдану үшін міндетті түрде керек жағдайлардың бірі есептеу жұмысына жоспарлы есептеу бағасын енгізу қажеттілігі болып табылады. Материалдардың ағымдағы, яғни талдамалық есебі осы бағамен жүргізіледі. Материалдар синтетикалық шотта нақтылы өзіндік құнмен есептелінеді. Материалдардың есебін оперативтік-бухгалтерлік әдіспен жүргізуге жоғарыда аталған қоймадағы материалдардың қалдығын есептеу үшін жүргізілетін М-20 тізімдемесі пайдаланылады. Бұл тізімдеме әр қойма бойынша бөлек және бір жылға ашылады. Ай соңында қойма меңгерушісі осы тізімдемеге қоймадағы карточкалардан материалдардың тексерілген, келесі айдың басына қалған сандық қалдығын көшіріп жазады. Кей жағдайларда кәсіпорынның қоймасы цех немесе бөлімшеден алыс жерде орналасқан жағдайда тізімдемеге материалдардың қалдығын көшіріп жазу бухгалтерия қызметкерлеріне немесе есептеу операторына жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайда материалдарға жауапкер адам олардың қалдықтарының тізімдемеге дұрыс көшірілуін тексеріп шығып, қол қояды. Егер есепті ай бойы кәсіпорында материалдар кіріске алынбаған және шығыс етілмеген болса, онда олардың бұрынғы қалдық саны мен сомасы жаңа айға көшіріліп жазылады. Материалдар қалдығының қоймалық карточкаларының үлгілі түрі М-20 түрлі тізімдемеге дұрыс толтырылуын бухгалтерия қызметкері міндетті түрде тексеріп, қол қояды. Ай сайын үлгілі түрі М-20 санды тізімдемесінде көрсетілген материалдар қалдығы олардың жоспарлы бағасына көбейтіліп, материалдардың есептеу топтары және синтетикалық шоттары бойынша сомалары есептеліп жазылады. Жоғарыда айтылғандай бузгалтерияда материалдардың сомалық есебі синтетикалық шоттар бойынша олардың ішінде әрбір қоймадағы материалдардың топтары бойынша бөлек жүргізіледі. Сонымен қатар кәсіпорында материалдардың кіріске алынғандары мен шығыс етілгендерінің сомасын тапқаннан кейін оларды материалдардың әрбір есептеу топтары бойынша біріктіріп және ол сомалардың жиынтығын материалдардың кіріс-шығысымен қатра қалдығын есептейтін тізімдемеге көшіріп жазады. Бұл тізімдеме екі бөлімнен тұрады.

     Бірінші бөлімде кіріске алынған материалдардың жиынтық өзіндік құны жайлы деректер көрсетіледі. Сонымен қатар бұл бөлімде кіріске алынған материалдардың нақтылы өзіндік құны мен есептеу бағасымен есептелген құнының арасындағы ауытқу мөлшері көрсетіледі.

     Екінші  бөлімде әрбір қойма мен материалдарға  жауапты тұлғалар бойынша материалдардың қозғалысы (айдың басындағы және айдың аяғындағы қалдығы, кірісі мен шығысы) тиісті шоттар бойынша көрсетіледі. 

     3.3. Материалдық қорларды түгендеу 

     Қазақстан Республикасында осы күнгі қолданылып жүрген ереже бойынша кәсіпорындар жылына кем дегенде бір рет өздерінің меншігіндегі материалдық қорларына түгендеу жұмысын жүргізуі керек. Түгендеу жұмысы міндетті түрде мынадай жағдайларда жүргізіледі:

  • Жылдық есеп беру алдында маусыммен жұмыс істейтін қайта өндіруші ұйымдар, сондай-ақ дайындаушы және басқа да ұйымдар материалдар мен шикізаттарға олардың қалдығының азайған кезінде түгендеу жұмысын жүргізі алады.
  • Материалдық қорларды міндетті түрде түгендеу материалдарға жауапты адамның ауысуына байланысты, ұрлық және қиянат жасалғанда, сондай-ақ материалдық қорлар бұзылғанда, табиғи апат, өрт болғанда, ұйым таратылғанда (қайта құрылғанда) тағы да басқа жағдайларда жүргізіледі.

     Түгендеу  жүргізу үшін кәсіпорын басшысының бұйрығымен орталық түгендеу комиссиясы құрылады. Бұл комиссияны кәсіпорын  басшысы немесе оның орынбасары басқарады. Сонымен қатар әрбір цех, бөлімше бойынша жергілікті түгендеу комиссиясы құрылады. Оның жұмысын орталық комиссия ұйымдастырады және басқарып отырады.

     Кәсіпорын басшысының бұйрығымен түгендеу жүргізу  оның басталуы және аяқталуы мерзіміне жауапты адам тағайындалады. Түгендеу жұмысы материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың түрлері және олардың сақтаулы тұрған жерлері бойынша жүргізіледі. Кәсіпорында сақталып тұрған, бірақ оның өз меншігіне жатпайтын, яғни басқа ұйымдардың немесе жеке адамның материалдардында түгендеу керек.

     Түгендеу  – бұл барлық материалдардың әрқайсысын біртіндеп санап шығып, одан кейін  материалдардың нақтылы қалдығын бухгалтерлік баланстағы қалдығымен салыстыру. Түгендеу жұмысы материалдардың түгел сақталуын қамтамасыз етудің басты құралы болып табылады. Жергілікті түгендеу комиссиясы материалдардың қалдығын өлшеу және санау арқылы олардың сақталып тұрған жерлері және материалдарға жауапты адамдар бойынша түгендеу тізімін жазып, кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырады. Түгендеу тізіміне түгендеу комиссиясының барлық мүшелері қол қоюлары тиіс. Басқа ұйымдардың немесе жеке адамның материалдық игіліктеріне бөлек тізім жасалады. Салыстыру тізімдемесі түгендеу кезінде анықталған нақтылы қалдығы, оның бухгалтерлік есептегі қалдығына сәйкес келмейтіні тауарлық-материалдық қорлар бойынша жасалады. Салыстыру тізімдемесінде артық немесе кем шыққан материалдық құндылықтар бухгалтерлік есепте көрсетілген бағасымен есептеледі. Түгендеу комиссиясы барлық артық немесе кем шыққан материалдар жөнінде оларға жауапты тиісті адамдардан жазбаша түсінік алуға тиіс. Ол жазбаша түсінік негізінде тұрақты жұмыс атқаратын түгендеу комиссиясы кем шыққан, жоғалған, бұзылған материалдардың қандай себептен болғанын анықтайды және де келешекте қайталанбас үшін шара қолданады. Сондай-ақ комиссия түгендеу кезінде материалдардың артық шығу себебін де анықтайды. Белгіленген кему мөлшері тек қана кем шыққан материалдарға ғана қолданылады. Егер кейбір материаладр бойынша кему мөлшері бекітілмеген болса, онда ол материалдардың кем шыққаны мөлшерден тыс болып саналады. Материалдық қорлардың белгіленген мөлшерден артық кем шыққаны, сондай-ақ олардың бұзылуынан пайда болған шығын, кінәлі адамдардан өтелуі тиіс. Материалдардың бекітілген табиғи кему мөлщерінен артық кем шығуы және олардың бүлінуіне байланысты шығын, егер оған кінәлі адам табылмаған жағдайда орталық комиссияның шешімімен кәсіпорынның шығындарына қосады. Кей жағдайда материалдардың артық шығуының себебі материалдық қорлардың, өндіріс шығындарының басынан қате есептелуі салдарынан болуы мүмкін. Ондай жағдайда материалдық қорлардың құны өндіріс шығындарынан алып тасталынып, қайтадан кіріске алады. Сондай-ақ қателіктен аттары, сорттары, өлшемдері алмасып кеткен материалдардың өзара бірімен-бірін жапқаннан шыққан сомалық айырмашылыққа да өндіріс шығындары азайтылады. Қателесіп алмасып кетуден артық немесе кем шыққан материалдардың сандарын өзара жабуы тек осы тексеріліп жатқан мерзім аралығында алмасып кеткен және тек бір адамның өзінің жауапкершілігіндегі аттас материалдар бойынша тепе-тең санға ғана рұқсат етіледі. Материалдарға жауапты адам материалдардың өзара алмасып кетуінен артық немесе кем шыққаны жайлы толық түсінік беруге тиіс. Егер кем шыққан материалдарды артық шыққан материалдар жапқан кезде, кем шыққан материалдар құны артық шыққан материалдардың құнынан көп болса, екеуінің арасындағы айырмашылық сомасын кінәлі адам төлеуі керек.

Информация о работе Тауарлы-материалдық қорлар есебі