Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 18:54, доклад
«ҚазТрансГаз» өзінің әлеуметтік міндетін әлеуметтік өркендеу және қоғамның әл-ауқатын өсіруге, тұрақты даму және өңірлердегі халықтың тұрмысын жақсартуға, өз қызметкерлері әл-ауқатының деңгейін көтеруге жәрдемдесуде деп біледі.
Әрбір қызметкердің қамын ойлау, әлеуметтік мәселелерді шешу басымдығы – «ҚазТрансГаз» АҚ саясатының негізі осындай.
Қызметкерлерге арналған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру
«ҚазТрансГаз» өзінің әлеуметтік міндетін әлеуметтік өркендеу және қоғамның әл-ауқатын өсіруге, тұрақты даму және өңірлердегі халықтың тұрмысын жақсартуға, өз қызметкерлері әл-ауқатының деңгейін көтеруге жәрдемдесуде деп біледі.
Әрбір қызметкердің қамын ойлау, әлеуметтік мәселелерді шешу басымдығы – «ҚазТрансГаз» АҚ саясатының негізі осындай.
Компания әлеуметтік сипаттағы төлемдерді ұлғайтуда, олардың қомақты үлесін қызметкерлердің демалысына емделу үшін материалдық көмек беру, әйелдерге баланы күту жөніндегі демалыстың ақысын төлеу, зейнетке шығумен байланысты материалдық көмек, мерейлі жасқа жеткен қызметкерлер мен зейнеткерлерге материалдық көмек беру, Жаңа жылға және әйелдерге 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне сыйлықтар беру құрайды.
Компанияда ерекше назар компания қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға аударылады. «Ақтөбе», «Орал» және Атырау» магистральды газ құбырлары басқармаларының қызметкерлері үшін көп пәтерлі тұрғын үйлері кілтке дейін салынып болды және иелеріне тапсырылды. Компания қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр. Осы жылы Тараз қаласында жұмыс істейтін мамандар жаңа тұрғын үйлерін сыйға алады.
Білімді қолдау, білікті мамандарды дайындауға қатысу
Қызметкерлердің біліктілігін көтеру бағдарламасын іске асыру
Өндірістік міндеттерді орындағанда компания білікті мамандарға сенім арттырады, сондықтан да өзінің кадрлық саясатында қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін, олардың біліктілік деңгейін көтеру үшін жағдай жасауға бет ұстайды.
ҚТГ-де үздіксіз кәсіби білім алу жүйесі қалыптасып, қызмет етуде. Оған компанияның жұмысшыларын, орта звено мамандарын және жоғары менеджерлік құрамын дайындау және біліктілігін көтеру кіреді.
Әрбір қызметкердің кәсіби даму, мансаптық өсу және оның бөлімшесі мен тұтас компания алдында тұрған мақсаттарға жетуге бағытталған мотивациясы қызметкерлер құрамын басқару саясатының негізі болып табылады. Қызметкерлер құрамының мотивациясы еріктік, тең мүмкіндіктер және жеке даму талабын ынталандыру прициптерінің негізінде құрылады.
«ҚазТрансГазда» қызметкерлердің білімі, кәсіби дамуы және мансаптық өсуінің деңгейін көтеру үшін барлық жағдай жасалған. Қызметкерлер құрамын дайындаудың барлық негізгі бағыттарын қамтитын, қызметкерлер құрамын дайындау және дамытуға бағытталған бірнеше бағдарламалар қолданылады: «Дайындау және біліктілікті көтеру», «Жас маман» бағдарламасы, «Кадрлық резерв» бағдарламасы.
1. «Дайындау және біліктілікті көтеру» - компанияның қызметкерлер құрамын дамыту жөніндегі тұрақты қолданылатын бағдарлама.
Қызметкерлер құрамының кәсіби деңгейі қауіпсіз өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек өнімділігін өсіру, жұмыс сапасын жақсартудың маңызды факторы болып табылатындығын назарға алғанда, ҚТГ алдында жұмысшы мамандықтардың кадрларын оқыту, дайындау және біліктілігін көтеру үдерісін жоспарлы және мақсатты жүзеге асыру міндеті тұр.
«Жас маман» бағдарламасы:
Ресей мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының базасында «Жас маман» бағдарламасы – Компанияның сыртқы резервін дайындаудың жүйелі бағдарламасы іске асырылады.
Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында «ҚазТрансГаз» қаражаттары есебінен біздің еліміздің 93 жас азаматы білім алуда
«Кадрлық резерв» бағдарламасы:
Компанияның әрбір қызметкері ұйымда жоғарырақ қызметтен үміттенуге құқылы. 2002 жылдан бастап ҚТГ қызметкерлеріне барлық бос жұмыс орындарын басуға басым құқық беретін «Кадрлық резерв» бағдарламасы қолданысқа енді. Жаңа орындар туралы ақпарат корпоративтік басылымдарда және ішкі ақпарат порталында тұрақты түрде жарияланып отырады.
Компания филиалдарының басқарушы қызметкерлер құрамымен жүргізілетін кадрлық жұмыста менеджерлік орындарға ұсыну үшін өздерінен кәсіпқойлықпен қатар жеке бастамашылық, мақсаткерлік, оқуға дайындық және т.с.с. талап етілетін кандидаттарды анықтау және дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Кандидаттарды таңдау және бағалауды өткізу үшін өндірістік компаниялардағы қызметкерлер құрамын таңдау және бағалау жұмысында үлкен тәжірибеге ие тәуелсіз сарапшы-кеңесшілер шақырылған.
«Кадрлық резерв» Бағдарламасына қосылған қызметкерлерді дайындау шеңберінде базалық басқарушылық дағдыларды дамыту, басқарушылық және қаржылық менеджментті білуге бағытталған семинарлар және тренингтер ұйымдастырылған.
Қызметкерлердің аттестациясы:
Қызметкерлердің аттестациясы компанияда жыл сайын өткізіледі. ҚТГ қызметкерлері және ИОА орталық аппаратының қызметкерлері, мамандардан бастап департамент директорларына дейінгі қызметкерлер аттестациядан өтуге жатады.
Аттестацияның мақсаттары ретінде компания басшылығы:
компанияның әрбір қызметкерге қоятын талаптары мен үміттері жүйесін әрбір қызметкерге «жеткізу» қажеттілігі;
оң нысанда берілген объективті қарама-қарсы байланыс жасау арқылы өндірістік мінез-құлқын жақсартуға бағыттауды белгілейді
Информация о работе Қызметкерлерге арналған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру