Ұзақ мерзімді міндеттемелердің аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 20:59, реферат

Описание

Ұзақ мерзімді міндеттемелерге мыналар жатады - банктердің ұзақ мерзімді қарыздар
- банктен тыс ұзақ мерзімдік қарыздар
- мерзімі шегерілген корпоративтіқ табыс салығы.
Банктердің және банктен тыс мекемелердің ұзақ мерзімді қарыздары 1жылдан астам мерзімге, әдепте, жаңа техниканы енгізу шығындарына, өндірісті кеңейтуге,оны қайта құруға, қымбат бағалы жабдықты алуға және басқа мақсатты бағд

Работа состоит из  1 файл

Ұзақ мерзімді міндеттемелердің аудиті.doc

— 99.50 Кб (Скачать документ)

-                     есепте кірістері мен шығыстардың көрсетілуі шынайлығын;

-                     5610 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шотына қаржылық нәтижелерді шығару дұрыстығын;

-                     5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» шотында деректердің обьективтілігі және қаржылық есеп беруді дайындау кезінде оларды пайдаланудың дұрыстығын;

-                     5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)», 5520 «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» шоттары бойынша деректердің тексереді. Мұндай өлшемдер субьектінің қаржылық-шаруашылық қызметі туралы тарихи анықтама береді.

Тексеру аудиторлық тексеру жүргізілетін субьектінің бүкіл қаржылық-шаруашылық қызметін толықтай сапалы бағалауды қамтамасыз ететін, қаржылық жағдайына талдау жасаумен аяқталуы қажет.

 

3.       Жұмыскерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудиті.

 

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиторлық тексеруінің негізгі мақсаты - еңбекақы есебін жүргізудегі құқықтық-нормативтік актілердің әрекеттілігін тексеру, бухгалтерлік есеп жағдайы мен оны ұйымдастыру және еңбекке ақы төлеу бойынша жүргізіліп жатқан есеп айырысудың дұрыстығын тексеру.

Еңбекке ақы төлеу өндіріс циклінің бір бөлігі болып табылады және кәсіпорын ресурстарының маңызды бөлігін құрайды. Сол үшін еңбек ресурстары мен еңбекақы қорының тиімділігін тексеріп тұру кәсіпорын үшін өте маңызды.

Қызметкерлермен есептесуді тексеру үшін қажет ақпарат көздері ретінде штаттық кесте, жарғы, бұйрықтар, жарғылықтар, келісім-шарттар, азаматтық құқықтық сипаттағы келісімдер, жеке қамсыздандыру бойынша келісім–шарттар, ссуданы беру бойынша, тауарды несиеге сату, жұмыс уақытын қолдану, есептеу табелі, наряд, жолдама қағаздары, уақытша еңбекке жарамсыздық қағаздары, атқару қағаздары, есептеу және төлеу карточкалары, авнстық есеп берулер және соған қосыла берілетін алдыңғы құжаттар, мүлікті инвенторлар, мүлік актілері құжаттарын пайдалануға болады.

Еңбекақының қандай түрлері кәсіпорында қолданылатынын біліп алу керек. Қызметкерлерге еңбекақыны төлеудің ішкі ережесі бар ма және ұжымдық келісім шарты бар, әлде жоқ екенін анықтау, қызметкерлердің тізімдік және орта тізімдік құрамын, еңбекақыны төлеу бойынша есептеулерді есепке алу қалай ұйымдастырылғаны т.б. осындай және осы сияқты сұрақтарға жауап алу үшін ішкі бақылау жүйесі мен оны бөлім бойынша есептесуді тексеру үшін қосымша есептеулерді жүргізу дұрыс. Тексеруден соң аудитор тексеру бағдарламасын дайындауды  соған сәйкес қызметкерлермен есептесудің әртүрлері бойынша операцияларды, бөлшек тексеруді іске асырады.

Негізінде еңбекақыны есептеуде жүргізілген алғашқы құжаттар, құжаттардың нормативті талаптарына сәйкес дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. 

Кесте 1

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуларды аудиторлық тексерудің бағдарламасы.

 

Процедуралар

Ақпарат көздері.

1.

Барлық негіздер бойынша қызметкерлерге төлемдерді есептеу мен толтырудың дұрыстығын бақылау.

Есептеу-төлем тізімдемелері, нарядтар, жұмыс уақытын есепке алу табелі, штат кестесі.

2.

Еңбекақыдан ұсталынатын салықтардың зейнетақы қорына төленетін жарналардың дұрыс есептелуін тексеру.

Есептеу-төлем тізімдемелері, материалдық көмек беру туралы бұйрықтар.

3.

Қызметкерлердің еңбекақысын төлеу реестрлеріндегі мағлұматтарды тексеріп және оны Бас кітап шоттарымен салыстырып тексеру.

Тізімдемелер, журнал-ордерлер, машинограммалар, Бас кітап.

4.

Қызметкерлердің еңбекақысын есепке алу бойынша шоттар корреспонденцияларының дұрыстығын тексеру.

Тізімдемелер, журнал-ордерлер, машинограммалар.

 

    

         Аудитор 3350 «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шотын тексере отырып, қызметкерлерге тиісті демалыс ақысын және көп жылғы сіңірген еңбекақысының бекітілген тәртіп бойынша құрылған қор есебінен төленетін еңбекақысы сомасының, әлеуметтік сақтандыруға және зейнет ақысымен қамтамасыз етуге жіберілген қаржы есебінен шығарылған жәрдемақы сомасының, кәсіпорын табысы сомасының, ал дебет бойынша еңбекақының, сыйлық ақшаның, уақытша еңбекке жарамсызға арналған жәрдемақының төленген сомаларының, сонымен қатар кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне еңбекақысы жөніндегі қарызын сальдо шоты көрсететін орындаушы құжаттар бойынша есептелген салықтар мен төлемдердің сомасының, еңбекақысы сомаларының қамтып көрсетілетінін білуге тиіс.

Көбінесе осы шот бойынша аналитикалық есеп деректер синтетикалық есеп деректеріне сәйкес келе бермейді. Бұл сальдо есеп айырысу-төлем тізімдерінің қорытынды сомаларымен берілген есеп бойынша тексеру арқылы анықталынады.

Қызметкерлерге еңбекақы төлеу өндірістік программасының орындалуымен тікелей байланысты. Еңбекақы айнымалы шығындар сияқты өндірістің және өткізу көлеміне байланысты жоғарылап не төмендеп отырады. Сол үшін аудитор бұлардың қатынасын әр түрлі кезеңдерде, кәсіпорынның әртүрлі бөлімдері бойынша, және шығарылып жатқан өнім түрлері бойынша талдау жасауы керек. Өндірістің есепке алынбаған көлемінің шығарылуымен байланысты бухгалтерлер еңбекақының көлемін дұрыс талдап есептеуі керек. Еңбекақы қаншалықты дұрыс есептелгенін, еңбекақының есептелуі қай көздерден жасалғанын, өнімнің өзіндік құнының қай дәрежеде қымбат болғанын, осы және осы сияқты жағдайлардың барлығын аудитор тексеріп отыру керек.

 

30 лекция.

1. Бюджетпен есеп айырысу аудиті.

2. Басқа да несиелік борыштар аудиті.

 

              1. Салықтар, жиындар, пошлиналар және басқа да міндетті төлемдер болып бюджетке төлеушілердің құжаттарын табылады.

              Салықтар, жиындар, пошлиналар және басқа да міндетті төлемдердің төлеушілері заңды және жеке тұлғалар.

Салықтар мен жиындарды және басқа да бюджетке төленетін төлеушілерді есептеу тәртібі ҚР-ның «Салықтар мен басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер» заңдымен белгіленген.

              Бюджеттің кірістер бөлімін толықтыратын негізгі салықтардың бірі – корпоративтік табыс салығы. Бұл салықтың төлеушілері болып заңды тұлғалар табылады, мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестер коорперативтер, коммерциялық емес ұйымдар.

Корпоративтік табыс салығы заңды тұлғалармен олардың тапқан табыстың салық салынатын үлесінен бюджетке төленеді. Салық салынатын табыс болып есепті кезеңнің табыс сомасынанн Салық заңдылығына сәйкесті табылған сома есептеледі.

Жоғарыда айтылғаннан басқа да салықтар түрлері бар, оларға:

1)      Қосылған құн салығы

2)      Жеке табыс салығы

3)      Әлеуметтік салық

4)      Жер салығы

5)      Мүлікке салынатын салық және т.б.

 

              Бюджетке салықтарды төлеген кезде 1030 «Ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаты шоты» кредиттеліп, салықтар түрлері бойынша шоттар дебеттелінеді.

 

2. Кредиторлық борыш – бұл, ақшалай төлеу, өзге активтерді (өзара жеткізіп беру) беру, бұл міндеттемелерді өзгелермен алмастыру (өзара есептесу) жолымен кәсіпорынның экономикалық ресурстары өтеуге (орнын жабуға) қатыстырылуы мүмкін өткен оқиғалар мен келісімдердің нәтижесі. Оған мыналар жатады: төлеуге арналған шоттар-келесідей құрылымға ие, тауарлық-материалдық қорларды, құрал-жабдықтарды және қызметтерді несиеге сату, алу бойынша туындайтын міндеттемелер: а) жабдықтаушылар мен мердігерлер алдындағы борыш; б) еншілес (тәуелді) серіктестіктерге борыш;  в) алынған аванстар-алдағы тауарлар жеткізу мен жұмыстар үшін қол ақшаның түсуінен пайда болатын міндеттемелер; г) бюджетке түсетін салықтар бойынша борыш-бюджетке кірістің белгілі бір бөлігін аудару бойынша кәсіпорынның өзі есептеген міндеттемелер; д) төлеуге арналған дивиденттер – шаруашылық қызметінен алған кірісті бөлу бойынша құрылтайшы алдындағы міндеттеме; е) алдағы кезеңдер кірістері-сол уақытта алынған, бірақ алдағы уақыттың кірістеріне есептелетін түсім; и) өзге кредиторлық борыш – еңбек ақы төлеу бойынша жалдық ақы бойынша, пайыздар және басқалар бойынша борыштар.

Пайда болу (құралу) сипаты бойынша ол қалыпты және қалыпты емес болып бөлінеді.

Шарт бойынша төлеу мерзімі келмеген кредиторлық борыш қалыпты болып саналады.

Төлеу мерзімі өткен, бірақ талап білдіру мерзімі өтпеген кредиторлық борыш қалыпты емес болып саналады.

Міндеттемелер аудиттің міндеттері:

-                     кредиторлық борыштардың пайда болу күндері бойынша есеп жүргізудің дұрыстығы және бухгалтерлік есеп регистрлері және Бас кітаппен салыстыру жолымен оны баланста көрсетудің обьективтілігін;

-                     талап білдіру мерзімдерінің сақталуын және салық есебінде 2 жыл өткен соң, бухгалтерлік есепте – 3 жыл өткен соң, кәсіпорынның кірісі ретінде кредиторлық борыштарды танудың уақыттылығын;

-                     талап бідіру жұмыстарының жай-күйі және кәсіпкерлердің оларды қанағаттандыруын;

-                     есеп айырысулары түгендеу және салыстыру жолымен кредиторлық борыштардың шынайылығын тексеру болып саналады.

Міндеттемелер аудитінің ақпараттық базасы өзіне мыналарды енгізеді: кәсіпорынның есеп саясаты; бухгалтерлік баланс; Бас кітап; № 6,8 журнал-ордер (есепті қолмен жүргізу кезінде) немесе машинограммалар (компьютерлендіру кезінде); кредиттік шарт; шот-фактура; темір жол жүк құжаты; тауар-көлік жүк құжаты; коносамент; авиажүк құжаты; сәйкестік сертификаты; кеден декларациясы; сақтандыру полистері; коммерциялық акті; сан мен сападағы алшақтықты анықтау актісі; қабылдау актісі; комиссия шарты мен консигнация және т.б.

 

 



Информация о работе Ұзақ мерзімді міндеттемелердің аудиті