Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 20:26, реферат

Описание

Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндірушіұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.

Работа состоит из  1 файл

Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі.doc

— 47.00 Кб (Скачать документ)

Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен  есеп айырысу есебі

Кез келген кәсіпорын  үзіліссіз және ырғақты жұмыс  істеп тұруы үшін уақтылы керекті  материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау  экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндірушіұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.

Осы жоғарыда аталған  ұйымды керекті материалдармен және басқа да құндылықтармен жабдықтайтын кәсіпорындармен есеп айырысуының  есебі «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын отта есеп айырысу сомасының деңгейіне  және нысанларына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдар мен қосалқы бөлшектер, олардың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін есептелінген қарыз сомалардың есебі жүргізіледі. «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шоттың кредитінде тиісті материалдық-қорлар, шығындар бойынша жабдықтауылардың акцептелген шот-фактурасына сәйкес есептелген сомалар, ал бұл шоттың дебиті бойынша «Ақшалар» деп аталатын шотының және басқа да шоттардың кредитінен (төленген жерлеріне байланысты) оларға төленген сомалар жазылады. «Жабдықтаушы және мердігерде жабдықтаушы-мердігердің әрбір шот фактурасы бойынша бөлек жүргізіледі. Бұл журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің шот-фактураларының акцептелуі, материалдық құндылықтардың, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы, олардың құнының, олардың құнының төленуі жайлы мәліметтер жазылады.

Келіп түскен шот-фактураларды алдымен үлгілі түрі М-1 «Келіп түскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Бұл журнал бойынша ұйымда материалдық  құндылықтардың уақтылы келіп түсуіне бақылау жасалады. Журналда жазылуға тиісті мәліметтерді жабдықтау бөлімі тауар-көлік жүкқұжаттары (накладнойлары) кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілер негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың келіп түсуіне қарай жазылып отырады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады.

    Фактураланбаған жабдықтар есебі

    Кейбір  жағдайларда келіп түскен материалдық  құндылықтардың құжаттары (шот-фактуралары) болмауы мүмкін. Мұндай құндылықтарды  фактураланған, яғни шот-фактурамен бірге келген жеткізілімдер тәрізді әрбір жабдықтаушылар бойынша жеке көрсетіледі. Фактуралбаған жабдықтарды жазу үшін  үлгілі түрі М-7  «Матреиалдарды қабылдау туралы актілер» қолданылады, олар шот-фактурамен ресімделмеген материалдар, сондай-ақ, қабылдау кезінде артық шыққан тауарлық-материалдық құндылықтарға да жазылады. Фактураланбаған жабдықтардың шот-фактуралары келген уақытында оларға бұрын жазылған деректер сторно етіліп ноірі 6-журнал-ордерге шот фактурадағы мәліметтер жазылады. Төлем жасадлған, бірақ айдың аяғына дейін кәсіпорынның қоймаларына түспеген тауарлық-материалдық құндылықтардың шот-фактуралары немесе төлем талап тапсырмалары негізінде 6-журнал-ордерге әдеттегі тәртіп бойынша жазу жазылады. Айдың аяында жолдағы материалдық құндылықтардың сомасын журнал-ордердің «Келіп түспеген жабдықтаушы қоймасындағы жүк үшін» деп аталатын арнайы бағанасында көрсетіледі. Журнал-ордер бойынша жиынтықтарды  шығарғаннан кейін жолдағы тауарлық-материалдық қорлардың құнын материалдық қорлар шоттарына жазады, олар материалдық  жауапты адамдар есебіне жатқызылмаса да, жедел ескеріліп отырады. Сөтіп жолдағы тауарлық-материалдық қорлар айдың аяғында тиісті шоттарда шартты  түрде есептеліп, олардың құндары  жабдықтаушылар мен мен есеп айырысулар  тұрғысында дебиторлық қарыз болып табылмайды. Келесі айдың басында жолдағы материалдардың қалдығы сторно етіледі (қызыл жазумен жазылады).

    Жабдықтаушылар  және қызмет көрсетушілермен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында  «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталаын шот бойынша талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдамалық есептің құрылымы жабдықтаушылар және мердігерлермен еспе айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұмат алуды  қаматамсыз ету үшін және есеп айырысуды жедел бақылау үшін мына топтардан қалыптасады:

    • Құны төленген, бірақ іс жүзінде алынбаған (қабылданбаған) материалдық қорлар, көрсетліген қызметтер, орындалған жұмыстар бойынша есеп айырысудан;
    • Фактураланбай қалған жабдықтар бойынша есеп айырысудан;
    • Мерзімінде төленбеген есеп айырысулардан.

    Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысулар есебі бойынша мынадай шоттар корреспонденциясы беріледі.

    Кәсіпорынның  басқа заңды немесе жеке тұлғаларжан  сатып алынған тауарлық-материалдық  қорлар үшін (қосылған құнға салық  есебінсіз) акцептелген шот-фактурасына:

    Дт: 1310 «Материалдар» немесе 1330 «Тауарлар» деп аталатын шоттардың тиістісі;

    Кт: 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айрысу» деп аталатын шот.

    Ал  бұл тауарлар үшін есептелген қосылған құн салығы сомасына:

    Дт: 3130 «Қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шоты;

    Кт: 3310«Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шоты түріндегі  екі жақты жазу жазылады.

    Жабдықтаушылардың шот фактурасының қай шоттан төленгеніне  қарай:

    Дт: 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айрысу» деп аталатын шот.

    Кт: 1030  «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» деп аталатын шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

    Шот-фактура  бойынша кәсіпорынның жабдықтаушылрағ  таураларды сатып алу барысында  төленген қосылған құнға салынған салықтың сомасы ұйымның тауарларды (қызметтерді) сату барысында есептелінген бюджетке төленетін қосылған құнға салынған салықтың сомасына шегерілгенде:

    Дт: 3130 «Қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шот;

    Кт:  «Орны толтырылатын қосылған құнға  салынған салық» деп аталатын шот түріндегі жазуы жазылады. 

Операциялар мазмұны Дебиттелетін  шот Кредиттелетін шот
1 2 3 4
1 Келіп түскен тауарлық-материалдық  қорлар  үшін, жабдықтаушы мердігерлердің шот фактурасы акцептелді:
  • Сатып алу құнына:
  • Сатып алынған тауарларға есептелнген (жұмыс, қызмет) қосылған құн салығының сомасына
 
 
 
 
1310-1317, 1330, 1420
 
 
 
 
3310 
 
 

3310

2 Жабдықтаушы-мердігерлердің шоттары акцептелді:
  • Материалдарды жеткізу және өңдеу қызметтерінің құнына;
  • Қосылған құн салығының құнына
 
 
1310-1317, 1330

1420

 
 
3310 
 

3310

3 Орындалған  құрылыс-монтаж жұмыстары үшін мердігерлердің талап еткен шоттарына:
  • Жұмыстың құнына,
  • Қосылған құн салығы сомасына
 
 
 
2524

1420

 
 
 
3310

Информация о работе Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі