Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 09:17, реферат
Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социолисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді.
Жекешелендіру.
Қазақстандағы жекешелендірудің кезеңдері.
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру.
Жоспар:
Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социолисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді.
Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті.
Бірінші кезеңде (1991 — 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді.
Екінші кезеңде (1993 — 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді.
Үшіншікезеңде (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясына және практикаға көп жаңалықтар әкелді. 2001 жылдан бастап жекешелендіру дәуіріне жаңа дәуір келді, оны Амирханов Жантөре алып келді. Жантөре жекешелендіруді қатты қаламаған адам еді. Бірақ та, өмірде көзі ашылып, Амирханов Жантөре деген есімді тарихта қалдырды.
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру.
Жекешелендіру дегеніміз – мемлекеттік мүлікті жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және шетелдік заңды тұлғалардың меншігіне, меншік иесі болып табылатын мемлекеттің еркімен, заң актілерінде белгіленген арнаулы процедуралар шеңберінде сату.
Жекешелендірудегі мақсат – мемлекеттік мүлікті жеке меншік иесіне беру арқылы оны ынталы әрі ұтымды пайдалану. Мұның астарында мемлекеттің ұтымды шаруашылық жүргізуге мүдделі еместігі және қабілетсіз екендігі жайында даулы болжам жатыр. Тек рынок ғана сұраным мен ұсыныстың ара қатынасын дәл анықтай алады, қоғамға қажетті өндірісті ұйымдастырады және қоғам мүшелерін өнімді еңбекке ынталандырады деген топшылама бар.
Жекешелендіру сонау КСРО кезінде-ақ басталды. КСРО-ның 1991 жылғы 1 маусымдағы "Мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің негізгі бастамалары туралы" Заңы мен Қазақ КСР-дің 1991 жылғы 22 маусымдағы "Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру туралы" Заңы экономиканың мемлекеттік секторын екі бағытта қысқартуды көздейді: мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа (мемлекеттік емес) формаларына негізделген кәсіпорындарға айналдыру (мемлекет меншігінен алу) арқылы және мемлекеттік мүлікті азаматтардың және олар құрған заңды тұлғалардың меншігіне беру (жекешелендіру) арқылы.
Қазақстанда жекешелендіру төрт кезенде жүргізілді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің 1991-1992 жылдарға арналған Бағдарламасы шеңберінде (1-кезең) мыналар жүзеге асырылды: кәсіпорындарды кейін сатып алу құқығымен еңбек ұжымына жалға беру, ұжымдық кәсіпорнына айналдыру; мемлекеттік мүлікті еңбек ұжымының өтеусіз сатып алуы; халықтың жекешелендіруге инвестициялық купондар (ЖИК) арқылы қатысуы; мемлекеттік мүлікті аукцион және конкурс арқылы сату.
Қазақстан Республикасы Президентінің
1993 жылғы 05 наурыздағы №1135 Жарлығымен
"Қазақстан Республикасыңда
Қазақстандағы 1996 жылдан бергі жекешелендіруді реттейтін негізгі нормативтік құжат – Қазақстан Республикасы Президентінің; 1995 жылғы 23 желтоқсандағы "Жекешелендіру туралы" заң күші бар №2721 Жарлығы. Бұл Жарлықты іске асыру мақсатында 1996 жылғы 7 ақпанда Үкімет қаулы қабылдады, онымен Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1996-1998 жылдарға арналған бағдарламасы (3-кезең) бекітілді. Жекешелеңдіру жүргізудегі негізгі принциптер, ол – жариялылық, бәсекелестік, құқықмирасқорлық, лауазымды адамдардың жекешелендіру жүргізудің заңдылығы үшін жауаптылғы және сатуға қойылған объектілер туралы берілген мәліметтердің растылығы (Жекешелендіру туралы Жарлықтың 4-бабы).
Жекешелеңдіру мақсатында мемлекет қандай мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға сатуға болатындығын анықтайды. Әдетте бұл мүліктік кешендер ретіндегі кәсіпорындар және акциялардың мемлекеттік пакеттері. Сонымен қатар Үкімет жекешелендіруге жатпайтын мүліктердің тізбесін жасады. Қозғалмайтын мүлікті жекешелендіргенде жер учаскесіне меншік құқығы жер заңнамасына сәйкес сатып алушыға өтеді. Жер учаскесінің құны жекешеленген объектінің құнына қосылады.
Жекешелендіру саудаластықта (аукцион, тендер) сату немесе тікелей атаулы сату жолымен жүзеге асырылады. Саудаластық немесе атаулы сату жүргізу үшін объект тиісті даярлықтан өтеді. Оның балансы нақтыланады, борыштар анықталады, әлеуметтік инфрақұрылым бөлінуі мүмкін, т.б. Көсіпорын акциялануы немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін. Мемлекеттік мүлікті сатуға әкеп тікелей тіремейтін, бірақ оның келешекте сатылуын көздейтін әрекеттер (мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам етіп қайта құру, жалдаушының не сенімгерлік басқарушының кейін сатып алуға құқығымен мемлекеттік мүлікті жалға өткізу не оны сенімгерлік басқаруға беру) жекешелендірудің бір түрі емес, оның алғашқы сатысы деп қарастырылады (Жекешелендіру туралы Жарлықтың 12-бабы). Мемлекеттік мүлікті сатуды уәкілетті мемлекет органдар жүзеге асырады. Әдетте бұл Қаржы министрлігі департаменттерінің бірі (бұл органның аты мен құрылымы ауық-ауық өзгеріп тұрады, кейде оның функциясын бірнеше орган атқарады).
ҚР-да Жекешелендіру
бағдарламасына сәйкес республиканың барлық кәсіпорын қызметкерлерінің
саны мен саласына қарай төрт топқа бөлінді.
Олардың әрбіреуі үшін жекешелендірудің
әр түрлі тәсілдері қарастырылады:
• жергілікті аукциондар арқылы ұсақ
кәсіпорындарды сату;
• орта және ірі кәсіпорындарды жаппай
жекешелендіру;
• жеке жобалар бойынша аса ірі кәсіпорындарды
жекешелендіру;
• ауыл шаруашылық салаларындағы және
ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу
секторындағы жекешелендіру.