Қазақстан Республикасының салық саясатынын даму жағдайы және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 12:46, курсовая работа

Описание

Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын, проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
І Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
1.1Салықтың экономикалық мәні, мазмұны ............................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында салықтардың атқаратын қызметтері,
олардың түрлері.........................................................................................................15
1.3 Шет мемлекеттердің салық салу жүйесі...........................................................32
ІІ Тарау. Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөлі (ҚР, Көксу ауданы бойынша Салық Комитетінің мысалында)
1. Қазақстан Республикасы бойынша бюджетке түсетін салық түсімдерінің көрсеткіштік жағдайына экономикалық талдау................................................44
2. Көксу ауданы бойынша 2002-2005 жылдардағы бюджетке түскен салық түсімдеріне экономикалық талдау......................................................................60

ІІІ Тарау. Қазақстан Республикасының салық саясатынын даму жағдайы және оны жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының салық саясатының даму жағдайы....................77
3.2 Салық салуды жетілдіру жолдары.....................................................................82
Қорытынды..............................................................................................................86
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................88

Работа состоит из  1 файл

1415_westudent_kz.doc

— 599.00 Кб (Скачать документ)

Жер салығын төлеушілер – меншігінде немесе тұрақты пайдалануында жер учаскесі бар заңды тұлғалар (оның ішінде резидент еместер), олардың филиалдары, өкілдіктері және жерге иелік етуші жеке тұлғалар.        

Жер салығының мөлшері жер учаскесінің саласына, құнарлығына, орналасу аймағына және сумен қамтамасыз ету мүмкіндігіне қарай анықталады және жер иесі мен жерді пайдаланушының шаруашылық нәтижесіне байланысты болмайды.Жер салығы жер алаңының бірлігі үшін жыл сайынғы тіркелген төлем түрінде белгіленеді. Ал басқа мемлекеттерге берілген жер учаскесін пайдаланғаны үшін салық салудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының осы мемлекеттермен жасасқан шараларымен анықталады.        

Жер салығының салық салу объектісі – жерге иелік ететін немесе пайдаланатын заңды және жеке тұлғалардың қарамағындағы жер учаскелері. Олардың түрлерін атап өтетін болсақ, олар мыналар:

  1. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлер;
  2. Елді мекендік жерлер;
  3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де мақсаттағы жерлер;
  4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жерлер;
  5. Орман қоры жерлері;
  6. Су қоры жерлері;
  7. Қордағы (запастағы) жерлер.

 

       Жер салығы бойынша жеңілдіктер  беріліп, салықтан босатылатын төлеушілер:

  • біртұтас жер салығын төлеушілер;
  • діни бірлестіктер;
  • мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар;
  • уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы  түзету мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
  • салық салу режимінің екінші үлгісі бойынша жұмыс жасайтын жер қойнауын пайдаланушылар;
  • „Батыр ана” атағын алған, „Алтын алқамен” марапатталған көп балалы аналар;
  • Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген  тұлғалар, бала кезінен мүгедек тұлғаның ата-анасының біреуі.

 

       Мүлікке  салынатын салық.        

Салық салу объектісіне қарай мүлікке  салынатын салық тікелей салықтарға жатады. Белгіленген ставкаларды есепке ала отырып, салық мүліктің құнына тікелей салынады.        

Мүлік салығын төлеушіер:

  • Қазақстан Республикасының аумағында меншік шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі  бар заңды тұлғалар (соның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент емес  тұлғалар);
  • Қазақстан Республикасының  аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер;
  • меншік құқығында салық салу объекті<s

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық саясатынын даму жағдайы және оны жетілдіру жолдары