Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2011 в 21:46, курсовая работа
Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу – бүгінгі күннің басты назарында. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2001 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы Жарлығы барлық салық органдарына үлкен міндеттер жүктейді. Салықтан жалтарғаның, халықтан жалтарғаның болып шығатынын да түсіну қиын емес.Салық салынатын база жасау жөніндегі қорытынды жұмыстарға әзірлік проблемасы жетіп артылады.
Кiрiспе……………………………………………………………………………. 3
I Салықтардың экономикалық мәні мен түрлері
1.1. Салық жүйесі және оның даму тарихы..……………………………………4
1.2. Салық саясаты ..........................................................…………………………6
II. Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық салуды ұйымдастыруды талдау
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесi………………………………20
2.2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюдеттегі салық түсімдерін
талдау ..............................................................................................................24
III Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамыту жолдары
3.1 ҚР салық жүйесін дамытуда кездесетін мәселелер ....................................26
3.2 Салық жүйесін жетiлдiру жолдары ..............................................................30
Қорытынды …………. …………………………………………………….….33
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………………….
Әрине, мемлекет барысында бюджеттiң кiрiс бөлiгiн көбейтуге тырысады. Кәсiпкер де солай, ешкiм өз еркiмен, өз табысының бiр бөлiгiн беруге құлшынбайды. Мiне, сондықтан да әр елдiң өз салық кодексi бар. Олар әр елдiң экономикасының қаржы-несие саясатының, тұрмыс-тiршiлiгiнiң жағдайына байланысты әр түрлi болып келедi.
Экономикалық iс – шаралар барысында ықпал ету, мемлекеттiк қажеттiлiк тұрғысынан реттеп отыруды мемлекет салық жеңiлдiктерi арқылы жүзеге асырады. Оның тiкелей сипаты жартылай немесе толықтай салықтан босату.
Кiрiс пен таза пайданы
Нақты салаға салық жеңiлдiгiн
орнату тәжiрибе көрсетiп
3.2
Салық жүйесін жетiлдiру
жолдары
Өркениеттi iрi мемлекеттердiң экономикалық даму деңгейлерi олардың жан-жақты жетiлдiрiлген, тиянақты да, қолданбалы салық заңдары жүйесiне - “күштi салық заңы- күштi мемлекет” қағидасына байланысты екенi белгiлi.
Демек, елiмiздiң экономикасын дамытудың басты тетiктерiнiң бiрi –салық саясаты.
Елiмiз экономикалық дамудың нарықтық бағытына бет алған кезеңнен бастап-ақ Республика Президентi салық мәселесiне үлкен маңыз берген едi. Өйткенi, бұрынғы Кеңестiк жоспарлы экономиканың салық жүйесi нарықтық қатынастар заңдылықтары талабынан шыға алмады. Бұл заңды да құбылыс. Қайта құру кезiнде салық жыл сайын, кейде халық шаруашылығындағы күрделi дағдарыстар мен әр түрлi әлеуметтiк орталардың қысымына байланысты, жылына бiрнеше реттен де өзгерiске ұшырап отырады. Түрлерi көбейiп, мөлшерi, мерзiмi сан түрлi құбылып, қайшылықтарға түскен салық ережелерi салық төлеушiлердiң де мүддесiн қорғаудан қалды.
1991 жылы елiмiз тәуелсiздiк алып, өз алдына егемендi мемлекет болған жерде шұғыл мерзiм iшiнде дербес экономикалық реформалар жасау мiндетi алда тұрды. Сондай iрi өзгерiстер енгiзетiн экономиканың басты тармағының бiрi - салық жүйесi болып саналды. Осы мақсатта Салық кодексi дайындалып, қабылданды. Мұндай саяси – экономикалық мәнi зор заңды құжатты жасап шығуға Мемлекеттiң салық комитетiнiң мамандары, заң қызметкерлерi мен шетелдiк сарапшылар зор күш салды. Демек, бұл заң қабылдаудан бұрын үлкен сарапқа түстi деген сөз. Республикамызда Салық кодексi тұңғыш рет қабылданып отыр. Ең бастысы, алдымызда үлкен бағыт бар. Екiншiден, салық түрлерi бұрынғыдан да азайды.
Салық кодексiн қабылдаудағы басты мақсат – салық төлеушiлерге түсiп отырған қысымды төмендету, салық қатынастарын реттеу, бюджеттiң табысты бөлiмiн қамтамасыз ету. Әрине, заңды қолдану барысында алғашында кемшiлiктер болды. Дегенмен, бұл заң республикамыздың салық қызметiнiң халықаралық қағидаларға көшуiне негiзгi себеп болады деген сенiм бар. Халықаралық нәтижелерге сүйенсек, нарықтық қатынастарға көшкен әрбiр елде де осындай заң қабылданған. Бұл - салық жүйесiн жетiлдiрудiң бiрден-бiр жолы.
Барлық денгейдегi бюджеттерге салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмiн арттыру, мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржылық өзара қатынастардағы мүдделерiнiң тепе-теңдiгiне қол жеткiзуге жақындай түсу, салық салу жүйесiнде әдiлеттiкке қол жеткiзу мақсатында мынадай iс-шаралар:
Салық заңдары нормаларының бiр тұрғыда түсiндiрiлуiн қамтамасыз ету, оны салық төлеушiлердiң қолдануын оңайлату, сондай-ақ салық тәртiбiн сақтаудың денгейiн арттыру мақсатында 2001 жылы Үкiмет Парламентке салық жөнiндегi барлық нормативтiк актiлердiң ережелерi бiрiктiрiлген жаңа Салық кодексiн енгiздi.
Жаңа салық заңдарында салық салудың базасын кеңейту үшiн мынадай шаралар: келешекте салықтық каникулдарды тоқтату және салықтар бойынша жеңiлдiктердi қысқарту, ІІС-ты жинау үшiн тiркеуге арналған бастапқы мәнге қайтып оралу; заңды тұлғалардан алынатын салыққа бизнеске қатысы бойынша неғұрлым ынталандырушы сипат беру; жеке адамдардан табыс салығын алу кезiнде әдiлдiк пен теңдiктi күшейту және басқалар сияқты шаралар көрiнiс табатын болады.
Үкiмет Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiне қатысты жанама салықтар алу мәселелерiнде халықаралық стандарттарға көшудiң тетiгiн әзiрлеу жөнiндегi жұмысты жалғастырады. ТМД елдерiмен саудада жанама салықтар алу кезiнде арналған елдiң принциптерiн iске асыру отандық тауарлар өндiрушiлердiң экспорттық әлеуетiн арттырады.
Салық әкiмгерлiгiн жақсарту жөнiндегi жұмыс жалғастыратын болады: iрi салық төлеушiлермен жұмыстың тиiмдiлiгi артады; салық төлеушiлердiң декларацияларды толтыруына қойылатын талап оңайлатылады; салық инспекцияларын дайындаудың пәрмендi бағдарламасы қалыптастырылады; Кiрiстерге қос салық салудан қашу туралы конвенцияны қолдану жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер әзiрленедi.
Трансферттiк
бағалар мен
Сауда
мен қызмет көрсету саласында
шағын және орта бизнестiң субъектiлерiне
салық салудың белгiленген нысандарын
қолдану салықтық әкiмшiлiктендiрудiң
сапасын арттыру мен көрсетiлген
салада шағын және орта бизнестi
дамыту үшiн жағдайларды жақсартудың
арасындағы тепе-теңдiктi табуға
мүмкiндiк бередi. Ақыры соңында ол мемлекеттiк
бюджетке түсiмдердi әкеледi.
Қорытынды
Мемлекет тәуелсiздiгiнiң ең басты шарттарының бiрi дербес салық саясаты болып табылатындығы баршаға аян. Егемендiк қолға тиген алғашқы күндерден –ақ салық қызметiне басты назар аударылғандығы да сондықтан болатын.
Қай кезде болмасын кез-келген елдiң қоғамдық әлеуетi мен тұрақтылығы, экономикалық дамуы мен өркендеуi салық жүйесiнiң iс-әрекетiне байланысты екенi белгiлi. Бүгiнгi елiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге сапқа тұрған салық жүйесi iргелi де маңызды салаға айналған. Қазiргi кезде мемлекеттiң кiрiс органы ретiнде кең ауқымды қамтыған бұл жүйенiң ел игiлiгi үшiн атқарып жатқан iстерi қашанда айтуға тұрарлық, айтылып та жатыр.
Ең ағашқы салық саясаты қаланған кезде, кәсiпкерлiк және кәсiпорындардың дербес экономикалық саясаты қалыптасты, қоғамдағы нарық механизiмiнiң негiздерiн ұсынуға қол жеткiзiлдi. Сол кезде жоғары бiлiктi қызметкерлер жеткiлiксiз едi және бұл салық қатынастарын реттеп отыратын қолданыстағы заңдардың жүйесiнен де айқын көрiндi. Тiптi, салық заңдарының өзiнен де көптеген қарама-қайшылықтар кездесiп жатты.
Сондай-ақ, аталмыш кезеңдi жаңа экономикалық қатынастардың ендi-ендi қалыптасып жатуымен және салық органы қызметкерлерiнiң сол уақыттағы экономикалық санаттардың мазмұнын жете түсiнбеген мен, тiптi оны iс-жүзiнде дұрыс қолдана алмағаныдығымен сипаттауға болады.
1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентiнiң ²Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы² Заң күшi бар Жарлығы салық жүйелерi мен салық саясатын қалыптастырудың базалық принциптерiн негiздеп бердi. Мұнда салық органдарының ұғымдары, салық өзара қарым-қатынастардың негiздерi айқындалып қана қоймай, бiрiнғай салық саясатын қалыптастырудың iргетасы қаланды. Сол жылдан бастап Салық кодексi әзiрлене бастаған кезге дейiнгi уақыт iшiнде жалпы салық қызметiнде жетiспей жатқан тұстарды толықтыру мен алға қойылған басымдылықтарды дамыту мақсатында бұрыннан қолданыста жүрген тәжiрибелердi жүйелендiру жұмыс жүргiзiлiп келдi.
Ал бүгiнгi таңда кемелiне келген елiмiздiң қазыналық органдарын салық заңының орындалуына бақылау жасайтын мемлекеттiк жүйе болып қалыптасты деп айтуға болады.
Бiз салық заңын әлемдiк Салық кодексiнiң үлгiсi жетiлiп келе жатқанда, өте қолайлы негiзде қалыптастыра бастадық. Салық салу жүйесiндегi әлемдiк тәжiрибелердi пайдаландық. Бұл тұрғыдан алғанда iргелi прнициптердiң бiрi – Салық кодексi мүмкiндiгiнше оңай және өмiрдiң барлық жағдайлары үшiн ең төмен салық нормаларын ұстануы қажет. Жаңа Салық кодексi де осы талапқа сай барынша қарапайым үлгiде жасалды. Егер, бұрын заң шағын ғана болып және оған көптеген нұсқаулықтар қосылатын болса, ендi заң көлемдi және қандай жағдайда болса да салық заңының нормаларын бұрмаламай дұрыс түсiндiрiлетiн шағын көлемдегi нормативтi база болды.
Егер, Қазақстан Республикасының Салық кодексiн басқа елдердiң заңдарымен салыстырсақ, неғұрлым жетiлдiрiлген құжаттың дүниеге келгенiн аңғару қиын емес. Мұнда экономиканың жекелеген секторларына, оның iшiнде салық жеңiлдiгi түрінде емес, арнайы салық режимдерiн құру жолымен бегiлi қолдауды қажет ететiн шағын бизнеске, аграрлық сектоларға, әлеуметтiк салаға ерекше көңiл бөлiндi. Салық кодексiнде салық салудың халықаралық принциптерiне жақындау бар, бұл әлемдiк экономикалық кеңiстiкке кiру үшiн жақсы негiз болмақ. Дегенмен, жалпы алғанда Салық кодексiне 1995 жылғы заңның басты негiзi сақталды, өйткенi қалай болғанда да сол заң арқылы бiзiдiң салықтық тәжiрибемiз толығысып, белгiлi бiр салықтық мәденетiмiз қалыптасты.
Информация о работе Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамыту жолдары