Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 11:30, курсовая работа
Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемле- кеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт - мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
І КІРІСПЕ………………………………………………………………………..3
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1. Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері...................4
1.2. Салық жүйесінің түсінігі мен құрылу принциптері.....................8
1.3. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері..13
2. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫТ МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ
2.1. Мемлекеттік баж обьектілері.........................................................18
2.2. Мемлекеттік баж ставкалары.........................................................19
2.3. Мемлекеттік баж төлеуден босату.................................................26
2.4. Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі..................................................31
2.5. Консулдық алым..............................................................................33
3. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1. Сот шығындары туралы нормативтік қаулыда мемлекеттік баж.36
3.2. Мемлекеттік баждың бюджет кірістерінде үлесін көрсету...........40
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................44
Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................................45
Шеккен сот шығындарын өндіру туралы мәселені шешу кезінде соттар мыналарды ескеруі керек:
куәларға, сарапшыларға, мамандарға, аудармашыларға төленетін сомасына сотқа келуіне байланысты шеккен шығындарының өтелуі жатқызылады;
АІЖК 108, 109-баптарымен қарастырылған ережелерге сәйкес, сарапшыларға және мамандарға шығындарынан басқа қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін жасаған жұмысы үшін сыйақылар өтеледі;
іс бойынша заттай дәлелдемелерді сақтау жөніндегі шығындар АК 774-бабы белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады;
жасалған жұмыс үшін сарапшыларға және мамандарға төленетін алдын-ала сот депозитіне салынған ақша сомасы, тиісті еңбекті төлеу қолданыстағы нормаларынан алынып, Соттар әкімшілігі депозиттік шотына сыйақы сомаларын қарастырып енгізіледі. Қажетті сомма тиісті өтініш мәлімдеген тараппен енгізілуі тиіс. Көрсетілген тұлғалар өз міндеттерін атқарғаннан кейін, оларға тиесілі сомалар көрсетілген шоттан сотпен төленуге жатады, ал көрсетілген тұлғалар әскери қызметшілер болған жағдайда сот шығындары тек қана әскери бөлімдердің талабы бойынша төленуге жатады, әскери қызметшілерінің өздеріне шығындар өтелмейді;
азаматты хабар ошарсыз кетті деп тану, жоғалған құжатты жарамсыз деп тану және ол жөніндегі құқықтарды қалпына келтіру туралы, банкроттығы туралы іс жүргізуді қозғау бойынша істерде және заңда тікелей көрсетілген басқа да жағдайларда жарияланымдар және хабарландырулармен байланысты шығындар сот ұйғарымы бойынша арыз берушімен төленеді;
АІЖК 107-бабы 2-4), 6), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген шығындар алғашында бюджет қаражатынан төленіп, кейіннен кінәлі тараптан бюджет пайдасына өтеледі.
3.2. Мемлекеттік баждың бюджет кірістерінде үлесін көрсету
Мемлекеттік баждың көрсеткіштері жыл санап өсіп келе жатқанын байқаймыз. Бұл ең алдымен жеке және заңды тұлғалардың өсу қарқынына байланысты болады. Жалпы мемлекеттік бажға әсер ететін факторлар:
демография өсу;
заңды тұлғалардың көбеюі;
құжаттау әдістерінің көбеюі;
меншіктік көбеюі;
неке көрсеткіштері, т.б.
Жалпы мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының бюджеттік кірістерінің 1,01-1,93%-ын құрайды. Ол салықтық түсім болым табылады. Жыл сайынғы өсу қарқыны 39-40%.
2006 жылы бюджет кірістерінің саралануы (кесте №1)
Төлемнің атауы | 2006 жылғы қаңтардағы МБ фактісі |
1 | 2 |
Салықтық түсімдер | 366 885 710 |
Корпоративтік табыс салығы | 140 460 131 |
Жеке табыс салығы | 23 637 191 |
Әлеуметтік салық | 31 392 144 |
Мүлікке салынатын салық | 9 940 836 |
Жер салығы | 1 695 677 |
Көлік құралдарына салынатын салық | 788 715 |
Бірыңғай жер салығы | 51 427 |
Қосылған құн салығы | 81 859 191 |
Акциздер, барлығы | 5 662 585 |
Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер | 57 726 450 |
Алымдар | 1 069 833 |
Халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салықтар | 11 156 419 |
Мемлекеттік баж | 1 432 442 |
Салықтық емес түсімдер | 6 730 529 |
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 7 627 475 |
БАРЛЫҒЫ кірістер (3 санат) | 381 243 714 |
ЖИЫНЫ | 381 243 714 |
Мемлекеттік баждың үлесі (Диаграмма №1)
2007 жылы бюджет кірістерінің саралануы (кесте №2)
Төлемнің атауы | 2007 жылғы қаңтардағы МБ фактісі |
1 | 4 |
Салықтық түсімдер | 300 372 197 |
Корпоративтік табыс салығы | 103 390 713 |
Жеке табыс салығы | 32 784 591 |
Әлеуметтік салық | 39 869 210 |
Мүлікке салынатын салық | 13 011 189 |
Жер салығы | 2 212 163 |
Көлік құралдарына салынатын салық | 986 420 |
Бірыңғай жер салығы | 52 860 |
Қосылған құн салығы | 62 647 862 |
Акциздер, барлығы | 8 070 086 |
Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер | 15 119 236 |
Алымдар | 1 038 948 |
Халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салықтар | 19 182 944 |
Мемлекеттік баж | 2 001 804 |
Салықтық емес түсімдер | 13 604 270 |
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 18 183 061 |
БАРЛЫҒЫ кірістер (3 санат) | 332 159 529 |
ЖИЫНЫ | 332 160 157 |
Мемлекеттік баждың үлесі (Диаграмма №2)
Мемлекеттік баждың салыстырмалы көрсеткіштері (Диаграмма №3)
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, мемлекеттік баж - уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасағаны үшiн және құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем болып табылады. Жоғарыда айтып кеткендей бұған сотқа берілген талап арыздар, нотариаттық іс-әрекеттер, адамның жеке басының құжаттары мен меншікке байланысты құжаттарды ресімдеген кезде төленетін бірден-бір төлем болып табылады. Осы жерде біз мемлекеттік баждың жартылай қайтарымдылық қасиетін көреміз. Біз салықты төлеп және оған ешқандай қайтарым алмайтынымызды білеміщ, ал мемлекеттік бажда төлеген алымның бір бөлігі өзіңе материалды түрде қайтып келетінін көреміз. Және де ол міндетті болғанмен, төлеу мерзімі шектелмеген болып келеді. Яғни адамның қажеттілігіне байланысты болады. Бірақ сотқа талап,арыз беру іс-әрекетінде бұл қасиетті көруіміз шамалы.
Мемлекеттік баж заңды тұлғаларда пайда табу мақсатында қолданылады. Сондықтан ол жылдық жиынтық табыстан шегерім түрінде алынып тасталынады. Қорытындылай келе біз мемлекеттік баж төлеп кәсіпорын материалдық емес актив сатып алатынын көреміз. Осы жерден мемлекеттік баж салық түрінде қарастырылмайды, негізгі құралдарды сатып алу негізіне кеткен шығындар ретінде көрініс табады.
Бұл курстық жұмсыста ең алдымен мемлекеттік баждың Қазақстан Республикасындағы бюджеттік кірістер арсындағы үлесі толығымен қарастырылды. Жыл сайынғы салыстырмалы өсу қарқынының коэффициенттік көрсеткіш негізінде жыларалық айырмасы есептелінді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының конституциясы, 2007
2. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» кодексі, 2008
3. Қазақстан Республикасының жоғарғы сотының №9 нормативтік қаулысы, Астана 2006 ж
4. 0мирбаев С.М . Налоги и налогооблажение Учебно методическое пособие.
5. Худяков А.И., Г.М. Бродский «Теория налогооблажения»- Алматы, 2002
6. Web-бет: http://www.supcourt.kz/site/
7. .Web-бет: http://www.minfin.kz/
8. А.Д. Үмбеталиев, Ғ.Е. Керімбек «Салық және салық салу»,Алматы, Экономика, 2006ж.
9. Қазақстан Республикасының жоғарғы сотының №9 нормативтік қаулысы, Астана 2006 ж.
29
Информация о работе Мемлекеттiк бюджет калыптасуындаfы мемлекеттiк баж