ҚР салық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2011 в 11:37, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт: мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Содержание

КІРІСПЕ

1 САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІМЕН МАҢЫЗЫ

1.1 Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері

1.2 Салық жүйесінің түсінігі мен құрылу принциптері

1.3 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері

2 АКЦИЗ САЛЫҒЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА

ТӨЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Акциздердің құрылу негізі

2.2 Акциздердің төлеу мен есептеу тәртібі

2.3 Акциздердің бюджет кірісіндегі орны

3 АКЦИЗ САЛЫҒЫН АЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Работа состоит из  1 файл

ҚР салық жүйесі.doc

— 231.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ  
 

КІРІСПЕ 

1   САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІМЕН МАҢЫЗЫ

1.1 Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері

1.2 Салық жүйесінің  түсінігі мен құрылу принциптері

1.3 Қазақстан  Республикасының салық жүйесінің  даму кезеңдері 

2 АКЦИЗ САЛЫҒЫН  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА

ТӨЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Акциздердің  құрылу негізі

2.2 Акциздердің  төлеу мен есептеу тәртібі

2.3 Акциздердің  бюджет кірісіндегі орны 

3 АКЦИЗ САЛЫҒЫН  АЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ 

ҚОРЫТЫНДЫ  

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.   
  
  
  
 

 

КІРІСПЕ 

Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт: мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасындағы  салық жүйесі он жылдан астам уақыт  бойы әрекет етуде және де осы уақытқа  дейін қатаң сынаудың обьектісі  болуын жалғастырып келеді. Еліміздің  жеке салық қызметінің ұйымдасқан күніне бастағандығы он жыл ішінде біздің тәуелсіз мемлекетіміздің салық жүйесін қалыптастырып және оның, әрі қарай дамуына сәйкес біршама жұмыстар атқарылады.

Қазақстан Республикасының  «Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндеті төлемдер туралы» кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастай күшіне енді. Салықтық қатынастарды реттеу деңгейі тағы бір сатыға жоғарылады. Салықтың түрлері мен санының кемуі және оларды бюджетке төлеу механизмнің жеңілдетілуі жүмыс жағдайына жағымды әсер етті. Бірақта салық салу механизмінің анық болмауы, көптеген жұмыскерлер қызметтерінің нақты болмауы салық төлеуден жалтаруға әкелді.

Нарық жағданында акциз салығының төлеу шарттарының қалыптасуына байланысты заңдық және іс-тәжпребелік сұрақтарды зерттеудің жетіспеушілігі зерттелетін жүмыстың  тақырыбын  таңдауды айқындап, мақсатын  және қарастырылатын сұрақтардың аясын анықтады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты акциз салығының салық жүйесі ішіндегі мәнін ашу және оны алудың жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады.

Алға қойған мақсатқа жету үшін өзара байланысқан келесі шаралар қатарын шешу керек:

1.салықтың маңызы  мен мәнін ашу;

2.салық жүйесінің  түсінігін, ерекшеліктерін және  принциптерін зерттеу;

3.Қазақстан Республикасының  салық жүйесіндегі ішіңдегі акциздің  ерекшелігін қарау;

4.акциз салығының құрылу негізін қарастыру;

5.акциз салығының бюджет кірісіндегі орнын анықтау;

6.салық жүйіесінің  мәселелерін қарастыру және жетілдіру  жолдарын ұсыну.

Жұмыстың зерттеу  пәні болып мемлекет пен салық  төлеуші - азаматтар арасындағы қаржылық, қатынастар жүйесі табылды.

Ақпараттық, базасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң актілері, Қазақстан Республикасының  салық кодексі, Қазақстан Республикасы Табыс министірлігі мен Қаржы  министірлігінің салық жөніндегі  инструкциялары, қазақстандық және шетелдік ғалым экономистердің монографиялық әдебиеттері мен ғылыми мақалалары қолданылды.

Практикалық (тәжірибелік) негізіне Қазақстан Республикасы Табыс  министірлігінің жоспарлық және есеп беру мәліметтері қолданылды.  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 

1 САЛЫҚ  ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ 

    1. Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері
 

 

Салықтар дегеніміз, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, мемлекеттік жоғарғы өкілді орган қабылдаған нормативті акті заңның негізінде, сондай-ақ, заңда белгіленген мөлшерде және уақытта заңды және жеке түлғалардан міндетті түрде, қайтарылмайтын және ақысыз негізінде бюджетке алынатын ақшалай төлемдер. Осы берілген түсінікті жан-жақты талдап, салыстыру мақсатында басқа да авторлардың көзқарасына тоқталамыз.

Көптеген экономистер  салықтардың түсінігін, мәнін ашуға  тырысты. Алғаш рет салықтардың  мәні Д. Рикардоның еңбектерінде зерттелген. "Салықтар - ел капиталы немесе кірісінен  алынып, үкімет иелігіне түсетін өнімнің  бөлігі" деп көрсетті ол.

Салық теориясына Ресейдің ғалымдары да өзіндік үлес қосты. Н. Тургенев Ресей экономикасын зерттей отырып, былай деді: " Салық - қоғамның немесе мемлекеттің бір мақсатқа жетудегі мәні. Халық мемлекетке бірігіп, оған басшылық жасауға және салық салуға құқық   берді ".

Ал А. Соколов: " Салық дегеніміз мемлекет шығындарын жабу және экономпкалық саясатты шешу үшін кәсіпкерлерден алынатын мәжбүрлік  алым " деп көрсетті. Соколовтың бұл  анықтамасы салыктың түпкі мәнін  көрсетеді. Ол  тек ғана салықтың фискалдық кызметін жүргізіп қоймай, осы

Жиналған салықтарды мемлекеттің саясаттарын жүргізуге  қолдану қажеттілігін айтады.

Мысалы, Гуреев В.И. салықтарды “міндетті жарна” деп  атайды және мынадай түсінік береді: " міндетті жарна дегеніміз заңды  және жеке түлғалардың кәсіпкерлік қызметтерінен және басқа түсім көздерінен тапқан табыстарының бір бөлігін заңмен белпленген тәсілмен ақшалай түрде алу ".

Ал салық жөнінде, мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардан  тиісті деңгейде бюджетке алатын міндетті жарнасы деген анықтама берген. Белгілі ғалым Пепеляев С.Г. салыққа мынадай анықтама береді “салық мемлекеттің өкімет билігі субьектілерінің төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік мәжбүр етумен қамтамасыз етілген міндетті, қайтарылмайтын және дербес ақысыз түрінде заңды және жеке түлғалардан заңда белгіленген тәртіппен алынатын меншіктері”.

Осы автордың айтуы  бойынша, егер қандай да болмасын міндетті төлемді алу заңда белгіленіп, негізделмеген жағдайда, оларды алу  заңсыз болып табылады. Ал салық  телеуші бұл жерде азамат ретінде емес, сонымен қатар меншік иесі де болғандықтан салықтарды төлеу оның жеке меншік жөніндегі құқығынан шығатын әлеуметтік міндеті.

Қазақстандық, белгілі  экономист-ғалым Қарағүсова Г.Ж. " салықтар деп, жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды өтеуге жұмсалатын және қабылданған заң негізінде мемлекетке алынатын еріксіз немесе міндетті алымдарды айтады" деген анықтама береді.

Қаржылық қүқық  саласының Қазақстан бойынша  берілетін бір әйгілі ғалымы Худяков  А.М. өз еңбегінде салықтардың түсінігін  беріп қана қоймай, олардың басқа төлем түрлерінен ажыратуға қажетті   ерекшеліктерін ашып көрсеткен. Бұл ерекшеліктер салықтардың өз қүқылық және экономнкалық табиғатына тән белгілер болып табылады

1 Салық-әрқашан  мемлекет тарапынан енгізілінеді  және алынады. Бұл жерде мемлекет саяси субъектісі ретінде көрінеді.

2 Салық-мемлекеттің  біржақты түрде белгілейтін төлемі. Бұл жерде мемлекет салық төлеушілердің  келісімін қажет қылмайды. Осы  айтылған жағдайлар Конституция  баптарында көрініс тапқан: Заңды  түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міңдеті болып табылады.

3. Салық- әрқашанда  ақшадай түрдегі төлем. Осы  белгісі бойынша салықтар әртүрлі  мүліктік міндеттемелердің - тәркілеу, реквизициялау және т.б. ерекшеленіп  тұрады.

4. Салық- әрқашанда  ақшаларды еріксіз алу. Бұл  жерде салық төлеушіге оның  ақшаларын еріксіз алу механизмі  құрылады.

5. Салық- заң  жүзінде белгіленген ақшаларды  алу. Мемлекет салықтарды ашықтан  ашық заңға негізделген күйінде  алады. Яғни жеке меншіктегі  ақшалар мемлекет меншігіне ауысады.

6. Салық- міндетті  төлем. Салық төлеушінің салық  телеу жөніндегі міндетті салық  қызметі органдарының төленген  салықты қабылдау жөніндегі міндетімен  ұштасады.

7. Салық- тек  құқылық формада қездесетін төлем.  Салықтар нормативтік сипаттағы заң актілерімен белгіленеді.

8 .Салық- тек  мемлекеттік кіріске түсетін төлем.

9. Салық- тұрақты  ақша міндеттемелерін туғызатын  төлем.

10. Салық- баламасыз  төлем. Яғни, салық қандайда болмасын  көрсетілген қызмет немесе сатып  алған тауарларға төлейтін төлем емес, ол тек ақысыз төлем.

А.И.Худяковтың айтуы бойынша салықтардың басты  белгісі салық нысанасының ауысуы, меншік иесінің ауысуы болып табылады. Мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жеке түлғалардың салық төлеу кезінде мемлекет қарамағына өтетін ақшалары мемлекет меншігіне айналады.

Ал мемлекеттік заңды тұлғалардың салықтарды мемлекет қарамағына түскенімен, олардың (заңды түлғалардың, ақшалардың) иесі мемлекет болып қала берді. Бұл жерде мемлекет салықтарды белгілеу және алу процесінде саяси субъекті ретінде, ал міндетті төлемдерді белгілеу және алу кезінде - меншік иесі ретінде болады. Салықтарды алу кезінде мәжбүрлі (еріксіз) түрде меншік формасы өзгертіледі. Қорыта келіп айтқанда міндетті төлемдер - өз кірістерінің бөлігі, ал салықтар - бөтен кірістердің бөлігі.

Салықтар әркашаңца  мемлекет пен халықтың жан-жақты  мұқтаждықтарын қанағаттандыру және өндірісті  дамыту мақсатында ұлттық табысты және жалпы ішкі өнімді, сондай-ақ жалпы  қоғамдық өнімді қайта бөлуге байланысты экономнкалық қатынастарды көрсетеді. Сондықтан, олар мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен арасыңдағы экономикалық (қаржылық) қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория болып табылады.

Енді салық  салу саласында міндеттемелерін  және олардың орындалу тәртібін анықтайтын заңды құрылымға, яғни салық туралы заңның элементтеріне тоқталамыз.Тек салық туралы заңның элементтерінің жиынтығы арқылы салық төлеушінің салық міндетттемелері толық белгіленбеген болып есептеледі.

Салық заңдарында белгіленген салық элеметтеріне мыналар жатады: салық төлеуші; салық салу объектісі; салық салу бірлігі; салық ставкасы; салық салу әдісі; салықты есептеу тәртібі; салық төлеу мерзімі; салықтарды төлеу тәсілдері және тәртібі; салық төлеушілердің, банк мекемелерінің және салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері және жауапкершіліктері. Енді осы салық элементтерінің әрқайсысын жекелеп қарастырамыз.

Салық төлеуші- өз меншігі есебінен салық төлеу  жөніндегі заңды міндеті бар  тұлға, яғни салық субъектісі. Бұл  жерде салық төлеушілер деп, заңмен белгіленген салық салу объектілері бар заңды және жеке тұлғаларды айтамыз. Экономикалық термин ретінде " салық ауырмаларын көтеруші " деген ұғым қолданылады, яғни салықты нақты төлейтін тұлға деген мағынада.

Сонымен, Қазақстан  аумағындағы салық төлеушілер мыналар болып табылады:

Кез келген ұйымдық-құқықтық формадағы заңды тұлғалар

1) Қазақстан  Республикасының заңдары бойынша  заңды тұлға болып табылатындар;

2) біздін республикамызда  заңды тұлға ретінде тіркелмегендер, бірақ басқа мемлекеттердің заңдарына  сәйкес заңды тұлға болып табылатындар. Бұлар үшін салықтарды филиалдары, агенттіктері, оқшауланған бөлімшелері немесе тұрақты өкілдері төлейді.

Қазақстан Республикасының  жеке тұлғалары, яғни азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар.

Салық салу обьектісі - заңда көзделген тауарлық-материалдық игіліктер жасалатын жұмыстар мен көрсетілген қызметтер және т.б. болып табылады.

Қазақстанда заңда  көзделген салық салу обьектілері  мыналар болып табылады:

а) заңды және жеке түлғалардың кірістері (табыстары, пайдалары және т.б.); б) заңды және жеке түлғалардың мүліктері;

в) мемлекет тарапынан  көрсетілетін қызметтер;

г) өнімдер мен  қызметтердің ( жүмыстардың ) қосылған құны;

д) тауарлардың  кейбір топтары мен түрлері;

е) шаруашылық айналымы;

ж) қаржылық операциялар;

з) табиғи ресурстарды  пайдаланушылардың төлемі

Бұл жерде ескертетін бір жай, қандай да болмасын заң жүзінде  белгіленген объектіден салық бір-ақ рет (бір дүркін) алынады, сондай-ақ салық төлемдерін арттыратын заңдарды қолданудың кері күші болмайды.

Информация о работе ҚР салық жүйесі