ҚР-ның салық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 15:54, курсовая работа

Описание

Үшінші кезең - жаңа кезең. Мемлекет салық белгілеу және төлеуге байланысты қызмет өз қолына алады, салық салу ережелері белгіленеді. Үкіметтің аймақтық органдары өзіндік деңгейі бола тұрып, мемлекет көмекшісінің ролін атқарады.
Бұл курстық жұмыс жанама салықтарының сипаттамасын береді, нарықтық экономикадағы жанама салықтарының мәнін қарастырады.

Содержание

Кiрiспе
 Салықтардың экономикалық мәні мен түрлері
1.1. Салық жүйесі және оның даму тарихы
1.2. Салық саясаты
II. Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық салуды ұйымдастыруды талдау
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесi
2.2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюдеттегі салық түсімдерін
талдау
III Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамыту жолдары
3.1 ҚР салық жүйесін дамытуда кездесетін мәселелер
3.2 Салық жүйесін жетiлдiру жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВОЙ-САЛЫК.doc

— 255.00 Кб (Скачать документ)

-         салық заңдарын салық салудың  тәртiбiн оңайлатуға бағытталған  жетiлдiру, қазiргi кезде қолданылып жүрген жеңiлдiктердi  ретке келтiру,  салық салудың  тетiгi жөнiндегi, сондай- ақ экономиканың  нақты секторын дамытуды ынталандыруға арналған қолданылып жүрген жекелеген ережелердi нақтылау;

-         акцизделетiн  өнiмдер бойынша, оның iшiнде  алкогольдi өнiмдердiң  өндiрiсi мен айналымын  мемлекеттiк реттеу жөнiндегi iс-шараларды  iске асыру  арқылы  салық түсiмдерiнiң толықтығын  қамтамасыз ету, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнiң  жекелеген түрлерiнiң айналымын мемлекеттiк  реттеудi енгiзу;

-         салық салу мақсаты үшiн  жылжымайтын мүлiктiң құнын  айқындаудың  тәртiбiн  жетiлдiру;

-         капиталды ресми емес экономиканың  аясынан шығару үшiн жағдай жасау, кәсiпкерлiк қызметпен заңсыз  айналысқаны және салық салу объектiлерiн  жасырғаны үшiн  жауаптылықты күшейту;

-         алымдар мен бюджетке төленетiн  басқа да  мiндеттi төлемдерге  қатысты жүргiзiлетiн өзгерiстер мен  толықтыруларды  шектеу жолымен  фискальдық саясаттың түрақтылығын  сақтау  салық саясатының  басым бағыттары болып айқындалды.

Салық заңдары нормаларының  бiр тұрғыда түсiндiрiлуiн қамтамасыз ету, оны салық төлеушiлердiң  қолдануын оңайлату, сондай-ақ  салық тәртiбiн сақтаудың  денгейiн арттыру  мақсатында 2001 жылы Үкiмет Парламентке салық жөнiндегi  барлық нормативтiк актiлердiң ережелерi бiрiктiрiлген жаңа Салық  кодексiн енгiздi.

Жаңа салық заңдарында  салық салудың базасын  кеңейту үшiн мынадай шаралар: келешекте салықтық каникулдарды тоқтату және салықтар бойынша  жеңiлдiктердi  қысқарту, ІІС-ты жинау үшiн тiркеуге арналған бастапқы мәнге  қайтып оралу; заңды тұлғалардан  алынатын салыққа бизнеске  қатысы бойынша  неғұрлым ынталандырушы  сипат беру; жеке адамдардан  табыс салығын алу кезiнде әдiлдiк  пен теңдiктi күшейту және басқалар сияқты шаралар көрiнiс табатын болады.

Үкiмет Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiне  қатысты  жанама  салықтар  алу мәселелерiнде халықаралық   стандарттарға  көшудiң  тетiгiн әзiрлеу жөнiндегi жұмысты жалғастырады.  ТМД елдерiмен  саудада жанама  салықтар  алу кезiнде  арналған елдiң   принциптерiн  iске асыру  отандық тауарлар  өндiрушiлердiң  экспорттық  әлеуетiн арттырады.

Салық әкiмгерлiгiн жақсарту жөнiндегi  жұмыс жалғастыратын болады: iрi салық төлеушiлермен  жұмыстың тиiмдiлiгi артады; салық төлеушiлердiң  декларацияларды  толтыруына  қойылатын  талап оңайлатылады;  салық инспекцияларын  дайындаудың  пәрмендi бағдарламасы  қалыптастырылады; Кiрiстерге  қос салық салудан қашу туралы конвенцияны  қолдану жөнiндегi  нормативтiк  құқықтық  актiлер әзiрленедi.

Трансферттiк бағалар мен аффилиирлендiрiлген компанияларды  бақылаудың  тетiктерiн енгiзу үшiн  құқықтық  база әзiрленетiн  болады.  Ол экспорттық  өнiмдердi  төмендетiлген бағалармен  сату,  сондай-ақ өнiмнiң  өзiндiк құнын  жасанды көтеру,  шикiзат пен материалдарды  көтерiңкi  бағалар бойынша  сатып алу практикасын  болдырмау мүмкiндiк бередi.  Қазақстан Республикасының Үкiметi бағалау қызметiн жүзеге асыру, нарықтық құн немесе  бағалау объектiсiнiң  өзге де құнын белгiлеу, меншiк нысандарына  қарамастан бағалау қызметiне  қатысушы субъектiлердiң  құқықтары мен мiндеттерiн айқындау кезiнде пайда болатын қатынастарды реттеу көзделетiн  “Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы” Қазақстан Республикасы Заңының  жобасын әзiрлеуде.

Сауда мен  қызмет көрсету  саласында  шағын және орта  бизнестiң субъектiлерiне   салық салудың  белгiленген нысандарын  қолдану салықтық  әкiмшiлiктендiрудiң   сапасын арттыру  мен көрсетiлген  салада шағын  және орта   бизнестi дамыту  үшiн жағдайларды  жақсартудың арасындағы  тепе-теңдiктi  табуға  мүмкiндiк бередi. Ақыры соңында ол мемлекеттiк бюджетке  түсiмдердi әкеледi.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

              Мемлекет тәуелсiздiгiнiң ең  басты шарттарының  бiрi дербес салық саясаты болып табылатындығы  баршаға аян. Егемендiк қолға тиген алғашқы күндерден –ақ  салық қызметiне  басты назар  аударылғандығы  да сондықтан болатын.

              Қай кезде болмасын  кез-келген елдiң  қоғамдық әлеуетi мен тұрақтылығы, экономикалық  дамуы мен өркендеуi салық жүйесiнiң  iс-әрекетiне байланысты екенi белгiлi. Бүгiнгi елiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге сапқа тұрған салық  жүйесi  iргелi де маңызды салаға айналған. Қазiргi кезде мемлекеттiң  кiрiс органы ретiнде  кең ауқымды  қамтыған  бұл жүйенiң  ел игiлiгi үшiн атқарып жатқан iстерi қашанда  айтуға тұрарлық, айтылып та жатыр.

Ең ағашқы  салық саясаты қаланған кезде, кәсiпкерлiк және  кәсiпорындардың  дербес экономикалық саясаты  қалыптасты, қоғамдағы нарық механизiмiнiң  негiздерiн ұсынуға қол жеткiзiлдi. Сол кезде жоғары бiлiктi  қызметкерлер жеткiлiксiз едi және бұл салық қатынастарын реттеп отыратын  қолданыстағы заңдардың  жүйесiнен де  айқын көрiндi.  Тiптi, салық  заңдарының  өзiнен де көптеген  қарама-қайшылықтар кездесiп жатты.

Сондай-ақ, аталмыш кезеңдi  жаңа экономикалық қатынастардың ендi-ендi қалыптасып жатуымен және  салық органы  қызметкерлерiнiң сол уақыттағы  экономикалық  санаттардың мазмұнын жете  түсiнбеген мен, тiптi оны iс-жүзiнде  дұрыс қолдана алмағаныдығымен  сипаттауға болады.

1995 жылы  Қазақстан  Республикасы Президентiнiң  Салық және бюджетке  төленетiн  басқа да мiндеттi  төлемдер туралы Заң күшi бар Жарлығы салық  жүйелерi мен салық саясатын қалыптастырудың базалық принциптерiн негiздеп бердi.  Мұнда салық органдарының ұғымдары, салық өзара қарым-қатынастардың  негiздерi  айқындалып қана қоймай, бiрiнғай салық саясатын  қалыптастырудың iргетасы қаланды. Сол жылдан бастап  Салық кодексi әзiрлене бастаған кезге дейiнгi  уақыт iшiнде  жалпы салық қызметiнде  жетiспей жатқан  тұстарды толықтыру мен  алға қойылған басымдылықтарды  дамыту  мақсатында  бұрыннан  қолданыста  жүрген тәжiрибелердi  жүйелендiру жұмыс жүргiзiлiп келдi.

Ал бүгiнгi таңда  кемелiне келген  елiмiздiң  қазыналық  органдарын  салық заңының орындалуына  бақылау жасайтын  мемлекеттiк  жүйе болып қалыптасты деп айтуға болады.

Бiз салық заңын әлемдiк Салық кодексiнiң  үлгiсi жетiлiп келе жатқанда, өте қолайлы негiзде қалыптастыра бастадық. Салық салу жүйесiндегi  әлемдiк  тәжiрибелердi пайдаландық. Бұл тұрғыдан алғанда iргелi прнициптердiң бiрi – Салық кодексi  мүмкiндiгiнше оңай және өмiрдiң  барлық жағдайлары үшiн ең төмен салық нормаларын  ұстануы қажет. Жаңа Салық кодексi де осы талапқа сай барынша  қарапайым үлгiде  жасалды. Егер, бұрын заң шағын ғана болып және  оған көптеген  нұсқаулықтар қосылатын болса, ендi заң көлемдi және  қандай жағдайда болса  да  салық заңының  нормаларын  бұрмаламай  дұрыс түсiндiрiлетiн  шағын көлемдегi нормативтi база болды.

Егер, Қазақстан  Республикасының Салық кодексiн басқа елдердiң  заңдарымен салыстырсақ, неғұрлым жетiлдiрiлген құжаттың дүниеге келгенiн аңғару қиын емес. Мұнда экономиканың жекелеген секторларына, оның iшiнде салық  жеңiлдiгi түрінде емес, арнайы  салық режимдерiн құру жолымен бегiлi  қолдауды қажет ететiн  шағын бизнеске, аграрлық сектоларға, әлеуметтiк салаға ерекше көңiл бөлiндi. Салық кодексiнде салық салудың халықаралық принциптерiне  жақындау бар, бұл әлемдiк экономикалық  кеңiстiкке  кiру үшiн  жақсы негiз болмақ.  Дегенмен, жалпы алғанда Салық кодексiне  1995 жылғы  заңның басты негiзi  сақталды, өйткенi қалай  болғанда  да сол заң арқылы бiзiдiң салықтық тәжiрибемiз толығысып, белгiлi бiр салықтық мәденетiмiз қалыптасты.  

Қазiргi таңда салық және кеден органдарын  автоматтандыру жүргiзiлiп жатыр. Бұның өзi iске асырылу жағынан қарағанда өте ауыр жұмыс. Осы уақыт iшiнде  салықтық және кедендiк  әкiмшiлiктендiру ҚР МКМ жүйесi органдарының қызметiн регламенттеу  бойынша қыруар жұмыстар  атқарылды, кадр жұмысы, салық және кеден  органдары  қызметкерлерiнiң  қоғамдағы оң бет-бейнесiн қалыптастыру бойынша үлкен жұмыстар жүргiзiлдi. Барлығы да мемлекетiмiздiң  мүддесi үшiн жасалып жатқан шаруалар және  нәтижелерi де айқын.

Қазiргi кезде кiрiстер өсуде, экономиканың көптеген салалары салық төлеудi ұлғайтты. Бұл  салық салынатын  көздерiнiң  кеңейiп жатқанын  көрсетедi және  басты мәселе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.      Қазақстан Республикасының  кодексi     (салық кодексi)  01.01.2004ж

2.        Ермекбаева, Зейнелегбдин. Налоги и налогооблажение. Алматы 1995г.

3.      Ермекбаева Б.Ж. Жалпы мемлекеттiк салықтар / Алматы Экономика, 1997ж.

4.      Қазақстан  Республкасы Салық кодексi 2004 жыл қаңтар

5.        Карагусова Г. Налоги: сущность и практика пользования -Алматы, Қаржы -қаражат, 2001ж 

6.      Мән берiлер мәселелер- Салық қызметi туралы, Қаржы -қаражат 2001ж. N24-27б.

7.      Дуканич Л.В. ''Налоги и налогообложение'' Ростов-не-Дону     Феникс 2004г

8.      Бухгалтерлiк бюллетенi, 2004ж, 2001ж N1-12

9.        Налоговое  законодательство РК. /Изд Қаржы-қаражат-1997г.

10.    Аудит и налогооблажение –2001 N1-12

11.    Деловой  мир Казахстана –2001г. N3,с 20-22

12.    Юткина Налоги и налогооблажения.   Москва, Учебник  М,  Инфра-  М  1999 г. 

13.    А.И. Худяков, Н.Е. Наурызбаев. Налоги: понятие, элементы, установление, виды. Алматы 1998г.ТОО Баспа.

14.                        А.И. Худяков. Налоговое право РК. Алматы Жетi жарғы 1998г.

15.                        Дербисов  Е.Ж.,  Ержанов  С.Ж.  Налоги  в  Казахстане. Алматы,  ЮКЗЭ,  1999 ж. 

16.                        Салыққа салаутты көзқарас керек Зерде N3 2001ж.

17.                        Салық жинауда салғырттық  болмасын. Қ. Ашутов. Қаржы-қаражат 1998/8.

18.                        Бабкина С.  Новая  налоговая  политика ; Финансы  Казакстана  1999-N6.

3

 



Информация о работе ҚР-ның салық жүйесі