Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 10:12, лекция

Описание

1. Салықтардың түсінігі және экономикалық мәні
2. Салықтардың қызметтері
3. ҚР салық жүйесі

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (6).docx

— 21.30 Кб (Скачать документ)

Салықтар және салық жүйесін  ұйымдастыру

Лекция  9. Тақырып:  Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру 
 
Жоспар 
1. Салықтардың түсінігі және экономикалық мәні 
2. Салықтардың қызметтері 
3. ҚР салық жүйесі 
 
Лекцияның мақсаты: салықтардың экономикалық мәнімен қызметтерімен және олардың қаржылық ресурстарды қалыптастырудағы атқаратын ролімен танысу. ҚР салық жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерімен танысу 
 
Лекцияның мазмұны 
1.    Салықтардың түсінігі және экономикалық мәні 
 Салықтар– бұл мемлекеттің заңды негізде жүзеге асыратын, заңды және жеке тұлғалардан алынатын қайтарусыз сипаттағы міндетті төлемдері мен алымдары. Олар заңды және жеке тұлғаларды мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыру барысына қатынасуын міндеттейді.  
Салықтық түсімдер арқылы мемлекеттің қаржы ресурстары қалыптасып, бюджет  пен бюджеттік қорларда шоғырланады. Осыған сәйкес салықтарды экономикалық мәні бір жағынан шаруашылық субъектілер мен азаматтардың, екінші жағынан мемлекеттік қаржыларды қалыптастыру бойынша мемлекеттің  өзара қатынастарын көрсетеді. Сонымен қатар салықтық төлемдердің көздері ұлттық табыстың бір бөлігін құрайды. Ұлттық жиынтық табыс қоғамдық өндірістің негізгі қатысушыларының бастапқы ақшалай қаражаттарын құрайды. Жиынтық өнімнің құндылықты бөлістірілу үрдісі бастапқы ақшалай қорлардың қалыптасуымен шектелмейді; қоғамдық өндірістің негізгі қатысушыларының ақшалай қаражаттарын мемлекет пайдасы үшін жұмысшылардан – табыс салығы, зейнетақы мен сақтандыру қорларына аударымдарды (егер бұл қорлар мемлекеттік болса), ал шаруашылық субъектлерден –пайдаға салынатын салық пен басқа да төлемдер түрінде бөлістіреді. Кәсіпорындардың ақшалай жинақтары материалдық өндіріс үрдісіндегі қоғамның таза табысын сипаттайды. Олар мемлекеттік бюджеттің кірістерінің негізгі көзі болып табылады. Бюджетпен қаржылық есеп –айырысудан қалғаннан кейінгі қалған ақшалай қаражаттар кәсіпорынның меншікті қаражатында қалады. Осыған сәйкес кәсіпорындар барлық салықтарды пайдасынан төлесе, жеке тұлғалар - өздерінің табысынан төлейді.    Салық төлеушілердің барлық саны- салық органдарында тіркелген заңды тұлғалардың; жеке азаматтардың, кәсіпкерлердің жиынтық санымен анықталады. Салықтар нақты және жеке салықтарға бөлінеді.  
Нақты салықтар – Бұл мүлікке салынатын салықтар. Бұл салықтар мүліктен немесе кірістен алынады. Оның негізгі ерекшелігі салық салуда салық төлеушінің қаржылық жағдайы есепке алынбайды.  
Жеке салықтарға  халықтың кірістерінен алынып, салық төлеушінің төлемқабілетттілігін ескереді.  
      Салықтың ұйымдастырушылық нысанына:  
салық объектісі – бұл салықтың алыну көзі болып табылады(табыс және мүлік және т.б.);  
салықтың төлену көзі – салық төленетін қор  немесе қаражат (ағымдық кіріс, несие және т.б.);  салық базасы  -  салықсалду объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттай  немесе өзге де сипаттамалары; салық мөлшерлемесі– салық базасының өлшембірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді;  салық салу субъектісі – салықты және басқа да төлемді төлеуші тұлға.  
Әрбір салықтың келесідей құрамдас бөліктері (элементтері) бар: 
             Салық субъектісі немесе салық төлеуші – салықты және басқа да төлемді төлеуге міндетті заңды және жеке тұлғалар.  
 Салық объектісі – бұл салықтың алыну көзі(табыс, өнім және мүлік т.б.).  Салықтың саны мен аталуы объектіге байланысты қалыптасады. Мысалы, мүлік, табыс салықтары 
 Салық көзі – субъектінің салық төлейтін кірісі (еңбек ақы, пайыз, рента).  
 Салық өлшемі -  есептеу үшін белгіленген салық объектісін өлшеу бірлігі (тенге, табыс, айналым, т.б., жержің 1 гектары, тауарды өлшеу бірлігі және басқалары). 
            Салық мөлшерлемесі  салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің  шамасын білдіреді. 
    Салық салу тәжірибесінде салық мөлшерлемесінің тұрақты, үйлесімді,  прогрессивті және регрессивті   түрлері жиі қолданады. Тұрақты (берік) салық мөлшерлемесі. Олар табыс көзіне қарамастан  салық салу бірлігіне абсолютті сомада белгіленеді.  Мысалы, мұнай тоннасына тұрақты мөлшерлеменің екітілуі.  
Үйлесімді салық мөлшерлемесі. Олар салық объектісіне бірдей пайыздық қатынаста іс -әрекет етеді. 
Прогрессивті салық мөлшерлемесі   Салық мөлшерлемесі табыстың өсуіне сәйкес артып отырады.  
Регрессивті салық мөлшерлемесі. Салық мөлшерлемесінің бұл түрі табыстың өсуіне қарай төмендейді.    Төленуі бойынша  салықтар тікелей  және жанама салықтарға бөлінеді. 
Тікелей салықтар субъектінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленетін салықтар (табыс салығы, мүліке салынатын салық, қосымша құнға салық). Жанама салықтар –  бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген  салық төлеушінің кірістеріне тікелей байланысты емес салықтар (акциздер). 
    Пайдалану тәртібіне қарай салықтар  жалпы және арнаулы салықтарға бөлінеді.  Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің ағымдық және капиталдық шығындарын қаржыландыру үшін пайдаланылады және тиісті бюджеттерде шоғырландырады. Арнаулы (мақсатты) салықтардың нысаналы  бағыты болады. Мысалы, зейнетақы төлемдерін қалыптасытру үшін пайдаланылатын әлеуметтік салық.  
Салық механизмі (тетіктері) бұл салық салу әдістерінің, тәсілдерінің, заңды актлермен нұсқамалық-әдістемелік құжаттардың жиынтығы 
               Салық механизмінің құрамдас бөліктерін (элементтерін) екі топқа бөлістіруге болады: 
                1. Салық механизмінің негізгі элементтері 
                2. Қосалық элементтері, олар нақты салық механизміне артықшылықтарын айқындап, орындалуын сипаттайды.  
                 Негізгі топқа жататындар:  
•         салық салудың құқықтық негіздері 
•         салық салу субъектілері 
•         салық салу объектілері 
•         салық салу нормалары 
•         салық салу тәртіптері жатады.  
 
Қосалқы құрамдас  бөліктерге (элементтерге): 
Ø     салық салу бойынша жеңілдіктер 
Ø     объектіні есептеу ерекшеліктері 
Ø     салықтық төлемдер түсетін бюджет немесе қорлар 
Бүгінгі уақытта Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Кодексіне  (1995ж. 15. 04.2005ж.) сәйкес салықтардың келесідей түрлері бар: 
 
1. Жалпы мемлекеттік салықтар 
•    Корпоративті табыс салығы 
•    Жеке түлғалардың табыс салығы 
•    Қосымша құнаға салық 
•    Акциздік салықтар 
•    Әлеуметтік салық 
•    Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы 
 
2.    Жергілікті салықтар 
v    Жер салығы 
v    Заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығы 
v    Көлік құралдарына салынатын салық 
 
Салық қаражаттарын бюджетке шоғырландыруға қатынасатын арнайы органдарға келесілер жатады:  
1.    ҚР  қаржы министрлігінің салық қызметі 
2.    ҚР  қаржы министрлігінің салық қызметі бойынша салық полициясы 
3.    ҚР  қаржы министрлігінің валюто-қаржылық бақылау Комитеті 
4.    Құқық қорғау органдары 
5.    ҚР кеден комитеті 
6.    ҚР Ұлттық банкі 
7.    Сот органдары  
3.    Салықтардың функциялары 
 Салық функциялары  – бұл оардың әрекетке келуі мен қасеттерінің жүзеге асырылу ерекшеліктері. 
               Салық жүйесінің даму тарихында олар үш негізгі функцияны атқарады – фискалдық, реттеуші және қайта бөлу функциялары.   
               Салық жүйесінің белсенділігі оның екі негізгі  фискалық және реттеушілік қызметтерін атқаруда  айқын көрінеді. Фискалдық функция мемлекеттердің шығындарын жабуға қажетті қаражаттармен  үшін барлық деңгейдегі бюджеттерді қамтамасыз етеді. Салықтың бұл қызметі салық төлеушілерді  мемлекет алдындағы міндеттейді.  
       Салықтардың реттеуші функциясы мемлекетте экономиканы ынталандыруына пайдаланып, ұлттық табысты қайта бөлу үшін пайдаланады. Басқа сөзбен айтқанда реттеуші (ынталандырушы) қызмет  мемлекеттің ұлғаймалы өндіріс үрдісіне директивті ықпал ету түрінде емес, инвестиция ағынын экономиканың басқа да, салаларында басқару сипатында және халықтың төлем қабілетті сұранысын арттыру мен кеміту барысында көрінеді.  Жоғарыда келтірілгендерді талдай келе, салық жүйесі бұл, мемлекет пен шаруашылық субъектлердің, азаматтардың арасындағы салықтар, алымдар және салықтық сипаттағы төлемдер; салық салу әдістері мен тәсілдері; салық заңдылығы бойынша заң актлерін жүргізу сонымен қатар салық қызметін жүзеге асыру аясындағы барлық қаржылық қатынастарының жиынтығы.  
 
3. Қазақстан Республикасының салық қызметі 
Салық жүйесі бұл мемлекет пен шаруашылық субъектлері және жеке тұлғалар  арасындағы қаржылық қатынастардың; салықтар, алымдар және салықтық сипаттағы алымдар мен басқа да төлемдердің; салық заңдылығының әдістері мен нысандарының,  сонымен қатар қаржылық қатынастарды басқаруды жүзеге асыратын салық қызметі мен басқару органдарының жиынтығы.  
Қазақстаннның салық жүйесі тәуелсіздік алған уақыттан бері қалыптасып,  әлі күнге дейін толықтыру мен жетілдіруді қажет етеді. Елімізде бұрын-соңды салықтық қатынастардың дамымауы, еліміздегі салық жүйесінің «нөлдік» кезеңнен қалыптасуына себеп болды. Әлемдік тәжірибеде салық салу аясында алдыңғы қатарлы салық жүйесін қалыптастырудың алғышарты болатындай белгілі бір қағидалардың қалыптасуы, біздің ел үшін дұрыс салық жүйесі мен салық механизмінің (тетіктерінің) дамуының дұрыс бағыттарын қалыптастыру мен дамытуға мүмкіндік береді.  
             1991 жылы 25 желтоқсанында   Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құқықтық негізінің қалыптасуына  «Қазақстан республикасының салық жүйесі туралы» заңының бекітілуі себеп болды. Заңның қабылдануы салықтардың, алымдар мен төлемдердің  түрлері мен алыну ерекшеліктерін, олардың бюджеттің әр түрлі деңгейіне бекітілуін, сонымен қатар салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттерін анықтап берді. Сол уақыттан бері мемлекет пен шаруашылық субъектінің арақатынасын реттейтін басқада заңдар қабылдана бастады.  
Салықтар жүйесін бағалауды негізгі төрт: қаржылық, эконгмикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық  бағыттар негізінде жүзеге асыруға болады.  
Қаржылық немесе фискалық бағыт бюджеттің ақшалай қаражаттарға деген қажеттілігін қанағаттандыру тұрғысында сипаттайды.  
Экономикалық бағыт  салықтың кәсіпкерлік бағытты ынталандыру мен  өндірісті дамытуға  әсер ету сұрақтарына жауап беруі тиіс.    
Әлеуметік бағыт салықтың әлеуметтік топтар мен халықтың әр түрлі деңгейіне сәйкес адалдық негізінде алынуын сипаттайды.  
Ұйымдастырушылық бағыт салық салудың механизмімен, оның ұйымдастырушылық- техникалық нысандарымен, ббасқару жүйесімен байланысты.  Аталып өткен бағыттардан басқа Қазақстанның салық жүйесін бағалау үшін әлемдік тәжірибедегі  тиімді салық жүйесін қалыптастыруда қойылатын негізгі талаптар жиі қолданады. Олардың негізгілеріне келесілер жатады:  
 1. Салық жүйесінің айқындылығы және түсініктілігі 
2. Салық ауырпалығының бөлістірілуі 
3. Нейтралдық қағиданы сақтау яғни салық төлеушілерге бірдей көзқарас 
4. Салық салудың теңдік пен адалдылық қағидасын сақтау 
5. Салық саясатын экономикалық тұрақтылық пен экономикалық өсу мақсатында пайдалану 
6. Салық заңдылығының орындалуын сақтау мен басқару шығындарын кеміту.  
Салық салу теориясының негізін қалаушы экономист А. Смит салық салу қағидасының 4 қағидасын ұсынады:  
1.    Әділділік – салық барлық азаматтардың табысына сәйкес алынуы тиіс.  
2.    Анықтылық – салық мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын –ала дәл анықталуы тиіс.  
3.    Ыңғайлылық қағидасы  - салық салық төлеушіге қолайлы уақытта алынуы тиіс 
4.    Үнемдеу – салық салу жүйесінде үнемдеушілік  негізгі мақсатқа айналуы тиіс. 
Бақылау сұрақтары 
§    Салық дегеніміз не? 
§    Салықтардың экономикалық мәні неде? 
§    Нақты салықтар дегеніміз не? 
§    Салықтың ұйымдастырушылық нысаны дегеніміз не? 
§    Салықтың негізгі құрамдас бөліктері (элементтері ) қандай 
§    Салық мөлшерлемесі дегеніміз не? 
§    Салық мөлшерлемесінің қандай түрлері бар 
§    Төленуі бойынша салықтардың қандай түрлері бар 
§    Пайдалануы бойынша салықтар қандай түрлерге бөлінеді 
§    Салық механизмі дегеніміз не? 
§    Салық механизмінің элементтерін атаңыз 
§    Жалпы мемлекеттік салықтарды атаңыз 
§    Жергілікті салықтарға қандай салықтар жатады 
§    Салықтар қандай қызметті атқарады 
§    Салық жүйесі дегеніміз не? 
§    Салық жүйесін бағалау әдістері 
§    Тиімді салық жүйесін қалыптастырудың негізгі талаптары қандай 
 
СӨЖ тапсырмасы 
1.    Эссе немесе реферат түрінде тақырып бойынша  зерттеу  жұмысын жүргізу (жеке тапсырма оқытушыдан алынады). Жұмыс көлемі 6-8 бет.  
 
Әдебиеттер тізімі 
1.    Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы, 2005 – 552 б. 
2.    Еркембаева Б.Ж. Салықтар және салық салу:оқу құралы.-Алматы:Қазақ ун-тi,2003.-131 
3.    Сахариев С.С. Финансы: учебник Алматы: Юридическая литература, 2004 г. 
4.    История финансовой мысли и политики налогов – М.: ИНФРА-М, 1996 г. 
5.    Финансы: учебник для вузов – под ред. Л.А. Дробозиной – М.: Финансы, 1999 г. 
 



Информация о работе Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру