Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 09:06, реферат

Описание

Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған.

Содержание

1. Салықтардың экономикалық мазмұны мен функциялары
2. Салық салудың құрылу негіздері немесе салық элементтері
3. Салық салу механизмі және қағидалары
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі.doc

— 108.50 Кб (Скачать документ)

- салық субъектісі;

- салық салынушы;

- салық объектісі;

- салық базасы;

- салық салу  бірлігі;

- салық ставкасы;

- салық жеңілдіктері;

- салық төлеу  мерзімі мен тәртібі;

- салық төлеушілер  мен салық органдарының міндеттері  мен құқықтары;

- салық төлеуді  бақылау;

- салық заңдарын  бұзғаны үшін санкциялар және  т.б.

Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдерінеқарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады:

- кадастрлық;

- салық төлеушінің  декларациясы бойынша;

- табысты алу  көзінен ұстап қалу;

- патенттік  негізде.

Салықтық есептің  екі әдісі қолданылады:

- кассалық;

- есептеу.

Салық механизмі – бұл ұйымдық-экономикалық категория ретінде осы ұғымды түсіндіретін салық теориясының аясы, сәйкесінше, ұлттық табыстың бөлігінде өндірісте жасалынған бөлігін қоғамдастыру кезінде қалыптасатын қайта бөлу қатынасы кезіндегі объективті қажетті басқару процесі. Салық салу механизмі салықтарды белгілеудің принциптерінен, нысандары мен әдістерінен, оларды өзгерту мен күшін жоюдан, оларды төлеуді қамтамасыз ету бойынша шаралардан тұрады.

Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет етуі керек. Сонда ғана салық жүйесі өз қызметін жан-жақты және тиімді түрде жүзеге асырады.

Қазақстанның  салық заңнамасында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптері негізделеді.

 

 

 

 Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет 


Информация о работе Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі