Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:16, доклад
Басқарушы есеп –бұл экономикалық интегралданған есептеудің және жиынтық ақпараттық мәліметтерінің негізгінде кәсіпорындардың қызметтерін белгілі бір бағытқа бағыттау үшін қабылданатын басқарушылық шешімдердің жүйесін жасау
Басқарушы есептің дербес оқу пәні ретінде пайда болуы Американдық бухгалтерлер ассоциациясының түлектерге бухгалтер-талдаушы квалификациясын беріп, басқарушы есеп бойынша диплом алу жөнінде 1972 жылы әзірлеген бағдарламасымен байланысты. Бұл жыл бухгалтерлік есептің қаржы және басқарушы есебі болып, ресми түрде бөлінуін айқындады.
Басқару есебінің шығу тарихы
Басқарушы есеп –бұл экономикалық интегралданған есептеудің және жиынтық ақпараттық мәліметтерінің негізгінде кәсіпорындардың қызметтерін белгілі бір бағытқа бағыттау үшін қабылданатын басқарушылық шешімдердің жүйесін жасау
Кеңестік экономикасының, тұсында басқарушы
есептің бір тұжырымдамасы (концепциясы)
– жауапкершілік орталықтары бойнша басқару
болып табылады, яғни осының бір белесіндей
көрінген, ішкі шаруашылықтың есеп айырысуды
енгізуге бірқатар табанды талпыныстар
жүргізілді.
Басқарушы есептің құрамында, деп санайды
Карпова Т.П. және басқалары тек онда ақпараттар
жиналады, топталады, теңестіріледі, және
шарушылық субъектілерінің табыс алуы
кезінде қатысу үлесін анықтау және құрылымдық
блімшелердің қызметінің нәтижелерін
анық және сенімді көрсету мақсатында
зерттеледі.
Жаңа элементтері толығымен қалыптасып бітпесе де, басқарушы есепті біздер үшін таныс емес нәрсе деп қарастыруға болмайды, сондықтан ондағы жаңа элементтерді ескере отырып, оларды қазақстандық жағдайға бейімдеу және меңгеру жұмыстарын жүргізу керек.
Отандық және шетелдік әдебиеттерде үнемі «басқарушы есеп» термині арқылы негізгі қызметпен байланысты табыстар ме шығындар есебінің бақылауының жеткіліксіз бөлігі ғана түсіндіріледі, толығымен қамтылған емес. Осыған байланысты кейде «шығындар есебі» мен «басқарушы есеп» терминдерінің арасында теңдік белгісі қойылады. Мұндай тәсіл, жай немесе қарапайым жағдайларда қолайлы (шағын және орта, негізінен бір ғана өнімді өндіретін субъектілер,) ал ірі кәсіпкерлік субъектілерге қолайсыз, өйткені онда басқарушы есептің көмегімен шешілетін мәселелер қомақты, сондықтан ол жүйемен, саламен, сыртқы ортамен байланысты болуы мүмкін, бұл жағдайда «шығындар» ұғымы сияқты ұғымнан оның аясы едәуір кеңірек.